- •1. Бірінші дәріс Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)
- •1.1 Тіл білімі және оның салалары
- •1.2 Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны
- •1.3. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы
- •1.4. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні
- •2. Екінші дәріс Тілдердің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлері
- •2. 2. Тілдің дамуы
- •2.3. Тілдердің өзара әсерлері
- •3.1. Тілдің табиғаты
- •3.2. Тілдің қоғамдық қызметі
- •3. Үшінші дәріс Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі
- •3.3Тіл және ойлау
- •4. Төртінші дәріс Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелілік сипаттары
- •4. 1. Тілдің таңбалық сипаты
- •4. 2. Тілдің құрылымдық және жүйелілік сипаты
- •4.3. Синхрония және диахрония
- •5. Бісінші дәріс Морфология
- •5.1 Морфологияның жалпы мәселелері
- •5.2 Сөздің морфологиялық құрылымы
- •6. Алтыншы дәріс Грамматика. Грамматикалық тәсілдер мен формалар және олардың мағыналары
- •6.1. Грамматикалық тәсілдер
- •6.2. Грамматикалық формалар мен грамматикалық мағыналар
- •6.3. Грамматикалық категориялар
- •7. Жетінші дәріс Сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылымы
- •7.1. Сөз тіркесінің құрылымы
- •7. 2. Сөйлемнің құрылымы
- •8. Сегізінші дәріс. Сөз таптарының шығуы мен дамуы және олардың топтастырылуы
- •9. Тоғызыншы дәріс. Дүние жүзі тілдері және олардың топтастырылуы (классификациясы)
- •II.Семит-Хамит (афразия-афро-азият) тілдері семьясы:
- •IX. Палеоазиат тілдері семьясы. Бұл үш топқа бөлінеді:
- •9.2 Тілдердің құрылымдық (типологиялық) ерекшеліктері жағынан топтастырылуы
- •10.3. Буын жазуы
- •11. Он бірінші дәріс Лексикография
- •11.2 Диалектологиялық сөздік
- •11.3 Этимологиялық сөздік
- •11.4 Фразеологиялық сөздіктер
- •11.5 Терминологиялық сөздіктер
- •Энциклопедиялық сөздіктер
- •Он екінші дәріс Қазақстан Республикасындағы Тіл саясаты
- •Жергілікті өзін - өзі басқару органдарында
- •(Визуальная) ақпаратта
- •Қатынастарда пайдалану
- •Әдебиеттер
- •Мазмүны
7. Жетінші дәріс Сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылымы
Синтаксистің негізгі қарастыратын мәселелері: сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемдегі сөздердің байланысу амалдары мен формалары. Алдымен сөз тіркесіне тоқтала
7.1. Сөз тіркесінің құрылымы
Сөз тіркесі сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан пайда болады. Сөз тіркесі жасалу үшін, оның кұрамындағы сөздер мағыналық және грамматикалық жағынан байланысты айтылуы шарт. Бір - бірімен байланысты десек, ол байланыс екі түрлі болады. Бірі – мағыналық жағынан, екіншісі - грамматикалық жағынан байланысты болады. Мағыналық жағынан байланыс деп - сөздердің сөз табы ретіндегі жалпы категориялық мағынасын, ал грамматикалық жағынан байланыс деп - бір сөздің басқа бір сөзге грамматикалық жағынан бағыныштылығын айтамыз. Яғни сөз тіркесіндегі сөздер белгілі бір грамматикалық формада тұрып, олардың бірі - бағыныңқы (тәуелді), екіншісі - басыңқы (ұйтқы) жағдайда байланысады.
Сөз тіркесіндегі басты рольді оның басыңқы сыңары атқарады. Басыңқы сөздің қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Өйткені сөз тіркесінің құрылымы оның құрамындағы ұйтқы сөздің қай сөз табына қатысты болуына қарай айқыңдалады. Мәселен, басыңқы сөз зат есім болса, ол өзінің алдында тұрған анықтауыш сөздермен, яғни сын есім, сан есім, есімдік, есімшелермен тіркеседі. Мысалы: ақылды адам, бес кітап, бұл бала, барар жол, т.б. Бұл сын есімдер басыңқы сыңар бола алмайды деген сөз емес. Сын есімдер де басыңқы сыңар бола алады. Бірақ сын есімдер басыңқы сыңар болғанда өзінің алдындағы есімдердің атау мен іліктен баска септіктердің бірінде тұруын талап етеді. Мысалы: ақылға бай, тастан қатты, қулыкты көргіш. Етістіктер ұйтқы (басыңқы) сөздер ретінде өзіне бағынышты зат есімдермен де, үстеулермен де, көсемшелермен де, еліктеу сөздермен де тіркесе береді. Мысалы: тауға шығу, ерте тұру, қадала қарау, бұрқ-бұрқ қайнау.
