Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ каз 2012 нов.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
666 Кб
Скачать
☆

10.1 Сурет – Химиялық барлаудың әскери құралы

ХБӘҚ жұмысының қағидасы келесі көрсетілгендей: талдауға алынған ауа индикаторлы тұрба арқылы өткен кезде тұрбаны толтырып тұрған сұйықтық түсін өзгертсе, онда ауаның құрамында зиянды заттардың бар екені анықталынады, осыған байланысты зиянды заттардың концентрациясын шамамен анықтауға болады.

Индикаторлы тұтік (ИТ) зиянды заттарды анықтауға арналған және ол ішіне сұйықтық пен реактивтермен шыны амплуа орналастырылған дәнекерленген шыны тұрба болып табылады (10.2 сурет). ИТ жоғары бөлігінде зиянды заттың түрін анықтауға арналған шартты белгі орналастырылған: қызыл сақина мен қызыл нүкте GB, GD, VX анықтауды, ал үш жасыл сақина CG, AC,CK анықтайды, бір сары сақина HD анықтайды.

а-GB (зарин), GD (зоман) және Ви-Экс(VX): 1тұрба корпусы, 2-мақталы анжы, 3 – толтырғыш, 4 – реактивтермен амплуа; б-CG (фосфоген), AC (нілдегіш қышқыл), CK (хлорциан); в-HD (иприт).

10.2 сурет – Зиянды заттарды анықтауға арналған индикатор құбыры

Оң бірлей маркирленген ИТ қағаз кассетада орналастырылады. Кассетаның бет жағында колиметрлік түсті эталоны бар, ИТ жұмысының тәртібі туралы қысқаша мәліметтер, шыққан мерзімі және сақтау жылы көрсетілген.

1 – насостың басы, 2 – насостың цилиндрі, 3 – насостың тұтқасы, 4 – амплуаны ашқыш.

10.3 Сурет – Қолмен жұмыс істелінетін насос

1 – пышақ, 2 – ИТ қондыруға арналған ұя, 3 – ИТ соңғы бөліктерін сындыруға арналған тереңдік.

10.4 Сурет – Насостың басы

Поршен түрдегі насос (10.3 сурет): ИТ арқылы ауаны өткізуге арналған. Қондырғыдағы насостың тұтқасы мен басының көмегімен ИТ шашып, ондағы амплуаны сындырады. Зиянды заттарды анықтауда насостың тербелу жиілігі 1минутта 50-60 болу керек.

Насосқа арналған саптама (10.5 сурет) зиянды заттардың топырақтағы, техникадағы және басқалардағы құрамын анықтайтын құрал жұмысына арналған.

1 – корпус, 2 – воронка, 3 – шыны цилиндр, 4 – гайка, 5 – қысқыш сақина, 6 – ысырма.

10.5 Сурет – Насосқа арналған саптама

1 – датчик, 2 – КН-22 аккумулятор батареялармен жұмыс істейтін жәшік, 4 – төзімді сигнализацияның пульті, 5 – төзімді сигнализацияның пультіне қосатын кабель, 6 – индикаторлы құралдар, (2 жиыны), 7 – қордағы бөліктер мен қажетті заттардың жиыны, 8 – эксплуатациялық құжаттар.

10.6 Сурет - гсп-11 автоматты газды сигнализатордың жиыны

Түтінге қарсы сүзгіштер түтіндегі немесе ауадағы зиянды заттарды анықтауға арналған, Зиянды заттар әсерінің алдын алуға арналған саптаманы сақтау үшін қорғаныс қақпақшалары қолданылады, олар полиэтиленнен жасалынады және ауа өтуге арналған саңылауы болады.

