- •Т. Рыскулов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
- •Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің жиналысында бекітілген
- •Мазмұны
- •Пәннің мазмұны:
- •9. Тақырыптық-күнтүзбелік жоспар
- •10. Дәріс (лекция), практикалық және зертханалық сабақтар жоспары
- •11. Соөж-ын жүргізу жоспары (кеңес беру)*
- •13. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Студенттерге рейтинг қою шкаласы
- •15.2 Қорытынды бағаны есептеу
- •15. Студенттің білімін бағалаудың жүйесі
- •Білім алушылардың балдық-рейтингтік оқу жетістіктерінің бағасын дәстүрлік баға шкаласына ауыстыру
- •15.4 Академиялық тәртіп саясаты
- •Лекциялық кешен eku 3305 «Кластерлердің экономикасы мен ұйымдастырылуы» пәні бойынша «5в050600 Экономика» мамандығы
- •2. Кластер ұйымдастырудың мәні және қағидалары
- •3. Кластерлердің ерекшеліктері, түрлері мен жіктелуі
- •2.Кластер құрамына кіретін субъектілердің ұйымдық-экономикалық механизмдері.
- •Кластер қатысушылары
- •Кластер қатысушылары
- •2.Мемлекеттің кластерлердің құрылуы мен дамуындағы ролі.
- •3.Кластерлер және инновациялық саясат
- •10 Тақырып. Ұлттық экономика жүйесіндегі кластерлер қызметін талдау
- •Практикалық (семинар) сабақтарын орындау үшін әдістемелік нұсқау kЕu 3305 «Кластерлердің экономикасы мен ұйымдастырылуы» пәні бойынша «5в050600 Экономика» мамандығы
- •Тапсырма № 2 (соөж)
- •Тапсырма № 3 (соөж)
- •Тапсырма № 4 (соөж)
- •Тапсырма № 5 (соөж)
- •Тақырып 6: Кластерлерді ұйымдастырудың әлеуметтік-экономикалық негіздері Тапсырма № 6 (соөж)
- •Тапсырма № 7 (соөж)
- •Тапсырма № 8 (соөж)
- •Тапсырма № 9 (соөж)
- •Тапсырма № 10 (соөж)
- •Тақырып 2: Кластерлердің мәні, ұйымдастыру қағидалары және түрлері Тапсырма № 2 (сөж)
- •Тақырып 3: Кластерлердің қызмет етуі мен дамуының шетелдік тәжірибесі Тапсырма № 3 (сөж)
- •Тақырып 4: Кластерлердің құрылуы мен қызмет етуінің экономикалық механизмдері Тапсырма № 4 (сөж)
- •Тақырып 5: Кластерлердің қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттің ролі Тапсырма № 5 (сөж)
- •Тапсырма № 6 (сөж)
- •Тақырып 7: Өнеркәсіп салаларындағы кластерлерді ұйымдастыру мен дамуы Тапсырма № 7 (сөж)
- •Тақырып 9: Агроөнеркәсіптік кешендегі кластерлерді ұйымдастыру мен дамуы Тапсырма № 8 (сөж)
- •Тапсырма № 9 (сөж)
- •Тапсырма № 10 (сөж)
Білім алушылардың балдық-рейтингтік оқу жетістіктерінің бағасын дәстүрлік баға шкаласына ауыстыру
Таңбалық жүйе бойынша баға |
Сандық эквивалент бойынша баға |
Оқу пәнін меңгерудің % мазмұны |
Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
A |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
A- |
3,67 |
90-94 |
|
B+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
B |
3,0 |
80-84 |
|
B- |
2,67 |
75-79 |
|
C+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
C |
2,0 |
65-69 |
|
C- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
15.4 Академиялық тәртіп саясаты
№ |
Мінез-құлықты бағалау шарттары |
Балл саны |
1. |
Сабаққа кешігіп келу |
|
2. |
Сабақ уақытысында ұялы телефонмен қолдануы |
|
3. |
Практикалық (семинарлық) сабақтарға белсенді қатысуы |
+ 0,5 |
4. |
Басқа да шарттар |
|
Ескерту: студенттің балл рейтингін төмендету – минуспен, жоғарлату – плюспен.
