Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссерт козейбай г (1).rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
23 Мб
Скачать
☆

Оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымын интеграциялық байланыс негізінде қалыптастырудың жолдары

Дүниетану ғылымы әлеуметтік қызмет атқаратындықтан, адамгершілік бағытымен сипатталады. Сонымен қатар, табиғи процестердің заңдылықтары туралы біліммен қарулану адамды рухани жағынан байытып, мінез - құлқына әсер етеді.

Логикалық ойлауды қалыптастыруды төменгі сыныптан бастап, біртіндеп күрделендіріп отыру қажет. Осы мақсатта алдымен оқушыларды мәтінмен, суретпен, сұрақтармен, оқулық пен ғылыми әдебиеттердің мазмұнымен жұмыс істеуге үйрету. Бұл оларға оқу материалын өз бетімен және логикалық тұрғыдан саналы меңгеруге мүмкіндік туғызады.

Төменде логикалық ойлауды қалыптастырудың өз тәжірибемізде қолданылған кейбір әдіс-тәсілдерін ұсынамыз.

І. Оқулықпен жұмыс.

Тақырыптың жоспарын құрастыру жұмысын алғышқы кезде мұғалімнің басшылығымен, сосын оқушылар өз бетімен орындайды.

ІІ. Ұғымдармен жұмыс.

Оқушыларға көбінесе ұғымдардың анықтамасы, әсіресе оқу материалының мәтінінде нақты берілмеген немесе көп болған жағдайда есте сақтау қиын. Сондықтан алғашқы сабақтан оқушыларды оқу материалынан өз бетімен негізгісін, маңыздысын ажырата алуға үйретуге бағытталған жұмыстарды жоспарладық. Ұғымдармен жұмыс төмендегі бағыттарды қамтиды:

  • анықтаманы мұғалімнің хабарлауы;

  • тақырыптағы анықтаманы оқушылардың өз бетімен құрастыруы;

  • бір тақырып немес тараудағы ұғымдар бойынша кроссворд құрастыру;

  • ұғымдарды анықтауға диктант жаздыру.

ІІІ. Логикалық сызбанұсқаларды құрастыру

4 - сыныпта «Дүниетану» сабағында оқушыларды сабақтың логикалық сызбанұсқасын құрастыру қағидасымен таныстыратын, сызбанұсқаны оқушылар өздері сабақ барысында құрып, қорытындылаулары керек. Мұндай сызбанұсқалар көбінесе, жаңа тақырыпта жіктеуге, жаңа ұғымдар арасындағы нақты байланыстарды ашып көрсетуге қолданылады. Соынмен қатар оқушылардың білімін тексеруге, тапсырмаларды өздігінен орындауларына, олардың біліміне баға қоюда пайдалануға болады.

Мысалы: «Табиғаттағы су айналымы туралы» тақырыбын түсіндіру барысында сызбанұсқаны көрсете отырып, судың қасиеттерін топтастыру.

1-тапсырма.

2-тапсырма. Алгоритмдік деңгейдегі тапсырма. Сұрақ ауды адам не үшін пайдаланады (сызбасын құру, дәптерге орындалады).

ІҮ. Қосымша әдебиеттермен жұмыс.

  1. Оқыған кітаптары туралы пікірлері.

  2. Кітаптың аты мен авторы.

  3. Баспасы, шыққан жылы.

  4. Автор туралы жалпы мәлімет.

  5. Кітапты не туралы жазды?

  6. Кітаптың біліміңді тереңдетуге қосқан үлесі қандай, кездескен қиындықтар.

  7. Кітап туралы қандай қорытындыға келдің?

Биологиялық диктант

Биологиялық диктант оқушының тақырыпты меңгергендігін тексеру үшін жүргізілетін шағын жазбаша жұмыс. Ол белгілі бір сұрақтар төңірегінде оқушының білімін тексеріп, жинақтап қана қоймайды, сонымен қатар тақырып бойынша сыныптың қаншалықты меңгергендігін анықтап, дер кезінде кемшіліктерді байқауға мүмкіндік береді.

