Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA (2).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
167 Кб
Скачать
☆

20) Ибериялық фашизм

Екі дүниежүзілік соғыс арасында Еуропада саяси режимдердің негізгі екі түрі өмір сүрді: қоғамдық дамудың авторитарлық- тотаритарлық үлгісімен либералдық-демократиялық үлгісі.

Тотаритарлық үлгінің толық логикалық шыңына жеткен көрінісі алдымен Италияда, кейінірек Германияда(нацизм түрінде) және Испания мен Португалияда (ибериялық нұсқа) орнатылған фашисттік режимдер болды.

Тотаритарлық режимдер белгілі бір мақсаттарды: күрделі саяси және экономикалық дағдарыстан шығу, милитарландыру және соғысқа дайындалу, индустриаландыруды тездету, алдын-ала ойластырған идеологиялық құрылымға сәйкес қоғам мен одақтарды өзгерту үшін құрылды. «Тотаритарлық» ұғымы жиырмасыншы-отызыншы жылдары КСРО-да қалыптасқан әкімгершілік-дәміршілдік жүйе мен сталиндік диктатураға да тура келеді.

Тотаритарлық жүйелерге азаматтық қоғамды мемлекеттің басып-жаншып, аяқ асты ету құбылысы тән. Б.Муссолини өзінің «Фашизм туралы ілім» деген кітабында былай деп жазды: «Фашизм үшін ең жоғарғы нәрсе мемлекет.[41] Оның алдында жеке адамдармен топтар түкте емес. Бұл салада жеке адамдар емес, тек мемлекеттің ғана пікірі шешуші рол атқарады». Тоталитаризм-либерализмнің, демократияның, пікір әралуандығының, ой мен ұйым бостандығының қас жауы.

Тоталитаризм мемлекеттік реттеудің қоғамдық өмір мен жеке адамдардың іс-әрекетінің барлық салаларын қамтығанын жақтайды.Азаматтық қоғамды тоталитарлық мемлекеттің жұтып қоюының экономикалық негізі-ол рыноктық қатынастарды мемлекеттік-бюрократтық реттеу, жоспарлау және бөлумен алмастыру болып табылады. Бұл жағдайда жеке меншік ауқымының тарылатындығы сонша, тұлғаның бостандығы мен еркіндігінің экономикалық негізі жоғалады.

Саяси салада тоталитаризм либералдық-демократиялық режим мен оның институттарының жойылуын, мемлекеттік- партиялық диктатураның орнатылғандығын білдіреді.

Идеология саласында фашизм мен нацизм ұлтшылдық, шовинисттік жәнесоциалисттік идеалардың эклектикалық қосындысы ретінде демократияға, либерализмге, марксизмге қарсы бағыт ұстады. Бұл теріске шығару және бір мезгілде зорлау мен қорқыту арқылы іске асырылып жатқан «жаңа тәртіптің» қиялдағы тұжырымы негізінде қоғамды қайта құрудың утопиялық доктринасына сену идеологиясы еді.

Экономика саласында фашизм мен нацизм экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін құрып,оны милитарландыру мен алдынғы соғысқа дайындалуға бағыттады. Фашизм тұсында тап күресін, еңбек пен капиталдың дәстүрлі қарама-қарсы тұруларын мемлекеттік- партиялық аппарат аяусыз басып жаныштады. Кәсіподақтар қуып тартылды.

Басқа оңшыл радикалдық күштерден айырмасы фашизм өзіне көпшілік негіз таба білді. Қоғамның кейбір топтарына фашисттік идеалар, нәсілшілдік теория, антисемитизм ұнады, олар материалдық пайда тапты, кейбіреулер фашисттік қылмыстарға қатысып, қолдарын қанға бояды. Сонымен бірге фашисттік режимдер белсенді әлеуметтік саясат жүргізді. Олар экономикалық дағдарыстарға тосқауыл қоя алды.

21)Неолиберализм (ағылш. neoliberalism) – XX ғасырдың 70-ші жылдары пайда болып, 80-90-шы жылдары шырқау шегіне жеткен саяси экономика мен философияның бағыты. Неолиберализм – азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы. Егер осы екі идеологияны: либерализм мен неолиберализмді салыстырып қарасақ, алғашқыда бір-біріне қарама-қарсы бағыт сияқты көрінеді. Себебі, либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талап етсе, ал неолиберализм керісінше — мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады. Дегенмен, осы екі идеологияның арасында бітіспес қарама-қарсылық жоқ. Неолиберализм идеологиясының пайда болуы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік жағдайлармен байланысты болатын. Либерализм ұстанымы бойынша дамушы нарықтыққатынас ең алдымен бәсекелестікке байланысты. Бәсекелестік экономиканы дамытады, бірақ бәсекелестікте адамдардың бәрі, әрине, жеңіске жетпейді, солсебепті теңсіздік күшейеді, көптеген адам күйзеліске, кедейлікке ұшырайды. Сондықтан еркін нарықтық тетіктерді реттеу, кедейшілікпен күресу үшін мемлекеттің араласуы, оның ролінің күшейуі тиіс. Неолиберализм идеологиясы бойынша мемлекеттің аса жауапты міндетінің бірі – нарықтық жағдайда азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жасау. Либерализм идеологиясы бойынша қоғамдағы мемлекеттің басты қызметі “түнгі сақшы” сияқты болатын болса, неолиберализм жағдайында мемлекет “жалпыға бірдей игілік” міндетін атқаруы тиіс. Неолиберализм экономиканы мемлекеттік реттеуді мойындамайды, еркін нарық пен шексіз бәсекелестікті экономикалық даму негізіндегі әлеуметтік әділеттікке жету мен дамуды қамтамасыз етудің негізгі құралдары ретінде қарастырады. Неолиберализм XX ғасыр ортасында бірлесу үрдісін, әлеуметтік әріптестік және қорғау, бәсекелестіктің мемлекеттік реттеумен сәйкес келуін күшейтуді ойластыратын либералдық идеялардың әзгеріске ұшырауына оппозиция ретінде пайда болды. Неолиберализмнің теориялық негіздері монетаризммен, Р.Манделл, А. Флеминг идеяларымен тығыз байланысты. Неолиберализмнің экономикалық саясаты экономиканың дамуын тежейтін протекционизмді жоққа шығарады. Неолиберализм кейде жаһанданудың экономикалық идеологиясы ретінде қарастырылады, оның идеяларына Халықаралық валюта қоры, Бүкіләлемдік банк, Бүкіләлемдік сауда ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар арқа сүйейді. Неолиберализмнің әлеуметтік тұжырымдамасы қоғамдық байланыстардың барлық түрлерін нарық тұрғысынан түсіндіреді: әрбір адамның өмірі кәсіпорындағы ұйымдастырушы еркін кәсіпкер ретінде қаралады, ал кез келген әлеуметтік өзара іс-әрекет - келісімшарт (сату-сатып алу актісі). Неолиберализм философиясында нарықтың болуы, қызмет етуі - шексіз өзіндік құндылық, ал тұтыну идеологиясы (консюмеризм) этиканың басты негізі ретінде қарастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]