- •2,21 В. М. Хвостов (1868-1920) (Мемлекеттің пайда болуына септесетін факторлар) в.М. Хвостов. Құқықтың жалпы теориясы. Қарапайым очерк.
- •2,22 Г.Ф. Шершеневич (1863-1912) Мемлекеттің пайда болу әдістері Құқықтың жалпы теориясы
- •2,23 Е.Н. Трубецкой (1963-1920) (Құқықтың пайда болуы туралы тарихи мектеп) е.Н. Трубецкой. Құқық энциклопедиясы
- •2,24 Н.М. Коркунов (1853-1904) (Құқықтық туралы көзқарастардың психологиялық тұрғыдан алғандағы дамуы) н.М. Коркунов. Құқықтың жалпы теориясы бойынша лекциялар
- •3.1. Сартаев с.С., Нұрпейісов д. «Мемлекеттің белгілері»
- •3.2. Сартаев с.С., Нұрпейісов д. «Мемлекеттің түсінігі»
- •3.3. Сартаев с.С., Нұрпейісов д. «Мемлекет егеменігі мемлекетке тән басты белгі»
- •29. Құқықтың мәні және оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі.
- •30. Әлеуметтік және техникалық нормалар. Әлеуметтік нормалардың түрлері.
29. Құқықтың мәні және оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі.
Құқық мәні туралы айтпастан бұрын заңдық мағынада оның түсінігін анықтау қажет.
Құқық – мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалді анықталған заңдық нормалар жүйесі.
Құқық анықтамасынан шығып оның келесі белгілерін бөліп көрсетуге болады:
мемлекетпен байланысы – құқық қоғамнан емес мемлекеттен туындайды, қоғам еркінің емес мемлекет еркінің жүзеге асырылуы ретінде, яғни билік басында тұрған саяси күштердің мемлекеттік еркі; тек мемлекет арнайы құзырлы орган атынан құқық нормаларын қабылдай алады;
жалпыға міндеттілік – құқық жалпы сипатқа ие, құқық нормалары олардың алдын ала көрсеткен жағдайына тап болғандардың барлығына және әр қайсысына бағыталған; құқықтық норма кімге бағытталса соларға орындау үшін міндетті, құқықтық норма талаптарын орындамаған жағдайда заңдық жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қолданылуы мүмкін;
формальды анықталғандық – құқық нормалары нақты құрастырылған және жазбаша нысанда бекітілген, жүйеленген түрде заңдарда, жинақтарда, прецеденттерде берілген, осы арқылы құқық тағдырлық өзгертулерден қорғалып, оның белгілі бір тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Құқықтың мәні дегеніміз қоғамдағы тағайындалуын және шынайы табиғатын өрнектейтін негізгі ішкі, қатысты тұрақты сапалық тұғыры. (Мемлекет және құқық теориясы. ред. жетек. Лазарев В.В. Оқулық. – М., 1994, 119 бет)
Құқықтың мәнін қарастырғанда келесі екі аспектіні ескеру қажет:
қандай да құқық бәрінен бұрын қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылатындығы;
кімнің мүддесін білдіретіні және қорғайтыны.
Құқықтың мәніне деген таптық және жалпы әлеуметтік көзқарастар бар:
1.Таптық қөзқарас, онда құқық экономикалық үстем таптың заңдастырылған еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар жүйесі ролін атқарады.
2.Жалпы әлеуметтік көзқарас бойынша құқық қоғамның әр түрлі топтарының, таптардың арасындағы келістіруші ролін атқарады.
Осы тұрғыдан құқықтың діни, ұлттық, нәсілдік және тағы да басқа мәні болатындығын атап өту қажет. Құқық мәнін анықтайтын нормативистік, табиғи-құқықтық, тарихи-материалистік, социологиялық теориялар бар.
Дегенмен де, құқық түсінігі тәріздес, оның мәнінің де жан-жақты көп қырлы екендігін естен шығармауымыз қажет. Ол тек таптық және жалпы әлеуметтік бастаумен ғана сабақтаспайды.
Қоғам және мемлекет өміріндегі құқықтың рөлі, оның тағайындалуы реттеушілік және қорғашы функциялар арқылы көрініс табады. (Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттке келтірудегі құқықтың рөлін өрнектейтін, құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары.)
Құқық қоғамдық қатынасты реттеуші ретінде, бірінші кезекте қоғам мен мемлекет үшін әлдеқайда құнды әлеуметтік байланыстарды дамытуға ықпал етуді көздейді. Реттеуші функциясын, ережеге сай көтермелеу, шегерімдер, рұқсат беру, ұсыныс білдіру сияқты құқықтық стимулдар қамтамасыз етеді. Олардың белсенділігі, бастамалығы, ыждағаттылығы үшін кең өріс аша отырып, тұлға мүдделерін қанағаттандыруға әсер етеді.
Егер қоғамдық қатынастардың дамуына белгілі бір кедергілер кауіпі төнсе, онда міндеттер, тыйымдар, жазалар сияқты құқықтық шектеулер арқылы жүзеге асатын қорғаушы функция іске қосылады. Қорғаушы функция реттеуші функциядан туындайды және оны қамтамасыз етуге арналған немесе қандай да әлеуметтік байланыстардың дамуының қалыпты үрдісі бұзылған жағдайда қорғау және сақтау әрекет етеді.