Жылытқыш (грелка) ИТ ауа температурасы төмен болғанда жылыту үшін қолданылады. Ол металды гильзадан, мыс хлоридінің ерітіндісі бар ампуладан және пластмасс қалпақшадан тұратын химиялық патронның көмегімен іске қосылады. Гильзаның түбіне магний порошогы себілген және оның бетін міндетті түрде сүзгіш қағаздан жасалынған прокладкамен жабамыз. Пластмассалы қалпақша полистирилді пленкамен жабылған орталық саңылауы бар түрде болады. Бұл саңылауға патронды пайдалану кезінде амплуаны сындыруға арналған штыр енгізіледі.

ХБӘҚ жұмысын бастау үшін алдын ала оның жиыны, насос және басқа қажетті құрамдас бөліктердің жұмысқа жарамдылығын тексеру керек. ИТ кассеталары жоғарыда қызыл сақинасы бар тұрбаны, содан кейін үш жасыл сақинасы бар тұрбаны және астыңғы бөлігіне сары сақинасы бар тұрбаны орналастырады.

Ауада зиянды заттардың болу жағдайында противогаз киіп, ауаны ИТ көмегімен зерттейді. Зерттеулерді қызыл сақиналы тұрбамен,к содан кейін жасыл сақиналы тұрбамен соңында сары сақиналы тұрбамен зерттейді.

ИТ ашу үшін насосты сол қолына алып, ал тұрбаны аң қолына алып, ИТ екі жағын кесу керек және насостың басында орналасқан пышақтың көмегімен кесілген бөліктерді насостың басындағы арнайы тереңдіктің көмегімен сындырамыз. Амплуадағы ИТ насостың тұтқасында орналасқан амплуаны ашатын штырлердің көмегімен сындырылады.

Қызыл сақинасы мен нүктесі бар тұрбаның жұмысында ФОБ зиянды концентрациясын анықтайды, ал жағымсыз қорытынды алынған кезде-қауіпсіз.

Зиынды концентрациялардағы ФЗЗ анықтауға арналған қажетті құралдар жұмысының сатысы: кассетадан қызыл сақина мен нүктесі бар екі ИТ алып, екі соңғы жағын ашып, екі ИТ амплуасын сындырып, ерекшеленген бөліктерінің соңын қолға алып, бір уақытта 2-3 рет сілкіп, бақылау тұрбасындағы толтырғыш түсінің өзгерісін бақылаймыз.

Тұрбадағы қызыл түс егер түсін өзгертпесе, онда концентрацияда ФЗЗ бар, ал егер сары түске өзгерсе, онда концентрацияда ФЗЗ жоқ.

Зиянсыз концентрациядағы ФЗЗ анықтауда жұсы тәртібі өзгеріссіз қалады, бірақ насостың шайқалуы ұлғайып, 2-3 минуттан кейін ИТ амплуа сынады.

Егер тұрба сынғаннан кейән сары түс пайда болса, онда ауада қышқыл заттардың бар екеніне куәландырады. Бұл жағдайда түтінге қарсы сүзгішті пайдаланып, ФЗЗ анықтаймыз.

Үш жасыл сақиналары бар индикаторлы тұрбалармен жұмыс жасағанда ИТ ашып, ондағы амплуаны сындырып, 10-15 минут насоспен шайқап, касетадағы үлгідегі түспен тұрба толтырғышының түсін салыстырамыз.

Бір сары сақинасы бар ИТ жұмысында тұрбаны ашып, 60 рет насоспен шайқап, 1 минуттан кейін касетадағы үлгідегі түспен толтырғыштың түсін салыстырамыз.

Тұрғылықты жерлердегі, техникадағы зиянды заттарды анықтау ауаның зиянды заттарын анықтауға ұқсас болады, бірақ оның бір ерекшелігі саптаманы қолдануда. Саптама воронкасына қорғаныс қалпақшасын кигіземіз, ал қысқыш сақина ашық қалпында болады. Қорғаныш қалпақшасы кигізілген және бұрандамалы саптамасы бар ИТ насосын зерттелініп отырған бетке басып, ауа айдайды.

Түтіндегі зиянды заттарды анықтау үшін воронка саптамасын қысқыш сақинамен бекітілген түтінге қарсы сүзгішті қолданады.

