Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дин соц ОТВЕТЫ ВСЕ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124 Кб
Скачать
☆

20. Вебер және дін социологиясы

Түсінуші әлеуметтану терминін ең алғаш өз еңбектерінде қолданған М.Вебер болды. Ол батыс социологиясының классигі болып саналады, әрі ойлары әлемдегі ғалымдардың еңбектеріне, шығармаларына әлі күнге дейін өз әсерін тигізіп, зерттеулеріне арқау болып келеді. Вебердің әлеуметтану теориясының негізі әлеуметтік іс-әрекетер болып табылады. Оның ойынша әлеуметтік іс-әрекет дегеніміз- әрбір жеке тұлғаның іске асыруда мән беріп әрекет ететін шараларын айтамыз, ал ойланбастан іске асқан әрекеттер әлеуметтік бола алмайды. Вебер өз зерттеулерін тек протестантизмді қарастырумен шектемей, әлемдік діндерді де зерттеген. Әлемдік діндер деп- сол дінді ұстанушылардың санының көптігіне және әлемдік тарихқа әсері бар діндерді атаған. Салыстырмалы тарихи анализ жасай отырып, әлемдік діндерді үлкен үш типке бөлген: әлемге ыңғайланған діндер(конфуцилік ж/е даосизм); әлемнен алыс болуды үгіттеуші діндер(буддизм ж/е индуизм); әлемді жаулап аалушы діндер(иудаизм ж/е христиандық). Шығыстық діндерге анализ жасай келе, Қытай, Үндістан сияты елдердің батыс елдері сияқты дами алмағанына дін тосқауыл болды деген қорытындыға келген. Вебер протестанттық пен католик ағымдарындағы айырмашылықтарды да қарастырған. Діни ойлар мен мәдени нормалардағы ұқсастықтарды капитализмге арқау болған дейді. Капитплистік жүйенің пайда болуындағы протестанттықтың әсерін зерттеген Вебер дін мен экономикамның қатынасына басты назар аударады. Капитализмдегі таптарды, топтарды мынадай ретпен белгілейді: меншік иелері(тап); интеллектуалдар, менеджерлер, әкімшілік қызметтегі адамдар тобы(тап); ұсақ буржуазиялық тап, ұсақ бизнесмендер т.б; жұмысшы табы.

21. Ислам және өнер

Исламдық мәдениет пен өркениетке әсер еткен және олардан әсер алған өнер болды. Сәулет, сурет, көркем жазу, кілем тоқу, қыш ыдыстар жасау, музыка және өнердің басқа да түрлері мұсылмандардың исламдық мәдениет пен өркениетінің дамуына ықпал еткен өнерлер болып табылады. Исламға дейін Арабстанда өнер онша дамымаған еді. Сол заманда арабатар көбінде өлең жазып, билеушілерді мақтап, мадақтаумен айналысатын. Кейін мұсылмандардың жеңістері оларды өнердің басқа түрлерімен таныстырды. Сондай-ақ, бұл жеңістер арабтардың ирандық және римдық өнермен танысуларына себеп болды. Шын мәнінде, ирандық, грек, мысырлық және сириялық өнеркәсіпшілердің шеберлігі бір-бірімен байланысып, Исламның билігімен осы кезде «исламдық өнер» деп танымал болған әдістерге айналды. Ирандықтар мен римдықтар Исламға дейін өнермен таныс болған. Исламдық өнер Византия, Грекия, Рим және Иранның өнерлік әдет-ғұрыптарымен араласып, құрылды. Мұсылман қолбасшылары хижраның бірінші ғасырының соңынан мешіттер мен салтанатты сарайлар салуды бастап, Исламға дейінгі дәуірдің ғимараттарынан әдемілеу ғимараттар салуды мақсат етті. Хижраның екінші ғасырының басынан бастап, исламдық өнердің әдістері айқындалып, Исламдық сәулет басында мешіттер, діни оқу орындар мен қабірлер немесе қасиетті кесенелер салумен айналысты. Мешіт – негізгі исламдық ғимарат. Мешітте көптеген жұмыстар атқарылатын. Бірақ ол негізінде ұжымдық ғибадат орындалатын мекен. Мұсылмандар маңызды мешіттер салуға кірісті. Олардың ішінен Дамаскінің орталық мешіті туралы айтуға болады. Аталмыш мешіт хижра-қамаридың 78-96-шы жылдар аралығында Уалид бен Әбдүлмалектің кезінде римдықтардың құдайларының құдайы Юпитер ғибадатханасының орнына салынған. Дамаск мешітінің қабырғалары шыны мозаикалармен арнайы әдіспен безендірілген алғашқы исламдық ғимараттардың бірі болып саналады. Бұл мешіттің жобасы Исламның ұлық пайғамбары кезіндегі Арабстанның бірінші мешіттеріне ұқсас болды.