- •Тақырып № 1 Индустриалды және инновациялық дамудың негізі
- •Тақырып №2 2003-20015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы және оның нәтижелері
- •Тақырып №4. Қазақстандағы экономикалық құрылымдарға сәйкес индустриалды – инновациялық даму кезеңдері
- •Тақырып №5. Индустриалды-инновациялық дамуды ынталандырушы және тежеуші факторлар
- •Тақырып №6 Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •Тақырып №7. Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты
- •Тақырып №7. Отандық және шетел тәжірибесіндегі индустриалды-инновациялық даму стратегиясы
Тақырып №2 2003-20015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы және оның нәтижелері
Сұрақтар:
Стратегияның мақсаты, мiндеттерi және оны жүзеге асыру қағидаттары
Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау
Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру проблемалары
Мақсаты: индустриалды-инновациялық даму стратегиясын талқылау және оның нәтижелерін талдау
Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.
Стратегия мынадай қағидаттарға негiзделедi:
жеке сектормен серiктестiк;
инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету;
қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;
тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту;
индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.
Аталған қағидаттар сақталғанда және экономика құрылымында түбегейлi сапалық өзгерiстер болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға қойылған мақсаттар мен мiндеттердi шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау .Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым сәттi мысалдары Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң экономикалық даму саласында iрi бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.Қазiргi Қытай индустриялық дамудың стратегиялық бағыттарын дамыту саласында жеке сектормен ынтымақтасу саясатын жүргізуде.
Дүниежүзiлiк Банктiң зерттеулерi мемлекеттiк индустриялық саясатқа қатысты барлық көзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды үйлестiруге, iскерлiк ынтымақтастықты дамытуға және рыноктың орнын басуға ұштастырылуы мүмкiн екендiгін көрсеттi.
Инвестицияларды үйлестiру жөнiндегi бастамалар. Жеткiлiктi дамымаған рынок жағдайында фирмалардың өндiрiстiң кеңеюiне қарай қалыптасатын жаңа және барынша сапалы өнiмге сұраныстың көлемiн бағалауға мүмкiндiгi болмайды. Мемлекет инвестицияларды үйлестiру функциясын өз мойнына алады, олар инвестициялық жобаларды бiрлесiп жүзеге асыру кезiнде ғана компанияларға пайда түсiредi. Инвестицияларды үйлестiрудiң осы үлгiсiн қолдану мемлекеттiк және жеке институттарда белгiлi бiр әлеуеттiң болуын көздейдi, оған көптеген дамушы елдердiң қолы жетпейді.
Іскерлiк ынтымақтастық жөнiндегi белсендi мемлекеттiк саясат шеңберiнде бастамалар кәсiпкерлермен мынадай бағыттарда iскерлiк қарым-қатынасты нығайтуға тiкелей бағытталуы мүмкiн:
сатып алушылардың мамандандырылған санаттары жаңа нарықтық орындарды қалыптастырады және өнiм стандарттары бойынша ақпарат көзi болып табылады;
жабдықтарды жеткiзушiлер олармен бiрге өндiрiстiк тәжiрибе жинайды;
ресурстарды жеткiзушiлер өндiрiстiң жаңа идеялары мен әдiстерiнiң пайда болуына ықпал етедi, ал бәсекелестер жаңа идеялардың қайнар көзi болып табылады.
Күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық - инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына кемiнде 8,8-9,2 % қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8 еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 %-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. Стратегияны iске асыру нәтижелерi 2015 жылы мұнай, газ кен орындарын қарқынды игеру жағдайында экономиканың және өнеркәсiптiк өндiрiстiң құрылымын түбегейлi өзгерiске ұшыратпайды.
Тақырып № 3 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспар және оның басымдылық бағыттары
Сұрақтар:
Таяу онжылдықта түйінді бес бағыт мемлекет қызметіндегі басымдықтар болады
Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру
Мақсаты: 2020 жылға дейінгі жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын талқылау
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары 2010 жылдан бастап 2019 жылды қоса алғандағы аралықты қамтитын «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың келесі кезеңі болып табылады.
Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асырылудың аяқталу мерзіміне қарай және Стратегиялық жоспар-2020-ны әзірлеу кезеңінде дамудың сыртқы жағдайлары елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазақстан соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр жаһандық дағдарысқа қарсы тұруға беттеді.
Экономикалық айналымның әсер етуі, бірінші кезекте, ағымдағы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы ұлттық экономиканың әлемдік немесе өңірлік дағдарыстардың келеңсіз салдарларына төтеп беруін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажеттілігін анықтайды.
Елдің дағдарыстан кейінгі дамуы үшін жағдайлар жасайтын бірінші кезектегі шаралар іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, елдің қаржы жүйесін нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға шоғырландырылады.
Экономиканың сапалы өсуі елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ететін физикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, адами ресурстарды дамытуға және институционалдық базаны нығайтуға негізделеді.
Таяу онжылдықта түйінді бес бағыт мемлекет қызметіндегі басымдықтар болады:
1) дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық;
2) инфрақұрылымды индустрияландыру мен дамыту арқылы әртараптандыруды жеделдету есебінен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету;
3) болашаққа салынған инвестициялар — орнықты экономикалық өсуге, қазақстандықтардың өркендеуі мен әлеуметтік әл-ауқатына қол жеткізу үшін адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
4) халықты сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;
5) ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Экономиканы қалпына келтіруге дайындық үдерісінде Қазақстан оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін реформаларды жеделдетіп іске асыруы керек.
Бірінші түйінді бағыт — дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық — бірінші онжылдық кезеңінде нәтижесі көрінетін шараларды қамтиды. Бұл біршама қолайлы бизнес орта құру, қаржы секторын нығайту және құқықтық жүйені жетілдіру.
Екінші түйінді бағыт шеңберіндегі іс-қимылдар елді үдемелі индустрияландыру бағдарламасын іске асыру және инфрақұрылымды дамыту нәтижесінде Қазақстан экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге ықпал ететін болады. Бұл экономикалық үлгіні өзгертуге және экстенсивті, шикізаттық даму жолынан индустриялық-инновациялық дамуға көшуге мүмкіндік береді. Елді инфрақұрылымдық дамыту жоспарлары экономиканы үдемелі әртараптандыруға және елге шетел инвестицияларын тартуға ықпал ететін энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын жаңғыртуға шоғырланады.
Адами ресурстардың саны мен сапасы кез келген елдің болашағын айқындайтын негіз құрушы факторлар болып табылады. Адами капитал — бұл инновациялардың және экономиканың тиімділігін арттырудың негізгі қозғаушы күші.
Үшінші бағыт — болашаққа салынған инвестициялар — Қазақстанның адами ресурстарының сапасын ұзақ мерзімді кезеңде арттыру үшін қажетті шараларды қамтитын болады.
Төртінші түйінді бағыт — азаматтар үшін қызмет көрсету шеңберінде — халықты әлеуметтік қорғау және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тиімді көрсету жөніндегі шаралар күшейтілетін болады.
Бесінші түйінді бағыт — ұлтаралық келісім, қауіпсіздік, халықаралық қатынастардың тұрақтылығы шеңберінде — ішкі тұрақтылықты, қауіпсіздікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту, бейбіт сүйгіш сыртқы саясатты дамыту жөніндегі шаралар көзделетін болады.
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі бес түйінді бағытының негізі ұтымды макроэкономикалық саясат болып табылады. Экономиканы қалпына келтіру жене әртараптандыру, оның "қызып кетуін" болдырмау үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында экономиканың өсуі кезеңінде мемлекеттің шығыстарын азайтуды және оларды экономикалық бәсеңдеу кезеңінде ұлғайтуды көздейтін антициклдық фискалдық саясат іске асырылатын болады. Бұл ретте келесі онжылдық кезеңнің соңына қарай бюджеттің мұнай емес тапшылығы ІЖӨ-ге 3 %-дан аспайды. Ақша-кредит саясаты инфляцияны тежеу жөніндегі шаралардың тиімділігін арттырады. Айырбас валюта бағамының саясаты қазақстандық экономиканың ішкі жене сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталады.
