Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
113 Кб
Скачать
☆

2.Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы.

Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып,Римге барып аяқталған.Қытай деректері:Б.з.б. II ғ.ортасы-Жібек жолының халықаралық қатынас жағынан жандануы басталды.Б.з.б. 138ж.-Қытай императоры У-Ди жіберген елшілік Батысқа аттанды.Елшілік 13ж.кейін оралған.Б.з.б.II-Iғғ.-Үйсін мемлекеті Қытай өкіметімен сауда байланысын жасаған.Б.з.б.Iғ.ортасы-алғаш рет Қытайдан Батыс елдеріне жібек артқан керуен шықты.VIғ.-жібек матасы Еуразияға әйгілі болған.VIғ.-Батыс Түрік қағанаты және оның нөкерлері жібек шапан киген.568ж.-Түрік қағанаты мен Византия арасында келісім жасалған.Иран шахына Қытай императорының атынан жібектен жасалған киімдер жіберілген.Ұлы Жібек жолы-Шығыс пен Батысты байланыстырып,Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі.Ұзындығы-7мың шақырымнан астам.Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтеді.

3.Түріктердің рухани және материалдық мәдениеті.

Оңтүстік Сібір,Алтай-Саян,Қазақстан жерлерін ежелгі түрік тайпалары мекендеген.Олар түрік тілінде сөйлеп,көне түрік жазуымен жазған.Көне түрік әліпбиі 35әріптен тұрған.Т.дің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған.Сондықтан да көне руналық жазу-түріктердің төл жазуы.Т.жазуы жерімізде біздің жыл санауымыздан бұрынғы 1-нші мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан.Соңғы 30-40ж.дың ішінде Талас,Іле,Сыр,Ертіс өзендері бойынан ежелгі түрік жазуларының көптеген ескерткіштері табылды.Сөйтіп,көне т.жазуы VIII-Ixғ.лар аралығында бүкіл халық игілігіне айнала бастаған.Т.жазуымен қоса елде соғды жазуы да кең қолданылды.Әсіресе бұл жазу қаған сарайында маңызды рөл атқарған.Жалпы көне түрік тілінде 200-ден астам жәдігерлер табылған.Жазу өнерінің дамуына байланысты VIIIғ.да т.дің жазба әдебиеті дүниеге келеді.Т.жазба әдебиетінің көне ескерткіштерінің бірі-Күлтегін ж/е Тоныкөк жазулары.Бұлар-нағыз тарихи дастандары.Мұнда т.дің құрылуы мен дәуірлері,ақырында күйреуі жайында айтылады.VIII-Ixғ.ға жататын әдеби шығармалар-Қорқыт ата кітабы мен Оғызнама дастаны.Бұл шығармалар алғаш VIIIғ.да ауызша айтылып,ел ішінде кең таралса,тек XIғ.дан бастап қағазға түсе бастаған.Қорқыт ата кітабы 12жырдың қосындысынан тұрады.Кітап жастарды тәрбиелі болуға,жерін,елін қорғауға,батыр да,батыл да болуға шақырады.Ертедегі орта ғасыр әдеби ескерткіштерінің бірі-Оғызнама.Біздің дәуіріміздің екінші ғ.дағы тарихи оқиғаларға байланысты туған бұл әдеби шығарма VIғ.да парсы тіліне, Ixғ.да араб тіліне аударылған.Оғызнаманың ескі нұсқасын XIIIғ.да бірінші жазып қалдырған-тарихшы Рашид ад-Дин.Одан кейін оны XVIIғ.да толық жазған-Әбілғазы хан.Шығарманың идеясы бірлікті,ерлікті уағыздайды.Ежелгі түріктердің діни сенімдері әртүрлі болған:Көкке-Тәңірге табыну;Жерге-Жер-Суға табыну;Ұмай анаға табыну;Отқа табыну;Тотемге табыну;Көк бөріге табыну.Оғыздар қойға табынған.Будда дінін таратуды соғдыларатқарды.Қазақстанның оңт.де.,Жетісу аймағында басқа да діни әдет-ғұрыптар болды.Олардың ішінде мұсылман дінін VIIIғ.дан бастап кең түрде етек жая бастады.Оның басты орталығы болған қалалар:Сайрам,Тараз,Отырар,Йасы.Бұл дінді Қарлұқ қағаны Сатұқ Боғра хан мемлекеттік дін есебінде қабылдаған.

Билет8

1.Қарақытайлар мемлекеті(1125-1212жж.)

