- •1)Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындылары
- •2)Версаль бейбіт конферециясына қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси ұстанымдары мен мақсаттары.
- •4)Хх ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастың дамуындағы Версаль-Вашингтон жүйесінің рөлі
- •8)Трианон бейбіт келісімі
- •9)Севр бейбіт келісімі
- •10)Фашистік қозғалыс идеологиясының қалыптасуы
- •11)Фашистік қозғалыс идеологиясының негізгі бөліктері
- •14.Фашистік жүйелердің батыс елдеріндегі негізгі түрлеріне сипаттама.
- •11)Нәсілшілік теориясы
- •13.Геосаясат.Ницшеандық.Христиандық социализм.
- •15.Фашизмнің қалыптасуының алғышарттары,идеологиясы және практикасы. Фашизмді классификациялау.
- •16.Жаңа экеономикалық доктриналардың пайда болуы мен алғы шарттары.
- •18)Италиядағы фашизм
- •20) Ибериялық фашизм
- •22)Д.М.Кейнс және оның «Общая теория денег, процента и занятости» атты еңбегі
- •23) Кейнсиандық, дағдарысқа қарсы теория ретінде: негізгі ережелері, реттеу түрлері
- •24) 1929-1933Жж. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның ақш-ғы ерекшеліктері. Г.Гувердің дағдарысқа қарсы саясаты
- •25.Ф.Рузвельттің “жаңа бағытының” реформалары-экономиканы мемлекеттік реттеудің либералдық үлгісі
- •26.Герман революциясы: себебі, сипаты, кезеңдері. Веймар республикасы. “Веймар коалициясы”
- •31 Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Германияның екіге бөлінуі
- •33) Төртінші Республика жылдарындағы Франция.
- •34) Екінш дүние жүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбритания
- •36)Еуропа және Америка елдерінің хх ғ. Екінші жартысындағы дамуының негізгі бағыты
- •37)«Қырғи-қабақ» соғыс. Екі полюсті әлемнің қалыптасуы
- •39)Әлемдік интеграциялық үдерістер
- •40. 20 Ғ. 50-70 жж капиталистік елдер
- •46) Ғтр әлеуметтік-саяси салдары мен сипаты.Ғтр және әлемдік дамудың қазіргі нұсқасының қалыптасуы
- •59)АқШтағы Кіші Буш және б.Обама кезеңіндегі мемлекеттің ішкі саяси экономикалық дамуы
2)Версаль бейбіт конферециясына қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси ұстанымдары мен мақсаттары.
3)Версаль бейбіт конферециясының шақырылуы мен күн тәртібі. Вашингтон конференциясы мен күн тәртібі, шешімдері
4)Хх ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастың дамуындағы Версаль-Вашингтон жүйесінің рөлі
XX ғасырдың басында әлемді дүр сілкіндірген бірінші дүниежүзілік соғыс 1914-1918 жылдары екі топ арасында, яғни герман-австриялқ топ пен Антанта елдерінің саяси шиеленісінің нәтижесінде әлемдік бөліс үшін, отарларға ие болу мақсатында, саяси ықпал ету кеңістігін кеңейтуге бағытталған болатын.
Соғыс барысында Ресей аумағында саяси төңкерісітің нәтижесінде құрылған жаңа саяси жүйедегі Кеңес өкіметі соғыстан шығу мақсатында 1917 жылы 26 қазанда бейбітшілік туралы қаулы қабылдады. Онда барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер жүргізуге және төлемақысыз бейбіт бітім жасауға шақырды.
Германия мен оның одақтастары соғыс ауыртпалығын аз да болса жеңілдетуге үміттене отырып, кеңестік ұсынысты қолдаған болатын. Еуропа құрлығында кең етек алған бұл соғысты аяқтаудың жолдарын іздеген мемлекеттердің тағы бірі АҚШ еді. 1918 жылдың 8 қаңтарында АҚШ президенті В.Вильсонның «14 тармақтан тұратын соғыстан кейінгі бейбіт реттеу ұсынысы» жасалды. Бұл құжатта құпиялы дипломатиядан бас тарту, әлемдік еркін сауда, қару-жарақты қысқарту, әлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатында Ұлттар Лигасын құру, езгіге түскен халықтардың мүддесін ескере отырып, отарлық мәселені шешу, шекаралық мәселені әділ реттеуді жариялады.
1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Ретонд станциясына таяу аумақта орналасқан француздың әскери қолбасшысы маршал Фердинанд Фоштың темір жол вагонында бір жағынан Антанта және АҚШ, екінші жағынан Германия арасында 36 күнге белгіленген уақытша бітімге қол қойылған болатын. Бітімнің мерзімі келіссөздер барысында бірнеше рет қаралып, 1919 жылғы Версаль бейбіт бітімшартына қол қойылатын мерзімге дейін ұзартылды.