Топырақтағы зиянды заттарды анықтау үшін әр түрлі беттердегі зиянды заттарды анықтауға арналған құралды дайындағандай етіп әзірлейміз, содан кейін саптама воронкасына кигізілген қалпақшаға күректің көмегімен топырақты шашамыз. Воронканы түтінге қарсы сүзгішпен жауып, қысқыш сақинамен бекітеміз. Ауаны өткізген кезде воронканы төмен қаратып насосты ұстап тұрамыз. Зиянды заттарды байқауға алғаннан кейін қорғаныс қалпақшасы мен сүзгішті лақтырып тастаймыз.

2. НЫСАНДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ БАҒАЛАУ. Химиялық ахуал ретінде шаруашылық объектісінің қызметіне, АҚ күштерімен халыққа әсер ететін, жердің ҚӘУЗ-мен химиялық зақымдану салдарынан болған апатты жағдайды айтады.

Химиялық ахуал ҚӘУЗ төгілуі немесе химиялық зақымдану аймағы мен химиялық зақымдану ошақтары пайда болатын химиялық қаруды қолдану кезінде болады.

Химиялық ахуалды бағалауға мынылар кіреді:

  • химиялық зақымдау көлемі мен сипатын анықтау;

  • олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін талдау;

  • адамдардың зақымдануын болдырмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нұсқаларын іріктеу.

Химиялық ахуалды бағалау болжау әдісімен, барлау мәліметтері бойынша жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінде химиялық ахуалды бағалауды радиациялық және химиялық қорғану (РХҚ) нүктелері жүргізеді.

Химиялық ахуалды бағалаудың бастапқы мәліметтері:

  • ХБӘҚ, түрі мен көлемі, қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі;

  • улы заттардың шығарылуы (төгілуі), химиялық қарудың қолдану ауданы мен уақыты;

  • адамдардың қорғану деңгейі;

  • жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстардың сипаты.

  • ауа райы (жер бетінің қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикалдық тұрақтығылығының деңгейі).

Ауаның вертикалдық тұрақтығылығының деңгейін шамамен ауа райын бақылау арқылы анықтауға болады.

Ауаның вертикалдық тұрақтылығы 3 деңгейге бөлінеді: инверсия, изотермия, конвекция.

Химиялық және радияциялық бақылау орындарынан түсетін метеоберілгендер 4 сағаттан жиі болмауы керек. Жерга жақын ауа қабатының тік төзімді деңгейі берілген кестедегі ауа райы бойынша анықталуы мүмкін.

Өндірістік апат кезінде ҚӘУЗ қалдықтарымен немесе химиялық оқ-дәрілер әсерінен уланған бұлт пайда болады, ол алғашқы деп есептелінеді. Бұл бұлттың құрамы ҚӘУЗ қасиетінен немесе оқ-дәрілер жағдайына байланысты болады. .

Жерге жақын желдің бағыты

Жел жақ

ық жақ

кент

қала

а б

Сурет 2.7 –химиялық уланған аймақ сызбасы: а – УЗ и б – ҚӘУЗ химиялық уланған ошағымен

Аэрозольдік бөлшектермен тамшылардың булануы кезінде уланған жерлермен бірге қосымша бұлт пайда, ол тек қана будан тұрады. Соған байланысты химиялық уланғандарды алғашқы және қосымша деп бөледі. Алғашқы химиялық улану кезінде ауа, аумақ, адамдар мен техника уланады, ол қорғалмаған адамдарды тікелей улаудың себебі болып табылады.

Адамдарды қосымша химиялық улау ол уланған аумақтармен нысандармен байланыс кезінде болуы мүмкін. Техника мен көліктің қосымша химиялық улануы уланған аумақтардан өту кезінде болуы мүмкін. Соған байланысты ірі өндіріс апаттары салдарынан немесе химиялық оқ-дәрілерді пайдалануға байланысты химиялық уланған аумақтармен химиялық улану ошақтары пайда болу мүмкін. (сурет 2.7).