Қарақытайлар тарихында Орталық Азиядағы монғол тектес қидан тайпаларының орны ерекше.Қарақытайлар:Солтүстік Монғолия,Солтүстік Қытай,Маньчжурия,Уссури өлкесін мекендеген қидандар.(қытай дерегі).Xғ.батысқа жылжыған қидандардың бір бөлігі(мұсылман дерегі).Тілі:тұнгұс-монғол,түрік(араб,парсы дерегі).Қ.дың Жетісуға қоныс аударуының себептері:Орталық Азиядан жылжыған түрік тілдес тайпалардың қ.жерін жаулап алуы.Жетісудағы Қарахан ханының қ.ға шығыс шекарасын қорғауды тапсыруы.

Xғ.(924ж.)-қидандар Ляо империясын құрды.Аумағы.Тынық мұхит-Алтай аралығы.1125ж.Ляо империясы құлап,40мың отбасын басқарған Елюй Даши Жетісуға келіп қоныстанды.1125ж.-қидандар Жетісуға қоныстанып,Баласағұнды басып алды.Аумағы.Жетісу.Орталығы:Ғұз ордасы.Билеушінің титулы-гурхан(хандардың ханы).Қарақытайлар билік еткен аймақ:Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.Түркістан мен Мәуереннахр.Сыртқы жағдайы:1137ж.-Ходжент маңында қарахандарды жеңді.1141ж.-Қатуан шайқасында қарахандарды жеңіп,Бұхараны,Мәуереннахрдың орталығын басып алды.Қарахандар қ.ға вассал болып қалды.Хорезмді жаулап,хорезмшах жылына 3000динар төлеуге міндеттенді.Гансу жеріндегі ұйғырларды бағындырды.1198-1204жж.-гурид тайпаларымен соғыста жеңілді.1210ж.-Хорезм шахымен соғысты.1212жылы-Қарақытайлар мемлекеті құлады.Қарақытайлардың жері наймандардың иелігіне айналды.Салық жүйесі:Жетісу аймағ.егіншілер өнімнің оннан бір үлесін төледі.Ірі қара әкімдері харадж(жер салығы)төледі.Әр үйден 1динар жиналған.Егістік жерлер халыққа беріліп,салық жиналып тұрған.Үлестік жер иелеріне арнаулы грамота берілді.Бұл-гурханның қамқорлығында екенін көрсететін белгі.XIIғ.екінші жартысынан салық салу күшейді.Халық наразылық көрсете бастады.Қоғамдық құрылысы:Қ.лар қарахандықтардың басқару құрылысын сол қалпында қалдырды.Гурхан әскер басқаруды жергілікті басқарумен ұштастырды:Жергілікті тайпалар шекараны қорғауға тиіс болды.Өз адамдарын шекаралық қызметтен босатты.Қ.дағы мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі:Әйелдер мұрагер болған.Әйел жағының тегі хан тұқымынан болуы міндетті.1143ж.-Елюй Даши қайтыс болып,билікке әйелі Табуян ие болды.1155ж.-Иле қаза болып,билік Елюй Дашидың қызы Бұсұғанға көшті.

