- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
- •Баға қоюдың критерийлері
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Аралық бақылау Пән бойынша №1 аралық бақылауды тапсыру үшін жобаның тақырыптары
- •Пән бойынша №2 аралық бақылауды тапсыру үшін коллоквиум сұрақтары
- •5 Тақырып. Патенттік құқық. Жоспар:
- •Патенттік құқықтың жалпы сипаттамасы.
- •Объектінің патентке қабілеттігінің шарттары.
- •6 Тақырып. Патентке өтініш беру және патент алу тәртіптері. Жоспар:
- •Патент алу жөнінде өтінім беру тәртібі.
- •Патент алуға деген өтінімге сараптама жасау. Патентке байланысты дауларды қарау.
- •7 Тақырып. Азаматтық айналым қатысушыларын және олардың өнімдерін дараландыру құралдары туралы заңнама. Жоспар:
- •Тауар таңбасының түсінігі және құқықтық қорғалуы.
- •Тауар шығарылатын жердің атауына деген құқықтарды қорғау.
- •8 Тақырып. Жаңалықтарды құқықтық қорғау. Жоспар:
- •Жаңалық түсінігі, мәні, белгілері.
- •9 Тақырып. Қызметтік және коммерциялық құпияны
- •Жоспар:
- •Коммерциялық құпияның жалпы сипаттамасы.
- •Коммерциялық құпияны құқықтық қорғау.
- •10 Тақырып. Интегралдық микросхема топологияларының түсінігі және оларды құқықтық қорғау. Жоспар:
- •Интегралдық микросхема топологияларының түсінігі, мәні.
- •Интегралдық микросхема топологияларын құқықтық қорғау.
- •11 Тақырып. Селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау. Жоспар:
- •Селекциялық жетістіктердің түсінігі, мәні.
- •Селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау.
- •12 Тақырып. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Жоспар:
- •Авторлық құқықты қорғаудың халықаралық мәселелері.
- •Патент беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
- •Өж орындауға әдістемелік нұсқау:
7 Тақырып. Азаматтық айналым қатысушыларын және олардың өнімдерін дараландыру құралдары туралы заңнама. Жоспар:
Тауар таңбасының түсінігі және құқықтық қорғалуы.
Тауар шығарылатын жердің атауына деген құқықтарды қорғау.
Негізгі ұғымдар: азаматтық айналым, тауар, құқықтарды қорғау, тауар таңбасы, кәсіпкерлік қызмет, жеке тұлғалар.
1. ҚР-да тауар таңбаларын құқықтық қорғау оларды тiркеу негiзiнде, сондай-ақ ҚР-ң халықаралық шарттарына орай тiркеусiз берiледi. Тауар таңбаларын құқықтық қорғау кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын кез келген заңды немесе жеке тұлғаларға берiлуi мүмкiн. Тауар таңбасына құқық куәлiкпен куәландырылады.
Тауар таңбасының иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар таңбасын пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. ҚР-да қорғалатын тауар таңбасын оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды.
Тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн. Төмендегі объектілер тауар таңбалары ретінде тіркелмейді:
тауарлардың белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген;
жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын;
тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген жерi мен уақытын көрсететiн;
тiркеу талап етiліп отырған тауарлардың табиғи немесе нобайлық кескiнделуiн көрсететiн;
бояулы түстi ғана бейнелейтiн;
тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттық және ұқсастық байланысы бар;
сызықтарды, нүктелердi, қарапайым геометриялық фигураларды, сондай-ақ олардың бiртұтас кескiндемелiк қисындасуын құрмайтын және әрбiр жеке құрамдық элементке қарағанда қабылдаудың сапалық жаңа деңгейiн бермейтiн үйлесiмi;
сөздiк сипаты жоқ, кәдiмгi қарiппен орындалған және тiлдiң үш жеке бiрлiгiнен кем қисындасуынан тұратын жеке цифрларды, белгiлердi немесе әрiптер үйлесiмi;
нысаны оның тек қана функционалдық мiндетiне байланысты үш өлшемдi объект;
жарнамалық сипатта болатын;
егер сөздердiң әрбiр жеке құрамдас бөлiгiнiң айырмашылық қабiлетi болмаса, ал олар бiрiгiп қабылдаудың сапалық өзге деңгейiн бермесе, күрделi жасанды құрылған сөздер;
ұйымдардың, экономика салаларының жалпы жұрт қабылдаған қысқартылған атаулары мен олардың аббревиатуралары;
патенттелмейтiн дәрiлiк заттар болып саналатын тауар таңбаларын тiркеуге жол берiлмейдi.