ҚӘУЗ бар нысандардағы химиялық жағдайларды бағалау арнайы қорғалған дамдардың көмегімен жүзеге асырылады, яғни олар химиялық уланған аумақтарда бола алады және оған мыналар кіреді:

  1. Ұшақтар саны мен көлемі (бір, екі және топ);

  2. УЗ түрі және оларды қолдану;

  3. Метеожағдай (жерге жақын жел бағыты мен жылдамдығы);

  4. Аумақ сипаты.

Уланған ауа бұлты α мен әуеге таралу ауданын қолдана отырып, химиялық улы заттарды қолдану аумағының ауданын есепке ала отырып аумақ ұзындығына зақымданған аумақ тереңдігін көбейте отырып химиялық уланған аумақ көлемін мына формуламен анықтаймыз, км2.

Sз=Г∙(L+ α) (2.1)

где Sз – химиялық уланған аумақ ауданы, км2;

Г – уланған аумақ тереңдігі;

L – уланған аумақ ұзындығы;

α – ауаның тік төзімділігінің коэффиценті:

- инверсия кезінде α=0,05Г;

- конвекция кезінде α=0,1Г;

- изотермия кезінде α=0,08Г.

Химиялық ҚЗ нысандарында жұмыс істеу кезінде және соған байланысты ҚЗ сақтау үшін сыйымдылығы бар немесе сыйымдылықты бұзу мен зиянды және қауіпті заттарды төгіп алу 2.2 формуласымен анықталады. Химиялық уланған аумақ ауданы Sз тең бүйірлі ұшбұрыштың ауданы сияқты қолданылады, яғни ол уланған ауаның таралу тереңдігінің уланған аумақ еніне қатынасының жартысына тең:

Sз= Г×Ш (2.2)

где Sз – площадь Химиялық уланған аумақ ауданы, км2;

Ш – химиялық уланған аумақ ені, км,келесі қатынас бойынша анықталады: инверсия кезінде Ш=0,03·Г; изотермия кезінде Ш=0,15·Г; конвекция кезінде Ш=0,8·Г;

Г – 2 және 3 қосымшаларында келтірған кестелік шама, қатты әсер ететін уланған ауа бұлттарының таралу тереңдігі.

Инверсия әдетте шамамен күн батардан бір сағаттай бұрын кешкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін бір сағаттың бойында бұзылады.

Инверсия кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғарғы қабаттарынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және бастаған жинақталған ауаның сақталу үшін аса қолайлы жағдай жасайды.

Изотермия ауаның теңдігімен сипатталады. Изотермия кезінде жердің 20-30 метр биіктік шегінде ауаның температурасы жердікімен шамалас. Ол жауын-шашынды ауа райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертеңгі және кешкі уақыттарда инверсиядан конвекцияға (таңертең) және керісінше (кешкі) көшпелі күй ретінде пайда болуы мүмкін .

Конвекция әдетте күн шыққаннан кейін 2 сағаттан соң пайда болады және шамамен күн батардан 2-2,5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғарғы қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез таралуына және оның зақымдағыш әсерінің азаюына ықпал етеді.

Ауаның жер бетіндегі қабатының вертикалдық тұрақтылық деңгейі кесте көмегімен ауа райы болжамының мәліметтері бойынша анықталуы мүмкін.

Жел жылдамдығы м/с м/с

Түн

Күн

ашық

бұлыңғыр

бұлтты

ашық

бұлыңғыр

бұлтты

0,5

Инверсия

Конвекция

0,6…2

2,1…4

Изотермия

Изотермия

Более 4

2.8 сурет – Берілген ауа райы бойынша ауауның тік тұрақтылық дәрежесін н бағалауға арналған кесте

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ РЕТІ

1. БОЛУ МҮМКІНДІГІ БАР УЛАНҒАН ОШАҚТАР ШЕКТЕРІМЕН ХИМИЯЛЫҚ УЛАНҒАН АУМАҚ АУДАНЫН АНЫҚТАУ. Әуе жолын қолдана отырып химиялық улану кезіндегі химиялық уланған аумақ ауданы мен мөлшері.

