Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тақырып эиим.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
140 Кб
Скачать
☆

Тақырып №7. Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты

Сұрақтар:

  1. Өнеркәсіптік саясатты жүзеге асыруда үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шаралар

  2. Өнеркәсіптік саясатты жүргізуде қолданылатын бағыттар мен нысандарды

Мақсаты Мемлекеттің өнеркәсіптік саясатына шолу

Өнеркәсіптің құрылымын қайта құру және ондағы өндірілетін тауарлардың бәсеке қабілетін көтеру үшін белсенді түрде жүргізілетін мемлекеттік реттеу шаралары қажет. Отандық экономиканы өркендету үшін өнеркәсіптік саясатты үздіксіз және белсенді түрде жүргізгенде ғана өнеркәсіпті жоғары деңгейге көтеруге болады.

Сондықтан мемлекеттік инновациялық саясат мемлекеттік ғылыми-техникалық және мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттардың арасында байланыстырушы функция қызметін атқарады. Мемлекет тарапынан жүргізілетін ғылыми-техникалық саясат (МҒТС) білімді, ғылымды және техникалық прогресті дамытуды қолдауға бағытталған шаралар жүйесін қамтиды. МҒТС ең алдымен жаңа техникалық және технологиялық әзірлемелер даярлау және жаңа білімді алу деген ұғымды береді.

Ал, мемлекеттік ииновациялық саясат – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өндіріс сферасында тезірек енгізу және таратуға көмектесуге бағытталған мемлекеттік деңгейде жоспарланатын және жүзеге асырылатын экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және т.б. шаралар жиынтығын жүзеге асыруды айтады.

Әрине, елдің индустриялық даму стратегиясындағы жіберілетін кемшіліктер өнеркәсіптік саясаттың ғылыми тұрғыда дәлелденген әдістемелерінің болмауынан туындайды.

Өнеркәсіптік саясатты жүзеге асыруда мемлекет тарапынан жүргізілетін шараларға мыналар жатады:

- өнеркәсіптік, құрылымдық, инвестициялық, аймақтық, сыртқы экономикалық саясаттарды ұтымды үйлестіру;

- мемлекеттік кәсіпорындарды басқару және акционерлік қоғамдағы мемлекеттің мүддесін қорғау;

- құрылымдық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, инновациялық қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау;

- экономикалық тиімді кәсіпорындар мен өндірісті дамытуды ынталандыру және қорғау, тиімсіз кәсіпорындарды санациялау;

- өнеркәсіп және оның жеке секторлары мен сфераларын дамыту жөнінде мемлекеттік бағдарлама әзірлеу;

- мемлекетке қажетті тауарларды сатып алуды жүзеге асыру (мемлекеттік тапсырманы дайындау).

Жалпы өнеркәсіпті дамытуда экономикалық ортаны қалыптастыру негізгі рөл атқарады. Өнеркәсіптік саясаттың басымдылықтары салық, бюджет, қаржы-несие, монополияға қарсы және баға саясаттарын дайындауда ескеріледі. Құрылымдық қайта құруға және экономикалық өрлеуге негізгі әсерін тигізетін салық саясатына үлкен мән беріледі. Салықтық реттеуді жетілдіру, салық қысымын төмендету, шағын кәсіпкерлікті ынталандыру технологиялық жаңарту, отандық және шетел инвестициясын өңдеу өнеркәсібіне тартуға ынталандыруда мемлекеттің араласуы және реттеп отыруы қажет.

Өнеркәсіпті ұйымдастыру және институционалды жаңарту үрдістерін жүргізуде де мемлекет шешуші рөл атқарады. Мәселен, жекешелендіру мен акционерлендіру үрдістері мемлекеттік кәсіпорындарды, басқару жүйесінен құрумен, ұлттық компанияларды, қаржы-өнеркәсіптік топтар мен тік интеграциялық құрылымдарды қалыптастырумен толықтырылады. Өндірістің икемділігін, оның төлем қабілеттілігінің өзгеруіне сәйкес бейімделуін қамтамасыз ететін кәсіпкерлік пен шағын бизнестің дамуына ерекше мән беруді талап етеді. Бұл үшін несиелік, қаржылық, инвестициялық

және сақтандыру құрылымдарының жүйесін қамтитын шағын бизнесті қолдаудың инфрақұрылымын қалыптастыру қажеттігі туындайды. Өнеркәсіпті индустрияландыру үшін инвестициялық белсенділікті арттыру қажет болады. Бұл үшін өнеркәсіпті орталықтан инвестициялау жүйесін құру, жеке инвестицияларды ынталандыру үшін жағдай жасау, қор нарықтарын дамыту жетекші орын алады.

Мемлекеттік қолдау – өнеркәсіптік саясаттың негізгі құралы. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуі тек қана экономикалық орта ғана емес, құқықтық және ұйымдастыру орталарын да қалыптастырады. Біздің ойымызша, өнеркәсіптік саясат кәсіпорындар, ірі корпорациялар мен мемлекет мүдделерінің бір жерден шығуына бағытталған тетікке сүйенуі тиіс. Сонда ғана оң нәтижелерге жетуге болады.

Өнеркәсіптік саясатты жүргізуде оған белсенді қатысушы кәсіпорындар мемлекеттік көмектің мынадай бағыттары мен нысандары қолданылады:

- тікелей әсер ететін заң нормативтік актілерде белгіленгендей шаруашылық субъектілердің өмір сүруін ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық ортаны жақсарту шаралары;

- қаржы, валюта, несие, банк, инвестиция және салықтық-баж төлеу сферасындағы шаралар жүйесі.

Құрылымдық- инвестициялық және өнеркәсіптік саясат – өнім өндірушілерге мемлекеттік жәрдем көрсету, ресурстарды қайта бөлуді салалар бойынша емес, мақсатты бағдарламаларға сәйкес ерекше белгілері мен сұранысқа байланысты бөлу және т. б. жатады.

Кейбір ғалымдардың айтуынша, өнеркәсіптік саясат – әлемдік шаруашылық байланыстар варианттарын ескере отырып, дамудың нақты мүмкіндіктерін талдау негізінде нақты мақсаттарды анықтау, дамудың басымдылықтар жүйесін бекіту, басымдылықтарды жүзеге асыру механизмдерін анықтау болып саналады. Өнеркәсіптік саясаттың стратегиясын жасауда басқа елдердің тәжірибесін қолдану керек. Мысалы, ол Жапонияда ұлттық өндірісті күшейтумен байланыстырылған экономиканың ашықтығын реттеумен анықталады: өндірістік құралдарды кезең-кезеңмен жаңғырту; басым бағыттарға байланысты технология деңгейін көтеру; экономиканы нарық рельсіне түсіру және экономиканы тұрақтандыру жөнінде шаралар әзірлеу.