Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практические занятия_ОМ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
258 Кб
Скачать
☆

3. Оқыту міндеттері:

Білім

  • Хирургиялық инфекцияның тарау жолдары, даму ережелері, алдын алу қағидалары туралы студенттердің білімін қалыптастыру.

  • Хирургиялық операция алдында хирургтың қолын, операциялық алаңды өндеу әдістері, таңу материалдарды және құрал-саймандарды залалсыздандаруға дайындау туралы білімін қалыптастыру.

Тәжірибелік дағдылар

  • Халыққа медициналық көмек көрсету кезәндегі емдеу – алдын алу шараларын өткізу, хирургиялық инфекция таралуының диагностикасы туралы студенттердің білімін қалыптастыру;

  • Экзо- және эндогеннді инфекцияның таралу, алдын-алу жолдары туралы студенттердің білімін қалыптастыру;

  • Хирургиялық операция алдында хирургтың қолдарын, операция алаңды өндеу дағдыларын дамыту және қалыптастыру.

Коммуникативті дағдылар

  • Ауруды анықтау мен емдеу үрдісін ұйымдастыру, топпен жұмыс істеу икемін, тіл табысу дағдыларын қалыптастыру;

  • Науқастар мен олардың туыстарымен тілдесу дағдыларын жетілдіру мен қалыптастыру;

Денсаулығын қорғау

  • Жанұя мен адамның салауатты өмiр салтын қалыптастырудың қағидалары және әдiстерiн бiлуді жетiлдiру;

  • Адамның адамға қатынасын реттейтiн, әдеп пен құқықтық ережелерін, денсаулық сақтау жүйесiн ұйымдастыру және әлеуметтiк ғылымдар, Қазақстан Республикасы заңдарының негiздерiн бiлуді қалыптастыру;

  • Дәрiгерлiк қызметкер мен науқастың құқығын білуді қалыптастыру.

Өзін-өзі жетілдіру

  • Барлық кәсiптік қызметi бойынша өз бiлiмдерi және дағдыларын жетілдіру мен үздiксiз кәсiптiк оқыуға қажеттiліктi дағдыландыру;

  • Ғылыми-зертеу жұмыстарының дағдыларын дамытуға мүмкiндiк туғызу.

4. Негізгі сұрақтар:

1. Асептика туралы түсінік.

2. Хирургиядағы инфекцияның көздері мен таралу жолдары.

3. Инфекцияның ауа-тамшы тарау жолдармен күресу.

4. Жанасу жолдарымен тарайтын инфекциямен күресу.

5. Хирургтың қолдарың және операциялық алаңды операцияға дайындау

6. Жаралардың имплантациялық жолымен инфекциясының дамуын алдын алуы. Тігіс жіптерді залалсыздандыру.

5. Оқыту әдістері:

Хирургиялық, операциялық және жара таңу бөлімдерінде жұмыс істеу. Залалсыздандыру бөлменің жұмыс істеу ережелерімен танысу. Оқу бөлмеде жұмыс істеу: қолды жуу, залалсыз халатты кию. Бикске заттарды орналастыру.

6. Әдебиет:

Негізгі

1. Дурманов К.Д. Жалпы хирургия. 2006.

2. Петров В.С. «Общая хирургия». С-Пб. 2004, 2007.

3. Гостищев В.К., «Общая хирургия» – М, «Медицина» –1993, 1997, 2003.

4. П.Н.Зубарев Практикум по курсу общей хирургии. С-Пб. 2004.

5. Жалпы хирургия кафедрасының қызметкерлерінің дәрістері.

Қосымша:

  1. Стручков В.И. "Хирургическая инфекция", М., 1991

  2. Кузин М.И., Костюченок Б.М. "Раны и раневая инфекция", М., 1990

  3. Курбангалиев С.М. "Гнойная инфекция в хирургии", М., 1985

7. Бақылау:

  • Тақырып бойынша ауызша сұрау

  • Тестілеу

  • Жағдайлық есептерді шешу

  • Жеке және топтық тапсырмаларды орындау нәтижелерін талқылау