ТЖАҚ күштерімен химиялық заттарды қолдану құралдары анықталады. ЗҚ типтері ТЖАҚ химиялық барлаушылар құралдарымен ғана (ПХР тасымал құралдарымен) немесе зертханалық бақылау құралдарымен анықталады.

МЫСАЛЫ:Құю жолы арқылы түнгі уақытта екі F-4 ұшағы арқылы химиялық улану жүргізілді. ҚЗ ви-икс табылып отыр. Метеожағдай бұлыңғыр, жел жылдамдығы 3 м/с. Жергілікті жер ашық. Химиялық уланған аумақ ауданын анықтау.

ШЕШІМІ: 1. Кесте бойынша (сурет 2.8) ауаның тік төзімділігі анықталады. Бұлыңғыр ауа-райы кезінде, жел жылдамдығы 3 м/с, изотермия бақыланады.

2. Кесте бойынша (қосымша 2) екі ұшақ F-4 үшін уланған аумақ ұзындығын табамыз L=4 км, ал кесте бойынша (қосымша 3) тереңдігі Г=10 км.

3. Химиялық уланған аумақ ауданын 2.1 формуласы бойынша анықтаймыз.

Sз=10·(4+0,08·10)=48 км2 (изотермии үшін α=0,08Г=0,08·10=0,8 км).

2. ХИМИЯЛЫҚ УЛАНУ АУМАҒЫНЫҢ АУДАНЫ МЕН КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ Химиялық улану аумағының көлемі нысандағы ҚӘУЗ санына, физикалық және уытты қасиеттеріне, сақталу уақытына, метеожағдайға жергілікті жердің құрылысына байланысты

МЫСАЛЫ. Нысанда 10т аммиакы бар сыйымдылық бұзылды. Түнгі уақыттағы химиялық уланған аумақтың ауданымен көлемін анықтау. Жергілікті жер ашық. Метеожағдай ашық, жел жылдамдығы 3 м/с.

ШЕШІМІ: 1. Кесте бойынша (сурет 2.8) ауаның тік төзімділігі анықталады. Метеожағдай– инверсия.

2. 4 қосымша бойынша 10 т аммияк үшін 1 м/с жел жылдамдығы кезіндегі уланағн ауа таралуының тереңдігін табамыз, ол қатты әсер ететін концентрация үшін 4,5 км тең. 3 м/с желдің жылдамдығы үшін, инверсия үшін жүзету коэффиценті 0,45 тең. Уланған ауа бұлтының таралу тереңдңгң қатты әсер ететін шоғырланумен бірге Г = 4,5 0,45 = 2,02 км.

3. Инвнрсия кезіндегі химиялық улану аумағының енін анықтаймыз:

Аумақ ені.

Ш = 0,03Г = 0,03 ·2,02 = 0,06 км.

4. Химиялық уланған аумақ ауданы мына формуламе анықталады км2.

3.АНЫҚТАЛҒАН НЫСАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ УЛАНҒАН АУАНЫҢ ТАҚАЛУ УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ. ). Белгілі бір нысанға келетін уланған ауа бұлтының тақалу уақытын t анықтау үшін нысанға дейінгі ҚӘУЗ төгілу орнынан R қашықтығын, м, ауа ағынымен берілетін орташа жылдамдыққа W бөлеміз, м/с. Уланған ауа бұлтының орташа жылдамдығы 2.1. кестесі бойынша анықталады. Уланған ауа бұлты қай жерде жел жылдамдығы жоғары, яғни биіктікте таралады. Осыған байланысты таралу уақыты 1 м биіктікке қарағанда онда жоғары болады

