Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссерт козейбай г (1).rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
23 Мб
Скачать
☆

Сауалнама нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасалды:

1-сұрақ бастауыш сынып оқушыларының табиғаттағы өзгерістерді бақылау деңгейін анықтау мақсатында берілді. (1-кесте)

2-сұрақ: Бастауыш сынып оқушыларының табиғаттағы бақылауға нәтижелерін көрсетуін анықтау мақсатында берілді. (2-кесте)

3-сұрақ: Бастауыш сынып оқушыларының табиғаттағы бақылауда әсер ететін орталарын анықтау мақсатында берілді. (3-кесте)

Диагностикалық эксперименттің әдістеме бойынша нәтижелері

1 Кесте

сұрақ

жауап

Эксперимент сыныбы 4«а» сыныбы

Бақылау сыныбы

4 «б» сыныбы

Таңдағандар саны

%

Таңдағандар саны

%

1-сұрақ

а

8

40

10

16

ә

10

16

7

32

б

4

10

5

15

2-сұрақ

а

7

32

12

42

ә

15

47

10

16

3-сұрақ

а

8

36

12

40

ә

14

52

10

16

2.2 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру әдістемесі

Егемен елдің ертеңі халқының интеллектуалдық потенциалының жан-жақтылығымен және алған білімінің тереңдігімен, үздіксіздігімен байланысты. Ғылымдар саласындағы ақпараттың, технологияның, коммуникацияның дамуы табиғат пен қоғам туралы жинақталған білімнің қарқынды өсуіне ықпалын тигізді.

Қазіргі жаратылыстану ғылымы болашақ ұрпақты: табиғаттың адам және қоғамдағы алатын орны; табиғаттың өзін қоршаған ортамен әрекеті; адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасының тарихы; табиғаттың көптеген процестері мен құбылыстары және тепе-теңдік заңдылықтары: экологиялық жағдайларын анықтау туралы ғылыми білімдер жүйесімен қаруландырып, табиғат туралы білімдерін қалыптастыруды көздейді.

Дүниетану мазмұндағы табиғат, қоғам, адам еңбегі туралы материалдар, бұрынғыдай маусымдық емес, жүйелілік ұстанымы бойынша құрылған. Мұндай құрылымның бірнеше артықшылығы бар. Ең бастысы білім бөлшектенбей, жүйемен беріледі. Сондықтан, оның дүниетанымдық тәрбиелік мүмкіндігі толық пайдаланылады және оқушының бастауыш сатыдан соң басталатын ғылым негіздерін қиналмай зерделеуіне қажетті теориялық ұғымдар жүйесінің тыңғылықты меңгерілуін қамтамасыз етеді.

Демек, дүниетану пәндерінің мазмұны, оқыту процесін ұйымдастырудың негізі, оқытудың түрлендірілген әдіс-тәсілдері, сабақты ұйымдастырудың ерекшеліктері бүгінгі күнде дидактиканың интеграциялық байланыс теориясына негізделуін қажет етеді.

Дидактикалық ойлаудың дамуында оқу пәндерінің арасында байланыс құрудың маңызы зор. Оқушылардың танылмаған процестер мен құбылыстарды тануы үшін ғылымдардың түйіскен жерінің, бір пәннің екінші пәнді зерттеуіне көмектесетінін білген маңызды. Себебі, оқу пәндерінің мазмұны арқылы білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі, шығармашылық жұмыс тәжірибесі табиғи жүзеге асады.

Сондықтан оқыту процесінде интеграциялық байланыс орнату, осы тұрғыдан «Дүниетану» пәнінен сабақтар жүйесінің өзара байланысын бақылау қарастырылды.

Сонымен, басқа пәндер сияқты дүниетану пәнінің тәрбиелік әсерінің тиімділігі мұғалімнің педагогикалық біліміне, кәсіптік шеберлігіне, адамгершілік қасиетіне, оқушылармен қарым-қатынас дағдысына байланысты екендігі тәжірибеде байқалады. Оқыту процесін интеграциялық байланыс негізінде жетілдіру мұғалімдердің бір-біріне ұқсас пәндерден білімнің және сабақта бағдарлама материалдарын оқыту кезінде оны жинақтап, қорыту іскерлігінің болуын талап етеді.

Осыған байланысты оқыту процесінде интеграциялық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жолдарының сызба нұсқасын ұсынамыз (5-кесте).

5-кесте