- •«Қазақ тілін зерттеген ғалымдар» тақырыбында диалог құрастыру
- •2. Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы туралы әңгімелеу.
- •3. Берілген мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдерді аяқта
- •1.«Әйгілі ғалымдар» тақырыбында диалог құрастыру
- •2. Айдаров Ғұбайдолла туралы әңгімелеу.
- •1.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы туралы әңгімелеу
- •2.Отан туралы 10 мақал-мәтел айту.
- •3.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің да, де, та, те, және, әрі жалғаулықтарымен сөйлем құрастыр.
- •1.Қазақ хандары» тақырыбында диалог құрастыру
- •2.Тәуелсіздік туралы бір өлең жатқа айту.
- •3. Сыза бойынша «Қазақстан рәміздері» тақырыбына 4 сөйлем құрастыру.
- •1.«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» тақырыбында диалог құрастыру
- •2. Төле би туралы әңгімелеу.
- •1.«Тарихи қайраткерлер» тақырыбында диалог құрастыру
- •2.Қаз дауысты Қазыбек би туралы әңгімелеу.
- •3. Сөйлемдерден септік жалғауы бар сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын анықта.
- •1.«Ежелгі қалалар» тақырыбында диалог құрастыру
- •2.Түркістан қаласы туралы әңгімелеу
- •1.«Болашақтағы қала» тақырыбында диалог құрастыру.
- •3.Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастыр.
- •1.«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2.«Ата-ана» мәтінінің мазмұнын айту.
- •1.«Отбасы мүшелерінің мінездері» тақырыбына диалог құрастыру.
- •2. «Жеті қазына мен жеті ырыс» мәтінінің мазмұнын айту.
- •1.«Ұлттық киім» тақырыбына диалог құрастыру.
- •2.«Қолөнер» мәтінінің мазмұнын айту.
- •3. Берілген сызбалар негізінде талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер құрастыру.
- •1.«Ұлттық мұражайда» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2.Қазақ халқының ерте кездегі кәсіптері туралы әңгімелеу.
- •3.Тұрақты тіркестерді аударып, олармен сөйлем құрастыр.
- •1.«Белгілі күйшілер» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2.Нұрғиса Тілендиев туралы әңгімелеу.
- •1.«Қазақтың музыкалық аспаптары» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2.Дина Нұрпейісова туралы әңгімелеу.
- •3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
- •1.«Тұңғыш ғалымдар» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2.Ахмет Байтұрсынұлы туралы әңгімелеу.
- •3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.
- •1.«Шоқан Уәлиханов» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2.Ыбырай Алтынсарин туралы әңгімелеу.
- •2.Шешендік өнер туралы әңгімелеу.
- •3. Берілген сөйлемдерді шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем түрінде аяқта.
- •1.«Экология» тақырыбына диалог құрастыру.
- •2. «Арал теңізінің мәселесі» туралы әңгімелеу.
- •1.«Қорықтар» тақырыбына диалог құрастыру.
- •2.Абайдың табиғат лирикасы мәтінінің мазмұнын әңгімелеу.
- •3.Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
- •1.«Радио және теледидар» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2. «Мен тілші боламын» деген тақырыпта әңгіме құру.
- •3.Сөйлем мүшелеріне талдау жаса.
- •1.«Театр» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2. «Әуезов үйі» туралы әңгімелеу.
- •1.«Кино өнері» тақырыбына диалог құрастыру.
- •2. «Абайдың мұражай үйі» туралы әңгімелеу.
- •3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.
- •1.Алматы қаласына саяхат жасау.
- •3. Мына шылау сөздермен сөз тіркестерін құрастыр.
- •1.«Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2. Өзіңнің күн тәртібің туралы әңгімелеу.
- •3.Берілген төл сөзді төлеу сөзге айналдыр.
- •1.«Қазақ композиторлары» туралы диалог құрастыру.