2.Қ. Ресейдегі 1905-1907жж.революция кезіңінде

XXғ.басында Қазақстан қалаларында жасырын құпия ұйымдар пайда болды.1902ж.-Орынборда тұңғыш маркстік құпия ұйымның бірі құрылды.Отарлық ұлт аудандарының ұйқыдан оянуына негіз болған оқиға-1905жылғыҚанды жексенбі(9қаңтар,Петербург оқиғасы).1905ж.ақпан-Түркістанда,Перовскіде,Жосалыда,Шалқарда алғашқы қарсылықтар болып өтті.1905ж.мамыр-Верныйда,Перовскіде,Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын саяси ереуілдер өткізілді.Қарқарыладағы қарсылық жиынына Міржақып Дулатұлы белсене қатысты.Еңбекшілердің саяси көзқарасының өсуіне Бүкілресейлік қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті.Перовскіде(Қызылордада),Қостанайда,Оралда,Успен кенішінде стачкалық комитеттер құрылды.17қазандағы патша манифесінің (Мемлекеттік тәртіпті дұрыстау туралы)халықты алдау екенін Алаш қозғалысы өкілдері әшкерелеп,сынады.Орынбордағы 18-19қазанда өткен шеру «Демократиялық республика жасасын»,»Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті.25-қазан-Омбыдағы ұйымшылдықпен өткен саяси бой көрсету Батыс Сібір әкімшілігін қатты сескендірді.Перовскідегі саяси шеру қазақ-орыс жұмысшыларының бірлесуімен өткізілді.Қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуінің ең бастысы-1905жылғы желтоқсанда 12күнге созылған,Успен(Нілді)кенішіндегі 360(265қазақ)жұмысшы қатысқан ереуіл.Кеніш француз президентінің жиені Карноның меншігі,іс басқарушысы-ағылшын Фелль.Ереуілге шығу себептері:1.Жалақының тапшылығы;2.Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы;3.Ағылшын капиталистері Мессен,Гиббердің қатыгездіктері.Ереуілге «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» ұйымы(П.Топорнин,Л.Байшағыров,С.Невзоров)басшылық етті.Талаптары:Азық-түлік бағасын төмендету;Жалақының 15,25%-ға көтеру;үш сыныптық орыс-қазақ училищесін ашу;жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту;Фельдшер Е.Костенконы,қызметкер М.Ивченконы жұмыстан шығару;жұмысшыларды су өтпейтін киіммен қамтамасыз ету.Кеніштің шетелдік иелері бұл талаптардың біразын орындауға мәжбүр болды.1905ж.16-28қараша-Семейдегі пошта-телеграф қызметкерлерінің ереуілін басу үшін облыс губернаторы Қарқаралыдан әскери күш шақыртты.1905ж.6-7қарашада Верныйда,21қарашада Жаркент гарнизонында әскери қарсылықтар болды.1905ж.,6желтоқсан-Өскемендегі жұмысшылар жиынында социал-демократ Крушеев патша үкіметіне қарсы күресте ынтымақтасуға шақырды.1905ж.13желтоқсан-Павлодарда Ертіс бөлімінің жұмысшыларының митингісі өтті.1906ж. басты саяси оқиға-Семейдегі шілде айында 500жұмысшы қатысқан жаппай ереуіл.Негізгі талаптары:Жұмыс күнін10сағатпен шектеу,балалар үшін-8сағат.Ауырган күндерге ақы төлеу.Жалақыны өсіру.Күштеп қосымша еңбек еткізуге тыйым салу.Әйелдер құқығын қорғау.1906ж.-Қарқаралы уезінде(Семей облысы),Жаркент уезінде(Жетісу облысы),Әулиеата,Шымкент уездерінде(Сырдария облысы),Орал,Торғай болыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті.Қазақ шаруаларының қарсылығы туралы «Орынбор өлкесі», «Орал күнделігі», «Орал» басылымдарында жарияланды.Саяси толқулардың жиілеуінен шошынған патша өкіметі шаралар қолдана бастады.1906ж.10қаңтар-ішкі істер министрі Дурнов өлкедегі қарсылықтарды жаныштауға арнайы тапсырма берді.Қазақ еңбекшілерінің заңды мүдделерін қорғауда,талаптарын түсіндіруде аянбай күрескен ұлттық демократиялық қауым өкілдер:Әлихан Бөкейханов-Семей облысы.Ахмет Байтұрсынұлы-Торғай облысы.Б.Қаратаев-Орал облысы.М.Тынышбайұлы,Б.Сыртанов-Жетісу.Саяси топтардың,партиялардың арасындағы өзара талас,патша үкіметіне қарсы күрес екінші Мемлекеттік Думаға сайлау кезінде күшейді.Бұратана(түземдік)халық арасынан депутаттыққа сайланғандар:Ақмола облысынан-молда Ш.Қосшығұлұлы;Жетісудан-федералист М.Тынышбайұлы;Оралдан-кадет А.Бірімжанұлы;Семейден-бай Х.Нұрекенұлы.Семейден сайланған «Семипалатинский листок» газетінің редакторы,қазақ өлкесінің тарихы туралы еңбектің авторы Н.Я.Коншин уәдесінен бас тартып,Сібірдің дербес дамуын жақтаған топқа қосылып кетті.1905-1907ж.ж алғашқы революцияның жеңілу себептері: Қазақ жұмысшыларының аздығы.Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы.Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжірибесінің жеткіліксіздігі.Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы.Революцияның тарихи маңызы:

Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды. Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді. Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді. Қазақ еңбекшілерін «ғасырлық ұйқыдан» оятып,революциялық күреске шақырды.

3.1870ж.Маңғыстаудағы көтеріліс.

