Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРМ О.Э.Т КАЗ .doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
523 Кб
Скачать
☆

Қазақ бас сәлет-құрылыс академиясы

Пән: Экономикалық теория негіздері

2 кредит

1,2 семестр 2011-12оқу жылы

Тәжірибе № 7: Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері.

Суанбаева У.Н.

Ұсыныс – бұл өндірістің сату үшін рынокта ұсынылатын тауарлар мөлшері. Баға неғұрлым жоғары болса, өндірушілер тауарларын рынокқа соғұрлым көп шығарғысы келеді немесе керісінше. Баға мен ұсынып отырған өнімнің мөлшерінің арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады.

Сұраныс – белгілі бір уақыт аралығында тиімді бағаға сатылып алынуы тиіс тауарлар мөлшері. Сұраныс төлем қабілеті бар қажеттілікті көрсетеді. Жалпы айтқанда сұраныс бұл рыноктың баға құрылу процесіне әсер ететін жақтарының бірі. Негізінен сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, оның ішінде ең маңыздысы – баға болып табылады. Жалпы баға мен сұраныс арасында кері байланыс бар. Яғни, бағаның көтерілуі сұраныстың азаюына әкеп соғады және керісінше. Баға мен сұраныс шамасының арттықтылығ кері байланыс сұраныс заңы деп аталады.

P - баға

Q – тауарлар мөлшері

p

0 Q

Тұтынушылар әрбір баға бойынша осы тауардың көбін сатып алғысы келсе, онда d1 -ден d2 –ге ауысады, ал тауарды аз қалау – сұранысты азайтады және сұраныс қисығын солға d1 -ден d3 –ке қозғалтады. Сонымен қатар сұраныс қисығының қозғалысы мен сұраныстың өзгеруі бағаның факторының әсерінен де болады. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

- тұтынушылар таңдауы;

- сатып алушылар саны;

- сатып алушылар табысы;

- балама тауарлардың бағасы;

- қолайлы жағдайды күту.

Ұсыныс – бұл өндірістің сату үшін рынокта ұсынылатын тауарлар мөлшері. Баға неғұрлым жоғары болса, өндірушілер тауарларын рынокқа соғұрлым көп шығарғысы келеді немесе керісінше. Баға мен ұсынып отырған өнімнің мөлшерінің арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады.

S - ұсыныс P

P - баға

Q – мөлшер саны

S2 S S1 Q

Негізінен қисығының өзінің қозғалысы мен ұсыныс өзгеруі бағалық емес факторларының әсерінен болады.

Ұсыныс қисығы егер осы тауарға шығын-р тұрақты кезінде рынокта көп өнім ұсынылса, SS -тан S1S2-ге жылжиды, ал тауардың ұсынысының азаюы ұсыныс қисығын солға SS -тан S1S3-ке қозғалтады.

Бағалық емес факторларға:

- ресурстар бағасы. Яғни, олардың түсуі өндіріс шығындарын азайтады және ұсынысты көбейтеді. Бұл жерде ұсыныс қисығы оңға жылжиды. Ресурстарға бағаның өсуі керісінше әсер етеді.

- технология. Оның жетілуі ресурстарға бағаны түсіреді және 1-пунктте көрсетілгендерге әсер етеді.

- салықтар. Салықтардың көтерілуі өндіріс шығындарын көбейтеді және ұсынысты азайтады. Яғни, ұсыныс қисығы солға жылжиды.

- басқа тауардың бағасы. Олар ұсыныс қисығын қалай болса да жылжыта алады. Мысалы, фирма егер де футбол добына баға өссе, баскетбол доптарын өндіріс азайта алады. Ұсыныс көлемінің бағаның өсуіне байланысты өзгеруінің дәрежесі ұсыныс икемділігімен сипатталды. Ол ұсыныс икемділік коэффицентімен өлшенеді.

К = Q салыстырмалы (%) / P салыстырмалы өзгеріс (%).