|
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
«Экономика және басқару» факультеті «Экономика» кафедрасы
|
Лекциялық кешен eku 3305 «Кластерлердің экономикасы мен ұйымдастырылуы» пәні бойынша «5в050600 Экономика» мамандығы
Алматы, 2012ж.
1-тақырып. Кластерлердің қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздері
Лекцияның мақсаты: Кластерлердің қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздерін қарастыру
Лекцияның сұрақтары:
ҚР ұлттық жүйесі мен экономикасының салалық құрылымы
Кластерлерді құру мен дамытудың объективті қажеттілігі
М. Портердің кластерлік қағидасы
Лекцияның мазмұны
Қазіргі кезде Қазақстанда шикізат өндіру мен оны алғашқы өңдеуден өткізу салалары ғана дамыған. ҒТП дамуына бұл жеткіліксіз. Экономиканың әмбебап құрылымының негізі болып алғашқы сектор салалары емес, екінші реттегі сектор салалары болып табылады, яғни олар, өңдеу және қайта өңдеу салалары. Бұл тенденциялар индустриялды дамыған мемлекеттерде прогрессивті экономикалық құрылым түсінігін қалыптастырды.
«Экономикалық әлеует» түсінігі. Экономикалық әлеует мемлекеттің өзінің өсуі мен дамуы үшін қажетті қолданыстағы және қолда бар барлық ресурстарының жалпы сандық және сапалық көрсеткіштері ретінде анықтауға болады. Әлеуеттің санық және сапалық сипаттамаларын анықтауда екі тәсілді қолданады: ұлттық экономиканың қолда бар ресурстарын бағалау; белгілі кезеңде барлық ресурстарды пайдалануда мүмкін болатын экономикалық нәтижелерді анықтау арқылы. Сонымен ЭӘ бағалау шаруашылыққа қосылған ресурстар мен әлеуетті ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіштер жүйесін анықтау арқыла жүргізуге болады.
ЭӘ бағалауда әмбебап көрсеткіш болып ЖІӨ саналады. Ол ұлттық экономика дамуының тек қазіргі деңгейін ғана сипаттап қоймайды, сонымен қатар оның территориялық және салалық ерекшеліктерін, жеке сфераларының қызметтерінің тиімділігін сипаттайды.
Әлемдік деңгейде ЖІӨ өсу қарқыны тұрақты. Ал ҚР ол 1991 жылдан бастап 1998 жылға дейін тұрақты түрде төмендеп келді. Тек 1999 жылы ғана бұл көрсеткіш көтеріле бастады. 2007 жылды 1999 жылмен салыстырғанда мұнда ЖІӨ көлемі 111%-ға жоғарылаған.
ЭӘ құрылымы мен оның көлеміне, динамикасына әсер ететін келесі факторларды қарастыруға болады:
қолда бар ресурстардың көлемі мен қолжетімділігі
мемлекеттің қол жеткізген технологиялық дамуының деңгейі
мемлекеттің қолданбалы және фундаменталды ғылыми зерттеулер саласында жинақталған әлеуеті мен кадрларды дайындау деңгейі.
«Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар» секторы өзіне барлық коммерциялық емес ұйымдар – резиденттерді, жоғарыда аталып кеткендерден басқасын кіріктіреді. Олардың негізгі қызметі болып тауарлар мен қызмет түрлерін тегін көрсету немесе оларды экономикалық маңызы жоқ бағалармен сату табылады.
«Үй шаруашылығы» секторы өзіне барлық үй шаруашылығындағы резиденттерді кіріктіреді. Олардың бірі тұтынушылар болса, екіншілері тауар мен қызмет түрін өндірушілер болып табылады.