Таблица 2.1 – Заттармен уланған бұлттың орташа көшу жылдамдығы, м/с

Жел жылдамдығы, м/с

инверсия

изотермия

Конвекция

R<10 км

R> 10 км

R< 10 км

R> 10 км

R< 10 км

R>10 км

1

2

2,2

1,5

2

1,5

1,8

2

4

4,5

3

4

3

3,5

3

6

7

4,5

6

4,5

5

4

-

-

6

8

-

-

5

-

-

7,5

10

-

-

6

-

-

9

12

-

-

МЫСАЛЫ. Халық тұратын аумақтан 9 км жерде орналасқан нысандағы апаттың салдарынан аммияты төмендететін коммуникация бұзылды. Метеожағдай: изотермия, жел жылдамдығы 5 м/с. Халық тұратын жерге дейін уланған ауа бұлтының жету уақытын анықтау

ШЕШІМІ:2.1 кесте бойынша изотермия үшін және жел жылдамдығы V1 = 5 м/с, W = 7,5 м/с уланған ауа бұлтының орташа көшу жылдамдығын табамыз . Халық тұратын жерге уланған ауа бұлтының жетуі:

мин

4. ҚӘУЗ ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ. Химиялық улану ошағындағы ҚӘУЗ әсер ету уақыты ҚӘУЗ төгілу кезінен булану уақытына қарай анықталады. Уақыт, мин, сұйықтықтың булануы tисп резервуардағы сұйық салмағын бөлшектерге бөлу арқылы G1 булану жылдамдығына қатынасымен анықталадыСисп.

Белгілі бір шарттар үшін кейбір ҚӘУЗ булануларының уақытын есептеуге болады. (кесте 2.2). Химиялық улану ошағындағы ҚӘУЗ қатты әсер ету уақытын анықтау үшін булану уақыты қолданылады. 2.2 кестедегі көрсеткіштерге қарағанда, жоғарғы жылдамдықтағы жел үшін түзелілген коэффиценттер енгізіледі. (кесте 2.3).

Кесте 2.2 – Кейбір ҚӘУЗ булану уақыты, сағ., (жел жылдамжығы 1 м/с)

ҚӘУЗ

Сақтау орны

Құламаған

Құлап қалған

Хлор

1,3

22

Фосген

1,4

23

Аммиак

1,2

20

Күкіртті ангидрид

1,3

20

Күкіртті сутек

1

19

Кесте 2.3 – Желдің әртүрлі жылдамдығы кезіндегі ҚӘУЗ булануының уақыты үшін түзетілген коэффицент

Жел жылдамдығы, м/с

1

2

3

4

5

6

Түзету коэффициентері

1

0,7

0,55

0,43

0,37

0,32

МЫСАЛЫ. Нысанда жарылыстың әсерінен аммиак сыйымдылығы құлаған. Жел жылдамдығы 3 м/с. Төгілген аммиактың жайылу уақытын анықтау.

ШЕШІМІ: 1. 2.2 кестесі бойынша 1м/с жел жылдамдығы кезіндегі аммиак жайылу іс-әрекеті 20сағ. тең. находим,

2. 3м/с жел жылдамдығы үшін түзету коэффицентін табамыз, ол 0,55 тең (кесте 2.3).

3. Аммиактың әсер ету уақыты 20 сағқұрайды, ал·0,55 үшін=11 сағ.

5. Химиялық әсер ету ошақтарындағы адамдардың жоғалу мүмкіндігін анықтау.

Жұмыскерлердің, қызметкерлерді және жақын маңда тұратын адамдардың, сонымен бірге АҚ қалпының жеке құрамының жоғалуы ошақ ауданында қалған адам санына, олардың қорғалу дәрежесіне және алғашқы қорғану құралдарын қолдануларына байланысты

Зақымданғаг ошақ маңайнда қалған жұмыскелер саны олардың қалған ғимараттар, цехтар, аудандарының санына байланысты, халықтың санына байланысты саналады. Адамдардың жоғалу мүмкіндігі 2.4 кестесі бойынша анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]