§ 4 Қарлұқ қағанаты 756-940жж
*Аумағы: Алтай тауларынан-Балқаш көліне дейін
Алтай тауларынан -Сырдарияның ортаңғы ағысына дейін, Жетісу жері.
*Астанасы-Суяб
*Деректер:
*Этникалық құрамы:
-Vғ тирек тайпалар құрамында болған
-қытай деректерінде Бұлақ-Алтай тауының баурайында мекендеген.
-VII «Таншу» хроникасы түрік тілдес тайпалардың тармағы-
бұлақ, жікіл, ташлық бар екендігі жазған
Түрік қағанатының құрамында болып, Орта Азияға қарай жылжыған.
- араб-парсы жазбаларында қарлұқтарды- түріктер деп жазды.
-Араб тарихшысы әл-Марвазидің, қарлұқтар құрамында тоғыз тайпа: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ , көкеркін, тухси болған, Лазана мен фаракия
-Алтай тауынан -Балхаш көліне дейін, Қарлұқтар Түркеш қағанатына бағынышты болған.
-Құрылғанға дейін Орта Азияда өмір сүрген
-«Күлтегін» жазуында Қарлұқтарды қырып басып алған.Шығыс Түрік қағанатының құрамында болған
-Ұйғыр қағанатынан жеңіліп Жетісуға келеді.
-Түргеш қағанатының әлсіреуінен, билікті қолына алды.
2.Саяси тарихы:
-Қытай қауіпінен құтылу үшін, 766-775 жылдары Қашқарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтеді.
-Әл Марвази «Тулис тауларында тұрған, тоғыз- оғыздарға құл болды.Түргештерді жеңіп, мұсылман еліне жылжыды»-деп жазды.
-VIIIғ –күшейіп, мемлекет құрды.
-840 ж -20 жыл соғысып, қарлұқтар қырғыздармен бірігіп 840 ж Ұйғыр қағанатын жеңеді.
-Білге Күл Қадырхан- Испиджаб қаласының билеушісі өзін қаған деп жарияланды.
-Самани әулеті мұсылман дінінің шекарасын кеңейту «ғазауат соғыс» жариялайды.
-Испиджабты басып алып, қала Саманилерге алым –салық төлейді.
-Тараз қаласын басып алып, мешіт салдырады,жартылай вассалдық тәуелділікте болды.Тараз қаласының билеушісі Оғылшақ ,Қашқар қаласына кетеді
- Баласағұн қаласында екінші астана-ақсүек шонжарлар тұрады.
-Саманилер дінінің ықпалы болғанымен билік қарлұқтардың қолында болды.
Білге Күл Қадырханның балалары-Базар Арслан мен Оғұлшақ саманилерге қарсы күрес жүргізеді.
Қарлұқтар мен арабтар арасындағы соғыс 200 жылға созылады.
*1-кезеңі -712-713жж Соғды , Шаш, Ферғаналықтармен бірге қарлұқтар мен арабтар соғысы 756 ж дейін созылады. Атлах шайқасында қарлұқтар арабтарды қолдадаы –Қытай билігі әлсіреді
*2-кезеңі –VIIIғ. екінші жартысы-IХғ аяғы- Қарлұқтар жеңіліске ұшырап отырады. Арабтар ислам дінін қару ретінде пайдаланды
*940 ж ішкі сыртқы талас әсерінен Қарлұқтарды- Қашқардың түрік билеушілері талқандайды, Баласағұнды басып алады.
-200 жыл билік құрған қарлұқтар өмір сүруін тоқтатады.
-Арслан ханның баласы Сатұқ-Боғра хан 942 жылы билікке келеді. -Қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдай бастайды.
*Шаруашылығы:
-Бірінші ьағыты -жартылай көшпелі , жартылай отырықшы мал шаруашылығы.
-Екінші бағыты-отырықшы егін шаруашылығы.
-Мал шаруашылығы аймақтары-Алтай Жоңғар Алатауы,Үлкен, Кіші Қаратау бөктерлері (жайлау, күзеу, көкте)
-Қыстаулары –Балқаш,Шу,Іле ,Талас,Сырдария т.б өзендері,Хантау, Аңырақай, Малайсары, Бұғыты таулары
-Төрт түлік мал өсірген.
-Қосалқы шаруашылығы аң аулау.
-«Диуани лұғат ат- түрік» мен «Араб-қыпшақ» сөздіктерінде балық аулау құралдары кездеседі.
-Соғдылардың келуімен бірге қалалар үлкейе берген.
-Тараз қаласы-Қарлұқтардың екінші астанасы болған, қала маңында түрік-қарлұқтардың тұрақты мекен жайлары болғанын араб жазба деректері растайды.
-«Худуд әл- алам» қол жазбасында қарлұқтар жиі халық қоныстанған 25 қала болған-Құлан, Мерке, Атлах, Балық,Барсхан, Талғар қалалары.
-Әл-Идриси –«Халқы көп, бекінісі мықты әскері және қару- жарағы мол» болды.
Мал өсіру, егін салу-қала тіршілігімен байланыста болған.
*Мәдениеті:
*Материалдық мәдениет
-Киім-кешек, үй-жай, тамақ, қару-жарақ, құрал- сайман, мал өнімдері, тұрмысқа қажетті бұйымдар, еті, сусыны болған.
-Қыстауларда тұрақты үйлері- жерден қазылған, тастан, ағаштан, қамыстан баспаналары болған
-Орта Азияның отырықшы халқымен жақындасуы
-Ұлы Жібек жолының бойына орналасуының маңызы зор болған
*Рухани мәдениеті.
-Ата-баба аруағына сыйыну
-Зират басына балбал мүсіндер қойған,Түрік жазуларында «Батыр ерлерін балбал етіп қойды».
-VII-VIIIғғ құлыптас орнату, жазып қою дамыды
-Орхон, Енисей, Шу, Талас бойындағы түрік жазулары
-VIII-IХ ғғ –Түрік жазуы дами бастады-«Күлтегін», «Тоныкөк»
-Түріктердің жазуы Ү ғ.-Жетісу жерінен табылған күміс зереннің түбіндегі жазу- философиялық ой жүйелерінің, аспан дүниесін тануы, жұлдыз әлемі арқылы оң мен сол , шығысы мен батысын ажырата білген
«Иолыг- тегін» мен Тоныкөк-ауыз әдебиетінің алғашқы үлгілері.
