Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шикизат силабус окончат 2013.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
592 Кб
Скачать
☆

3. Пәннің оқу бағдарламасы — syllabus

3.1Оқытушылар туралы мәліметтер:

Смакова Ляззат Амангельдиевна, х.ғ.м., аға оқытушы, жұм. тел. 34-19-40, Email: Smakova@mail.ru. Жұмыс уақыты: 9.00 – 18.00

3.2 Пререквизиттері: Бейорганикалық химия, Элементтер химиясы, .Аналитикалық химия, Органикалық химия, Тағам химиясы.

3.3 Постреквизиттері: Биохимия, Органикалық затар технологиясының теориялық негіздері.

3.4 Пәннің қысқаша мазмұны

Шикізат және тағам өнімдерінің қасиеттерін зерттеу әдістері пәні. Сапасы жақсы тағам өнімдерінің сапасын бақылау. Тағам шикізатының құндылығы. Зерттеуге арналған үлгіні дұрыс жинап, шикізатты экспертизалауда рационалды әдістерді қолдану. Фальсификациялау түрлері мен әдістерін үйреніп, оларды тура анықтау. Тағам өнімдерінің идентификациясы. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі. Сенсорлы зерттеу әдістері. Шикізаттар мен тағам өнімдерінің қасиеттерін зерттеуде физикалы-химиялық зерттеу әдістерін қолдану. Химиялық зерттеу әдістернің маңызы. Өнімдердің сыртын қаптайтын және қосымша заттар. Тағамдық заттардың сапасын анықтайтын құрамдас заттар мен олардың қасиеттері. Ақуыздар, көмірсулар, липидтер, дәрумендер, минералды заттар сияқты маңызды қосылыстардың тағам сапасын анықтауы және оларды физикалы-химиялық, химиялық әдістер арқылы идентификациялау.

3.5 Оқыту нәтижелері (пәндік және пәннен тыс құзіреттілік).

Әлеуметтік-этикалық, экономикалық, ұйымдастыру-басқару және кәсіби.

Студенттерге шикізат және тағам өнімдерінің қасиеттерін зерттеудің заманауи әдістері, зерттеу бағыттары және олардың тағам өндірістің саласында қолданысын түсіндіру арқылы әлеуметтік-этикалық құзіреттілікті дамыту. Тағамдық өнімдердің құрамы мен қасиеттерінің негізгі ерекшеліктерін қарастыру.

Курсты оқыту барысында студенттерде тағамдық шикізаттар мен өнімдердің қасиеттерін зерттеуде барлық түсініктерді қалыптастыру арқылы кәсіби құзіреттілікті дамыту.

3.6 Курстың саясаты мен процедурасы пәнді оқыту бары-сында студенттерге қойылатын әкімшілік талаптарды белгілейді (кешігу, сабақтан қалу, аудиториядағы тәртібі, жұмысты уақытынан кешіктіре орындауы, емтиханға келмеуі).

  • сабақтарға кешікпеу

  • сабақты босатпау, ауырған жағдайда дәрігерден қағаз әкелу

  • босатылған сабақтарды оқытушы берген уақыт аралығында жұмыс жасап жою

  • тапсырманы орындамаған жағдайда нәтижелік баға төмендейді

  • оқу үрдісіне белсенді қатысу

  • үй тапсырмаларын ұқыпты орындау; тапсырмалардың барлығын анықталған уақытта тексерту

  • оқытушы мен бірге оқитын жолдастарыңа шыдамды, ашық, аққөңіл болу

  • барлық сабақтарда кері байланыста ұстау

  • ұжымдық жұмысқа қатысу, ұяңдау студенттерді талқылауға тарту

  • барлық тапсырмаларды міндетті түрде орындау және ұқыпты болу

Айып балдары:

- сабаққа келмеу -10%

- тапсырмаларды орындамау -10%

- жұмысты уақытында тапсырмау – 10%

- кешігіп келу – 10%

- жауаптан бірнеше рет бас тарту – 10%

- сабақтағы тәртібі төмен болуы – 10 %

Көтермелеу балдары:

- белсенді жұмысқа – 10 %

- сабақты босатпау, кешігіп келмеу – 5 %

- жауаптың ерекшелігі үшін - 10 % 1

- уақытынан бұрын орындалған жұмыс үшін -5 %

4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

Тапсыру уақыты

9

Календар-лық жоспар бойынша

6 және

14 апта

Кесте бойынша

Есеп беру түрі

8

Есеп беру

Сұрақ-жауап

Ауызша

Балдар (рейтингтік шкалаға сәйкес)

7

50-100

50-100

50-100

Бақылау түрі (рейтингтік шкалаға сәйкес)

6

Жұмысқа

рұқсат алу

Әңгіме-

лесу

Компью-терде тестілеу

Орындалу мерзімі

5

Курстың тақырыптық жоспарына сәйкес

1-5 апта

7-13 апта

Сессия ағымында

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

4

1-14

1-14

1-14

Тапсырма мақсаты мен мазмұны

3

Мақсаты:

1.Бағдарламалық материалды меңгеру

2.Теориялық білімді бекіту

3.Оқу және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу, іскерліктерін қалыптастыру

Сабақтың мазмұны:

1.Дәріс конспектілерін оқу

2.Оқу және әдістемелік әдебиеттерді оқу

3.Рефераттарды жазу

4.Есептер мен жаттығуларды шешу

Мақсаты;

1.Теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгеруін тексеру

Мақсаты;

1.Теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгеруін тексеру

Жұмыс түрі

2

Ағымдағы зертханалық практикалық сабақтарға дайындық

Аралық бақылауға дайындық

Емтихан тапсыру

№

1

2

3

4