Көрсетiлген белгiлер тауар таңбасында басымдық жағдайда болмаса, оның қорғалмайтын элементтерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Тауар таңбасына өтiнiмдi сараптама жасау ұйымына бiр немесе бiрнеше өтiнiм иелерi бередi. Ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм ұжымдық тауар таңбасын пайдалану туралы оған қатысушылардың келiсiмiне сәйкес бiрлестiк атынан берiледi. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс.
Өтiнiм берiлген күн өтiнiмнің сараптама жасау ұйымына түскен күнi бойынша, егер аталған құжаттар бiр мезгiлде табыс етiлмеген жағдайда - табыс етiлген құжаттардың соңғысы келiп түскен күн бойынша белгiленедi.
Сараптама жасау ұйымы өтiнiмдер сараптамасын кезең-кезеңмен жүргiзедi:
алдын-ала сараптама - өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде жүргiзiледi, оның барысында өтiнiмнiң мазмұны, белгiленген талаптарға сәйкес қажеттi құжаттардың бар-жоғы тексерiледi;
толық сараптама - өтiнiм берiлген күннен бастап он екi ай iшiнде жүргiзiледi, оның барысында мәлiмделген белгiнiң заңда белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.
Сараптама жасау ұйымы сараптаманың кез келген кезеңiнде қосымша материалдар сұратуға құқылы, олар өтiнiм иесiне сұрау салу жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етiлуге тиiс.
Алдын ала жасалған сараптама нәтижелері бойынша өтінім берушiге өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны, оған тиiстi нөмiр берiлгенi, берiлген күнi және басымдық күнi белгiленгенi туралы не өтiнiмдi қарауға қабылдаудан бас тартылғаны туралы дәлелдi қорытынды түрiнде хабарланады.
Толық сараптама нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган тауар таңбасын тiркеу туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Тiркеу туралы шешiм тауарлар мен қызметтердiң бүкiл тiзбесiне не олардың бiр бөлiгiне қатысты болуы мүмкiн. Тауар таңбасының тiркелуi өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
Тауар таңбасын тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде берiлген иесiнiң өтiнiшi бойынша әр жолы он жылға ұзартылып отырылуы мүмкiн. Тiркеудiң қолданылу мерзiмiнiң ұзартылуы туралы мәлiметтер Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiне және куәлiкке енгiзiледi.
ҚР аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар таңбасы, ҚР-да құқықтық қорғалмай-ақ, бiрақ белсендi пайдаланылуы нәтижесiнде осы тұлғаның ҚР-да кеңiнен танымал болған белгiсi жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiмi бойынша ҚР-да жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасы деп танылуы мүмкiн.
Жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасына Заңмен тауар таңбасы үшiн көзделген құқықтық қорғау берiледi. Оның иесiне тауар таңбасы жалпы жұртқа белгiлi деп танылған күннен бастап он жыл бойы қолданылатын сертификат берiледi және оның мерзiмi келесi он жылдық мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
Тауар таңбасының иесi тауар таңбасын пайдалануға мiндеттi. Делдалдық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпкерлер тауар жасаушы келiсiм берген жағдайда өз таңбасын олар өткiзетiн тауарларда тауар жасаушының тауар таңбасымен қатар пайдалануға, сондай-ақ оны жасаушының тауар таңбасының орнына қоюға құқылы.
Кез келген мүдделi тұлға тiркелген күннен бастап бес жыл немесе қарсылық бiлдiрудiң алдындағы бес жыл бойы мүлдем пайдаланылмауына байланысты тауар таңбасын тiркеудiң қолданылуына қарсы уәкiлеттi органға қарсылық бiлдiре алады.
Тауар таңбасын пайдаланудың дәлелi болып оның тiркелуiне себеп болған тауарларда және (немесе) олардың бумасында тауар таңбасы иесiнiң немесе тауар таңбасына құқық беру туралы шарттың негiзiнде осындай құқық берiлген тұлғаның қолдануы есептеледi.
Тiркелген тауар шығарылған жердiң атауымен араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас тауар таңбасын тауар шығарылған жердiң атауын тiркеу күнiне дейiн кемiнде алты айға дейiн риясыз пайдалана бастаған тұлғалар оны кейiннен уәкiлеттi орган белгiлейтiн мерзiм шегiнде, бiрақ аталған тiркеу күнiн есептегенде, кемiнде жетi жыл пайдалану құқығын сақтайды. Тауар таңбасы пайдаланылмаған немесе тауар шығарылған жердiң атауы тiркелген күнге дейiн алты айдан аз уақыт пайдаланылған кезде тауар таңбасының қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
Куәлiкте көрсетілген барлық тауарлар мен қызметтерге не олардың бiр бөлiгiне қатысты тауар таңбасына берiлген ерекше құқықты оның иесi басқа тұлғаға шарт бойынша беруi мүмкiн.