Әрбір институционалдық сектордың экономикалық үрдісте өзінің атқаратын қызметі бар. Қаржылық емес корпорациялардың негізгі қызметі ол – тауарларды өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта өткізу, қаржылық корпорациялардыкі – бос қаражат ресурстарын жинақтау және оларды инвесторларға белгілі бір шарттар негізінде беру. Мемлекеттік басқарушылық органдардың негізгі қызметі болып ұлттық табыс пен байлықты қайта бөлу, сонымен қатар жалпы қоғамдар мен жеке тұлғаларға тегін қызмет көрсету түрлерін ұсыну. Үй шаруашылығынығ қызметі өндірісте жұмыс күшін ұсыну мен тауарлар мен қызметтерді нарықта сатып алу болып табылады. Үй шаруашылығына қызмет көрсетуші коммерциялық емес ұйымдар осы шаруашылық мүшелеріне тегін қызмет ұсынады.
Тауар өндіруші экономика салаларына:
А. Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы
В. Балық аулау мен балық өсіру
С. Тау – кен өндірісі
D. өңдеу шаруашылығы
Е. электр энергиясымен, газбен және семен қамтамасыз ету
F. құрылыс жатады
Қызмет көрсетудегі экономикалық салалар:
G. сауда – саттық, автокөліктерді, тұрмыстық құралдар мен қолданыстағы құралдарды жөндеу
H. қонақ үйлер мен мейрамханалар
I. транспорт пен байланыс
J. қаржылық қызмет
K. жылжымайтын мүлікпен байланысты операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету
L. мемлекеттік басқару мен қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру
M. білім
N. денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету
O. коммуналды әлеуметтік және жеке қызмет түрлерін ұсыну
P. Үй жұмыскерлерін жалдайтын және өз тұтынуына арналған тауарлар мен қызметтерді өндіретін үй шаруашылығының қызметі.
Экстерриториалды ұйымдар.
Экономикаллық талдауда, соныме қатар экономикалық қызмет түрлерін келесі үш түрге бөледі: аграрлық, индивидуалды және қызмет сферасы. Бұл сала ұйымдастырудың жиынтығы ретінде қарастырлады. Яғни кәсіпорындар мен олардың бөлімшелерінің бір жерде орналасуы, бір қызмет түрімен айналысу.
Экономика секторы деп мақсаттары мен қызметі, қаржыландыру көздері ұқсас институционалдық бірліктердің жиынтығын айтады.
Экономикалық сектордың келесі түрлері ажыратылады:
қаржылық емес корпорациялар
қаржылық корпорациялар
мемлекеттік басқару
үй шаруашылығыны қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар
үй шаруашылықтары
2. Кластерлерді құру мен дамытудың объективті қажеттіліктері
Экономиканы жаһандандыру мен интернализациялау шарттарында басты ролді ұлттық бәсеке қабілетті экономиканың құрылуы мен дамуы атқарады. Бірақ оған ішкі нарықтық институттар мен реформалардың жетілуі мен барлық ресурстарды қолданудың арқасында ғана қол жеткізуге болады. Экономикалық тиімділікті жоғарылатудың мұндай жолын таңдау алға жаңа міндеттерді қояды.
Бәсекеге қабілеттілікті орнату мен оны дамытудың көптеген теориялары бар. Бірақ оның ішіндегі экономикалық өсудің ең тиімдісі ол кластерлік механизм теориясы. Оның негізінде «кластер» түсінігі жатыр, яғни ол - өзара байланысты, ұқсас кәсіпорындардың тиімді формаға бірігуі. Ол әлемдік, ұлттық және салалық позицияларды бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде әлемде табысты ұ9мыс істеп жатқан кластерлер көп. Кластерлер АҚШ – та да бар. Олар тек қана Силиконды алаң емес, сонымен қатар басқа да көптеген әр штатындағы кластерлер. Сонымен қатар германдық, итальяндық, финдік, шведтік, қытайлық, сингапурлық кластерлер бар. Украина, Ресей, Белоруссия және Қазақстанды кластерлер жаңадан қалыптасып жатыр.
