Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тақырып эиим.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
140 Кб
Скачать
☆

Тақырып №5. Индустриалды-инновациялық дамуды ынталандырушы және тежеуші факторлар

Сұрақтар:

  1. Индустриалды – инновациялық дамуды ынталандырушы факторлар

  2. Индустриалды – инновациялық дамуды тежеуші факторлар

Мақсаты: Индустриалды-инновациялық дамуды ынталандырушы және тежеуші факторларын талдау

Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Индустриалды-инновациялық дамуды ынталандырушы мәселелер.

Тұтас алғанда Стратегияны iске асыру үш кезеңде: бiрiншi - 2003-2005 жж., екiншi - 2006-2010 жж., үшiншi - 2011-2015 жж. жүзеге асырылады.

Бiрiншi кезең (2003-2005 жж.) басты түрде дайындық сипатындағы iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа заңдар әзiрлеу, инвестициялық және инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк институттар құру, ҚҚT талдау жүргiзу жөнiнде мамандарды даярлау, мемлекеттiң қатысуымен iске асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау көзделедi.

Бұл кезеңде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына салық ауыртпалығын айтарлықтай төмендетуге қатысты өзгерiстер енгiзу, Қазақстанның Метрикалық конвенцияға қосылуы, Халықаралық электротехникалық комиссиясына, т.б. кiруi жоспарланады.

Осы кезеңде қорларды құруға көзделген капиталды түзу, Даму Банкiнiң жарғылық капиталын ұлғайту, жобаларды инвестициялаудың мемлекеттiк жүйесiн айтарлықтай жетiлдiру қажет.

Ғылымды, бiлiмдi дамыту және оны индустриялық-инновациялық дамытуға бағыттай отырып, кәсiби кадрларды даярлау саласындағы реформаны бастау, стандарттау мен сертификаттауды жетiлдiру, Қазақстанның ДСҰ-ға кiру процесiн аяқтау көзделiп отыр.

Осы кезеңдегi экономиканың дамуы индикативтi жоспардың болжамына сәйкес жүргiзiлетiн болады.

2003-2005 жылдар аралығы болжам бойынша өткен жылдардағы ЖIӨ-нiң нақты қарқынын ескере отырып, ЖIӨ-нiң екi еселенуiмен байланысты стратегиялық мақсатқа жету қамтамасыз етiледi.

2000 ж. салыстырғанда 2010 жылы ЖIӨ екi еселенуі бойынша кестенің болжамды орындалуы.

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар тежеуші проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.

Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.

Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.

Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.