Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ ЛАБ по ТЭС каз.2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

1. Нақты арналардағы сигналдар?

2. Бөгеулік дегеніміз не?

3. Аддитивті бөгеулік, пайда болу аймағы, түрлері?

4. Мультипликативті бөгеулік, пайда болу аймағы, ерекшелігі.

5. Бөгеуліктердің байланыс арнасына тигізетін әсері.

6. Арналардағы бөгеуілдер мен бұрмаланулар.

7. Детерминирленген сигнал дегеніміз қандай сигнал?

8. Гармоникалық сигналға анықтама беріңіз.

№4 Зертханалық жұмыс

Үздіксіз сигналдарды уақыт бойынша (Котельников теоремасы) дискреттеу

Жұмыстың мақсаты: сызықты және сызықты емес жағдайларындағы сигналдардың күшею процессін зерттеу.

Теориядан қысқаша мәлімет

Радио таратушы құрылғылар техникасында резонаторлы қуат күшейткіштер кеңінен қолданалады.Олардың жақсы қасиеті – активті элементтердің (транзисторлар немесе лампалар) сызықты емес ВАС ескеруін міндетті қылатын кіріс кернеуінің жоғарғы амплитудаларындағы жұмысы болып табылатындығына негізделеді.

Параллельді тербелмелі контурлы жүктемесі бар транзисторлы күшейткішті қарастырайық.

Uвх(t) =U0+Um вх cost (4.1)

Күшейткіштің кірісіне кернеуі берілген, тербелмелі контур рез=. жиіліктегі сигналға бапталған.Транзистордың iк(Uбэ ) сипаттамасы түзулердің қимасымен аппроксимдалған деп алайық. Коллектордың тізбегіндегі ток қиылуы бар косинусойдалы импульс түрінде. Бұл импульстар күрделі спектралды құрамды, бірақта құрылғының жұмысындағы негізгі рольді жиілігі резонансты контурдың жиілігімен сәйкес келетін токтың бірінші гармоникасы ойнайды; тербелмелі жүйенің кедергісі 2, 3 жиіліктерінде жоғарғы гармоникалар кіріс сигналына үлес қоспайтындай дәрежеде аз. Коллектор тогының бірінші гармоникасы шығыста

Umвых =(1Rрез =SRрезUmвх) (4.2)

амплитудалы пайдалы кернеу туғызады. Осы формуланы қолдана отырып транзистордың жаймен аппроксимацияланған сипаттамасындағы резонансты күшейткіштің шығысындағы гармоникалық сигналдың амплитудасының мәнін жазуға болады.

Umвых =Rрез(a1Umвх+3/4a3U3=5/8 a5U5mвх +…). (4.3)

Тербелмелі сипаттаманың маңызды параметрі болып күшейтілетін сигналдың диапазонын анықтайтын сызықтық есебінің кеңдігі болып табылады. Тербелмелі сипаттаманың өсуін тежейтін негізгі себеп мынау: кіріс сигналының кейбір критикалық мәндерінде Ukpmвх контурдағы тербелмелі кернеу ток көзінің кернеуінің Епит мәніне жақын келеді. Кернеу амплитудасының әрі қарай өсуі мүмкін емес жағдайына жетеді, себебі кейбір уақыт моменттерінде транзистордың коллекторындағы лездік шама өтеаз шамаға түседі. Осыдан барып қалыпты жабық коллеторлы ауысу ашылып коллектор-база тізбегі-сигнал көзі- тұтыну көзі тербелмелі күшейту жүйесін лезде тұйықтайды.

Қолданылатын тізбектер мен сигналдардың қысқаша сипатамасы

4.1-сурет

Бұл жұмыста СИГНАЛДАРДЫ СЫЗЫҚТЫ ЕМЕС ТҮРЛЕНДІРУ ауыспалы блогы қолданылады. Зертелмелі тізбектің сызбасы 4.1-суретінде көрсетілген және жазық транзистордағы күшейтпелі каскад болып табылады.

Құйма тізбегіндегі(R резисторы немесе LC тербелмелі контуры) жүктемені таңдау ЖҮКТЕМЕ ауыстырып қосқышы арқылы жүзеге асады. Контурдың резонансты қасиеттерінің өзгеруі LC контурына параллель тұйықтаушы резисторды да қосатын (RШ=10кОм) "RШ" батырмасы арқылы жүзеге асады.

Жұмыста №3 зерттеуде алынған жазық транзистордың құйма-бекітпелі сипаттамасы және спекторды есептеуге арналған сәйкес аппроксималаушы функция қолданылады.

Транзистордың бекітпесіне кернеу таратуды №3-жұмыста қарастырылған тізбектер қамтамасыз етеді. Кіріс сигналының көзі болып қосындылағыштың кез-келген кірісіне қосылатын мысалы1 ұяға Г3-111 құрылған генераторы болып табылады.

Өлшеу аспабы ретінде – қосылған айнымалы кернеу вольтметрі, екісәулелі осцилограф және ДК қызмет атқарады.Сонымен қатар пішіннің диодты детекторы (4.1.-суретінде көрсетілмеген) және стендтің тілді микроамперметрі, контурды резонансқа сыртқы приборларсыз баптауды қамтамасыз ететін резонанстың индикаторын құрайды.

Процесстерді бақылаған уақытта Сызқты емес элементтің кірісінде аспаптар бекітпеге (4 ұя), ал шығысында- құймаға (5-ұя) жалғануы тиіс.