Өндірістік саясатты даярлау кезінде кластерлерді қолдану механизмі М. Портердің «Ұлттың бәсекелік артықшылықтары» атты кітабы жарық көргеннен бастап кеңінен таралды. Әсіресе оның әйгілі ромб пен даймонды ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетілігін қалыптастырғанда кең қолдана бастады. Экономикалық әдебиеттерде кластерлерді территориялды база негізінді мамандандырылған технологиялардың тізбекпен байланысқан шоғарлануы түсіндіріледі.
Кластерлік теорияның негізін қалаушы болып М. Портер табылады. Ол бұл мәселені 100 мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін зерттей отырып анықтаған. Оның назарын аударған мәселе ол - халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті фирмалардың мемлекет аумағанда жүйесіз орналасқан жоқ. Олар өзара байланысты бәсекеге қабілетті жүйені құрайды.
Бұл кездейсоқ емес:
Бір немесе бірнеше фирма әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болған жағдайда олар өзінің әсерін жақын арада жатқан:жабдықтаушыларға, бәсекелестер мен тұтынушыларға тигізеді.
Айналасының тиімді қызметі компанияның бәсекелестігінің әрі қарай дамуына оңтайлы әсерін тигізеді.
Нәтижесінде кластер құрылады. Бұл өзара тығыз байланысты және бір бірінің бәсекелестілігінің өсуіне көмектесетін фирмалардың жиынтығы.
мемлекеттің барлық экономикасы үшін кластер халықаралық экспансия базасы мен ішкі нарықтың өсу нүктесінің рөлін атқарады.
Әдетте мемлекетте бір кластер құрылғаннан кейін, артынша келесісі де құрылады және сол арқылы елдің ұлттық бәсекеге қабілеттілігі жоғарылайды.
3. М. Портердің кластерлік теориясы
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда кластердің құрылуы мен дамуы басты роль алады.
Оның негізінде «кластер» түсінігі жатыр, яғни ол - өзара байланысты, ұқсас кәсіпорындардың тиімді формаға бірігуі. Ол әлемдік, ұлттық және салалық позицияларды бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді.
М. Портердің айтуы бойынша әлемде барлық сала бойынша бәсекеге қабілетті және барлық уақытта басқа мемлекеттер алдын да өзінің бәсекеге қабілеттілігіндегі артықшылығынның болуын кепілдендірген мемлекет жоқ. Экономиканың дамуы әдетте көптеген элементтерге байланысты болады: тауарлар мен қызметтер нарығы, капитал мен еңбек нарығы. Талдауды айқындау үшін М. Портер өзінің кластерлік теориясына «ромб» схемасын енгізді.
Салалық деңгейде М. Портер жаңа қосымша түсінікті, яғни өзіне компьютерлік ғасырдың сипаттамаларын кіріктіреін «кластер» сөзін енгізді. Ол – блок, пакет деген мағынаны береді. Яғни ол – бәсекеге қабілеттілігі жоғары фирмалардың өзара байланысуы.Сол арқылы ұлттық, әлемдік нарықтарда жетекші орындарға ие болу.
Әсіресе М. Портердің назар аударатыны ол жағымсыз факторлар. Портер жағымсыз жағымсыз факторларды зерттей отырып, оларды шешудің жаңа экономикалық жолдарын табуға болатынына сенімді. Оның айтуынша даму бұл – пайдаланылған артықшылықтар тарихы емес, керісінше жағымсыз факторлармен күрес тарихы.
