Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ_ПЗ_отс_каз.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
39 Мб
Скачать
☆

8.1 Топтық телефондық тізбегінің тұрақтылық қорын есептеу

Жалпы телефон тізбегінің тұрақтылық қорын анықтау үшін, алдымен оны әрбір күшейткіш үшін жеке есептеу қажет. Ең тұрақсыз күшейткіштің тұрақтылық қоры, тізбектің тұрақтылық қоры болып табылады.

Дуплексті күшейткіштің тұрақтылық қоры:

(8.7)

мұндағы S1 және S2 – күшейткіштің әрбәр бағытта күшейтілуі;

аб1 және аб2 – күшейткіштердің дифференциалды жүйелерінің балансты

өшуліктері.

Дифференциалды жүйенің балансты өлшулігі:

(8.8)

мұндағы аб0 – телефон тізбегіндегі шағылысу болмаған кездегі дифференциалды жүйенің балансты өлшулігі; аб0 =25 дБ.

аот р– тізбектің шағылысуы болған кездегі балансты өшулік азайған кездегі шамасы.

aотр = 10 lg[10 0,1+10 0,1(або-А1) +10 0,1(або-А2) +…10 0,1(або-Аn)]

мұндағы A1, А2, А3,…А4 – тізбектің біркелкі емес нүктелерінде пайда болған, шағылысудың әсерін сипаттайтын шама.

Әрбір A шамасы қарастырылған нүктедегі тізбектің біркелкі емес дәрежесіне және күшейткіш пен осы нүктенің ара-қашықтығына тәуелді.

Осы сұлба үшін, А шамасы әрбір шағылысу нүктесіне бөлек анықталады:

мұндағы а01, а02, а03 – біркелкі емес нүкте мен күшейткіш арасындағы тізбектің өшулігі.

Есептеулер кезінде а0 шағылысуының өшулігін кіші станция аппаратурасын қосу нүктесінде – 28 дБ; ал күшейткіш пен телефон тізбегін жалғау нүктесінде – 26 дБ деп аламыз.

а1, а2, а3 – күшейткіш пен біркелкі емес нүктелер арасындағы тізбектің өшулігі.

Балансты өшулік есебі ПТДУ күшейткішінің оң және сол дифференциалды жүйелеріне жүргізіледі, есепті түсіндіру үшін, біркелкі емес нүктеден күшейткішке келіп түсетін шағылысқан тоқ жолдарының сұлбасын құру керек.

Тұрақтылық қоры әрбір күшейткішке есептеледі, алынған шамалардың ең азы жалпы тізбектің тұрақтылық өқорын анықтайды. Егер әрбір күшейткіштің тұрақтылы 1,74 дБ кем болмаса, онда тізбек тұрақты болып есептеледі.

Егер есептеу нәтижесі кезінде тізбек тұрақтылық қорына ие болмаса, онда бұл тізбекті екі бөлікке бөліп, оларды айналмалы арна арқылы диспетчерге қосуды ұйымдастырамыз.

8.3 Оперативті-технологиялық байланыс жабдықтарының сипаттамасы және оларды таңдау

Жолды-басқарушы байланысты ұйымдастыру үшін, басқарушы аратушы станцияда ДРС-Р аппаратурасы, тораптық, ірі жүк станцияларында ДРС-И-атқарушы аппаратурасы орнатылады.

ДРС-РИ аппаратурасы басқарушы станция болып табылады, бірақ атқарушы станцияның қасиеттеріне ие. Жиналыс байланысын ұйымдастыру үшін базалық станция түрінде МСС 12-6М, МСС 2-1М, ОСС-М және ДОСС-М аппаратуралары қолданылады, қазіргі кезде жиналыс байланысының техникалық құралдарының жинағы өңделіп шығарылды.

Станциялық технологиялық байланыстыру үшін, станциялық байланыс аппаратураларының жинағы КАСС немесе технологиялық байланыс коммутаторлары КТС қолданылады.

Станцияның оперативті жұмыстарының жетекшілері ережеге сай, жергілікті, станциялық және бөлімшелік технологиялық байланыс абоненттері болып табылады. Сөйлесуші және шақырушы құрылғыларды орталықтандыру үшін, сонымен қатар олардың санын азайту үшін, станциялық байланыс аппаратураларының жинағы қолданылады. Олар өзіне әр түрлі байланыс түрлерін және басқару пультін қосуға арналған жинақ платалары бар релелік шкафтардан тұрады.

Пайдаланылған релелік шкафтың түріне байланысты, 10 нан 20-ға дейін станциялық байланыс желілерін, таңдаушы бөлімшелік байланыстың алты желісін және төртке дейін жергілік және станцияаралық байланыс желілерін қоса алатын КААС-ДСП, КААС-ДСЦ, КААС-ДЦ, КТС аппаратураларына бөлінеді.

Технологиялық байланыс коммутаторы КТС - темір жол станциясы шегінде бөлімшелік және станциялық оперативті-технологиялық байланысты қосуға арналған және тональді ТЧ немесе төменгі жиілікті НЧ төртсымды топтық арналарды, төменгі жиілікті НЧ екісымды топтық арналарды келістіріп қосып және екі бағытта да күшейтіп, сонымен қатар төменгі жиілікті НЧ екісымды арналармен жоғарғыомды параллельді түрде арнаға қосу кезінде жұмыс істеуге арналған. Осылайша коммутатор станциялық байланыс аппартурасының жинағы ретінде ғана емес, сонымен қатар екіжақты күшейткіштердің, ауыспалы құрылғылардың, төртсымды аралық байланыс құрылғысының, пәтерлерді қосу блоктарының қосымша функцияларын, сондай-ақ станцияда орналасқан бөлімшелік оперативті-технологиялық байланыстың ОТС барлық абоненттерінің тональді таңдап шақыру қабылдағышының функцияларын орындайды.

Қазіргі кезде цифрлы тарату жүйелеріне ауысуға және коммутациялауға байланысты, ОТС ұйымдастыру үшін KS-2000R коммутаторын қолдануды ұсынуда. KS-2000R коммутаторы қазіргі кездегі оперативті-технологиялық байланыстың - әр түрлі сыйымдылықтағы жәнеақолданымдағы диспетчерлік пульттердің барлық түрлеріндегі аналогты перифериялық құрылғыларды қосуға арналған жинақтармен жабдықталған.

Бұл коммутатор барлық абоненттік желіні орталықтан қосу арқылы құрылымды оңтайландыруға мүмкіндік береді.