Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ ЛАБ по ТЭС каз.2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Жұмысты орындау тәртібі

Резонансты күшейткіштің жұмысын сызықты және сызықты емес жағдайларында зерттеңдер. Пішіннің ұстанымдық сызбасы 4.1-суретінде берілген. «ЖҮКТЕМЕ» ауыстырып-қосқышы "LC" жағдайында, "Rш" ауыстырып-қосқышы өшіріліп тұруы тиіс. Резонансқа баптау 1216кГц диапазонындағы UВХ0,5В кезіндегі Г3-111 генераторының жиілігін өзгерту арқылы жүзеге асады. Резонансқа жету құйма тізбегіндегі (5 ұя) максималды кернеуі немесе резонанс индикаторының тізбегіне қосылып тұратын стендтің микроамперметрінің максимальді көрсетілімі арқылы белгіленеді. Резонансты жиіліктің мәні f0 4.1-кестесіне енгізіледі.

Күшейтудің сызықтық режимі.

4.1 Жұмыс нүктесінің орны түзу сызықтардың қималарымен аппроксимланған құйма-бекітпе сипаттамасының сызықтық бөлікігінің ортасынан алынады. Табылған кернеудің ығысу мәні ЕСМ ЫҒЫСУ потенциометрімен қойылып 4.1 кестесіне енгізіледі.

4.1-кесте

ЕСМ =... В,

f0 =...Кгц

UВХ, В

UВЫХ, В

4.2 Күшейткіштің амплитудалық сипаттамасы UВЫХ=1(UВХ) ,

0 және 2В аралығында кернеудің өзгеруі кезінде алынады. Алғашқы бөлік 0,05В арқылы анықтап қаралады. Нәтиже 4.1-кестесіне енгізіледі. 1- графигі салынады.

4.3 Кіріс кернеуінің уақытша диаграммалары uВХ(t), UВЫХ(t)- шығыс кернеулерінің тербелмелі контурдың сапалылығының екі мәнінде (RШ қосулы, сөндірулі) және құйма тогінде iС(t) (жүктеме ауыстырып-қосқышы"R" жағдайында) кіріске (4 ұя) UВХ=UВХmax, кернеу әсер еткен кезде байқалады және суреттеледі. Мұнда UВхmax-амплитудалық сипаттама сызықтық болып есептелетін ең үлкен кернеу. (1 графигі арқылы анықта).

Күшейтудің сызықтық емес режимі.

4.4 Жұмыс нүктесінің орны қиылу бұрышы 90˚ болғанда таңдалынып алынады. Бұл үшін ЕСМ=u0 қойылады.( аппроксимланған құйма-бекітпе сипаттамасының сызықтық бөлікігінің графиктегі қиылу кернеуі). ЕСМ - табылған мәні ЫҒЫСУ потенциометрімен қойылып 4.1-кестесіне енгізіледі.

4.5 Сызықтық емесрежимінде UВЫХ = 2(UВХ) күшейткіштің амплитудалық сипаттамасы 0  4В аралығында кірістегі (4 ұя) кернеудің өзгеруі кезінде алынады.Әрбір өлшемді алмас бұрын генератордың жиілігін резонансқа сәйкестендіру керек.( максимальді түрде UВЫХ). Өлшшеу нәтижелері 4.2-кестесіне кіргізіледі. 2-тәуелділік графигін салып , ондағы амплитудалық сипаттаманың сызықтық бөлігінің шекарасын анықтау UВХМАХ..

4.6 Уақытша диаграммалар UВХ=UВХМАХ. кезінде байқалып суреттеледі. Уақыт осі бойынша масштабтың сақталуымен белгілеу қажет: кіріс сигналының осцилограммасын; uВХ(t) (ұя 4); ток құймасының осцилограммасын iC(t)- бұл үшін R батырмасын басу қажет; жүктемені таңдау(5 ұя); контурдың сапалылығының екі нұсқасы үшін қосылған тербелмелі контурдағы(LC жүктемесі) шығыс кернеуінің екі осцилограммасын uВЫХ(t);

Бақылау сұрақтары:

1. Байланыс арналарының классификациялары.

2. Атқаратын міндеттеріне қарай арналардың топтастырылуы.

3. Қайты және қайтымсыз сигналдардың ерекшеліктері.

4. Байланыс арналарының математикалық жазылуы.

5. Байланыс арналарының түрлері.

6. Байланыс арналары негізгі техникалық сипаттамалары.

7. Деңгейдің қанша түрі бар?

8. Қалдық өшулік қалай анықталады?

9. Арнаның фазалы жиіліктік сипаттамасы.

№5 Зертханалық жұмыс