§ 2 Батыс Түрік қағанаты 603-704
*1.Аумағы
-Оңтүстік шығысында -Іле, Шу өзендері, солтүстік-батысы- Еділ мен Кубань өзені төменгі ағысы, солтүстік-шығысы- Есіл мен Ертіс өзендері, оңтүстік- батысында- Тарым, Әмудария өзендері аралығы,
-Шығыс Түркістан, Орта Азияда отырықшы- егіншілік алқаптары болған
*Астанасы-Суяб қаласы
*Жазғы ордасы-Мыңбұлақ- Жамбыл облысы жері
*2.Этникалық құрамы
- «он тайпа» он-оқ бұдун тайпалары- Қаратаудан- Жоңғарияға дейінгі жерлер- бес нушеби бес дулу тайпалары-Шу,Іле өзендері бойында өмір сүрген
- Қытай деректерінде- дулу-дулаттар деп аталды.
*3.Саяси тарихы:
-Батыс түрік қағанаты күшейді.
-Шығыс Түрік қағанаты-қытай шапқыншылығынан әлсіреді.
*Тардуш Дато
-екі қағанатты біріктіруге ұмтылды, теле тайпасын басып алды, Шығыс Түрік қағанатының қағаны деп жариялағанмен, теле тайпасы қарсылық көрсетеді.
--Шегу (610-618)- Тон (618-630 . Саяси билік күшейген кезеңі
*Шегу (610-618)
-Қағанаттың-шығыстағы шекарасы- Алтайға дейін, батыста- Тарым өзені мен Памир тауына дейін созды.
*Тон (618-630)
–Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды салық жинауға жергілікті адамдарды бекітеді. Оларды «Селиф» деп атаған.
-Селифтер жасауылдарға есеп беріп отырған жергілікті билеушілерді орынбасарым деп тағайындаған.
*Тон-Батыстағы ықпалын нығайту мақсаты болған Иран мен Византия қақтығысын пайдаланып, 627 жылы Византияға қалың қолын көмекке аттандырады.Халықаралық саяси беделі өсті.
630 жылы-билік үшін талас –тартыс басталды.
*Ешбар Елтеріс
-634 жылы –Нушеби тайпасының қолдауымен билікті қолына алды.
-Елді басқаруды қайта құрды.
«он тайпа»-«он бұдун» жүйесін енгізді-қағанның он-оқ, он түмен (10 мың қол)- тұратын әскери жасағы болған
-Іле мен Шу өзендері аралығындағы тайпалар, билікті әлсіретеді
-640-657 жылдары - тайпалар арасында соғыс болды.
-659 жылы – Қытайлар -Жетісуды басып алды, қағандық тәуелсіздігінен айырылды, басқыншыларға қарсы күрес нәтижесіз болды.
-VIIғ аяғы VIIIғ басы -Түркеш тайпасының қағаны Үшіліктің соғысы нәтижелі болып, 704 жылы Қытайларды жеңіп, билік Түркеш қағанатының құрылуына әкелді.
*4.Шығыс Түрік Қағанаты 682-744 жыл
-Қытаймен жүргізілген соғыстан кейін Монғолияда өз мемлекетін құрады.
*Алғашқы қағаны-Елтеріс- Құтылық
- Қапаған қаған тұсында- қуатты мемлекетке айналды.
*Аумағы-Орталық Азия, Қазақстан. Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір жерлерін алып жатты.
*Білге қаған мен Күлтегін тұсында мемлекет өрлейді.
Қытаймен тиімді шарт жасайды.
- Даңқты қолбасшы Тоныкөктің жауынгерлік даңқы асқақтайды.
-Білге қағанан кейін 741 жылы ыдырайды.
*5.Қоғамдық құрлысы:
-Қаған-жоғарғы билеуші, әскебасы, билік шексіз мұрагерлікпен беріледі.
-Ұлықтар-билік қағаннан кейін осылардың қолында болды, қаған сайлайды.
-Ябғу.шад, елтебер- қаған руынан шыққан ақсүйектер, қағанаттағы жоғарғы лауазымдар
-Бұйрықтар мен тархандар- сот істерін атқарды
-Бектер- жергілікті қағанның тірегі
-«Қара бұдун»-қарапайым халық, қара халық, алым-салық төлейді.
*Салықтар мен міндеткерлік
-«Қара бұдун»-алым-салық төледі
-Салық- «қанмен өтейтін» әскери міндет атқарушы. майданда ең алдыңғы қатарда жүрді. Тәуелді тайпалар атқарды.
-Азық түлік салығы, аң терілерін- бағынышты тайпалар төледі.
«Тат»- құл деген сөз.» Татсыз түрік болмайды.
-Күлтегін жазулары Түрік жазуы «Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды».
*6.Шаруашылығы
-Жартылай көшпелі мал шаруашылығы.
-Кедейлер жер өңдумен айналысқан-Оңтүстік, оңтүстік –шығыс аймақтар-Испиджаб, Тараз,Талхир, Алмалық-қалаларда отырықшылану мен қолөнер дами бастаған.
-Қалалардың дамуына -соғдылар әсер еткен.
-VII ғ басында түріктер отырықшылана бастады.
-Сауда-Кіші Азиядағы-Иран,Византиямен байланыс жасаған.
-Жетісу-Ұлы Жібек жолында қалалар еркін сауда жасаған.
-Сюань Цзянь жазбаларында кездеседі (жібек киім киген)
-Сауда айырбас түрінде болған.
-Жібек маталардың қалдықтары. Қытай, Византия көзелері табылған.
