- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
- •Баға қоюдың критерийлері
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Аралық бақылау Пән бойынша №1 аралық бақылауды тапсыру үшін жобаның тақырыптары
- •Пән бойынша №2 аралық бақылауды тапсыру үшін коллоквиум сұрақтары
- •5 Тақырып. Патенттік құқық. Жоспар:
- •Патенттік құқықтың жалпы сипаттамасы.
- •Объектінің патентке қабілеттігінің шарттары.
- •6 Тақырып. Патентке өтініш беру және патент алу тәртіптері. Жоспар:
- •Патент алу жөнінде өтінім беру тәртібі.
- •Патент алуға деген өтінімге сараптама жасау. Патентке байланысты дауларды қарау.
- •7 Тақырып. Азаматтық айналым қатысушыларын және олардың өнімдерін дараландыру құралдары туралы заңнама. Жоспар:
- •Тауар таңбасының түсінігі және құқықтық қорғалуы.
- •Тауар шығарылатын жердің атауына деген құқықтарды қорғау.
- •8 Тақырып. Жаңалықтарды құқықтық қорғау. Жоспар:
- •Жаңалық түсінігі, мәні, белгілері.
- •9 Тақырып. Қызметтік және коммерциялық құпияны
- •Жоспар:
- •Коммерциялық құпияның жалпы сипаттамасы.
- •Коммерциялық құпияны құқықтық қорғау.
- •10 Тақырып. Интегралдық микросхема топологияларының түсінігі және оларды құқықтық қорғау. Жоспар:
- •Интегралдық микросхема топологияларының түсінігі, мәні.
- •Интегралдық микросхема топологияларын құқықтық қорғау.
- •11 Тақырып. Селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау. Жоспар:
- •Селекциялық жетістіктердің түсінігі, мәні.
- •Селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау.
- •12 Тақырып. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Жоспар:
- •Авторлық құқықты қорғаудың халықаралық мәселелері.
- •Патент беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
- •Өж орындауға әдістемелік нұсқау:
5 Тақырып. Патенттік құқық. Жоспар:
Патенттік құқықтың жалпы сипаттамасы.
Объектінің патентке қабілеттігінің шарттары.
Негізгі ұғымдар: патент, патенттік құқық, уәкілетті орган, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі.
1. Патенттік құқық институты өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгіні жасау және пайдаланумен байланысты туындайтын мүліктік сондай-ақ онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы ҚР Yкiметi айқындайтын және өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгілердi қopғay саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган жұмыс істейді.
Уәкiлеттi органның құзыретi:
өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге қорғау құжаттарын беру;
өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау;
хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, әкiмшiлiк жазалар қолдану т.б.
Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге құқық алдын ала берiлетiн патентпен және патентпен, ал пайдалы модельге патентпен куәландырылады. Олар өтiнiмге үстiрт сараптама өткiзiлгеннен кейiн берiледi.
Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге патент өтінiмге мәнi бойынша сараптама өткiзiлгеннен кейiн берiледi.
Алдын ала патент және патент өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне басымдықты, авторлықты және ерекше құқықты куәландырады.
Өнертабысқа алдын ала патент өтiнiм келiп түскен күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiсiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек. Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы күшiн сақтайды. Оның қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.
Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек.
Өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала патент өтiнiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды. Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.
2. Кез келген объект патентке қабілетті деп есептелуі үшін ол белгілі бір талаптарға сай болуы тиіс.
Өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiнiң талаптары:
Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiлудi. Техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз болса, өнертабыс жаңа болып табылады.
Егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады.
Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды.
Егер өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп табылады.
Құрылғы, әдiс, зат, микроорганизмдердiң, өсiмдiктер мен хайуанаттар клеткаларының тегi, сондай-ақ бұрыннан белгiлi құрылғыны, әдiстi, затты, тектi жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектiлерi бола алады.
Мыналар өнертабыстар деп танылмайды:
жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер;
шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi;
шартты белгiлер, кестелер, ережелер;
ақыл-ой операцияларын орындау ережелерi мен әдiстерi;
есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi;
ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi;
бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар;
Қоғамдық мүдделерге, iзгiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн ұсыныстар.
Пайдалы модельдiң патентке қабiлеттiлiк талаптары:
Өндiрiс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың құрамдас бөлiктерiн (құрылғысын) конструкциялық орындау пайдалы модельдерге жатады.
Егер жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болса, пайдалы модельге құқықтық қорғау берiледi. Егер елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiсiз болса, пайдалы модель жаңа болып табылады.
Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттілiк талаптары:
Өнеркәсiптiк үлгiге бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк-конструкторлық шешiм жатады. Егер жаңа, бiрегей және өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнеркәсiптiк үлгiге құқықтық қорғау берiледi.
Егер бұйымның елеулi белгiлерiнiң өнеркәсiптiк үлгiге көрiнiстерiне берiлген және елеулi белгiлер тiзбесiнде келтірiлген жиынтығы өнеркәсiптiк үлгiге басымдық берiлген күнге дейiн дүние жүзiнде жалпыға мәлiм мәлiметтерде белгiсiз болса, өнеркәсiптiк үлгi жаңа деп танылады.
Мынадай шешiмдер өнеркәсiптiк үлгiлер болып танылмайды:
бұйымдардың тек қана техникалық мiндеттерiне негiзделсе;
сәулет объектiлерiнiң (шағын сәулет нысандарын қоспағанда), өнеркәсiптiк, гидротехникалық және басқа да тұрақты ғимараттардың;
баспа өнiмнiң өзi;
сұйық, газ түрiндегi, сусыма немесе сол сияқты заттардан тұратын тұрақсыз нысандағы объектілердiң;
қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн бұйымдардың шешiмдерi.
Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, олардың бәрi оның авторы (қосалқы авторы) болып есептеледi. Қосалқы авторлардың тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi.
Қорғау құжаты өнееркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторына, заңда көзделген реттерде жұмыс берушiге, олардың құқықтық мирасқорына, оның iшiнде тиiстi құқықты беру тәртiбiмен алған адамға, бiр-бiрiмен келiсiмдерi болған жағдайда осы тармақта көзделген адамдарға бiрге берiледi.
Егер жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтiк өнертабысқа қорғау құжаттарының құқықтары жұмыс берушiге тиесiлi болады. Патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауынша пайдалануына ерекше құқығы болады және оны пайдалануға мiндеттi.
Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен айқындалады. Ондай келiсiм болмаған жағдайда патент иеленушiлердiң әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз қалауынша пайдалана алады, бiрақ өзге патент иеленушiлерiнiң келiсiмiнсiз басқа адамдарға лицензия немесе қорғау құжатын беруге құқығы жоқ.
ҚРаумағында уақытша немесе кездейсоқ тұрған және көлiк құралдарының мұқтаждары үшiн пайдаланылып отырған жағдайда қолдану, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар құралға ғылыми зерттеу немесе эксперимент жүргiзу, төтенше жағдайлар (табиғи зiлзалалар, апаттар, iрi авариялар) кезiнде мұндай құралдарды кейiннен патент иеленушiге дереу хабарлай отырып және патент иеленушiге мөлшерлес өтемнiң ақысын төлей отырып қолдану, мұндай құралдарды табыс таппай жеке мақсатына қолдану, қиын-қыстау жағдайларда дәрiгердiң рецептi бойынша дәрiханада бiр жолғы дәрi дайындау, егер бұл құралдар Қазақстан Республикасында заңды жолмен азаматтық айналымға енгiзiлсе, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бар құралдарды қолдану патент иеленушінің құқығын бұзу деп танылмайды.
