Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция 6 Құқық түсінігі (1).doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137 Кб
Скачать
☆

2,23 Е.Н. Трубецкой (1963-1920) (Құқықтың пайда болуы туралы тарихи мектеп) е.Н. Трубецкой. Құқық энциклопедиясы

Осы курс шеңберінде құқықтың пайда болуы туралы мәселе тек жалпылама түрде ғана қойылуы мүмкін екені өзінен өзі түсінікті; сірә, біз мұнда құқықтық белгілі бір нақты институттарының немесе нормаларының шығуы мен дамуын зерттей алмаспыз және оған міндетті де емеспіз, өйткені ол – энциклопедияның емес, құқықтың жалпылама тарихының міндеті: энциклопедияда бізді жалпы құқық деген қалай пайда болады, құқықты тудыратын себептер, күштер қандай дейтін мәселелер қызықтыруы тиіс.

Осы мәселенә шешу барысында қалай болғанда да тарихи мектептің ілімінен санасу қажет.

Теориялық уәждер мен кертартпалық практикалық үрдістердің үйлесуін тарихи мектептің негізін салушы, Геттинген профессоры Тугодан-ақ [77 б.] көруге болады. Оның үйретуінше, құқық – заң шығарушының жасанды туындысы емес, оны адамдар ойлап тауып, қалай болса солай орнықтыра салған да емес, қайта ол - әлдеқайда терең тарихи себептердің тиісті нәтижесі. Тіл мен әдет-ғұрып секілді, құқық табиғи түрде, өзінен өзі дамиды; оның бағытын елеулі түрде өзгерте алмайды. Жазба заңнамамен қатар халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салттары мен көзқарастары бейнеленетін кәдімгі құқық та бар; осы ғасырлық салт-дәстүрлермен есептескісі келмеген заң шығарушы шарасыздыққа ұрынары сөзсіз [78 б.]...

Савиньид34 жазуынша құқық та, тіл сияқты, ықтиярсыз, бейсана дамиды; тіл сияқты, ол белгілі бір халықтың рухын бейнелейді. Заң шығарушы тілдің заңдарын, оның грамматикасын өзгертуге қандай дәрменсіз болса, құқықты да дәл солай қайта жасай алмайды. Құқық ұлттық, жалпыхалықтық сенімдерді бейнелейді және, грамматиканың заңдары сияқты, жекелеген адамдардың саналы әрекетінен тәуелсіз түрде қалыптасады. Құқықтың дамуы – жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің дамуы тәрізді қажетті үдеріс. Бастапқыда халықтың санасында туатын құқық, мәдениеттің дамуына байланысты, заңгерлер арқылы жасала бастайды. Бірақ ол сонда да халық өмірінің табиғи тұтастығының бір бөлігі болудан жазбайды: заңгерлер – құқықты жасаушылар емес, тек қана ұлттық сарасананы білдірушілер ғана. Сондықтан құқық жалпылай және жер-жердің бәрінде заң шығарушының өктемдігімен емес, елеусіз әрекет ететін ішкі күштердің ырқымен жасалады. Оның дамуы – табиғи өсудің үдерісі, ол да өсімдіктің дамуы сияқты ауыртпалықсыз, күрессіз, халық сенімінің баяу, біртіндеп пісіп-жетілуі арқылы табиғи түрде жүреді.

Савиньи мен Гуго сияқты, Пухта да құқықты халық сарасанасының көрінісі деп атайды; ол да адам баласының еркін творчествосының құқықты қалыптастыруға қандай болсын қатынасы барын теріске шығарады...

Ескі тарихи мектеп өкілдерінің бұл көзқарастары шындықпен көрінеу қайшы келеді: адамның еркін іс-әрекетінің мәні көптеген тарихи фактілерден өте айқын байқалады. ... Шынында, егер құқықтың ешбір ауыртпалықсыз, табиғи түрде дамуы туралы Савиньи мен Пухтаның ілімі дұрыс болса, онда кей-кейде дәурені жүріп тұрған құқықтық тәртіп негіздерінің тас-талқанын шығаратын зорлықшыл төңкерістер мүмкін болмас еді. Егер құқық эволюциясы халық рухының таубітті бастауларының дамуы болса, онда бір халықтардың құқықтық түзелістерін екінші халықтардың меншіктеп пайдалануы мүмкін болмас еді [79 б.].