- •1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын интеграциялық байланыс негізінде қалыптастырудың теориялық негіздері
- •1.1 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселелерінің теориялық зерттелуі
- •1.2 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мәні
- •1.3 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы интеграциялық байланыстың орны және дүниетану пәнінің мүмкіндіктері
- •2 Оқушылардың дүниетанымын интерграциялық байланыс негізінде қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік эксперимент
- •2.1 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымының қалыптасу деңгейінің диагностикасы
- •2.2 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру әдістемесі
- •Сауалнама нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасалды:
- •Диагностикалық эксперименттің әдістеме бойынша нәтижелері
- •1 Кесте
- •Оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымын интеграциялық байланыс негізінде қалыптастырудың жолдары
- •Дүниетану, 4-сынып
- •Дүниетану, 4-сынып
- •Дүниетану, 4-сынып
- •4) Экологиялық ұғым берудегі бейнелеу өнері арасындағы байланыстар:
- •5) Экологиялық ұғым берудегі музыка пәнаралық байланысы:
- •6) Экологиялық ұғым берудегі еңбек сабағымен пәнаралық байланысы:
- •7) Экологиялық ұғым берудегі денешынықтыру пәнаралық байланысы:
- •2.3 Интегациялау арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру экспериментінің нәтижелілігі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •1. «Қорғалжын тобы»
- •2. «Марқакөл» тобы
- •3. «Барсакелмес» тобы
- •4. «Наурызым» тобы
2 Оқушылардың дүниетанымын интерграциялық байланыс негізінде қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік эксперимент
2.1 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымының қалыптасу деңгейінің диагностикасы
Ғылымда дүниетанымның диалектикалық бірлігі – «табиғат – қоғам – адам ойының» жүйелілік бірлігімен айқындалады. Осыған байланысты дүниетанымның өзекті тірлігінің бірі – табиғат болғандықтан, жаратылыстану ғылымдарының өзара байланыс әрекеттері туралы білім меңгерілуі керек. Сондықтан жаратылыстану пәндерімен білім беруді әдіснамалық жағынан негіздеуді айқындау – дидактикалық заңдылық болып табылады.
Жаратылыстану жүйесіндегі пәндер: біріншіден, оқушыларға тірі және өлі табиғат туралы; екіншіден, дүниенің материалдық бірлігі туралы; үшіншіден, табиғат байлығы туралы; төртіншіден, табиғат байлықтарын адамға, адам өміріне және шаруашылыққа пайдалану туралы білім берумен сипатталады.
Білім мазмұнының қазіргі жүйесінің бір арнаға тоғысуы және өзара байланысы ғылымның алдымен жеке адамның даму, қалыптасу теориясымен байланыстылығы адамның интелектілік өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттың байлық көзінің бірлігін, тұтастығын көрсетеді.
Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың қазіргі ғылыми танымын арттыру технологиясы ретінде жүйелі ойлау ептіліктерін дамытудың маңызы зор. Оқушыларда жалпылама пәнаралық түсініктерін қалыптастыру интеграциялық байланысты құрудың соңғы кезеңін қамтиды. Интеграциялық байланысқа сүйене отырып, оқушыларда ойлаудың жаңа тәсілі пайда болып, жалпылық негізінде жекені талдау, жекелерден жалпыны көре білу қабілеттері қалыптасады. Күрделі мәселелерді шешудің жаңа жолдарын табу, білімді кешенді түрде пайдалану біліктерінің қалыптасуы да интеграциялық байланыс арқылы жүзеге асырылады. Интеграциялық байланыс негізінде оқытудың нәтижелілігі оқушылардағы интеграциялық мәселелерді өз бетінше шешу әртүрлі оқу пәндерінде интеграциялық байланысты қолдануды саналы түрде жүргізу кезінде көрінеді [ ].
Бастауыш мектептегі білімдер жүйесі өзінің мазмұны жағынан комплексті болып келеді. Білімдер жүйесінің мәні және игерілуі пәнаралық деңгейде жүзеге асырылуы – оқушыларда ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы дұрыс түсінік қалыптастырудың бір-бір жолы. Интеграциялық байланыстар оқушылардағы теориялық білімдерді іс-жүзінде қолдануға мүмкіндік бере отырып, ғылымның сан алауан салалары туралы кең, ауқымды ой-өрісі бар адамды тәрбиелеуге жол ашады. Оқушылардың толыққанды білім ала отырып, бүкіл танымдық қызметін дамытуға, дүниетанымын қалыптастыруға тікелей ықпалдар мен жағдайлар жасайтын процесс - пәнаралық байланысты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие барысында тиімді пайдаланудың маңызы зор.
Сондықтан зерттеу барысында оқушылардың дүниетанымының қалыптасуының үш деңгейін пайдаландық: төменгі, орташа, жоғары
Төменгі деңгей белгілі бір көлемде теориялық білімнің толық еместігімен, күрделі емес тапсырмаларды орындауда өз бетінше жұмыс істеуімен, оқушылардың оқуға тиісті көңіл қоймауымен сипатталады.
