Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом жүмысын орындау ережесі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
488 Кб
Скачать
☆

4.2 Диплом жұмысын қорғауға ұсыну тәртібі және диплом жұмысын қорғауды ұйымдастыру

Дипломдық жұмыс алдын ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады. Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің қатысуларымен және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың қатысуымен өткізіледі. Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған дипломдық жұмыс студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.

Ғылыми жетекші диплом жұмысына жазбаша пікір жазады. Диплом жұмысы қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады. Диплом жұмысы қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ диплом жұмысының қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша пікірін жазады. Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысына нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады. Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл сұрақ студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орынының ректорына бекітуге ұсынылады.

Кафедра меңгерушісі қорғауға ұсынған диплом жұмысы пікір жазу үшін сыртқы рецензентке жұмысты қорғауға екі аптадан кем емес мерзімде жіберіледі. Шығарушы кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан ұсынған рецензенттер тізімі Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ ректорының бұйрығымен бекітіледі. Рецензент ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлар, доценттер, оқытушылар қатыстырылады. Рецензенттердің базалық жоғары білімі болуы тиіс және/немесе қорғалатын диплом жұмысының профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.

Диплом жұмысының қорғалуын кейінге қалдыру немесе рұқсат берілмеу себептері төмендегідей болуы мүмкін:

  • бағдарламалық курстар бойынша қарыздардың немесе теріс бағалардың болуы;

  • ақылы негізде оқитын студенттердің келісім-шарт талаптарын орындамауы;

  • дипломдық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуі талаптарға сәйкес келмеуі;

  • дипломдық жұмысты ұсыну мерзімі мен нысанының дұрыс орындалмауы, сонымен қатар ғылыми жетекші мен рецензенттің рұқсатының болмауы/немесе теріс пікір болуы;

  • студенттің диплом жұмысын алдын-ала қорғауға келмеуі;

  • алдын ала қорғау барысында диплом жұмысы бойынша ескертулерді түзетпеу;

  • кафедра меңгерушісі бекіткен күнтізбелік жоспар кестесінің уақтылы орындалмауы.

Диплом жұмысын қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Дипломдық жұмысты қорғауда электрондық қорларды мультимедиалық тұсау кесер түрінде тұстас техникалық қаражат базасында және ақпарат қатынас саласында жетістіктерді пайдалануда жүзеге асыруға болады.

Диплом жұмысын қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.

Диплом жұмысын қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі.

Диплом жұмысын қорғау студенттердің, шығарушы кафедра оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.

Бір диплом жұмысын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 30 минуттан аспауы қажет. Диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациалық комиссияның және қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды. Онда зерттеудің неғұрлым маңыздынәтижелеріне мән беріледі (өзектілігі, ғылыми жаңалығы, негізгі қорытындылары мен қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар). Студенттің баяндамасы диплом жұмысының негізгі мазмұнын ашатын көрнекі немесе интерактивті кестелік-иллюстрациялық материалдардан (кесте, сызба, диаграмма, графиктер және т.б.) тұратын слайдтар түрінде ұсынылуы тиіс.

Қорғау кезінде автор тек өзінің теориялық білімін ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі ұстау қабілеттілігін, сөйлеу мәнерінің жоғарылығын, өз позициясына жауапкершілікпен қарап, қойылған сұраққа нақты әрі қысқаша жауап бере алатындығын көрсете білуі керек.

Диплом жұмысын талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады. Талқылаудан кейін комиссия хатшысы рецензияны және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Рецензия және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.

МАК мүшелері ұжымдық түрде диплом жұмысын қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қояды. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және рецензенттің бағасы назарға алынады.

Егер студентке дипломдық жұмысы үшін және бүкіл оқу мерзімінде үлгерімі бойынша оң баға қойылса, «бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі.

Егерде Мемлекетік аттестациялау комиссиясы дипломдық жұмысты қорғау бойынша теріс баға берсе, онда дипломдық жұмыс бір жылдан кем емес уақыт ішінде өңделген түрінде қайта қорғалуы мүмкін.

Егер студент өз жұмысын қорғауға орынды себеппен келмесе, Мемлекетік аттестациялау комиссиясының шешімімен қорғау мерзімі кейінгі уақытқа ауыстырылады (бір жылдан артық емес).

Диплом жұмысын қорғаудың қорытындысы әр студент бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.

Қосымша1

«Экономика» кафедрасы ұсынған

№2 хаттама 08.10.2010ж.

Л.Б.Гончаров атындағы ҚазАЖИ ОӘК Бекіткен

Хаттама №___ ________ 2010 ж.