Биологиялық диктанттың басқа диктанттан айырмашылығы оқушылар диктант мәтінін жазбайды, тек оның мазмұнын ғана орындайды. Мұғалім сұрақтарды екі рет айтады, жауаптардың бірнеше вариантын немесе ретін ауыстырып береді. Оқушылар дұрыс жауапты тауып, оның нөмірін қағазға жазады. Бірнеше минутта жауаптары тексеріледі. Мысалы:

  1. Жапырақтар мен бүршіктер орналасқан сабақ.

  2. Түрі өзгерген жерасты өркен.

  3. Картоп түйнегінің қай жағында бүршік көп болады?

  4. Су мен минералды заттар сабақтың қай қабығы арқылы қозғалады?

  5. Жерасты өркендерде болатын түрі өзгерген жапырақтар?

Жауаптары: 1. Сүрек. 2. Түйнек. 3. Өркен. 4. Қоңырқай түсті қабыршақтар. 5. Төбесі.

Жауап кілті: 3, 2, 5, 1, 4.

Жұмбақтар

Жұмбақтарды шешу оқушылардың байқампаздығын, зеректігін, зейінділігін, тапқырлығын дамытады. Жұмбақты шешу үшін оқушылар бағдарламаны, мектеп оқулығының материалын жақсы білуі, қосымша әдебиеттерді оқуы қажет. Жұмбақтарды дүниетану пәнінің кез келген тақырыбын бекіту, сұрау, қорытындылау кезінде қолдануға болады. Сондықтан жұмбақты күнделікті сабақта пайдалану қажет.

  1. Қабат-қабат киінген,

Жұмырланып, түйінген,

Доп-домалақ «көк допты»

Күнде көрем үйімнен.

Ол қандай зат, балалар,

Сорпасы тілді үйірген?

Орамжапырақ.

  1. Денесін жерге тығатын,

Шашы жерден шығатын,

Қызғылт-сары қазықты

Қайсың бар, кәне, ұғатын?

Сәбіз.

  1. Жесең тамақ кейде өзі,

Өседі орман далада.

Ұқсайды оның бейнесі,

Қалпақ киген балаға.

Саңырқұлақ.

  1. Жерде жатып желінбейді,

Күз түскенше желінбейді.

Қауын.

  1. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең, жылатады.

Пияз.

  1. Іші – жұмсақ, сырты – қатты,

Еті – қызыл, сүті – тәтті.

Анар.

  1. Алма дерсің түсіне қарап,

Жүгері дерсің ішіне қарап,

Татсаң – тәтті,

Бал шәрбатты.

Қарбыз.

  1. Әр бұтақтан он шақты

Көрдім қызыл моншақ.

Шие.

  1. Өрмелейтін ағашқа жемісі бар,

Дәмі кетпес ауыздан жемісі бар.

  1. Көп, көп ине, көк ине,

Бар сабағы жоқ ине,

Іс тікпейді, әрине.

Шырша жапырағы.

Жаттығу

Оқушы білімін тиянақтау мақсатында пәнаралық байланыс тұрғысынан орналады. Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.

Мысалы: 1. Ағашар .... арқылы топыраққа бекінеді. 2. ... жеуге жарамды саңырауқұлақ. 3. Өсімдіктердің күзде .... түседі.

Адасқан сөзді орнына қойыңыз

  1. Көлден тартып шалапты,

Теріп алдым жүйрікті.

Ерттеп міндім сүйрікті,

Шөлдеп іштім шортанды.

  1. Су болса, тамақ піседі жайнап,

Су болса, күріш өседі аймақ.

Су болса, көктеп өседі қайнап,

Су болса, тіршілік тұрады маздап.

Төменде пәнаралық байланыс негізінде жүргізілген сабақтардың үлгілері ұсынылады.