Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом жүмысын орындау ережесі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
488 Кб
Скачать
☆

2.3 Диплом жұмысының аңдатпасына қойылатын талаптар

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде орындалатын аңдатпа орындалған жұмыстың көлемі мен мазмұнын ашатын абзацтардан тұрады.

Жұмыстың көлемі туралы мәліметтерге арналған абзацта диплом жұмысындағы парақтар саны, суреттер, кестелер, сызбалар саны көрсетіледі.

Диплом жұмысының мәнін сипаттайтын абзацта зерттеу әдістері, нәтижелер, алынған нәтижелерді қолдану мүмкіндігі және тиімділігі туралы қорытынды және нәтижелерді енгізу туралы мәліметтер беріледі.

Аңдатпаның көлемі машинада терілген бір парақтан аспауы керек. 5 қосымшада диплом жұмысының дұрыс жазылған аңдатпасының мысалы келтірілген.

    1. Мәтінді баяндау тілі және стилі

Диплом жұмысының мәтіндік бөлігі материалды баяндаудың қисындылығы, шынайылығы, ғылыми негізделгендігі сияқты талаптарға сай болуы керек, яғни тілдік-стилистік рәсімдеу ғылыми стильдің ерекшеліктеріне сай болуы қажет.

Ғылыми стилдің бір ерекшелігі мәтіннің баяндалуын қатаң түрде нормаланған, экономикалық және әдеби сауатты тілде жазу болып табылады. Диплом жұмысын жазуда сол салада қабылданған, нұсқаулық және әдістемелік әдебиеттерде бекітілген терминдерді қолдану керек және бүкіл мәтін бойында біркелкі терминология пайдалануға ұмтылу керек. Олай болмаған жағдайда мәтін оқуға қиын, кей жағдайда мүлдем түсініксіз болады.

Мәтінді баяндауда субъективтілікке жол бермеу үшін ойды үшінші жақта жеткізеді.

Ғылыми стилдің тағы бір ерекшелігі ойды дәл нақты жеткізу, ол өз кезегінде қысқа, айқын сөздермен баяндауды қажет етеді.

Мәтіндік материал баяндаудың логикалық бірізділігі, мәтіннің жекелеген бөліктерінде ойды аяқтау талаптарына сай болуы қажет. Ойдың аяқталмай қалуына, бір ойдан екінші ойға күрт ауысуға, қатысы жоқ әр түрлі түсініктемелер беруге жол беруге болмайды. Материалды баяндау аяқталған сипатта болуы үшін мәтінді абзацтарға бөлу керек.

Мәтіннің немесе абзацтың өзара байланысты бөліктерін бір бүтінге біріктіру үшін ойды байланыстырушы сөздер мен сөз тіркестерін (сонымен, осылайша, бұдан, сондықтан, сонымен қатар, бірінші кезекте, қортындылай келе, жалпы алғанда) қолдану қажет. Бірақ, бұл сөздер мен сөз тіркестерін мазмұны әркелкі мәтіннің құрылымдық бөлімдерін механикалық тұрғыда біріктіру үшін пайдалануға жол берілмеуі керек.

Абзацтағы жекелеген сөйлемдер саны берілетін ойдың күрделілігіне байланысты. Абзацпен жұмыс істеуде оның басына ерекше көңіл аудару керек.

Мәтіндік материал шынайылық және ғылыми негізделгендік талаптарына сай келуі қажет. Оған қол жеткізу үшін мәліметтің шынайылық дәрежесін көрсететін сөздер мен сөз тіркестерін пайдалануға болады.

Материалды баяндаудың объективтілігінің міндетті шарты мәлімет көзін көрсету. Мәтінде бұл шартты орындау үшін арнайы кіріспе сөздерді пайдаланады (мәлімдеуі бойынша, пікірінше, мәліметтер бойынша және т.б.).

  1. Диплом жұмысын орындауды ұйымдастыру

    1. Тақырып таңдау және диплом жұмысының тапсырмасын рәсімдеу

Дипломдық жұмысты орындауды ұйымдастыруды нақты және уақытылы жоспарлау оның сапасы мен сәтті қорғалуына өз әсерін тигізеді. Дипломдық жұмысты жазу кезіндегі негізгі аспектілер - оның тақырыбын таңдау және күнтізбелік жоспар бойынша оны орындаумен қатар, жұмысты көркемдеу талаптарымен танысу.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы сәйкес кафедралар мәжілісінде бекітілген тақырыптар тізімінен таңдалады. Студентке диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу жылының басында анықталып, оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі. Дипломдық жұмыстарды жазу тәжірибесі жұмыс тақырыбын таңдауға арнайы әдебиет көздерін алдын-ала зерттеу, тәжірибе өту орнында жұмыс істейтін мамандармен, кафедра оқытушылармен кеңесу басты ықпал ететінін көрсетеді. Дипломдық жұмысты жазу үрдісі, яғни оны дайындау, орындау және қорғау, өзара байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады:

    • тақырыпты тандау (өтініш);

    • зерттеу мәселесі бойынша әдебиет көздерін тандау;

    • ғылыми жетекшіні тағайындау;

