- •5В072900 «құрылыс» мамандығының студенттеріне арналған
- •5В072900 «Құрылыс» мамандығының студенттеріне арналған
- •Мазмұны
- •1 Жолдың үстіңгі құрылысы
- •Балласт қабаты
- •1.2 Рельстер
- •1.3 Шпалдар
- •1.4 Бұрмалы бағыттама және оның түрлері
- •1.5 Жекеленген бұралмалы бағыттама
- •1.6 Рельстік жолдардың бірігулері мен қиылысулары
- •1.7 Рельс табанының ені
- •1.8 Жолды жөндеу түрлері. Жол және жол шаруашылығы
- •2 Есептеу жұмыстары
- •2.1 Жол табан енін анықтау
- •2.2 Сыртқы рельстен ішкі рельстің биіктігін анықтау
- •2.3 Бұрмалы бағыттама маркасын анықтау
- •2.4 Қысқартылған рельсті төсеу
- •2.5 Жер қабаты
- •2.6 Кірме теміржолдарын күрделі жөндеу
- •«Теміржол жолы»
1 Жолдың үстіңгі құрылысы
Жолдың үстіңгі құрылысы жылжымалы құрамды бағыттау, оның доңғалақтарының күш әсерлерін қабылдап, ол күштерді жолдың төменгі құрылысына тарату қызметін атқарады. Жолдың үстіңгі құрылысы дегеніміз – құрылыстар кешені. Оған балласт қабаты, шпалдар, рельстер мен рельс бекітулері, ығысуға қарсы қарсы бекітпелер, бағыттама құрылысы, көпірлер мен бұрылма білеулер кіреді. Рельстерді шпалдарға бекітіп, рельсті-шпалды тор жасалады.
Балласт қабаты
Балласт қабатының негізгі қызметі – шпалдардан алған қысым күштерін жер төсемінің негізгі көлеміне біркелкі тарату, тік және көлденең күштердің әсерінен шпалдардың орнықтылығын сақтау, рельс табанының астындағы негізінің серпінділігі мен рельсті-шпалды тордың жазықтық және тік пішінінде жөндеу мүмкіндігін қамтамасыз ету, үстіңгі қабаттағы суды ағызып жіберу.
Балласт қабаты суды өзінде ұстамай, негізгі жолақты ылғалдан сақтауға тиіс. Балласт материалдары түскен күшпен атмосфералық әсерге берік, серпінді, орнықты және арзан болуы керек. Балласт ретінде сусымалы, тез құрғағыш, серпінді материалдар пайдаланылады. Оларға ұсақталған және қиыршық тастар, құм, асббест қалдықтары, ұлу тастар жатады. Балласт үшін ең жақсы материал – табиғи тастардан, ірі және ұсақ жұмыр тастардан ұсақталған тастар. Оның мөлшері 25-тен 60 мм-ге дейін болады.
1.2 Рельстер
Рельстер жылжымалы құрамның доңғалақтарын бағыттап, оның салмақ күшін шпалдарға жеткізеді. Одан басқа, рельстер автоблоктаулы жол бөліктерінде сигнал тоқтарын өткізуге, ал электрлі жолда – тартым тоғын қайта алуға пайдаланылады.
Жұмыстың сенімділігін арттыру үшін рельс айтарлықтай берік, қызмет мерзімі ұзақ, аса төзімді және қатты, бірақ морт болмауы тиіс, өйткені ол динамикалық соққыны қабылдайды. Рельс жасауға беріктігі жоғары көміртекті болат материалдар пайдаланады. Рельстің саламағы мен көлденең пішішіне қарай Р50, Р65, Р75 үлгілері пайдаланылады. Р әрпі рельс дегенді білдіреді, ал сан мөлшері рельстің бүтін санға айналдырған 1 метрлік салмағын көрсетеді. Рельстің қалыпты ұзындығы – 25м.
Рельстерды шпалдарға аралық бекітпелер арқылы орнықтырады. Олар рельс пен шпалдың берік және айтарлықтай серпінді байланысын, екі рельстің аралығын бірқалыпта ұстауын және рельстердің ішіне қарай еңістігін сақтауын, бойлық жылжуын және рельстердің аударылмауын, ал темірбетон шпалдар салынған жолдарда рельстер мен шпалдарды электр айырғышпен ажыратуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сурет 1.1 - Р 50 маркылы рельс
Сурет 1.2 - Р 65 маркалы рельс
Сурет1.3 - Р 75 маркалы рельс
Кесте 1.1
Рельстер өлшемдері
Көрсеткіш |
Рельс түрі |
Профиль суреті |
||
Р75 |
Р65 |
Р50 |
||
Көлденең қимасының ауданы, см2 |
95,06 |
82,56 |
65,93 |
|
Ұзындығы 1м рельстің салмағы, кг |
74,41 |
64,72 |
51,67 |
|
жалпы H
|
192 |
180 |
152 |
|
бастары
|
55 |
45 |
42 |
|
мойындары |
105 |
105 |
83 |
|
табаны |
32 |
30 |
27 |
|
В1 сырғанау бетінен 13 мм биіктіктегі басының ені
|
72 |
71 |
70 |
|
Табанының ені |
150 |
150 |
132 |
|
Рельс тіректерінің қызметі:
тік әсер ететін, қаптал, бойлық күштерді қабылдап балластың қабатқа беруі.
Жол табаны енінің рельс еңісінің; рельстердің бір-біріне ауытқуы; автоблокировкамен электрлік оқшаулау.
Жол табаны енінің, рельс еңісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, рельстердің бір-біріне автоблокировкамен электрлік оқшаулау;
Балластың қабатпен бірге рельс еңісінің жазықтығы тұрақты жағдайын жоспарлаумен пішіндеуде қамтамасыз ету.
Рельс тіректеріне қойылатын талаптар:
табиғи климаттың (атмосфералық жауын – шашын, температураның тұрақсыздығы мезгылдік қату, жылу), ауыспалы күштер әсері кезінде берік, төзімді, қызымет көрсету мерзімі ұзақ болуы қажет.
Тіректің көлденең және бойлық бойымен ығысуға жоғарғы қарсылық көрсетуі;
Серпімді, диэлектрлі болуы қажет.
Рельстік бекіттемелер. Аралық рельстік бекітпелер құрамына қарай екіге бөлінеді: төсем мен төсемсіз. Төсемелер қысымды рельстен тірекке беру үшін кеңестікпен қамтамасыз етеді.
Аралық бекітпелердің басты міндеті рельспен негізді байланыстыру. Аралық бекітпелер қамтамасыз етеді:
екі рельс шүйдесінің ішкі қырларының аралығының тұрақтылығын;
рельстың негізге жабысып байланысуы;
қолайлы температуралық шақ рельстің жақсы қызметі үшін;
жолдың үстіңгі құрылысының құрылымының экономикалық тиімділігі.