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Сұраным заңы. Сұраным қисығы. Сұранымға ықпал жасаушы факторлар.

2.Ұсыным заңы.Ұсыным қисығы.Ұсынымға ықпал етуші факторлар.

3. Сұраным мен ұсынымның әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі.

4. Сұраным тың баға бойынша икемділігі.

5.Тұтынушыныц пайдалықты максималдауы туралы кардиналистік және ординалистік талдаулар (трактовкалар).

ТЕСТ

1)Меншiк құқықтарының жүйелік ерекшелiгi деген ненi бiлдiредi:

А) жеке тұлғаның барлық құқықтарын , меншiк субъектiсiн және меншiктiң объектiсiн айқындау.

В) өндiрiстiң шығындары.

С) көнгiш мiнез-құлық.

D) меншiк құқықтарының нақты айқындалмауы.

Е) ақпаратты iздеу.

2)Қазақстан Республикасында Конституция бойынша меншiктiң келесi үлгiлерi бар:

А) жеке және мемлекеттiк.

В) мемлекеттiк, ұжымдық, жеке-дара.

С) мемлекеттiк, жеке, аралас.

D) мемлекеттiк, аралас, бiрлескен.

Е) мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке.

3)Меншiк үлгiсi (типi) деген не:

А) өндiрiстiк қатынастардыѕ сипатымен анықталєан иемдену қатынастары.

В) меншiктiң формасы.

С) меншiк құқықтарының ерекшелiк жүйесi.

D) заттың меншiкқұқысы.

Е) өндiрiстi қоғамдастыру қатынастары.

4)Өтпелi кезеңнiң көптүрлі шаруашылықтар экономикасында негiзгiлерi:

А) жеке капиталистiк, мемлекеттiк-капиталистiк, социалистiк.

В) социалистiк, жеке капиталистiк, ұсаќ товарлыќ.

С) социалистiк, жекекапиталистiк, патриархалдыќ.

D) социалистiк, жекекапиталистiк, патриархалдыќ.

Е) социалистiк, жекекапиталистiк.

Глоссарий

кривая спроса

сұраныс қисығы - сұраныс заңының графикалық бейнеленуі.

demand curve

закон предложения

личный спрос

Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Жеке сұраныс-бір сатып алушының сұранысы

law of supply

personal demand

равновесная цена

теңдестік баға– бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.

equilibrium price

эластичность предложения по цене

ұсыныстың бағалық икемділігі– бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш

price elasticity of supply

закон спроса

сұраныс заңы– тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі

law of demand.

Қолданатын әдебиеттер:

1.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ

университеті.2010.

2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.

З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы.

ҚазМБА. 2007.

4.Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу қүралы. Алматы.

Қаз.университеті. 2004.

5.Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу қүралы.

Алматы, 2006,б.

6.Мөдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы.

Алматы. Экономика, 2006.

7.В.П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу қүралы.

Алматы. 2006.

8.Экономичсская теория (политэкономия). Учебник. Под

общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.;ИНФРА,2009.

ҚАЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Пән: Экономикалық теория негіздері

2 кредит

1,2 семестр 201-13 оқу жылы

Тәжірибе № 8: Қоғам дамуын кезеңдерге бөліп анықтаудағы негізгі ғылыми көзқарастар

. Суанбаева У.Н.

Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық дамуының кезеңдендіруді бағалау тұрғысынан барлық теорияларды екі негізгі топқа бөліп қарастырамыз.

1. Тарихи процестердің бірлігін адамзаттық прогресті әлеуметтік экономикалық дамудың жалпы заңдылықтарын мойындамайтын теориялар жатады.

2. Осы процестердің белгілі бір прогресифті заңдылықтарын мойындайтын теориялар жатады.

Индетерминистік –тұжырымдарға адамзат тарихы заңды процес ретінде емес әпқайсысының жеке жолы бар, яғни қатар тіршілік ететін, туатын, өлетін мәдени-тарихи типтер локальды мәдениеттер немесе мәдени үлкен жүйелер жиынтығы ретінде көрсетіледі.

