Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практические занятия_ОМ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
258 Кб
Скачать
☆

5. Оқыту әдістері:

Хирургиялық инфекция, қабылдау және жара таңу бөлімдерінде жұмыс істеу. Тәжірибелік дағдыларды игеру: танғыштарды ауыстыру, жараларды өндеу. Оқу бөлмеде жұмыс істеу: аузша сурау, ситуациялық есеп шешу.

6. Әдебиет:

негізгі -

1. Гостищев В.К. "Общая хирургия"- 2004, 2006.

2. Дурманов К.Д. Жалпы хирургия. 2006.

3. Арапов Д.А. "Анаэробная газовая инфекция"-М.,1972

4. Мельников В.Н., Мельников Н.И. "Анаэробные инфекции»М.,1973

5. Петров В.С. «Общая хирургия» С-П. 2004, 2007.

Қосымша:

6. Курбангалиев С.М. «Гнойная инфекция в хирургии», М. 1985.

7. Кузин М.И., Костюченок Б.М. Раны и раневая инфекция. М. 1991.

7. Бақылау:

  • Тақырып бойынша ауызша сұрау

  • Тестілеу

  • Жағдайлық есептерді шешу

  • Жеке және топтық тапсырмаларды орындау нәтижелерін талқылау

1. Тақырып № 9: Некроз. Ойық жара. Ойылу. Жыланкөз. Жіктелуі. Облитерациялық атеросклероз. Облитерациялық эндартериит.

2. Мақсаты: Студенттерді қан айналымының бұзылыстары, некроз, ойылу, ойық жара, жылан көз бар науқастарды негізгі клиникалық тексеру әдістерімен, осы аурулардың жіктелу қағидаларымен, қосымша тексеру әдістерімен (доплерография, ангиография, термография, УЗИ, Фистулография) таныстыру.

3. Оқыту міндеттері:

Білім

  • қан айналымының бұзылыстары және әр түрлі некрозы бар науқастарды емдеу, негізгі диагностикалық қағидалар туралы білімін қалыптастыру.

Тәжірибелік дағдылар

  • Аспаптық және лабораторлық зерттеу әдістердің, қан айналысының бұзылыстарын ерекшеліктерінің дағдыларын дамыту және қалыптастыру;

  • некроздардың хирургиялық ем дағдыларын дамыту және қалыптастыру.

  • қан айналымының бұзылыстарын жалпы емнің дағдыларын дамыту және қалыптастыру.

  • Антибиотиктермен емдеу дағдыларын дамыту және қалыптастыру.

  • Аспапты және лабораториялық тексерістер дағдыларын дамыту және қалыптастыру

Коммуникативті дағдылар

  • Ауруды анықтау мен емдеу үрдісін ұйымдастыру, топпен жұмыс істеу икемін, тіл табысу дағдыларын қалыптастыру;

  • Науқастар мен олардың туыстарымен тілдесу дағдыларын жетілдіру мен қалыптастыру;

Денсаулығын қорғау

  • Жанұя мен адамның салауатты өмiр салтын қалыптастырудың қағидалары және әдiстерiн бiлуді жетiлдiру;

  • Адамның адамға қатынасын реттейтiн, әдеп пен құқықтық ережелерін, денсаулық сақтау жүйесiн ұйымдастыру және әлеуметтiк ғылымдар, Қазақстан Республикасы заңдарының негiздерiн бiлуді қалыптастыру;

  • Дәрiгерлiк қызметкер мен науқастың құқығын білуді қалыптастыру.

Өзін-өзі жетілдіру

  • Барлық кәсiптік қызметi бойынша өз бiлiмдерi және дағдыларын жетілдіру мен үздiксiз кәсiптiк оқыуға қажеттiліктi дағдыландыру;

  • Ғылыми-зертеу жұмыстарының дағдыларын дамытуға мүмкiндiк туғызу.

4. Негізгі сұрақтар:

1. некроз, гангрена, ойылу, ойық жара, жылан көз туралы түсінік.

2. жіктелуі және патоморфология.

3. әр түрлі гангреналардың диф. диагностикасы..

4. некроз, әр түрлі гангрена, ойық жара, жылан көз кезінде хирургтың тактикасы.

5. ойылудың алдын алу және емі.

6. Облитерациялық атеросклероз, облитерациялық эндартериит туралы түсінік.

7. жергілікті және жалпы емнің негізгі қағидалары, антибиотиктерді қолдану

5. Оқыту әдістері:

Хирургиялық инфекция, операциялық және жара таңу бөлімдерінде жұмыс істеу. Тәжірибелік дағдыларды игеру: танғыштарды ауыстыру, жараларды өндеу. Оқу бөлмеде жұмыс істеу: аузша сурау, ситуациялық есеп шешу.

6. Әдебиет:

Негізгі

1. Дурманов К.Д. Жалпы хирургия. 2006.

2. Петров В.С. «Общая хирургия». С-Пб. 2004, 2007.

3. Жалпы хирургия кафедрасының қызметкерлерінің дәрістері.

  1. Гостищев В.К. «Руководство по гнойной хирургии», - М., 1997.

Қосымша:

П.Н.Зубарев Практикум по курсу общей хирургии. С-Пб. 2004.

7. Бақылау:

  • Тақырып бойынша ауызша сұрау

  • Тестілеу

  • Жағдайлық есептерді шешу

  • Жеке және топтық тапсырмаларды орындау нәтижелерін талқылау

1. Тақырып № 10: Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Жіктелуі.

2. Мақсаты: Студенттерді қатерлі ісік алдындағы аурулармен және қатерлі ісік аурулардың даму себептерімен, олардың патогенезімен, ісіктердегі патоморфологиялық өзгерістерімен, клиникалық көріністерімен, диагностикалық әдістерімен, операциялық және басқада емдермен, ісіктің таралу үрдісімен таныстыру.