1870ж.-Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі.Көтеріліс жетекшілері-Досан Тәжіұлы,Иса Тіленбайұлы.Көтерілістің себебі:40мыңдық шаңырақтан тұратын Адай руы екі жылда 160.000сом салық төлеуге тиіс болды.Көтеріліске түрткі болған оқиға:Жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы.1870ж.16наурыз-Маңғыстау приставы подполковник Рукин тобы «Ережелерге» қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты.Бозащы түбегінде 200-ге жуық көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады.Рукин атылып өлді.Қозғалыс бүкіл Маңғыстауға таралып,Николаевск станицасы мен Александровск фортының балық аулау кәсіпшіліктеріндегі жұмысшылар қосылып,көтерілісшілер тобы-10.000-ға жетті.1870ж.5сәуір-көтерілісшілер Алексанровск фортына шабуылдады.1870жылғы мамыр-Маңғыстауға Кавказдан әскери топ жеткізіліп,көтеріліс талқандалды.Әскери министр Милютиннің «бұларды келістіріп жазалау керек» деген нұсқауына сәйкес Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3ай бойы қудалады.1870жылғы желтоқсан-И.Тіленбайұлы,Д.Тәжіұлы,И.Көлұлы бастаған 3000-ға жуық шаңырақ Хиуа хандығына өтіп кетті.Салдары:Маңғыстау қазақтарынан 57.901сом салық хиналды.Адайлықтар соғыс шығыны ретінде 90мың қой өткізді.Тарихи маңызы:Тұңғыш рет қазақ жұмысшыларының күреске қатысуы.Көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі:Адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархаттық құбылыс сақталды.

Билет 9.

1.Үйсін мен қаңлы мемлекеттері

Үйсіндер(б.з.б.3-б.з.4ғғ.)-Орталық Азиядағы алғашқы этникалық бірлестік.Б.з.б.2ғасыр-үйсін атауы қытай жазбаларында кездеседі.Аумағы:Қытайдың солтүстік-батысы(Бесбалық),Шу,Талас өзендері,Қаратаудың шығыс беткейі.Ордасы:Қызыл аңғар(Чигучен немесе Чигу)Ыстықкөл мен Іле арасы.Билеушісі-гуньмо.Тайпа көсемі-бек.Халқы-630мың адам.Әскері-188800адам.Ерте темір дәуірінде үйсіндер сақтардан кейін Жетісу жерін мекендеген.Жетісудағы үйсін мәдениеті 700жылдай уақыт өмір сүрген.Деректер:Қытай тарихшысы-Сыма Цянь:Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет қалдырған.Гуньмоны бала кезінде қарғалар мен қасқырлар асыраған.Шаньюй(сюннулар билеушісі)баланы тәрбиелеп өсірген.Үйсіндер Қытаймен тең құқықты дәрежеде саяси-сауда қатынасын жасаған.Қоғамдық құрылысы:Үйсіндер-мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар.Қытай дерегінде «Усунго», «синго» атаулары-көшпелі мемлекет.Мал мен жерге жекеменшік болған:Бай ү-нің 4-5мың жылқысы болған.Байлар жылқыларына таңба салған.Билеушілер,әскербасылар,ауқатты адамдар да алтын ж/е мыс мөрлер болған.Қарапайым адамдар балшық ж/е тас мөрлер ұстаған.Құлдар еңбегі үй шаруашылығында пайдаланылды.Тұрмыс-тіршілігі.Мал шаруашылығы:Мойынқұм,Балқаш өңірінде жайлау мен қыстау арасы 20-100шақырым болған.Далалы аймақтан тау бөктеріне дейін көшіп жүрген.Егіншілік:Суармалы ж/е тәлімі егіншілік.Ақтас қонысынан аумағы 60X150 шаршы метр егіс танабының орны табылды.Егіс алқабы өзен бойларында салынған.Шу мен Кеген өзендері маңынан көне қала орны табылды.Баспаналары:Тау бөктерлерінде тұрақты үйлерде тұрған.Қысқы үйлері шикі кірпіштен ж/е тақтатастан қалаған.4-5үй бір ауылды құрады.Зираттар қонысқа жақын орналасқан.Кәсіпшілік өнері:Былғарыдан сұйық тағамға арналған ыдыстар жасаған.Мата тоқу үшін тоқыма кермесі қолданылды.Ыдыстарды әйелдер саз балшықтан жасаған.Ыдыстарды арнайы ұршықшамен н/е құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсыру арқылы жасаған.Тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған.Зергерлік өнері:Ақтас зиратынан(Алматы облысы)табылған алқа.Қарғалыдан(Алматы обл)табылған диадема(тәті).Бұл диадема 2300м биіктегі тау шатқалынан табылды.Мұндай құпия жерлерге бақсыларды жерлеу дәстүрі болған.Диадема ұзындығы-35см,ені-4,7см екі алтын тіліктен жасалып,аң-құстар бейнелерімен өрнектелген.Диадемадағы пырақты аттар күнді білдіреді.Діни наным-сенімдері:Обалардың ең үкенінің диаметрі-20м,биіктігі-2м.Адамды басын батысқа қаратып,шалқасынан жатқызып,қабірде жерлеген.Жаратушы күшке сенген.Қыш ыдыстарға күннің суреті салынған.Үйсіндер-ежелден келе жатқан түркі тайпаларының бірі.Бүгінде Ұлы Жүз құрамындағы ру.