Детерминистік – тарихи процестердің детерминистік тұжырымдары адамзат қоғамының прогресивті дамуын таниды.

Демографиялық детерминизм – адамзат дамуы тарихын халық өсуімен түсіндірудің жекеленген қадамдары. Ежелгі және орта ғасырда пайда болды.

Географиялық детерминизм - тұжырымдарында адам мен табиғаттың өзара әрекеті бір жақты, адамзат қоғамының қоршаған ортаға тәуелділігіне қараай қарастырылады.

Технологиялық детерминизм – ҒТР әсерінен технологиялық прогресті абсолюттендіретін теория жиі пайда болып кең танымал болды.

1960 жылы американың экономисті Уолт Уитмен Ростолдың «Экономикалық өсу кезеңдері» атты кітабы жарық көрді.

Дәстүрлі қоғам- бұл жерде Ростол өндірушілердің үш ширегінен артығы азық-түлік өндірумен айналысуы тән болды деді.

Өрлеудің өтпелі кезең-. Бұл кезеңде үш өнеркәсіптік емес сферада елеулі өзгерістер жүреді: ауыл шаруашылығында көлік пен сыртқы саудада.

Өрлеу – уақыттың салыстырмалы шағын ғана аралығын, бір, екі онжылдықты қамтиды. Осы кезде капитал салу қарқыны өседі, сонымен қатар халық басына шаққандағы өнімді шығару да елеулі өседі. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына жаңа техниканы енгізу басталады.

Кәмілетке қозғалу- бұл кезеңді Ростол техникалық прогрестің ұзақ кезеңі ретінде суреттейді.

Жоғары жаппай тұтыну заманы – бұл кезеңде ұсыныстан сұранысқа, өндірістен тұтынуға жылжу іске асырылады.

Өмір сапасын іздеу кезеңі –бұл кезеңде бірінші орынға адамның рухани дамуы шығарылады.

Келесі ойшыл Том Стоунер өзінің «Ақпараттық байлық» , «Индустриядан кейінгі экономикалық профил» атты кітабтарында адамзат дамуындағы үш сапалы бөлімді бөліп көрсетеді: аграрлық, индустриялық және ақпараттық. У.Ростолға қарағанда Т.Стоунер қоғам дамуында бір емес, екі революцияны бөліп қарастырады. Сонымен қатар өндірістік күштер дамуындағы салалық кезеңдерді экономика мен саясаттағы революциямен байланыстырады.

XIX –ғасырдың аяғы XX-ғасырдың басында институтцианализм – адам қоғамының дамуының өндірістік қатынастар мен ерекшеленуін мойындамамайтын және жылжушы күштер ретінде психо-биологиялық, әлеуметтік-құқықтық мемлекеттік және басқа институттар сияқты экономикалық емес факторларды танитын ағын пайда болды.

Институтцианолистер тұжыпымдамасы үшін талдаудың бірқатар маңызды буындарын бағаламау тән. Оның ішінде Витт Фогельде өндіріс тәсілінің өндірістік күштер мен өндірістік қатынастар сияқты құрастырушы элементін талдау түсіп қалып отырады.

Қоғам дамуының өркениет теориясы – тарихи процестердің үздіксіздігіне көңіл аударуға, оның өзара байланысы мен мұрагерлік көрсетуге адамның материалдық және рухани байлығын мәдениетті баспалдақтарын олардың бірлігінде бөліп көрсетуге негізделген. Өркениетті жүйелердің бірнеше жіктелімін бөліп көрсетуге болады.

1-жіктелім. Қоғамның индустриялық дамуы баспалдақтарына сай келеді. Оның түрлері: индустриялыққа дейін (дәстүрлі), индустриялық (экономикалық), индустриялықтан кейінгі өркениет.