Сонымен, сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланысқа түседі екен. Ол синтаксистік байланыстың тіл-тілде бірнеше түрі бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.
Киысу деп — басыңқы сөз бен бағыныңқы сөздің бір-бірімен жекелік-көптік жағынан, септік жағынан, род жағынан байланысуын айтамыз. Мысалы: орыс тілінде высокая гора - высокие горы, высокой горы — высоких гор. Немесе: он играл — она играла.
Қиысу орыс тілінде сөз тіркесіне де, сөйлемге де қатысты болса, қазақ тілінде ол тек сөйлемге қатысты. Мысалы: Мен келдім, сен келдің. Қазақ тілінде қиысу — сөз тіркесінің байланысы емес, ол бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Ендеше оны предикативтік байланыс деп атау керек.
Қазақ тілінің екінші ерекшелігі - септік жалғаулары арқылы байланысуды қиысу демейді, оны матасу, меңгеру деп екі түрге бөліп қарастырады. Мысалы: менің кітабым (матасу), кітаптан оқу.
Матасу - ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. Мысалы: ме+нің қалам+ым, сіз+дің қалам+ыңыз, о+ның қаламы. Мұнда бағыныңқы сөз ілік септік жалғауында тұрып, анықтауыш қызметін атқарады да, басыңқы сөз тәуелдік жалғауында тұрады. Әрине, бірі - ілік жалғауында, екіншісі - тәуелдік жалғауында тұрғаннан кейін бұлардың екі сыңары да есім сөз болатындығы өзінен-өзі түсінікті.
Меңгеру - сөз тіркесі құрамындағы басыңқы сөз (етістік) бағыныңқы сөздің (зат есімнің) атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұруын керек ететін байланыс. Мысалы: киім+ді тазалау, ауыл+ға бару, үй+ден шығу, жолдасы+мен кездесу.
Қабысу - сөз тіркесі кұрамындағы бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысу. Мысалы: ағаш үй, ақ орамал, он дәптер, білген кісі, барлық адам (Бағыныңқы-басыңқы сыңарлардың қай сөз таптарынан екеңдіктеріне көңіл аударыңыздар).
Сөз тіркестерінің жалғаусыз байланысуының тағы бір түрі бар. Оны жанасу деп атайды. Егер қабыса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңары зат есім болса (мысалы: үй, орамал, дәптер, кісі, адам), жанаса байланыскан сөз тіркесінің басыңқы сыңары — етістік болады. Мысалы: кеше келу, жапалақтап жауу, қатты сүйсіну, екі жеу, сылқ-сылқ күлу.
Жанасудың кабысудан тағы бір ерекшелігі - қабысу тек қатар тұру арқылы байланысса, жанасу қатар тұрып та, алшақ түрып та байланыса береді. Мәселен, малшылар жайлаудан кеше келді дегеңді малшылар кеше жайлаудан келді, кеше малшылар жайлаудан келді деп, "кеше" сөзінің сөйлемдегі орнын ортасына, басына ауыстырсақ та, кеше келу деген сөз тіркесінің байланысы бұзылмайды.
Сонымен, сөз тіркесі дегеніміз не болды?
Сөз тіркесі дегеніміз - мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да өзара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің синтаксистік (еркін) тіркесі. Синтаксистік сөз тіркесі немесе еркін сөз тіркесі сөйлеу кезінде жасалады.
Синтаксистік сөз тіркесіне ұқсас күрделі сөздер, басқа да тіркестер, мәселен, атауыш сөз бен көмекші сөздің тіркесі, фразеологиялық тіркестер бүрыннан жасалған, даяр тұрған лексикалық бірліктер ретінде қарастырылады да, олар сөз тіркесінің кұрамына емін-еркін ене алады. Толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркестері, күрделі сөздер, фразеологиялық бірліктер бір нәрсенің тұрақты атаулары. Олар номинативті қызмет атқарады. Мысалға кәрі жілік, халык, депутаты, Крзақстан Республикасы дегендерді алалық. Бұлар - кұрделі сөздер. Олардың алдыңғы сыңарлары (кәрі, халық, қазақстан) соңғы сыңарларының сапасын да, касиетін де білдірмейді. Бұл сөздер өздерінің мағыналық дербестігінен айырыльш, кейінгі сыңарларымен бірге, бір бүтін сөз ретінде ұғынылады. Ал синтаксистік сөз тіркесінің кұрамыңдағы бағыныңқы сыңарлар өздерінің мағыналық дербестігін сақтап, өзінен кейінгі сөздерді (басыңқы сыңарларды) анықтайды, толықтайды немесе пысықтайды.