Соғыс нәтижесінде жеңіске жеткен Антанта елдері тарапынан 1919 жылдың 18 қаңтарында Париж қаласының Версаль сарайына жеңімпаз мемлекеттердің халықаралық мәслихаты шақырылады. Мақсаты Германия және оның одақтастарымен бейбіт келісімге келу мәселесін талқылау болды. Маңызды мәселелердің шешімі негізінен «ондық кеңестің» мәжілістерінде айқандалды. Бұл кеңес АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия және Жапонияның 2 өкілдрінен құралды. Кеңес жұмысы өте құпия, жабық күйінде жүргізілді. Кейіннен бейбіт мәслихат үш адамның шешіміне тікелей тәуелді болды. Олар: Жорж Клемансо, Дэвид Ллойд-Джордж және Вудро Вильсон.
Мәслихатта бірнеше міндеттерді шешу күн тәртібіне қойылды:
-соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесінің өздеріне лайықты жаңа қағидаларын ойластыру;
-соғыс қорытындысына сай ірі мемлекеттердің ықпал ету аясын қайта бөлісуді жүзеге асыру;
-Германия отарлары мен Арабтық Шығыстағы Түрік иеліктерінің тағдырын шешу.
1919 жылдың 28 маусымында Версальда бейбіт келісімге қол қойылды. Дегенмен кейбір қытайлық аумақтың тағдыры дұрыс шешілмеуіне байланысты келіспеушілігін білдірген Қытай келісімшартқа қол қоюдан бас тартса, Хиджаз бен Эквадор Версаль бітімшартына қол қойғанымен оны ратификацияламады, АҚШ сенаты да АҚШ-тың Ұлттар Лигасына мүше болғысы келмейтіндігін сылтауратып, келісімшартты ратификациялаудан бас тартты. Алайда АҚШ 1921 жылы Германиямен Версаль келісімшартының мәтініне ұқсас, тек Ұлттар Лигасы жөніндегі баптары жоқ Америкалық-герман келісімшартына қол қояды.
Бітімшарт 1920 жылдың 10 қаңтарында күшіне енді. Ол бойынша Германия мен оның одақтастары соғыстың шығуына кінәлі деп айыпталды. Германияда жалпыға бірдей әскери міндеттілікке тыйым салды, су-асты, әскери және теңіз әуе күшін иеленуге рұқсат етпеді. Әскерінің саны 100 мың адамнан аспауы тиіс болды. Францияға төлемақы төлеуге міндетті болды, Саар көмір шахтасы Францияның меншігіне өтті және Саар аймағы Ұлттар Лигасының қарауына уақытша берілді. Төлемақы көлемі 1921 жылы өткен Лондон мәслихатында 132 млрд алтын марка деп белгіленді. Одан Франция-52%, Англия-22%, Италия-10% алатын болды. Германияның толық көлемді және уақытылы төлемақы төлеуі үшін Франция Рейннің сол жағалауын кепілдік ретінде уақытша алуға құқылы еді. 1871 жылы басып алынған француздық аудандар Эльзас мен Лотарингия Францияға қайтарылып берілді.
Бельгия-Эйпен мен Мальмеди, Руанда мен Урунди, германдық Оңтүстік Батыс Африканы;
Дания-Шлезвигтің солтүстік бөлігін;
Польша- Познань, Померания ауданын, Батыс және Шығыс Пруссияны;
Англия-германдық Шығыс Африка, Того мен Камерунды (Франциямен бірге);
Жапония-Маршалл, Мариан, Каролин аралдарын, Цзяо-Чжоуды иеленді.
Отарлық мәселеде АҚШ жеңіліс тапты.
Соғыстан кейінгі жеңілгендер мен жеңімпаздар арасындағы бейбіт келісімдер.
Сен-Жермен-1919 жылдың 10 қыркүйегінде Австриямен қол қойылды. Австрия-Венгрия монархиясы құлады. Оңтүстік Тирольдің бір бөлігі Италияға өтті.30 мыңдық әскер ұстауға рұқсат берді. Теңіз күші одақтастарға берілді. Германиямен бірігуіне тыйым салынды.
Нейи-1919 жылдың 27 қарашасында Болгариямен қол қойылды. Аумағы Югославия мен Румынияғы өтті. Әскер саны 20 мың адаммен шектелді.
Трианон-1920 жылдың 4 маусымында Венгриямен қол қойылды. Аумағы қысқарды, 35 мың әскер ұстауға рұқсат етілді, төлемақы төлеуге міндеттелді.
Севр-1920 жылдың 10 тамызынды Түркиямен қол қойылды. Иелігінің 80% айырылды. Қара теңіз бұғаздарына бақылау орнатылды.