- •3.Етістіктің өткен шақ түріне сөйлем құрастыр.
2.Тәуелсіздік туралы бір өлең жатқа айту.
Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық, Өзімізді құрсаудан да босаттық. Ақтадық біз ата-баба үмітін, Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Желтоқсанның қанды суық ызғары, Қалың әскер қазағымды қорлады. Тәуелсіздікті қолдаған жастардың Отан үшін табандары тозбады.
Жүректе намыс оты лапылдаған, Күш-жігері жастардың сарқылмаған. Отан үшін олар шығып алаңға Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Болмасам да сол кезде мен сеземін Жүректе намыс оты сөнбегенін, Ызғарына аяздың төзгендерін, Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан, Кетпесін туған жердің берекесі.
3. Сыза бойынша «Қазақстан рәміздері» тақырыбына 4 сөйлем құрастыру.
1.Қазақстанымыз аз уақыт ішінде құлпырып өзгерді, бірақ тәуелсіздік үшін қаншама күш берілді.
2.Елтаңбаның үздік жобасына әр түрлі ұсыныс түсті, алайда халық қалаулылары мен Елбасы назары Ж.Мәлібекұлы мен Ш.Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды.
3.Мен өзгеше жоба жасауға бекіндім, жасаған жобам мемлекетіміздің төл туына айналды.
4.Мемлекеттік туға арналған байқауға 600-ден астам жоба түсті, дегенмен бұл жобалар менің көңілімнен шыға қоймады.
4-билет
1.«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» тақырыбында диалог құрастыру
-Сәлем, Анар, сенің мектебіңде тілдер мерекесі аталып өтіле ме?
-Әрине, бұл баршаға ортақ мереке ғой?
-Қай кезде аталып өтіледі?
-22 қыркүйек күні.
-Қандай іс-шаралар өткізіледі?
-Ең бірінші, мектеп бойынша жоспар құрылады. Сыныптарға тапсырма беріледі.
-Қандай тапсырмалар беріледі?
-Мысалы, біздің сынып қазақ ұлтының салт-дәстүрімен таныстырады.
-Ал сендер ше?
-Бізде де солай өтеді. Біздің сынып неміс ұлтының салт-дәстүрімен, өнерімен таныстырады.
2.Отан туралы 10 мақал-мәтел айту.
Бұлбұл гүлзарын сүйеді, адал адам Отанын сүйеді. Отан елдің анасы, ел ердің анасы.
Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.
Отан отбасынан басталады.
Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл. Отансыздың оты жанбайды. Отан үшін еңбек етсең, халқыңның сүйген ұлы боласың. Отан үшін күрес — ерге тиген үлес. Отан үшін отқа түс — күймейсің, арың үшін алыссаң — өлмейсің. Отаны бірдің жүрегі бір, Жүрегі бірдің тілегі бір. Отаның тыныш — сен тыныш.
3.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің да, де, та, те, және, әрі жалғаулықтарымен сөйлем құрастыр.
Анардың ата-анасы шілдеде еңбек демалысына шығады да, олар Алакөлге демалуға барады.
Ол бос уақытында шаңғы тебеді де, достарымен кездеседі.
Айдос математика пәнін жақсы көреді әрі шығарманы жақсы көреді.
Отаныңды сүйе білсең – атақ та, жұмыс та және құрмет те болады.
5-билет
1.Қазақ хандары» тақырыбында диалог құрастыру
-Сен білесің бе, ханнан кейінгі билік кімде болған?
-Ханнан кейінгі билік сұлтандарда болған.
-Сұлтандар деп кімдерді атаған?
-Шыңғысханнан тараған ер адамдарды атаған.
-Олар қандай құқықты пайдаланған?
-Біріншіден, олар хан тағына сайланатын болған; екіншіден, билер оларды соттай алмайтын еді; үшіншіден, әрбір сұлтан бір-бір ұлысты басқарған.
-Жақсы, рақмет!
