- •1)Экономиканы техно-экономикалық тұрғыдан қарау немен сипатталады:
- •2)Экономикаға ұйымдастыру-экономикалық жағынан келiп анықтау - бұл:
- •3)Экономиканы әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан қарастыру:
- •1)Саяси экономия" сөзiн алғашқы болып өз еңбегiнiң атауы ретiнде алып, ғылыми қолданысқа енгiзген:
- •2)Экономикалық теория пәнiн ең толық ашатын анықтаманы таңдаѕыз:
- •3)Экономикалық теория:
- •4)Экономикалық теория ненi зерттейдi:
- •Қазақ бас сәулет құрылыс академиясы
- •Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы
- •Қазақ бас сәлет-құрылыс академиясы
- •Тепе-теңдіктің бұзылуы Факторлар
- •3. Пайда және процент.
- •Өзін өзі тексеру сұрақтары
- •1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы.
- •2. Инвестициялар және олардың қызметі атқару ролі.
- •3. Мультипликатор түсінігі.
- •Өзін өзі тексеру сұрақтары
- •Инфляция себептері.
- •Инфляция зардаптары және инфляцияға қарсы саясат.
- •Филлипстің қисық сызығы.
- •2. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
- •Өзін өзі тексеру сұрақтары
- •2. Бюджет тапшылығы және оның себептері.
- •3. Салықтар. Салық салудың принциптері мен формалары. Салық түрлері. Лаффер сызығы.
- •Өзін өзі тексеру сұрақтары
- •Өзін өзі тексеру сұрақтары
Инфляция себептері.
Қағаз ақша эмиссиясына ( мемлекеттік монополия ), сыртқы саудаға байланысты (өндірістік).
Жалпы инфляция – тепе-теңдік бұзылу формасы, баға деңгейінің жоғалуы. Сұраныс пен ұсыныс болмысының бұзылуы. Сонымен қатар, инфляцияны бағаның үздіксіз жалпы өсуі деп анықтама беруге болады, яғни баға тұрақты өседі және жалпы бағаның өсуі барлық рынокты қамтиды. Бұл бүкіл экономикаға тән. Ақша құнсызданады және оның сатып алу деңгейі төмендейді.
Инфляция зардаптары және инфляцияға қарсы саясат.
Инфляция зардаптары жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.
Инфляцияға қарсы саясатты екіге бөліп қарастырамыз:
1) Кейнсиан үлгісі – ақша сұранымының шектелуі ( пайыздық және ставкалардың көтерілуі).
а) ақша жиынтығының және мемлекеттік кірістің азаюы;
б) кіріс табысы, баға мен жалақыға бақылау.
2) Монетарлық үлгі – мемлекеттің араласуын барынша азайту.
а) өндірісті бәсекелестік тұрғыдан ынталандыру, салықты төмендету;
б) жалақының өсуін шектеудегі бағаның еркіндігі;
в) протексионоистік саясаттың өсуі.
Филлипстің қисық сызығы.
Баға деңгейінің өсуі инфляцияны өсіреді. Одан кейін шектеуге әкеп соғатын инфляциямен күрес жүреді. Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы бұл байланысты А. Филлипс зерттеді. Жұмыссыздық көрсеткіштері атаулы жалақының өсуі төмендеген жағдайда жоғарылйды да, жалақының өсуіне қарай төмендейді.
И
нфляция
4
3
2
1
Жұмыссыздық
деңгейі
1 2 3
Өзін өзі тексеру сұрақтары
1.Жұмыссыздық, оның мәні және типтері
2.Жұмыссыздықтың түрлері
3.Оукен заңы
4.Инфляция және оның түрлері
5.Филлипстің қисық сызығы
ТЕСТ
1)Товар өндiрiсiнiң қоғамдық қалыпты жағдайы деген не:
А) осы товар төрiнiң басым бөлiгi өндiрiлетiн жағдай.
В) сапалы товар шығарылатын жағдай.
С) ең арзан товар өндiрiлетiн жағдай.
D) орташа жағдай.
Е) өндiрiстiң ең нашар жағдайы.
2)Ақша экономикалық категория ретiнде не болады.
А) бұл жалпылама эквивалент қызметiн атқаратын товар.
В) бұл өз құнын басқа товарға сәйкес анықтайтын товар.
С) алтын мен өлшенген товар құны.
D) бұл алтын және күмiс.
Е) бұл товардың қасиетi.
3)Ақшаның қандай қызметi баға ұғымын бiлдiредi:
А) құн өлшемi.