Ұлттық жағымсыз факторларды дұрыс пайдаланған жағдайда ол инновациялар мен өзгерістерге энергия береді. «Тыныш өмір емес, қысым мен қиындылықтар» фирмалар мен мемлекеттерді даму мен өркендеуге жеткізді.
Ол өз еңбектерінде біреудің тәжиребесін қолдануға қарсы болған, себебі бір мемлекетке тиімді болған саясат, екіншісіне жағымсыз болуы мүмкін.
Өз-өзін бақылау сұрақтары
ҚР ұлттық жүйесі мен экономикасының салалық құрылымы қандай?
Кластерлерді құру мен дамытудың объективті қажеттілігі неде?
М. Портердің кластерлік қағидасы нелерден тұрады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1) Портер М. «Международная конкуренция». М, Международные отношения, 1993г*.
2) Портер М. «Конкурентная стратегия» Пер.с англ. – М. 2006г.
3) Портер М. «Конкуренция» Пер.с англ. Издательский дом, 2002г*.
4) Цихан Т. «Кластерная теория экономического развития» Теория и практика управления. №5, 2003г.
5) Худова Л.Н. Кластерное развитие легкой промышленности отрасли, Алматы 2006
2-тақырып. Кластерлердің мәңі, ұйымдастыру қағидалары және түрлері
Лекцияның мақсаты: Кластерлердің мәңі, ұйымдастыру қағидалары және түрлерін қарастыру
Лекцияның сұрақтары:
1. Бәсекеге қабілетті өнім өндірісіндегі кластерлердің әлеуметтік-экономикалық рөлі.
2. Кластер ұйымдастырудың мәні және қағидалары.
3. Кластерлердің ерекшеліктері, түрлері мен жіктелуі
Лекцияның мазмұны
Әлемдік тәжірибе бәсекеге қабілетті өнімді өндірудег класстерлердің рөлі үлкен екенін көрсетті.
Кластерлер келесі мақсаттарға жету үшін арналған:
- кластерлер қатысушыларныңы бәсекеге қабілеттілігн жаңа технологиялар енгізу арқылы арқылы арттыру.
- Синергия, логистика, инжиниринг және ақпараттық технологиялардың тиімділігін арттыру мақсатында шығындарды төмендету және ғылыми сыйымды өнімнің сапасын арттыру.
- Реформалау және аутсоринг жағдайында еңбекбастылықты қамтамасыз ету.
- биліктің әртүрлі деңгейінде кластер қатысушыларының қызығушылыңы қорғау. Кластер кәсіпорындардың бірігуі ретінде жек кәсіпорынна көп тиім әкелуі мүмкін. Бұл әріптестердің мүмкндіктерін дұрыс пайдалануды мәжбүр етеді.
Бәсекеге қабілеттілік төменнен жоғары беріледі, яғни бір компания сапалы өнім өндіру үшін шикізатпен қамтамасыз етушілерді сапалы шикізат өндіруге мәжбүрлейді..
Бір нарықта бәсекеден жойылмаған компаниялар сыртқы нарыққа шыққанда бірігіп жұмыс істеп, басқаларды ойыннан шығаруға тырысады. Кластердің орталығы болып бір немесе екі ірі компания болып табылады. Бірақ олардың арасында, қайткенмен, бәсекелстік сақталады. Сондықтан, кластерлерді картель немесе қаржылық топтармен шатастыруға болмайды. Сонымен қатар клстерлер мамандандырылған өнім, көп жағдайда қызметк өрсету немесе көмекші өнім, өндіруге жақсы жағдай жасайды.
Кластерлер құрудың негізінде компаниялар арасындағы ақпарат алмасы жатады. Клсатер құрамындағы коспаниялар арасындағы бәсекелестік ақпарат алмасуға кері әсерін тигізуә мүмкін, себебі олардың әрбіреуі өзінің нарықтағы орны туралы ойлайды. Сыртқы нарықта біріккенмен, ішкі нарықта олар бәсекелестер болып табылады.