    • дипломдық жұмысты жазу кезіндегі ұйымдастырушылық құжаттарды дайындау (тапсырмалар, күнтізбелік жоспар кестесі);

    • дипломдық жұмысты жазу және көркемдеу талаптарымен танысу;

    • іріктеліп алынған әдебиет көздерін ғылыми тұрғыдан жинақтап қорыту және зерттеудің теориялық тарауын мазмұндау;

    • диплом алдындағы тәжірибе өту барысында жиналған талдаулық мәліметтерді қолдану;

    • зерттеудің конструктивтік тарауын дайындау (зерттеу мәселесі бойынша ұсыныстар);

    • белгіленген талаптарға сәйкес жұмысты безендіру;

    • дипломдық жұмысты қорғау күнінен бір ай бұрын ғылыми жетекшіден жұмыс жайлы пікір алу;

    • дипломдық жұмысты қорғау күнінен бір ай бұрын ғылыми жетекшінің пікірі бар жұмысты кафедраға ұсыну;

    • кафедра менгерушісінің жұмысты қорғауға рұқсаты берілгеннен кейін қорғау күнінен екі апта бұрын сыртқы рецензентке дипломдық жұмысты жіберу және жазбаша түрдегі рецензия алу;

    • қорғауға шығарылатын мәліметтерді кесте және сурет түрінде көркемдеп , баяндама жазу;

    • мемлекеттік аттестациялық комиссия алдында жұмысты қорғау.

Жұмыстың тақырыбы студенттің теориялық біліміне, ғылыми қызығушылықтарына және диплом алдындағы тәжірибені өту орнына немесе жұмыс орнына (сырттай және кешкі бөлім студенттері үшін) байланысты таңдалады. Сонымен қатар студентке жұмыс тақырыбының өз нұсқасын ұсыну құқығы беріледі (тақырыпты ашуда жеткілікті теориялық және тәжірибелік мәліметтер болып, кафедра меңгерушісі рұқсат берген жағдайда). Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

Сырттай бөлімде оқушыға диплом жұмысын (жобаны) өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі

Дипломдық жұмысты жазу үшін бітіруші кафедра ұсынысымен әрбір студентке ғылыми жетекші тағайындалады.

Дипломдық жұмыстың тақырыптары кафедра мәжілісінде бекітіледі. Тақырыпты таңдаған кезде оның өзектілігін, қаншалықты дәрежеде зерттелгенін, студенттің тәжірибелік мағұлматтарды жинаудағы жеке қызығушылықтарын ескеру қажет. Әдебиеттерді таңдау барысында бірден іріктеліп алынған басылымдардың библиографиялық тізілімін құрастыру қажет.

Ғылыми жетекшімен жұмыстың тақырыбын келісіп тандағаннан кейін студент кафедра меңгерушісінің атына осы тақырыпта жұмыс жазу үшін рұқсат алу мақсатымен өтініш жазады. Диплом алдындағы тәжірибені өту орнына және студенттің өтінішіне сәйкес кафедра студенттерге тақырыптарды және ғылыми жетекшілерді бекіту туралы шешім қабылдап, оны университет бойынша бұйрықпен бекітуге ұсынады.

Дипломдық жұмыс тақырыбы таңдалғаннан кейін ғылыми жетекші жұмыс бойынша тапсырма береді. Диплом жұмысына тапсырма келесілерді қамтиды:

    • дипломдық жұмыс тақырыбы, оны университет бойынша бекіту бұйрығының нөмірі, уақыты;

    • дипломдық жұмысты өткізу уақыты;

    • студенттердің дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан (өндірістік, диплом алды практика есебі, ҚР статистика бойынша Агенттігі мәліметтері, қызмет етуші субъектілердің есебі, бастапқы ақпараттар);

    • студент қарастыратын сұрақтар тізімі;

    • ұсынылатын әдебиеттер тізімі;

    • кестелік материалдар тізімі (кесте, сурет).

Дипломдық жұмысты орындау барысында келесі міндеттер шешіледі:

    • зерттеудің өзектілігін дәйектеу, ғылыми әдістерді қолдану арқылы зерттеу объектісіне сәйкес қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу;

    • зерттеу тақырыбы бойынша теориялық мәліметтерді логикалық түрде көрсетіп, аналитикалық мәліметтерді талдау;

    • шаруашылық субъектінің экономикалық қызметін жетілдіру және зерттеу пәнінің даму перспективасын анықтау бойынша сенімді және нақты ұсыныстар беру;

    • жұмыстың қорытынды тарауында негізгі ұсыныстар мен қорытындыларды тұжырымдау.

Дипломдық жұмыс бекітілген тапсырмаға сәйкес жекелеген перспективтік теориялық және практикалық сұрақтарды қамтуы керек.

Сонымен қатар дипломдық жұмыстың орындалуының барлық кезеңіне жекелеген тараулардың орындалуы мен кезегі көрсетілген күнтізбелік кестесі құрылады.

Диплом жұмысын жазу алдында уақытты үнемдеу мақсатында жұмыстың безендірілу талаптарымен толық танысу қажет. Диплом жұмысының негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.

Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының орындалуы бойынша студенттің есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде студент ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диплом жұмысының дайындық дәрежесі назарға алынады.