- •5В072900 «құрылыс» мамандығының студенттеріне арналған
- •5В072900 «Құрылыс» мамандығының студенттеріне арналған
- •Мазмұны
- •1 Жолдың үстіңгі құрылысы
- •Балласт қабаты
- •1.2 Рельстер
- •1.3 Шпалдар
- •1.4 Бұрмалы бағыттама және оның түрлері
- •1.5 Жекеленген бұралмалы бағыттама
- •1.6 Рельстік жолдардың бірігулері мен қиылысулары
- •1.7 Рельс табанының ені
- •1.8 Жолды жөндеу түрлері. Жол және жол шаруашылығы
- •2 Есептеу жұмыстары
- •2.1 Жол табан енін анықтау
- •2.2 Сыртқы рельстен ішкі рельстің биіктігін анықтау
- •2.3 Бұрмалы бағыттама маркасын анықтау
- •2.4 Қысқартылған рельсті төсеу
- •2.5 Жер қабаты
- •2.6 Кірме теміржолдарын күрделі жөндеу
- •«Теміржол жолы»
1.7 Рельс табанының ені
Рельстік табан өзінің енімен, рельс желісінің рельс деңгейі мен еңістігі бойынша орналасуымен сипатталады. Рельс табанының өлшемдері экипаж қозғалысының қауіпсіздігін және оладың жолға әсерін аз түсуін қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан рельс табынының өлшемдері оның жылыжымалы құрамның жүру бөлшектерімен өзара байланысуы арқылы анықталады, ал дәлдік шегін күту (допуск содержания) – қозғалыс қауіпсіздігімен және жолды пайдаланудың техника-экономикалық шарттарымен анықталады.
1970 жылдарға дейінгі отандық жолдардың түзу телімдеріндегі қалыпты табан ені 1524 мм құрады, бұл өз кезегінде 5 футқа сәйкес келеді. Кеңеюі бойынша шекті ауытқу +6 және тарылуы бойынша шекті ауытқу -4 мм болды, яғни түзуде табан ені 1520-дан 1530 мм-ге дейін тербелуі әбден мүмкін болды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының, сонымен қатар шетелдік жолдар тәжірибесінің есебінің нәтижесінде 1970 ж тар енді жол табанына ауысуы жайында шешім қабылданды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, жылжымалы құрамнының көлденең күштерінің өзараәрекеттестігі анағұрлым төмендейді, көп төмендесе соншалықты жылдамдық та көп болады.
Жол табан ені 1520 мм болған жағдайда, қазіргі кезде шекті ауытқулар 8 және -4 мм артық емес, ал 50 км/сағ-қ және одан төмен жылдамдық қабылданған телімдерде - +10 және -4мм болады.
Қалыпты жол табаны ретінде 1435 (1430) мм ұзындығы алынған, ол әлемдегі барық жол жиесінің 62 % құрайды. Осы ұзындықтан арығын – үлкен, кемін – қысқа жол табанды деп санайды. 1435 ұзындығқты жол табаннан кейін кең таралған жол табан түрлеріне – 1675 мм (6%), 1524 (1520) мм (10%), 1067мм (8%), 1000мм (9%) ұзындықты жол табандар жатады. Басқа да табан түрлерінің барлығы 5% құрайды.
Теориялық тұрғыда жол табан ені ұзындығын дөңгелектің рельспен жанасатын жұмыс бетінен бастап есептеледі. Желінбеген дөңгелек пен рельсте өлшеу беті орта жүру жолынан 10 мм қашықтықта орналасады. Орта өлшеу беті дөңгелекті диаметрін өлшейтін вертикаль бойымен алынады. Ол өңгелектің ішкі бөлігінен 70 мм қашықтықта орналасқан. Практикалық тұрғыда арлық желіну түрлерінде жол табан ені ұзындығы рельстің жүру бетінен 13 мм қашықтықта өлшейді.
Әр түрлі құрылыстар мен құрылғыларды рельстік табан еніне қатысты қауіпсіз ара қашықтықта орналастырады. Ең аз ара қашықтық жылжымалы құрам қозғалысы кезінде бос жүістің болуын қамтамасыз етуі керек.Ол жылжымалы құрамның мемлекеттік стадартпен бекіткен құрылысқа жақындау габаритімен анықталады.
Құрылыстардың жолға жақындау габариті (габарит С) деп шектік көлденең бойлық болып табылады. Оған жылжымалы құрамнан басқа құрылғылар кірмеуі тиіс, тек поездың қозғалысына қажетті құралдардан басқа (вагон тежегіштері, байланыс сымдары және т.б.). Бұл құралдар онда жылжымалы құраммен жанаспайтындай етіп орналасқан.
Завод, фабрика, депо, өзен және теңіз порттары, шахта, қойма және басқа да өндірістік аймқтарда және АҚ ҰК ҚТЖ жолдарынла құрылыстардың жолға жақындау габариті Сn сақталуы керек. Сn габариті С габаритінен биіктікпен (550мм) және ұзындықпен (2450 және 3100 мм) ерекшеленеді. Станциялар мен өнеркәсіп орындарында одан да аз ұзындықты алуға болады.
Осы мақсатта жұмыс жағдайларына байланысты аталмыш жолдарды салу ақысы арзандатылды. Жолдан маңайындағы құрлыстар С габаритіне байланысты 3,1м қашықтықта болу керек. Бұл жағдай қоршау және жол тасымалдау діңгегіне, байланыс торабынада байланысты. Сонымен қатар фундаменттер, кабельдер және де басқа құрлыстар жол торабынан бір метр қашықтықта, рельстен 2,9 м қашықтықта болуы тиіс. Төменгі сызбаға байланысты С құрлымы рельс басына ішкі жағынан 50 мм сыртқы жағынан 50 мм болуы тиіс. Жол тораптарына және вагондарды тоқтатуға арналған С габарит белгіленген.
