Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ ЛАБ по ТЭС каз.2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Жұмысты орындау тәртібі

Моногармониялық сигнал

2.1 Осциллографты стендтің «1кГц» ұясына қосу. Сигналдың шығуын реттеуіштің тұтқасын орта деңгейіне қою. Отчетте сигналдың осцилограммасын жазып алып, оның ауыстырып-қосқыш жаймасының бөлу құны (мкс/дел) болған жағдайындағы экран бөліктеріндегі кезеңдерін өлшеу.

2.2 Стендтің төменгі жағында ауыстырмалы блоктың оң жағына қарй орналасқан орналасқан «1кГц» ұясын ДК кірісімен жалғау. Бұл үшін «қоңырау» сияқты ағытпасы бар арнайы кабельді қолдану қажет (стендт жинағының құрамына кіреді). Спектрді ДК арқылы анализдеу жолы қосымшада белгіленген. Тәжірибе шарттарын, спектрлік сызықтардың дәл шамаларын және амплитудаларын(стенд белгілеулерінде жуықталған шамалар алынған) көрсете отырып отчетте сигнал спектрін белгілеп алыңыз.

Күрделі гармоникалық сигналдар

2.3 Сигнал көздері блогінің S1 ұясынан осцилографтың кірісіне сигнал бере отырып, зерттеліп жатқан сигналдың түрінS1(t) және оның периодын белгілеп алу, содан кейін ДК кірісіне сигнал беріп, сигнал спектрі жиілігі мен амплитудасын белгілеп алу.

2.4 2.3 пунктін S2 және S3 сигналдарына қайталау.

2.5 S2-сигналын стендтің қосқышының () бір кірісіне беріп, ал екінші кірісіне «1кГц» ұясынан сигнал тарату. Қосқыштың шығысындағы сигналдың осцилограммасын бақылай отырып, «1кГц» сигналдың шамасын, суммарлық сигналдың өзгерісін пайдалана отырып жаймен ұлайту.Табылған суммарлық сигнал үшін осцилограмманы (периодын көрсете) және оның спекторын белгілеп алу.

2.6 Бигармоникалық сигнал жиіліктері бірдей болуы міндетті емес екі гармоникалық сигналдан тұрады. Осы жағдайда бұндай сигналдар болып жоғарыда айтылған СИГНАЛ КӨЗДЕРІ БЛОГЫНДАҒЫ «1кГц» және құрылған ГЗ-111 типті ЗГ-нің 1.2.кГц болып табылады. Осы айтылған екі сигналды да әрқайсына 0.5В кернеу беріп қосқыштың кірісіне тарату қажет. Бұл үшін құрылған В7-38 вольтметрін қолдану қажет. Алдымен суммарлы сигналды осцилографқа беріп, суммарлы сигналы көрсетілген түрінде жазып алу, содан кейін сигналды ДК кірісіне беріп; спекторын белгілеп алу.

2.7 Тікбұрышты импульстардың периодтық тізбегі КОДЕР-1 блогында қалыптасады. Цифрлық сигналдың «Нольдер» және «Бірлері» БЕРІЛДІ деген жазуы бар светодиодты индикациясы бар бес тумблерімен белгіленеді. (b1b5).

2.8 КОДЕР-1-дің шығу ұяларын осцилографтың және ДК кірістерімен жалғау.

2.10 2.9 пунктін 11000( импульс ұзақтығы 2Т=1024мкс, период – 17Т) теріп қайталау.

2.11 2.9 пунктін 11110 (импульс ұзақтығы 4Т=2048мкс, период – 17Т) үшін қайталау

Бақылау сұрақтары:

1. Сигналдардың үздіксіз немесе уздік-үздік (дискретті) түрлері.

2. Аралас сигналдар тарататын байланыс жүйесінің құрылымы.

3. Сигналдардың математикалық моделдері

4. Сигналды уақыт бойынша көрсету.

5. Сигналды жиілік арқылы көрсету.

6. Эйлер формуласының ерекшелігі

7. Периодты сигналдың ерекшелігі.

8. Әртүрлі импульс спектрлері.

9. Фурье тізбегі.

10. Котельников теоремасының ерекшелігі.

11. Сигналдарды үзіктеу түрлері.

12. Икемді үзілістеу дегеніміз не?

№3 Зертханалық жұмыс