Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРМ О.Э.Т КАЗ .doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
523 Кб
Скачать
☆

3. Мультипликатор түсінігі.

Мультипликатор – сөзбе-сөз аударғанда көбейткіш деген ұғымды білдіреді. Рыноктың шаруашылық жүйесіндегі мультипликатордың мәні мынада: инвестицияның ұлғаюы қоғамның ұлттық табысын алғашқы инвестиция өсімінің мөлшерінен артық мөлшерге көбейтеді. Басқаша айтқанда, суға тастаған тас қандай толқын шеңберін туғызса, экономикаға «тасталған» инвестиция да табыс және жұмыспен қамтудың өсуі сияқты тізбекті реакцияны туғызады. Әуелі инвестицияның ұлттық табыстың тұтынуына арналған бөлігінің өсуіне ықпалын қарастырайық. Осы арқылы сұраныс мультипликаторы зерттеледі.

Мультипликаторды мәліметтермен суреттеу үшін бір мысал келтірейік. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін мемлекет 1 млн. Доллар жұмсады деп ұйғаралық. егер қоғамдағы қалыптасқан МРС 0,7-ге тең десек, онда мультипликатор, яғни

ҰТ-ның өсімі қандай болмақ? Ол,

тең.

Мультипликатордың теориялық концентрациясы инвестиция мен жинақтар арасында сәйкестікпен байланысты, тепе-теңдік мәселесін терең ұғынуға көмектеседі. S пен I сызықтарының тепе-теңдік болмауы экономиканың тиімділік қызметіне нұқсан келтіреді, инвестициялық және дефляциялық үзілістер пайда болады.

Инфляциялық және дефляциялық үзілістерді графикте былай көрсетуге болады. Алайда алдын ала жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы теңдікті түсіндіруге болады:

AS

АD

DP

E

450

AD - жиынтық сұраныс сызығы

O F1 N F2 AS - жиынтық ұсыныс сызығы

Ұлттық табыс

ҰТ-ның өсуімен жиынтық сұраныс та өседі. Жиынтық сұраныс бұл бізге белгілі C + I сызығы, яғни инвестициялық және жеке тұтынуға пайдаланылатын ұлттық табыс.

Е – нүктесі жиынтық сұраныс пен ұсыныстың қиылысы, ұлттық табыстың теңдік деңгейін - ON мөлшерін көрсетеді.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы.

2.Жалпы ұлттық байлық

3.Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ

4.Инвестициялар және олардың қызметі атқару ролі

5.Мультипликатор түсінігі.

ТЕСТ

1)Товар құнын жасаушы абстракты еңбектi қалай анықтауєа болады:

А) оның нақты түрiне байланысты емес, жалпы еңбек.

В) жеке еңбек.

С) ерекше түрдегi мақсатты еңбек.

D) жекеленген дара еңбек.

Е) қоғамның жиынтық еңбегi.

2)Товарлы өндiрiсте еңбек өнiмiн қоғам қалай мойындайды:

А) айырбас сферасында.

В) өндiрiс сферасында.

С) бөлу кезiнде.

D) тұтынуда.

Е) өндiрiс емес сферасында.

3)құн заңы бойынша:

А) товар өндiрiсi мен айырбасық қоғамға қажеттi еңбек шығындары негiзiнде жүредi.

В) товарлар олардың шектi пайдалықтарын салыстыру арқылы сатылады.

С) құн пайдалық пен өндiрiс шығындары негiзiнде реттеледi.

D) құн сұраныс пен ұсыныс арақатысымен реттеледi.

Е) товарлар бағасы құнға тең болуы қажет.

4)қоғамға қажеттi жұмыс уақыты деген не:

А) еѕбектiң қарқыны.

В) бiр өнiм данасына жұмсалған уақыт мөлшерi.

С) әрбiр жеке жұмыскердiң товарға жұмсалєан еңбек мөлшерi.

D) товар өндiрiсiне жұмсалєан жиынтық еңбек шығыны.

Е) қоғамда қалыптасқан өндiрiс жағдайында товарға жұмсалатын уақыт мөлшерi

Глоссарий

национальный доход

ұлттық табыс (ағылш. national income)- елдің халық шаруашылығында немесе материалдық өндіріс саласында белгілі бір кезең (әдетте бір жыл) бойына жаңадан жасалған күннің макроэкономикалық көрсеткіші

national revenue

национальные счета

ұлттық шоттар - елдің экономикалық қызметінің толық бейнесін алу мақсатымен шоттар мен кестелер түрінде құрылған өзара байланысты статистикалық көрсеткіштер жиынтығы

national accounts

в аловой национальный продукт

Амортизация

жалпы ұлттық өнім – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды.

Амортизатция-Құнын өтеу,жумсарту,тозымпұл,өтемпұл,жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған капиталдың көлемін бағалау,негізгі қорлардың тозуына қрай олардың құнын өндірілетін өнімге бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үрдісі.

gross national product

Amortization

валовой доход

жалпы табыс — кәсіпорынның, фирманың өндірілген өнімді, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуден түскен ақшалаң тұлғадағы жылдық жиынтық табысы.

gross income

Қолданатын әдебиеттер:

І.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ

университеті.2010.

2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.

З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы.

ҚазМБА. 2007.

4.Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу қүралы. Алматы.

Қаз.университеті. 2004.

5.Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу қүралы.

Алматы, 2006,б.

6.Мөдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы.

Алматы. Экономика, 2006.

7.В.П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу қүралы.

Алматы. 2006.

8..Экономичсская теория (политэкономия). Учебник. Под

общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.;ИНФРА,

2009.

ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Пән: Экономикалық теория негіздері

2 кредит

3-4 семестр 2012-13 оқу жылы

Тәжірибе № 11: Экономикалық дамудың циклдығы және экономикалық өсу.

Суанбаева У.Н.

Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер: - Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. - Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек. - Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту. - Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту. Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады: 1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады. 2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: - қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту); - ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру). 2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: - жұмыс күшінің санының өсуі; - капиталдың көлемі өсуі. 3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер: 1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы; 2. адамның бос уақытының көбеюі; 3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы; 4. адам капиталына инвестицияны өсіру; 5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау; 7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді. Экономикалық өсудің факторлары: Тікелей факторлар: Жанама факторлар: -Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі. - Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы. - Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі. - Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы. - Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі. - Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі. - Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі. - Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді). Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде. Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.

Сыртқы сауда қызметінің түсінігі.

      Сыртқы сауда – тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың  басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ – белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы – сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.

    Жалпы сауда саясаты бұл – ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды құру сондай-ақ т.б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі саясатты айтамыз.

    Сыртқы экономикалық қызмет – сыртқы экономиканың байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеті.

    Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:

-      сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді)

-      шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат.

-      Валюталық саясат.

Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,

аймақтармен  сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.

   Сыртқы экономикалық саясат – сыртқы экономикалық қасиетті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:

-      тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы.

-      Материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.

   Сыртқы экономиканың құраушыларының бірі болып сыртқы сауда саясатытабылады.

   Ал сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары; саудалық эмбарго; кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласын: валюталарды сатып алу – сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операйияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.

В нешняя торговля

Откритая экономика

Сыртқы сауда – тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда.

Ашық экономика-әлем мемлекеттерінің бір-бірімен өзара таурлармен қызметтерді экспорттайтын және импорттайтын әлемдік қаржы нарығындағы несиелік алып-сату қатнастарын жүзеге асыруға негізделген макроэкономиканың жүйе қатнастары.

Foreign trade

Open ekonomu

Политика валюты

инфляция

Валюта саясаты — мемлекеттік органдардың, орталық банктің және қаржы мекемелерінің, сондай-ақ халықаралық валюта-қаржы мекемелері мен ұйымдарының валюталық қарым-қатынастар саласында жүзеге асыратын экономикалық, құқықтық және ұйымдық шараларының жиынтығы.

Инфляция-көп факторлы құбылыс ол бағаның жалпы дәрежесінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді.

Politics of currency

inflation

Общая политика торговли

Жалпы сауда саясаты– ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден қорғау, экспортты ынталандыру

General politics of trade

Қолданатын әдебиеттер:

І.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ

университеті.2010.

2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.

З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы.

ҚазМБА. 2007.

4.Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу қүралы. Алматы.

Қаз.университеті. 2004.

5.Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу қүралы.

Алматы, 2006,б.

6.Мөдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы.

Алматы. Экономика, 2006.

7.В.П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу қүралы.

Алматы. 2006.

8.Экономичсская теория (политэкономия). Учебник. Под

общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.;ИНФРА,2009.

ҚАЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Пән: Экономикалық теория негіздері

2 кредит

3-4семестр 2012-13оқу жылы

Тәжірибе № 12: Жұмыссыздық және инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.

Суанбаева У.Н..

Жұмыссыздық – еңбекке жарамды адамдардың жұмысссыз қалуы, яғни жұмыс істемеуі.

Жұмыссыздықтың түрлері:

1) Ағымдық жұмыссыздық – бұл нормалы сапаға ие жұмыс күшінің ой мен дене еңбегінің жұмысшыларының уақыт қолының бос болуы. (жұмыссыз қалуы). Жекелеген сапалардың біркелкі дамуынан әсіресе, мерзімді қайталаушы құлдырауға байланысты эконогмикада жұмыс күшіне сұраныс жеткізуге болады.және керісінше шаруашылықтың көтерілуі кезеңінде оған қажеттлік артады. Мұндай жұмыссыздықты экономикалық циклдарға байланысты циклдық деп атайды.

Циклдық жұмыссыздықта - өндірістің құлдырауына байланысты жұмыссыздар саны өте жоғары.

2) Жасырын жұмыссыздық – бұл көбінесе ауыл шаруашылығында орын алады. Іркілген ( тоқырау ) жұмыссыздық өте реттелмеген. Жұмыспен айналысатын адамдарды қамтиды.

3) Уақытша жұмыссыздық – бұл уақытша жұмыс іздеуімен байланысты.

4) Құрылымдық жұмыссыздық – экономикалық құрылымдағы өзгерісіне байланысты. Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс кәсіптілік, біліктілік сипатына сұраныс келмеген жағдайда.

5) Кезеңділік жұмыссыздық – экономикадағы экономикалық құлдырау кезеңіне байланысты пайда болады.

Инфляцияның жалпы анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі.

Әр түрлі негіздердің болуында инфляция келесі түрлерге топталады:

1. Инфляция процесінің сипатына қарай ашық және жабық инфляция болады.

Инфляциялық шок – бір кезеңдегі бағаның өте жоғары көтерілуі.

Оукен заңы – бұл ЖҰӨ мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы айырмашылық. Жұмыссыздық деңгейін табылу деңгейімен салыстырғанда 1 процентке көтерілуі нақты ЖҰӨ-нің өсу жылдамдығын 2,5 процентке төмендетеді.

Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыс істемейтіндер саны.

Жұмыссыздар саны / жұмыс күші * 100%