Дәл осы сияқты, еркін сөз тіркесінің толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркестерінен де, фразеологиялық бірліктерден де айырмашылығы бар. Айталық, көлге дейін (бару), тауға қарай (жүру) дегендерді алсақ, бұлар толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалып тұр. Оларда басқа бір сөздің (жақша ішіндегі сөздің) жетпей тұрғандығы, мағыналық жақтан аяқталмағандығы, тиянақты емес екендігі аңғарылады. Егер оларға бару, жүру деген толық мағыналы сөздерді қоссақ, сонда ғана олардан семантикалық тиянақтылығы бар сөз тіркестері жасалынады. Ал бұл сияқты тиянақтылық синтаксистік сөз тіркестерінің өз табиғатында бар.
Фразеологиялық сөз тіркестері де дәл осындай. Олар да бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған бірліктер ретінде еркін сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына ене алады. Өйткені фразеологиялық бірліктердің құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы мағынаны емес, барлығы жиналып келіп, бір бүтін мағынаны білдіреді. Осыған орай белгілі бір фразеологиялық бірлік сөйлемде бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қызмет атқарады. Мыс: қас пен көздің арасында келу, ат үсті айта салу. Ал синтаксистік сөз тіркестерінің құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы сөйлемнің әр басқа мүшесі болады. Мысалы: ерте тұру, тісін жұлғызу т.б.
Сөйтіп сөз тіркесі — кемінде екі не одан да көп дербес сөздің бағыныңқы - басыңқы байланыстың негізінде жасалған синтаксистік бірлік екен. Синтаксистік сөз тіркесінің күрделі сөзбен де, фразеологиялық сөз тіркесімен де, толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесімен де сырттай ұқсастығы болғанымен, олардың бір- бірінен айырмашылықтары бар.
Енді синтаксистік сөз тіркестерінің түрлеріне келелік. Құрамына қарай сөз тіркестері: 1) жалаң сөз тіркесі, 2) күрделі сөз тіркесі және 3) аралас сөз тіркесі - болып үшке бөлінеді. Бұлай бөлуде сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің саны емес, оның қандай байланыстардың (айталық, қабысу, матасу т.б.) негізінде жасалғандығы ескеріледі.
Жалаң сөз тіркесі - сөйлемдегі сөздердің саны қанша екендігіне қарамастан олардың бәрі бір сөз тіркесінің бір-ақ түрімен (айталық, меңгеру немесе қабысу) байланысуын айтамыз. Мысалы: сөзді тыңдау — екі мүшелі, шөпті қораға тасу (шөпті тасу, қораға тасу) — үш мүшелі, шығарманы орысшадан қазақшаға аудару, (шығарманы аудару, орысшадан аудару, қазақшаға аудару) - төрт мүшелі тіркес. Бұлардың қурамындағы сөздердің бәрі де меңгеру арқылы байланысқан.
Күрделі сөз тіркесі - бір ғана ұйтқы (басыңқы) сөзге келіп тірелетін әр басқа байланыс түрлерінің (мәселен, меңгеру мен жанасудың) жиынтығын айтамыз. Мысалы: Шығарманы қызығып оку. Бұл — күрделі сөз тіркесі. Ол шығарманы оку, кызығып оку деген екі жалаң сөз тіркесінен қүралған. Біріншісі - меңгеру, екіншісі - жанасу. Бірақ екеуі де бір ғана оку деген ұйтқы сөзге келіп байланысқан.
Ал аралас сөз тіркесі деп — әр басқа ұйтқы сөзге тірелетін әр түрлі байланыстардың жиынтығын айтамыз. Мысалы: Мазмұнды шығарманы кызығып оку. Мұңда үш түрлі сөз тіркесі бар. Олар: 1) мазмүнды шығарма — қабысу; ұйтқы сөзі — "шығарма", 2) шығарманы оку - меңгеру; ұйтқы сөзі — "оқу", 3) қызығып оқу - жанасу; үйтқы сөзі — "оқу". Бүл үш түрлі байланыс екі ұйтқы сөзге тіреліп, бір күрделі тіркестің құрамында түйісіп түр. Мұндайларды аралас сөз тіркестері дей
