- •Түрік қағанаты.
- •2 Билет.
- •XVIII ғ. Қазақ батырлары.
- •1.Қыпшақ хандығы.(XI-xiiIғ.Басы)
- •2.Қимақ мемлекеті(Ixғ.Соңы-Xiғ.Басы)
- •2.Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы.
- •3.Түріктердің рухани және материалдық мәдениеті.
- •2.Абылай тұсындағы Қазақ хандығы.
- •2.Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері.
- •2.Әскери коммунизм (1918–1921 жж.)
- •3.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- •1.Әбілқайыр хандығы
- •3.XX ғ 20-30ж қазақстандағы индустрияландыру бағыты
- •1."Қазақ" атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
1.Қыпшақ хандығы.(XI-xiiIғ.Басы)
Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері XIғ.да жаңа құрылған Қыпшақ хандығының қолына толығымен көшеді.Ол жерлер шығыста Алтай мен Ертістен басталып,батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі,солтүстігінде Құланды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ аймақты алып жатты.Қ.х күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп ,Сырдарияның орта ж/е төменгі бөлігін,Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан.Қ.шонжарлары Сыр бойындағы қалалардың билеушілеріне айналған.Қ.этникалық құрамы VII-VIIIғ.да құрыла бастаған.Жалпы қ-дың э.құрамы 2бөліктен тұрған.1.қ.дың батыс бірлестігі-11тайпадан тұрады:елбөрілі,тоқсоба,йетиоба,дурут,т.б.2.қ-дың шығыс бірлестігі бұлар 16тайпадан тұрады.Олардың 8-інегізгі тайпалар,ал 8-і ұсақ тайпалық бөлімшелер.Ең беделді тайпасы бөрілер болған.Жалпы Қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес қимақ,оғыз,құман,ежелгі башқұрт тайпалары да енген.XIIғ.дан бастап қ-тар Арал маңына билік жүргізген кезде олардың құрамында қаңлылар,қарлұқтар және жікілдер де болған.Қоғамдық құрылысы:тікелей Қимақ қағанатының қоғ.құрылысымен жалғасы болды.Хандық әкеден-балаға беріліп отырды.Бір ерекшілік ,хан тағына елбөрілі тайпасының белгілі өкілдері ғана сайланып отырған.Хандық биліктің орталығы орда деп аталды.Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді.Оң қанат-ордасы Сарайшық(Жайық)күшті,беделді.Сол қанат-ордасы Сығанақ(Сырдария бойы) Ақсүйектер:хан,оның туыстары,тархандар,басқақтар,бектер,байлар,ру-тайпа көсемдері.Қарапайым халық:кедейлер,(жатақтар),құлдар(яланкуг).Саяси жагдайы:XIғ.бастап Жетісудан басқа жерлерді қ.тар иеленді.Оғыздарды жеңіп,Еділге дейінгі жерді иемденді.Оңтүстік далаларын,Кавказ,Қырым жерлерін басып алды.Ресей жеріндегі қ.тар половшылар(далалықтар) деп аталған.Дунай бойындағы қ.тар –кундар немесе командар деп аталған.1133ж.-қ.тар Хорезмдіктерден жеңіліп,екіге бөліне бастады.Хорезмдіктер саясаты:Қ.тардың ақсүйектерін қызметке тартып,олардан әскери топтар құру.Ислам дінін тарату.1195ж.-Хорезм билеушісі Текеш Отырар билеушісі Алып-Деректің әскерін өз жағына тартып,Сығанақты жаулады.XIIIғ.басы-Хорезм шахы Мұхаммед Қыпшақ хандығы мен Сыр бойындағы қалалар үшін шайқасты.Қ.тар мен хорезмдіктер арасындағы шайқасты тоқтатқан-монғол шапқыншылығы.Дешті қ.тағы қ.халқының қалыптасуына монғол шапқыншылығы зардабын тигізді.Шаруашылығы.1.Мал ш.Ауған,Иран,Египет,Үнді жерлерінде қ.жылқыларының құны 100-500 динарға жеткен.Қ.тардың қалыптасқан көшу бағыттары,тұрақты қыстаулары мен жайлаулары болған.Егіншілік:Еврей саяхатшысы Петахья(XIIғ.):қ.тар тары мен күріш өсірген.Әл-Омари (XIVғ.):қ.тар бидай,арпа,тары өсіреді,тамақтарының негізгі түрі тарыдан жасалады.