Қаңлылар(б.з.б.3-2ғғ.-б.з. 5ғ.)

Аумағы:Арыс,Талас жағалаулары,Сырдарияның төменгі ағысы.Негізгі мекені-Сырдарияның орта ағысы.Ордасы-Битянь(Түркістан маңы немесе Таразға жақын жер).Халқы-600мың адам(120түтін).Әскері-120мың адам.Қаңлылар шекарасы-осы күнгі Ташкент,Қаратау,Талас аралығы.Оңтүстігіндегі көршісі-Қытай мен Үйсіндер.Солтүстігіндегі көршісі-Сарматтар мен Аландар.Қаңлылардың экономикалық,мәдени,саяси байланыста болған елдері:Қытай,Рим,Кушан.Б.з.б.46-36жж.-қаңлылар Қытайға қарсы шыққан ғұндарға көмектескен.Деректер.Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарих жазбалары»еңбегінде қаңлылар өмірі мен тұрмысын баяндаған.Қытайдың «Цянь Ханьшу» дерегінде Қаңлы мемлекетінің құрылу тарихы мен шекарасы туралы жазылған. «Авеста»(б.з.б.6ғ.)кітабында «канха» камалы туралы мәлімет берілген. «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік,бәрінен жоғары тұрған Канха камалының алдында құрбандық берді».Қоғамдық құрылысы:Билеушісі-хан.Ел басқарудағы көмекшілері-уәзірлер.(3орынбасары).5иелікке бөлінген,әр иелікті кіші хандар басқарған.Ру,тайпа билеушілері-көсемдер.Көсемдер билігі мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.Құл еңбегі:Мал күту.Мал өнімдерін өңдеу.Қолөнер кәсібі.Егін егу.Шаруашылығы.Мал шаруашылығы:Жылқы,қой,ешкі,сиыр өсірді.Жайлауы Орталық Қазақстан.Егіншілігі:Арал өңірі,Ташкент алқабында отырықшылық дамыды.Сырдария аңғарында бау-бақша дақылдары өсірілді.Жер өңдеу құралдары-тас ж/е металлкетпендер.Шыршық өзенінің сол жағасы-Ханарық арығы қазылды.Шыршық өзенінің оң жағасы-Зах каналы қазылды.Қаңлыларда тәлімді егіншілік басым болған.Аң аулау:Елік,Таутеке,арқар,киік,марал аулаған.Құс ж/е балық аулау кәсібі:Қаз,үйрек,бірқазан аулаған.Балықты сүңгімен түйреген.Жүн өңдеу:Жүннен киіз басқан.Иірілген жіптен киім,төсеніштер тоқыған.Металл өндірісі:Металл өндірісінің орталығы-Шаш-Илақ аймағы.Металл өндеудің ірі орталығы-ежелгі Құлата қаласы.Сүйектен пышақ,қанжар,семсерге қын жасалды.Сауда ісі:Сырдария аймағынан б.з.3-4ғғ.соғылған 1300-дей теңгелер табылды.Отырар алқабындағы Мардан қорымынан б.з.б.2ғ.жататын Қытай теңгелері табылды.Отырардан Балтық бойынан әкелінген кәріптас(янтарь)моншақтар табылды.Жетіасар,Отырар,Ташкент алқаптарындағы қабірлерден Сирияның көгілдір фаянсты моншақтары табылған.Сырдария мен Арал аймағынан Қара теңіз,Иран,Сирия,Үндістан,Қытайдан әкелінген бұйымдар табылды.Қаңлылар Ұлы Жібек жолының Кавказ бен Қара теңізге шығатын бағытын бақылап отырған.Мәдениеті:Алтын-асар қала жұрты(16га):үйлер шикі кірпіштен салынған.Бөлмелердің қабырғасына қызыл бояулы оюлар,гүлдер салынған.Қос ішекті ж/е бес ішекті музыкалық аспаптары,сыбызғы-сырнайлары болған.Жазулары болған(қаңлы ханы заң жарғыларын жазған).Діні:Күнге,айға,жұлдыздарға табынған.Ата-баба аруағына сыйынған.Табиғаттан тыс құдіретті күшке табынып,құрбандық шалған.Қауыншы мәдениеті таралған аймақтарда адамды киімімен жерлеген (б.з.1мың ж.алғашқы жартысы).