Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
113 Кб
Скачать
☆

2 Билет.

  1. Қазақстан мезолит, неолит және энеолит кезеңдерінде.

  2. Батыс Түрік қағанаты.

  3. Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күрестің жетекшілері.

Жауабы

  1. Мезолит дәуірі (орта тас дәуірі)б.з.д. 12 мың-5 мың ж.ж. Бұл дәуірде үлкен климаттық өзгерістер басталды-күн жылынып, мұздықтар ери бастады. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы – садақ. Микролит(ұсақ тас) – 12 см ұсақ жаңқа тастан жасалған құрал. Бұлардан басқа тас қырғыш, тескіш, пышақ, кескіш, ине болды.

Аңшылардың қоныстанған жерлері: Ертіс, Еділ, Тобыл, Торғай,, Жайық өзендері.

Мезолит дәуірінің ерекшеліктері:

  • Жануарлар қолға үйретілді;

  • Дәнді дақылдар өндірілді. Егіншілік бұдан 10 мың жыл бұрые пайда болды.

Қоғамдық өзгерістер: Қауым мүшелері 3 топқа бөлінді:

  • Қариялар- берекені сақтаушы, әдет-ғұрыпты іске асырушы, ақылшы;

  • Ересектер-тамақ табушы, баспана салушы, қауым мүшелерін жаудан қорғаушы;

  • Балалар-қауым жиналысында сайлауға қатысы алмады.

Неолит дәуірі(Жаңа тас дәуірі) б.з.д. 5 мың – 3мың ж.ж. Бұл кезеңде экономикалық және қоғамдық өрлеу басталды. Ғылымда бұл құбылыс «неолиттік төңкеріс» д.а.

Неолиттік төңкерісінің мәні– адам тұтынушы дәрежеден өндіруші дәрежесіне жетті. Құрамалы құралдары – жүзі өткір тастардан жасалған, сабы сүйек н-е ағаш пышақ пен орақ. Балта – таяққа бекітілген қашау. Көзе – саздан жасалған қыш ыдыс. Неолит «қыш құмыралар заманы» д.а.

Қазақстанда 4 мәдениет таралды:

  • Усть – Нарым (Ш. Қазақстан);

  • Келтиминар (Б. Қазақстан);

  • Атбасар, Маханжар (С. Қазақстан);

  • Зеленая балка 4, Қарағанды 15 (Орт. Қазақстан).

Энеолит дәуірі(мысты тас ғасыры) б.з.д. 3-2 мың ж. Энеолит дәуірінде адамдар тас құралдармен қатар мыстан жасалған құралдары қолдана бастады. Ең бірінші қолданылған металл – мыс. Бұдан 7 мың жыл бұрын. Қоғамдағы ірі өзгерістер:

  • Еңбек бөлінісі пайдаболды;

  • Аталық ру үстемдігі орнады.

Шаруашылығы; мал шаруашылығы, егіншілік, айырбас, дөңгелекті транспорт пайдалана бастаған, керамикалық ыдыс жасау және т.б. Энеолит дәуірінде С. Қазақстанда 2 мәдениет қалыптасты: Ботай және Терсек.

Ботай мәдениеті: Ақмола обл., Ботай бекеті. Бұл мәдениетке тиесілі 20 қоныс зерттелген. Ең жақсы зерттелген ескерткіштер: Торғай, Терісаққан, Тобыл, Обаған, Шағаналы, Иманбұлақ өзендерінің жағасында орн. Тұрақтан 158үй және жылқы сүйектері көп табылды. Ботайлықтар ең алғашқылардың бірі болып жылқы өсірген. 178 мыңға жуық сүйек табылған. Аумағы 15 га жер.

Шебір тұрағы (Маңғыстау). Мекеннің маңынан тас пен қыш еңбек құралдары табылды. Ыдыстардың түбі жұмыртқа тәрізді. Негізінен аң аулаумен айналысқан.

  1. Батыс Түрік қағанаты. Аумағы: Іле,Шу,Еділ,Кубань-Есіл,Ертіс-Тарым,Әмудария. Ордасы: Суяб, Жазғы ордасы:Мыңбұлақ. Халқы он оқ бұдұн. Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған. Тайпа 2-ге бөлінді:

  • Дулу-5тайпа;

  • Нушеби-5тайпа.

Қоғамдық құрылысы

Қаған (Ең жоғарғы билеуші, әскер басы) - Шад, жабғу, елтебер (Ашина руынан шыққан жоғарғы шенділер) – Бек (Жергілікті жердегіқағанның негізгі тірегі) – Тархан, бұйрық (Сот қызметін атқарушылар) – Селиф (Жергілікті салық жинаушы) – Қара бұдын (Қарапайым халық) – Таттар )Құлдар).

Саяси жағдайы

Алғашқы қағаны – Тардуш (Дато). Шығыс қағанатын жаулап алып, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап. Өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны деп жариялайды. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді. Қағанаттың күш-қуаты Шегу мен Тон қағандар тұсында арта түсті.

Шегу қаған саясаты (610-618ж.ж.) шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін кеңейтті. Тон қаған саясаты (618-630ж.ж.) Батыс шекараны нығайтты. 327 ж. – Иранға қарсы Византиямен одақтасты.

Ешбар Елтеріс қаған саясаты. 634 ж. – нушеби тайпасының қолдауымен билікті алды. «Он – оқ бұдұн» жүйесін енгізіп, сол басқаруды қайта құрды. 640-657 ж.ж. дулу мен нушеби арасындағы тартыс болды. 659 ж. – Қытай Жетісуға басып кірді. Ешбар қаған қаза тапты.

Түріктердің Таң империясына арсыкүресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді. 704 ж.ж – түргештер Жетісудағы саясим білікті жеңіп алды.