2.Қимақ мемлекеті(Ixғ.Соңы-Xiғ.Басы)
Қимақтар туралы алғашқы мәліметтер Қытай деректерінде кездеседі.VIIғ.басы-Монғолияның солтүстік-батыс ын мекендеді. VIIғ.ортасы-Алтайдың солтүстігіне,Ертіс бойына қоныс аударды.766-840жж.-қ.тар Батыс Алтайға,Тарбағатай.Алакөлге қоныстанды.IXғ.соңы-қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылды.Астаналары-Қимақия(Ертіс бойында),Карантия (Алакөл жағасы).Қағанат Қазақстанның солт.-шығ.,орталық аймақтарын алып жатқан.Монғолияның солтүстігін мекендеген қ.тар арасында қыпшақтарда болған. (Сыма Цянь)Қ.тар құрамы 7 тайпадан тұрады. Ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар(парсы тарихшысы Гардизи).
Тайпалары: эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ.
Қоғамдық құрылысы
Билеушісі – қаған. Қағаннан екі саты төмен атақ – ябғу. Билік мұрагерлікпен берілген. Қағанның 11 іс басқарушысы болған.Жеке тайпаның көсемі – шад-түтік. Әскер үлестік-тайпалық жолмен басқарылған. Отырықшылар жатақтар деп аталған.
Саяси жағдайы
Қимақ қағандары тоғыз-оғыздардң Шығыс Түркістандағы қалаларына,Енисей қырғыздарына жорықтар жасап отырды. Әскери қызметкерлердің беделі күшті болған.Қимақ шонжарларының лауазымдары: ұлы қаған, кіші қаған, ябғу, шад. IX ғ. Қ.тар «тоғыз-ғұздар» жерінің бір бөлігін алды. Х ғ. Басы – тоғыз-ғұздардың Жамлекес қаласын басып алған. Сыр бойындағы оғыздармен бірде бейбіт, бірде соғыс жағдайында болған. Х ғ. Екінші жартысы – Қарахандықтардыңшабуылы басталған. ХI ғ. –қарахандықтар жорықтары жиіліген. Қимақ қағанаты құлауының себептері: Қыпшақ хандарының дара билікке ұмтылуы. Ішкі тартыстың күшеюі. Орталық Азиядағы көшпелі тайпалардың көптеп келуі. Көрші тайпалардың шапқыншылығы.
Қыпшақтар қимақ мемлекетінің орнын басты.
Мәдениеті. Араб тарихшысы Әл-Идриси: қ.тарда 16 қала болған, 12-сі Ертіс өзені бойына орналасқан. Қ.тар қамыс қаламмен жазған. Қимақ зергерлері жасаған әшекей бұйымдарға басқа түрік тілдес тайпалардың жасаған әшекейлері сай келмеген.
Діні
Ата-баба аруағына сыйынған. Көкке, Тәңірге табынған. Кейде мәйітті өртеу ғұрпы кездесіп отырған. Х ғ. – қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған. Қимақ қағаны Жанақ – ибн Хакан әл-Қимақи атанды. Бұрынғы жерлеу рәсімі өзгерді.
3.XIXғ.50-ж-дағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
XIXғ.ортасы-антифеодалдық ірі көтерілістер болып өтті.Сырдарияның оңтүстігі мен Оңт.Қазақстанды Ресейдің отарлауына қарсы.Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы.Көтеріліс себебі.Хиуа ханы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында қамалдар тұрғызуы.Көтеріліс жетекшісі-Жанқожа Нұрмұхамедұлы.Көтеріліске қатысушылар:кіші шектілер,шөмекей,төртқара,қарасақал.1843ж.-Ж.Нұрмұхамедұлының бастауымен Төменгі Сыр қазақтары хиуалықтардың Қуаңдария бойындағы бекінісін талқандады.1845ж.көктем-Жанқожа тобы хиуалық 2000әскерді жойып жіберді.1847ж.-Хиуа ханының Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан әрекеті сәтсіз аяқталды.1856ж.жазы-Жанқожаның жанына 2мыңдай қарулы топ жиналды.Жаңақала ауданы-көтеріліс ошағы.1856ж.желтоқсанның аяғы-көтерілісшілер Қазалы портын қоршауға алды.Жанқожа әскерінің саны:1856ж.-1500;1857ж.-5000. 1853ж.-орыс әскерлері Ақмешітті алып,Сырдария әскери шебін құрды.1857ж. 9қаңтар-Арықбалық шайқасында Жанқожа батыр әскері Фитинговтың тобынан жеңілді.1860ж.-Жанқожа көтерілісі талқандалды.Патша үкіметінің отаршылдық саясатына,бекіністердің көптеп салынуына қарсы наразылық басқа аймақтарда да күшейді.Арал теңізінің солтүстігінде көтеріліс жалғасты.Көтеріліс жетекшісі-Есет Көтібарұлы.