В) айналым құралы.
С) қор жинау құралы.
D) төлем құралы.
Е) әлемдiк ақша.
4)Келтiрiлген қызметтердiң қайсысын алтын ақша ғана атқара алады:
А) асыл қазына жинау құралы.
В) айналым құралы.
С) төлем құралы.
D) құн өлшемi.
Е) әлемдiк ақша.
Глоссарий
Безработица
|
Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. |
Unemployment |
Безработица фрикционная |
Уақытша жұмыссыздық – бұл өздерінің біліктілігіне және жеке қалауларына сәйкес келетін жұмысты іздеп жүрген немесе күтіп отырған жұмыс күшінің бір бөлігі. |
Frictional unemployment |
Безработица структурная |
Құрылымдық жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне сұраныстың құрылымын өзгертетін өнеркәсіптегі технологиялық ілгерілеушілікпен байланысты туындайтын, жұмыссыздықтың бір түрі. |
Structural unemployment |
И
Рабочая сила |
Құнсыздану (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Жұмыс күші-елдегі еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. |
Inflation
Labour force |
Қолданатын әдебиеттер:
І.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ
университеті.2010.
2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.
З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы.
ҚазМБА. 2007.
4.Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу қүралы. Алматы.
Қаз.университеті. 2004.
5.Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу қүралы.
Алматы, 2006,б.
6.Мөдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы.
Алматы. Экономика, 2006.
7.В.П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу қүралы.
Алматы. 2006.
8..Экономичсская теория (политэкономия). Учебник. Под
общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.;ИНФРА,
ҚАЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
Пән: Экономикалық теория негіздері |
|
2 кредит |
3-4 семестр 2012-13 оқу жылы |
Тәжірибе № 13: Ақшалай - несиелік жүйе.
|
. Суанбаева У.Н. |
Дүние жүзінде әр елдің өз ақша айналымының жүйелері бар және олар сол елдің өз заңымен бекітілген. Ақша айналымының басты компоненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, иен сом және т.б.) – бұл арқылы тауарлар бағалары белгіленеді.
2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі – бұлар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі – яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыртатын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1) Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.
2) Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.
Қазіргі кеөде қағаз әжне несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне алды.
Ақша массасы дегеніміз не?
Ақша массасы – халық шаруашылығндағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарды кәсіпорындармен, бірлестіктермен көрсететін ақша құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорларының есепшоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары ролін атқарады.
Ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және ол қатардағы тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағаз ақша мен айырбас монетасы емес. Шындығында қағаз ақшаның ақша массасының үлесі өте төмен (25%-тен). Ал басқа кәсіпорындар мен ұйымдар арасында дамыған рыноктық экономикада бөлшек ссудалық өзі де банктік есепшот арқылы жүреді.
Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталады. Банктік ақшаға чектер, несие карточкаларыжәне т.б. жатады. Аталған есеп айырысу құралдары банктік депозиттерді де бөлмейді. Тауар мен қызметті сатып алушы чек пен несие карточкасы арқылы банктерге өз депозитнен қажетті соманы сатушының есепшотына аудартады немесе қолма-қол беруді бұйырады.Ақша массасының құрамына тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде пайдаланылмайтын компонеттер де кіреді. Олар коммерциялық банктердегі мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұйымдарының қаржылары, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар. Ақша айналымының аталған компонеттері «квази – ақша» деп аталады. Ақша айналымының ең қолайлысы да және ең тез өсетіні осы квази-ақшалар. Профессор Г. Самуэльсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атайды. Қандай болмасын мүліктік немесе активтің өтімділігі дегенде оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түріне айналуы мүмкіндігін айтады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ақша айналыцмы құрылымында мынадай компоненттерді бөліп көрсетеді, оларды ақша агрегаттары М1 және М2 деп атайды.М3 , М4 М1 – мағынасындағы ақшаны басқаша « іскерлік ақша » деп атайды.
М1 – қолма-қол және банктің ағымдағы есепшотындағы ақшалар, тарап кеткенге дейінгі есепшоттар, басқа чектік салымдар, кейде несиелік карточкалардан тұрады.
М1 – М2 және аз мөлшерлі жедел салымдар басқа тез өтімді жинақты ( яғни қолма-қол жеңіл айналатын жинақтар)
М3 – М2 және көп мөлшерлі жедел салымдар.
М4 – М3 және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары.
АҚШ-та ақша массасын анықтау үшін, яғни Германияда – үш, Англия мен Францияда – екі ақша агрегаты қолданылады

нфляция