Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
273_o.kh._jarmakin_khurast._til_bilimine_kirisp...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
793 Кб
Скачать
☆

11.4 Фразеологиялық сөздіктер

Фразеологиялық сөздік белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді.

«Орыс тілінің фразеологиялық сөздігі» (ред. бас. А. И. Молотков) 1967жылы жарық көрді. Бұл сөздікте орыс тіліндегі төрт мыңнан астам фразеологиялық оралымдар қамтылып, олардың мағыналары талданған және айқындайтындай әдебиеттен мысал берілген. Мақала былайша құрастырылған:

Воспрянуть (восстать) ото сна. Выйти из состояния апатии, подавленности, застоя, оживиться, пробудиться. Товарищ, верь: взайдет она, Звезда пленительного счастья; Россия вспрянет ото сна, И на обломках самовластья Напишут наши имена. Пушкин, К. Чаадаеву.

Фразеологиялық сөздік бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік түрінде де жасалады.

Фразеологиялық сөз тіркестері белгілі дәрежеде түсіндірме сөздіктерде де қамтылады. Фразеологиялық сөз тіркестерін, мақал мен мәтелдерді өте - мөте қамтыған сөздік - В. И. Даль құрастырған орыс тілінің түсіндірме сөздігі.

Орыс тілі мен қазақ тілінде және т. б. Тілдерде қанатты сөздердің жинақтары бар. «Қазақтың қанатты сөздерді» атты жинақта (авторы - Н. Төреқұлов) фразеологиялық оралымдарды бір түрі - қанатты сөздерге талдау жасалып, төмендегі түрде түсіндіріледі:

«Шықбермес Шығайбай.

Қазақ ертерек, аңыздарында Шықбермес Шығайтай аты аталады. Бұл - өз құлқынынан басқаны ойламайтын, ешкімге еш нәрсесін бермейтін, ауысып - түйіспейтін нағыз барып тұрған сараңдардың бейнесін көрсететін жинақты ат.

Ел арасында кездесетін осы сияқты сараңдарды қазақ «нағыз Шықбермес екен» деп Шығайбай атына байланыстыра айтады.»

Сонымен, әр түрлі фразеологиялық сөздіктер мен жинақтарда фразеологиялық оралымдар мен олардың түрлері талданып түсіндіріледі.

11.5 Терминологиялық сөздіктер

Терминологиялық сөздіктер ғылым мен техниканың т. б. Сан алуан салаларына қетысты терминдерді қамтып, олардың білдіретін ұғымдарын түсіндіріп беруді мақсат етеді.

Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің барлығында да ғылым мен техниканың түрлі салаларынан көптеген терминологиялық сөздіктер жасалды.

Қазақ тілінде қоғамдық ғылымдардың, физика, математика, биология, медицина, география, геология және ауыл шаруашылығы ғылымдарының әрқайсысының терминдерін қамтыған өз алдына бөлек - бөлек бірнеше терминологиялық сөздіктер жасалды.

Терминологиялық сөздіктер бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік түрінде де жасалады. Бір тілде жасалған терминологиялық сөздіктерде терминнің білдіретін ұғымына талдау жасалып, түсінік беріледі. Осындай сөздіктің бірі - О. С. Ахманованың «Лингвистикалық терминдер сөздігі» (М., 1966) деп аталатын еңбегі.

Түркі тілдеріндегі терминологиялық сөздіктердің көпшілігі екі тілді аударма терминологиялық сөздік түрінде жасалып жүр. Оларда орыс тілінде қолданылып жүрген терминдердің аударылып отырған тілде баламасы барлары аударылып берілген де, баламасы жоқтары және интернационалдық терминдер орыс тіліндегі қалпына аударылмай берілген.