2-жіктелім. Әлеуметтік саяси экономикалық факторлардың өзара әрекетін сипаттайды. Яғни, бөліп көрсетеді: дәстүрлі өркениет және либералды өркениет.

3-жіктелім. Әлеуметтік мәдени факторлар мен оған байланысты түрлі қоғамның құндылық бағытының жеткілікті –тұрақты жүйесі роліне акцент жасайды.

4-жіктелім. Қоғамдық даму бірегей әлемдік өркениетті қалыптастыру бағытында жүреді:

неолетикалық ұзақтығы - 30-35 ғасыр;

шығыс құл иеленуші – 20-23 ғасыр;

антикалық (темір ғасыр) – 12-15 ғасыр;

бұрынғы феодалдық – 7 ғасыр;

индустриялдық алдындағы – 4-5 ғасыр;

индустриялдық – 2-3 ғасыр;

индустриялдықтан кейінгі – 1-3 ғасыр.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Қоңам дамуының кезеңдерін шаруашылық формаларымен анықтау.

2.Бес өндіріс әдісі қоғамның тарихи дамуындағы заңдылықты кезеңдер ретінде.

3.Формациялық теорияиың методологиялық артықшылықтары мен кемшіліктері.

4.Өркенниет-цивилизация ұғымның әр түрлі талдау-түсініктемелері.

5.Цивилизация-өркенниет дамуының тарихи кезеңдері.

ТЕСТ

1)Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру - бұл:

А) мемлекеттiк меншiктi жеке меншiкке айналдыру.

В) мемлекеттiк меншiктi ұжымдық меншiкке айналдыру.

С) қоєамдық меншiктi өзгерту.

D) өзiндiк меншiктi ќалыптастыру.

Е) мемлекеттiк меншiктi қалыптастыру.

2)Натуралды шаруашылық үшiн не сипатты емес:

А) еңбек бөлiнiсi және мамандандану.

В) экономикалық жүйенiн тұйық болуы.

С) өндiрiс пен тұтынудың тiкелей байланысы.

D) еңбектiң ерекшелiгi.

Е) сату мақсатында өндіру.

3)Шаруашылықтың натуралды құрылымына (формасына) не тән:

А) жеке шаруашылық шеңберiндегi өндiрiс пен тұтынудың тiкелей байланысы.

В) шаруашылықтың ашық болуы.

С) еңбек бөлiнiсi мен мамандану.

D) айырбастау мақсатында өнiм өндiру.

Е) ұдайы өндіріс.

4)Алғашқы қоғамдық еңбек бөлiнiсiн не сипаттайды:

А) егiншiлiк пен мал өсiрудiң ерекше шаруашылық түрлерiне бөлiнуi.

В) қолөнер кәсiбiнiң ерекше шаруашылық ретiнде оқшаулануы.

С) сауда мен саудагердiң оқшаулануы.

D) өндiрiстiң қоғамдануы.

Е) товар өндiрушiлердiң оқшаулануы

Глоссарий

микрообщество

Микроәлеументтану-адамдардың күнделікті өмірдегі жеке қарым-қатнас негізіндегі социологиялық талдаудың деңгейлері

microsociety

Социальная метатеория

Әлеументтік теория-әлеументтік қатнастарға қатысты жалпы теориялық зерттеулер.

Social metatheory

макрообщество

Макроәлеументану-тұтас қоғамның әлеументтік құрылымы мен жүйелерін саралау деңгейі.

macrosociety

прогресс

Прогресс-Алға қарай үдеп дамуды білдіретін бағыт

progress

Маниторная система

Маниторлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткерлердің округ бойынша көпшілік дауыс алу.

Mojorings system

полезность

Пайдалылық-адамның кез-келген игілікті тутынудан алатын қанағаттану сезімі

u-utility

Қолданатын әдебиеттер:

І.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ

университеті.2010.

2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.

З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы.

ҚазМБА. 2007.

4.Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу қүралы. Алматы.

Қаз.университеті. 2004.

5.Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу қүралы.