Орташа деңгей білім негізінің болуы, оқушылардың білімге, өз бетінше жұмысқа құштарлығының қалыптасуы, орта дәрежедегі тапсырманы игеру және оны орындай алу қабілеті арқылы анықталады. Яғни оқушылардың оқу танымдық белсенділігі даму үстінде деп саналады.
Жоғарғы деңгей терең теориялық білімнің болуы, өз бетінше жұмысқа деген қажеттіліктің қалыптасуы арқылы танылады. Яғни, оқушылардың оқу – танымдық белсенділігі жеткілікті дережеде дамығандығымен сипатталады.
Педагогикалық тәжірибелік эксперимент екі кезеңнен тұрады:
анықтаушы;
қалыптастырушы.
Диагностикалық тексеру дүниетану пәні бойынша оқушылардың дүниетанымын интеграциялық байланыс негізінде қалыптастыру мәселесінің жағдайын білу мақсатында Астана қаласының №4 мектебінің 4 «а» және 4 «б» сыныптарында жүргізілді.
№1 әдістеме.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сауалнама.
Мақсаты: мұғалімдердің интеграциялық байланыстың атқаратын қызметін және оны жете түсінуін анықтау.
Интеграциялық байланыстың педагогикалық, психологиялық ролін қалай түсінесіз?
Оқу – тәрбие процесінде интеграциялық байланыстың тиімділігін арттырудың қандай жолдары бар деп есептейсіз?
Интеграциялық байланыс проблемасы бойынша қандай ғалымдардың еңбектерімен таныссыз?
Сіз бағдарламада көрсетілген интеграциялық байланысты жеткілікті деп ойлайсыз ба?
Сіз интеграциялық байланыстың тиімділігін қалай бағалайсыз?
Бастауыш сынып мұғалімдеріне жүргізілген сауалнамаға алынған жауаптарды талдай келе, төмендегідей қорытынды жасалды.
Мұғалімдердің сауал-сұрақтарға жауаптары олардың көпшілігінің интеграциялық байланыстың жалпы білім беру міндеттерін шешудегі ролін бағалайтындығын көрсетеді.
Олар интеграциялық байланыстың оқушылардың ойлау қабілетін белсендіріп, білімді тиянақты меңгеруін, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызатынын белгілейді. Бірақ бірде-бір мұғалім интеграциялық байланыстың дидактикалық категория ретіндегі мазмұнын, олардың ғылыми түсінік қалыптасуындағы қызметін ашып көрсетпеді. «Сіз интеграциялық байланыстың маңызы неде деп ойлайсыз? – деген сұраққа берген жауаптарын талдау мынаны көрсетеді: мұғалімдердің 49 пайызы интеграциялық байланыстың маңызы «оқушылардың тиянақты білім алуында; білімді тереңдетуде, білімді пайдалану іскерлігінде» - деп интеграциялық байланыстың білім берушілік қызметін түсінеді;
Ал 33 пайызы интеграциялық байланыстың дамытушылық қызметін «оқушылардың ойлауын дамытады, басқа пәннен алған білімін пайдалануға, ары қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызады және пікірлерін білдіреді.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда табиғатты бақылау маңызды рол атқарады. Бақылау оқушыларының табиғат заттары мен құбылыстарын қабылдап, олардың жалпы ортақ белгілері мен айырмашылықтарын, заңдылықтарын табуына, осының негізінде ой-тұжырымдарын жасауына, яғни дүниені танып-білуіне мүмкіндік береді.
Сондықтан біз анықтаушы экспериментте оқушылардың табиғатты бақылау іскерлігінің қалыптастыру деңгейін анықтадық.
№1 әдістеме
Мақсаты: Оқушылардың табиғатты бақылау іскерлігінің қалыптасу деңгейін анықтау.
Сауалнама
1. Табиғаттағы өзгерістерді күнбе-күн бақылайсың ба?
а) иә;
ә) жоқ, ерекше өзгерістерге ғана көңіл бөлемін;
б) жоқ, өзгерістердің сырын кітаптан оқып білемін
Бақылау нәтижелерін қайда көрсетесің?
а) бақылау күнделіктерінде;
ә) еңбек және табиғат күнтізбесінде;
б) еш жерде.
Табиғатты бақылау қай ортада тиімді жүреді деп ойлайсың?
а) топсаяхатта;
ә) мектепке келе жатқанда;
б) табиғат аясында, ата-анамен серуендеу барысында.
Оқушылардың берген жауаптарын талдау үшін төмендегі көрсеткіштер алынды:
1-сұрақ бойынша:
Үнемі бақылайтындар;
Ішінара бақылайтындар;
Ізденбей оқулықтағы материалмен шектелетіндер.
2-сұрақ бойынша:
Табиғатты бақылаудың мақсатты жүргізілуі.
Табиғатты бақылаудың мақсатсыз жүргізілуі.
3- сұрақ бойынша:
Табиғатты бақылауда топсаяхаттардың маңызын түсінуі;
Табиғатты бақылауда топсаяхаттардың маңызын түсінбеуі.