Билет7.
1.Наймандар,керейіттер ж/е жалайырлар.
Бұл тайпалардың негізгі мекені-Монғолияның орта ж/е батыс ауданы.Xғ.-Қазақстанға қоныстана бастады.
Наймандар.Мекені-Орхон өзені-Алтай.Найман сөзінің мағынасы:сегіз тайпа бірлестігі.Секиз өзені бойында тұратын тайпалар.XIIғ.2жартысы-Найман мемлекетінің аты шыға бастады.Орталығы-Балықты(Орхон маңы).Билеушісі-хан.Наркеш Дайын хан(1160-1203жж.)саясаты:егін шаруашылығы дамыды.Отырықшы қалалық өмір салты орнады.Инанч-білге хан саясаты:елді өнерге,күнкөріске баулыды.Бейбіт өмірді насихаттады.Сауда қатынасын дамытты.Наймандар одағын біріктіріп,мемлекетті күшейтті.Қарақытайлар үстемдігінен құтылды.Білге хан атанды.Бұйрық пен Даян хандар(Білгенің ұлдары)саясаты:Билік үшін өзара таласты.Даян хан далалық өлкеде билік еткен.Бұйрық хан Қара Ертістегі Орүнгу маңын мекендеген.Соғыстары:Бұйрық хан Шыңғыс пен Ван хандардан жеңіліп,Енисей қырғыздарына қашты.1201ж-қырғыз,меркіт,наймандар құрылтайға жиналып,әскери одақ құрды.Соғақ суаты шайқасында одақтастар әскері Шыңғыс әскерінен жеңілді.1204ж.-Даян ханды Шыңғыс әскері жеңді.Күшлік(Даянның ұлы)хан Жетісуға қашады.
Керейіттер.Мекені:Орхон,Керулен,Селенга,Аргун өзендері.Керейіт сөзінің мағынасы:Керлин(Керулен)өзені атынан шыққан.Керейіт мемлекетінің аумағы:Долы өзені-Завхан аймағындағы Қазақ тауы.Мемлекеттің орталығы-Битөбе жері(Хантәңірі тауы,Улан-Батор маңы).Керейіт хандығының құрамына 8аймақ кірді(Xiғ.екінші жартысы):Керей.Жиркиы.Қоңқай.Сақай.Тутау.Албат.Тунхай.Қыркун.Керейіттер көне түрік жазуын пайдаланған.Монғол мемлекетінің хатшылары керейіттерден болған.X-XIIғғ.-Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында мемлекет шарықтады.Орталық Қарақорымға ауыстырылды.XIIғ.соңы-мемлекет екіге бөлінді.1202жыл-Шыңғыс хан к.ді жаулады.Бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп қоныстанды.
Жалайырлар.Мекені:Селенга,Хилок,Орхон өзендері,Қарақорым таулы қыраттары.Жалайыр Мұқылай-Шыңғыс ханның ең жақын адамы,түменбасы.Жалайыр Жамұқа-1201ж.өзін гурхан деп жариялап,таққа отырды.Шыңғыс хан Жамұқаны жеңіп,жалайырларды бағындырды.Қазақ халқының құрамына енген жалайырлар Жетісуда орналасқан.Қоғамдық құрылысы:Басқару жүйесі-хандық билік.Басқару ұлыстық жүйемен жүргізілген.Хан билігінің ең басты басқару орталығы-Орда.Ұлыстардың ішкі істерін жүргізушілер-шербилер.Көршілес тайпалары-меркіт,таңғұт,монғолдар.Найман,керей,жалайырлар біріккен ірі мемлекеттік дәрежеге жете алмаған.