Алматы, 2006,б.

6.Мөдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы.

Алматы. Экономика, 2006.

7.В.П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу қүралы.

Алматы. 2006.

8.Экономичсская теория (политэкономия). Учебник. Под

общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.;ИНФРА,

2009.

ҚАЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Пән: Экономикалық теория негіздері

2 кредит

3-4 семестр 2012-13 оқу жылы

Тәжірибе № 9: Өндіріс факторлардың рыногы мен факторлық табыстың қалыптасуы.

. Суанбева У.Н.

Нарықтық экономикада табыстарды түсіндіру өндірістің барлық факторларын төрт топқа бөлуден тарайды. Әрбір фактордың табыс әкелуге қабілеті бар.

1. Жер өндірісінің тап осы факторы әкелетін табысты рента деп атайды.

2. Адам еңбегінің ресурстары. Ол ресурстардың көлемі биологиялық және әлеуметтік процестермен анықталады. Осы факторды әкелетін табыс жалақы деп аталады.

3. Кәсіпкерлік қабілеттер жеке топтарға бөлінеді. Олар қалыпты немесе кәсіпкерлік пайда туғызады.

4. Капитал – бұл күрделі игілік. Бұған ғимараттар, өндіріс құрал-жабдықтарын жатқызамыз. Кез келген өндіріс факторы негізінде ақырғы өнім жатады.

Өндіріс факторының ақырғы өнімі қосымша өнім және тағы басқа өнімдір шығару болып табылады. Ол өнімдер осы фактордың тағы бір единицасын әкеп қосқанда басқа факторлар өзгеріссіз қалған жағдайда алынады.

Жалпы өндіріс факторының бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталады. Себебі сұраным бағыты фактордың ақырғы бағытымен сәйкес келеді.

Теңдік баға сұраным мен ұсынымның дәл осындай ара-қатынасында өндіріс факторының ақырғы табыстылығымен сәйкес шығады. Өндірісте жасалынған табыс өндірістегі әрбір фактордың баға сомасын аз болмауы керек. Яғни, кем дегенде ол факторлардың (еңбек, жер, капитал) әр бірінің ақырғы табыстық сомасына тең болуы тиіс.

Жалақы еңбек бағасы ретінде – еңбек өндіріс факторы айырықша фактор болып саналады. Оның тауарлы формасының ерекшелігі бойынша бұл ресурс толық көлемде саналатын нысан болып табылады. Еңбек рыногында сұраным мен ұсынымның ара-қатынасы еңбек ақы деңгейін анықтайтын жетекші экономикалық фактор. Кез келген басқа ресурс секілді еңбек рыногы өзінің тепе-теңдігін жоғалтып алуы мүмкін.

Жалпы пайыз дегеніміз - адамдардың ресурстарды сатып алатындай ақшаны тапқанша күтіп жүрместен ол реурстарды қазір алуға төлейтін бағасы. Сонымен қатар пайызды дәл қазір ресурстарды үстеме баға деп те қарастыруға болады. Қазіргі сәтте ресурстарды иемдену адамдардың қолдару жету спектрлерін жетілдіре түседі.

Ресурстарды күнделікті жұмсау біздің әрекет жасауымызға жиі мүмкіндік ашады. Ал ол уақыт өткен соң ол бізідң табыс алуымызға мүмкінідк береді. Сонымен қатар осының нәтижесінде алдағы уақыттың бір сәтінде біздің басқа бір жағдайдан гөрі алатын ресурстарымыз әлде қайда мол болып шығады. Сонымен пайыздың жылыдқ ставкасы үлкен құндылықты көрсетеді.

Адамдар оны келер жылы күтілетін игіліктермен салыстыру бойынша қазіргі қолдағы бар игіліктерге жатқызады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады. Бір жылдан кейініг алуды күткен бүгінгі игіліктің алу құндылығын анықтау үшін пайыз ставкасына сәйкес олардың құндылығын азайту қажет.