Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лаборатория ГАЛИ.К.О.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Тәуелсіз қоздырылатын ттг реттемелік сипаттамасы.

Бұл сипаттама және болған кездегі тәуелсіздігін көрсетеді.

Модулдерді алғашқы қалыпқа қою:

  • МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын « » қою керек;

  • МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын « » қою керек;

  • МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «1100» қою керек

Тәжрибе келесідей ретпен жүргізіледі:

  • МПС және МП модулдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар;

  • МДС2 модулнің SA1 және SA2 ауыстырып қосқыштарымен шықпалық сипаттаманы түсірген (4 кесте) кездегідей, номинал ток кезіндегі кернеу қою керек.

Бұл нүктені 5 кестеге жазыңдар.

Кесте 5

Тәжрибені орындап болған соң модулдердің барлық ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойып, QF2,QF1 автоматтарын ажыратыңдар.

Бақылау сұрақтары.

  1. Параллель қоздырылатын ТТГ өздігінен қоздырылуы қандай шарттар орындалғанда іске асырылады.

  2. Параллель қоздырылатын генератордың шықпалық сипаттамасы неге тыле жұмсақ, яғни генератордың қысқаштарындағы кернеу жүктеме кезінде тәуелсіз қоздырылатын генератормен салыстырғанда айтарлықтай азаяды?

  3. Тәуелсіз қоздырылатын генератордың номинал тогына сәйкес келетін кернеу кезіндегі ТТГ магниттік жүйесінің қанығу коэффициентін анықтаңдар.

Лабораториялық жұмыс №3

Параллель қоздырылатын тұрақты токтың электр

қозғалтқыштарын зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: Параллель қоздырылатын қозғалтқышты жүргізу тәсілдерімен танысу, қозғалтқыштың механикалық, жұмыстық және реттемелік қасиеттерін осыларға сәйкес сипаттамаларын түсіру жолымен зерттеу.

Жұмыстың бағдарламасы.

  1. Параллель қоздырылатын тұрақты токтың электр қозғалтқыштын (ПҚТТҚ) эксперименттік зерттеу схемасын, жұмыста пайдаланылатын модулдердің құрамы мен атқаратын жұмысын оқып үйрену.

  2. ПҚТТҚ эксперименттік зерттеу үшін қажетті схеманы жинау.

  3. Табиғи механикалық сипаттаманы түсіру.

  4. Якорь тізбегіне кедергі кіргізген кездегі жасанды механикалық сипаттаманы түсіру.

  5. Магнит өрісі нашарлаған кездегі жасанды механикалықсипаттаманы түсіру.

  6. ПҚТТҚ жұмыстық сипатамаларын түсіру.

  7. Қозғалтқыштың қысқаштарына берілетін кернеу өзгерген кездегі қозғалтқыштың реттемелік сипаттамасын түсіру.

  8. Магнит өрісін әлсірету жолымен қозғалтқыштың реттемелік сипаттамаларын түсіру.

  9. Эксперимент мәліметтерін өңдеу, есептесуге дайындалу және жұмыс бойынша қортынды жасау.

Жұмысқа түсінік беру.

Лабораториялық жұмыста келесі модулдер пайдаланылады:

  • стендті қоректендіру модулі (МПС);

  • қоректендіру модулі (МП);

  • автотрансформатор модулі (ЛАТР);

  • күштік модулі (СМ);

  • қосымша кедергілер модулі №1 (МДС1);

  • қосымша кедергілер модулі №2 (МДС2);

  • өлшеу модулі (МН);

  • қуат өлшеу модулі (МНМ).

Лабораториялық жұмысты орындамас бұрын барлық модулдерді алғашқы қалпына келтіреміз:

  • ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын төменгі қалпына қойыңдар, ал автотрансформатордың тұтқасын сағат тіліне қарсы бағыттағы ең шеткі қалыпқа қойыңдар;

  • МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқыштарын « » қойыңдар;

  • МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «0» қойыңдар;

  • МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «0» қойыңдар;

Зерттелетін тұрақты ток машинасы электр машиналық агрегат құрамына кіреді, бұл агрегатқа зерттелетін тұрақты ток машинасы М1 басқа, жүктемелік машина - айнымалы ток машинасы М1 және жылдамдықтың импульстік датчигі М3 кіреді.

  1. ПҚТТҚ табиғи механикалық сипаттамасы.

Параллель қоздырылатын машинаның табиғи механикалық сипаттамасы қозғалтқыштың қысқаштарындағы кернеудің мәні тұрақты болғанда және якорь тізбегінде қосымша кедергі болмаған кездегі жылдамдықтың жүктеме моментіне тәуелділігін көрсетеді: , бұл кезде , және :

Қозғалтқыштың табиғи механикалық сипаттамасын түсіру үшін арналған схема 1 сур. көрсетілген.

1 сур. Табиғи механикалық сипаттаманы түсіруге арналған

схема

Тұрақты ток қозғалтқышының якорь тізбегі МДС2 модулінің RP1 қосымша кедергісі арқылы және қоздырушы орамасы МДС2 модулінің RP2 қосымша кедергісі арқылы ЛАТР модулінің реттелетін тұрақты ток көзіне қосылады.

Асинхронды қозғалтқыш қосымша кедергі (МДС1) арқылы бірден желіге (МП) қосылады (асинхранды машина асинхронды генератор режимінде жұмыс істейді).

Якорь тогының , якорь кернеуінің мәндерін өлшеу модулі аспаптарының көмегімен анықтауға болады. Статор тізбегінің параметрлерін қуат өлшейтін модулдің индикаторымен бақылайды.

Жылдамдықты күштік модулдің индикаторымен бақылайды.

Тәжрибе келесідей ретпен жүргізіледі:

  • МПС және МП модулдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар;

  • ЛАТР модулнің SA1 ауыстырып қосқышын жоғарғы жағдайына ауыстырып қойыңдар;

  • Автотрансформатордың тұтқасымен кернеу беріп, бірінші өлшеуді жүргізіңдер;

  • МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен, кедергі кіргізіп, оны якорь тогы немесе статор тогы болғанға дейін өзгертіп ТТҚ жүктеме беріңдер;

  • ПҚТТҚ жылдамдығы өсіп кеткен кезде ТТҚ тоқтату керек, QF2 автоматты өшіріп және асинхронды генератордың айналу бағытын өзгерту керек («А» және «В» фазаларының орындарын ауыстырып).

Тәжрибе мәліметтерін 1 кестеге жазыңдар

Кесте 1

Тәжрибені орындап болған соң модулдерді алғашқы қалпына қойыңдар.