Сондай-ақ Париж мәслихатында халықаралық үкіметаралық ұйым-Ұлттар Лигасы құрылған болатын. Ұлттар Лигасын құру туралы жарғыға 44 ел қол қойды. Негізгі басқару құрылымдары Ұйымның барлық мүше ел өкілдерінің Жиналысы мен төрт тұрақты мүшеден (Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония) және жылсайын ауысатын 4 уақытша мүшеден тұратын Ұлттар Лигасының Кеңесі, бас хатшы жетекшілік ететін тұрақты Хатшылық болды.
АҚШ Ұлттар Лигасында басты ықпалға ие болатынына үміттеніп келгенімен, Англия мен Францияның басым болуына байланысты көздеген мақсаты жүзеге аспады. Соның негізінде АҚШ сенаты Версаль бейбіт бітімшартын бекітуден бас тартты.
Жалпы, Версаль бітімшартын ағылшынның саяси қайраткері, дипломат Г.Никольсон тым қатал деп тапты. Себебі мұнда жеңімпаз мемлекеттер мен жеңілген мемлекеттердің арасындағы ортақ мәміленің болмауы.
1921 жылы 11 қарашада АҚШ бастамасымен Вашингтон мәслихаты шақырылды. Оған 9 елдің өкілдері қатысты. Мәслихатта қиыршығыстық мәселелер мен теңіз қару-жарақтарын қысқарту мәселелері қаралды. 1921 жылдың 13 желтоқсанында АҚШ, Жапония, Ұлыбритания. Франция арасында қол қойылған «Төрт мемлекеттің трактаты» мәслихаттағы алғашқы келісімшарт болып табылады. Мерзімі 10 жылға бекітілді. Келісімшартқы қол қойылған күннен бастап ағылшын-жапон одағы жөніндегі келісімнің күші жойылды.
1922 жылы 6 ақпанда «Тоғыз мемлекеттік келісімшартқы» қол қойылды. Мәні: көрер көзге ғана Қытайдың егемендігін құрметтеу болды. «Ашық есік» саясаты енгізілді.
Сонымен қатар теңіз қару-жарағы жөнінде «бестік келісімшартқа» қол қойылды. Әуе ұшағын таситын кемелер салуға тыйым салынды.
Вашингтон мәслихатының шешімі 1919 жылғы Версаль бітімшартын толықтыра түсті. Соның негізінде I дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт реттеу барысында құрылған біртұтас келісімшарттар топтамасы халықаралық қатынастар тарихында Версаль-Вашингтон жүйесі деген атпен белгілі болды.
6. Сен-жермен бейбіт келісімі
Мемлекет арасындағы Сен-Жермен сарайында жасалды. Мәні: Австрия-Венгрияның құлауы салдарынан, 2 бөлікте бейбіт реттеу, 2 жақты келісім.
1999 ж. 10 қыркүйекте Париждің түбіндегі Сен-Жермен сарайында өтті.
Нәтижесі: Австрия Италияға өткен оңт. Триоль және өзге де (Польша,Чехословакия, Югославия) иеліктерінен айырылды. Батыс Крайне, Штилия жерлерінен айырылды. Чехословакияға өткен территорияға Австриялықтар күштеп қоныстанған жерлер берілді. 3 млн неміс қоныстанды. Австрияға территориялық одақтасуға тыйым салынды. Әскер саны 30 000 қысқарды. Республикаға ауыр қару, авиация ұстауға тыйым салынды. Австрия 6 млн. Адамы бар республикаға айналды.
7)Ней келісімі
Ней бейбіт келісімі 1919 жылы 27 қарашада Антанта мен Болгария арасында жүргізілді, территориялық жерлері Румыняға және Серб, Хорват, Словян корольдіктеріне берілді. Айрылған жер көлемі 11 мың шаршы шықырымнан көп немесе жерінің 1/10 және халқының 1/7. Келісім бойынша
Румыняға және Серб, Хорват, Словян корольдіктеріне бұрын Болгарияның территориясына жатқан Македония жерлері өтті;
Батыс Фракия Грецияға берілді, нәтижесінде Болгария стратегиялық маңызы бар Эгей теңізіне шығатын жолдан айырылды; Добруджа Румынияға берілді; Контрибуция көлемі 2,25 млрд франкты құрады. Ол 407 млн долларға немесе ел байлығының ¼ бөлігіне тең еді. Болгария бұл соманы 37 жыл көлемінде төлеп бітуге міндеттелді. Қарулы күштерінің саны 33 000 шектелді. 20 000 армия, 10 000 жандармерия және 3000 шекарашы. Әскери теңіз флоты 10 кемемен шектелді.