Тауар таңбасына құқықтың ауысуы, оның iшiнде оны шарт бойынша немесе құқық мирасқорлығы тәртiбiмен беру уәкiлеттi органда тiркелуге тиiс.
Тауар таңбасын пайдалану құқығын тауар таңбасының иесi (лицензиар) басқа тұлғаға (лицензиатқа) куәлiкте көрсетiлген барлық тауарлар мен қызметтерге не олардың бiр бөлiгiне қатысты лицензиялық шарт бойынша берілуі мүмкін.
Тауар таңбасына құқықтың күшi тоқтатылғанда, лицензиялық шарттың қолданылуы тоқтатылады. Құқықтың басқа тұлғаға ауысуы лицензиялық шартты тоқтатуға әкеп соқпайды.
2. ҚР-да тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау осы Заңда көзделген тәртiппен, сондай-ақ ҚР-ң халықаралық шарттарына орай оларды тiркеу негiзiнде берiледi.
Тауар шығарылған жер атауын пайдаланудың ерекше құқығы айрықша қасиеттерi тек қана немесе негiзiнен табиғи жағдайларды және (немесе) адам факторларын қоса алғанда, географиялық ортаға байланысты осы географиялық объектiде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын, тауарлар өндiретiн бiр немесе бiрнеше заңды немесе жеке тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
Тауарлар шығарылған жерлердің атаулары ретiнде тарихи атауларын қоса алғанда, елдердiң, елдi мекендердiң, жерлердiң атаулары, сондай-ақ басқа да географиялық объектiлердiң атаулары немесе олардың тауарларының көрiнiс атауларымен ұштасымы тіркелуі мүмкін.
Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде:
тауар шығарылған жерге қатысты жаңылысуға әкеп соқтыратындай географиялық көрсеткiштер болып табылатын;
тауар өндiрiлген нақты жердi үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауардың басқа аумақтан шығарылғаны жөнiнде қате түсiнiк беретiн белгiлер;
тауар жасалған жермен байланысты емес және ҚР-да белгiлi түрдегi тауарлар белгiсi ретiнде жалпыға ортақ қолданысқа енген белгілер тiркелмейдi.
Тауар шығарылған жердiң атауына және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруге өтiнiм сараптама жасау ұйымына берiледi.
Өтiнiм берiлген күннен бастап алты ай iшiнде сараптама жасау ұйымы сараптама жүргiзедi, және оның нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган:
тауар шығарылған жер атауын тiркеу және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру туралы;
тауар шығарылған жер атауын тiркеуден және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы тиістi шешiм қабылдайды.
Аталған географиялық объект аумағында өндiрiлетiн тауардың ерекше қасиеттерi сақталған жағдайда тауар шығарылған жер атауларын тiркеу мерзiмсiз қолданылады.
Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы сараптама жасау ұйымына өтінім берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады және ол мерзiм тауардың ерекше қасиеттерi сақталған жағдайда оның қолданылуының соңғы жылында берiлген иесiнiң өтiнiшi бойынша әр жолы он жыл ұзартылып отырады.
Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесiне оны пайдаланудың айрықша құқығы берiледi. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесi тауар шығарылған жер атауымен қатар тұстан латынның (R) әрпi түрiндегi ескертпе таңбалауды, "тiркелген тауар шығарылған жердiң атауы", "зарегистрированное наименование места происхождения товара" немесе "ТШЖА тiрк." деген сөз белгiлерiн соға алады.
Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын немесе араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi бiртектес тауарлар мен қызметтерге қатысты, ал жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасы болғанда - кез келген тауарлар мен қызметтерге қатысты азаматтық айналымға рұқсатсыз енгiзу тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып танылады.
Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын не араласып кеткен дәрежеге дейiн онымен ұқсас белгiнi заңсыз пайдаланған тұлға жолсыздықты тоқтатуға және тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiне ол шеккен залалдың орнын толтыруға, дайындалған тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауының кескiнiн жоюға, тауардан т.б. ұқсас белгiнi алып тастауға мiндеттi. Осы талапты орындау мүмкiн болмаған кезде тиiстi тауар ҚР заңдарында белгiленген тәртiппен жойып жiберiлуге тиiс.
