Дүние жүзі тарихы
1. Ежелгі Македонияда монархиялық билікті нығайтқан бірінші патша: A) ІІ Филип B) Солон C) Аристофан D) Перикл E) А.Македонский |
2. АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясының авторы: A) Д.Вашингтон. B) Т.Джефферсон. C) Б.Франклин. D) А.Гамильтон. E) А.Линкольн. |
3. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған жыл: A) 1941 ж. B) 1942 ж. C) 1945 ж. D) 1944 ж. E) 1943 ж. |
4. Чилиде әскери диктатура орнатқан билеуші: A) Ф.Кастро B) Э.Че Гевара C) С.Альенде D) Д.Ортега E) А.Пиночет |
5. «Мемлекетке зиян келтірді» деген кінәмен дарға асылған Пәкстанның басшысы: A) П.Мушараф B) А.М.Яхьяхан C) З.А.Бхутто D) Н.Шариф E) М.Зия ұл-Хақ |
6. Солтүстік полюсте бірінші кеңес ғылыми зерттеу станциясы өзінің жұмысын бастады: A) 1925 жылы B) 1957 жылы C) 1945 жылы D) 1937 жылы E) 1961 жылы |
7. Буддизм дініндегі нирвана – ол… A) Тозақ. B) Адам жаны. C) Құбыжық. D) Рахат өмір. E) Ажал. |
8. VІІ ғасырда араб тайпаларының бірігуіне ықпал еткен жағдай: A) қолөнердің дамуы B) бір құдайға сенуді қабылдауы C) өзара қырқысуды тоқтатуы D) көрші елдердің тонаушылық соғыстары E) сауданың өркендеуі |
9. Игорь жорығы туралы жырда суреттелген оқиға: A) Ресейде христиандықты енгізу. B) Древлян көтерілісін басу. C) Князьдардың қыпшақтарға қарсы шабуылы. D) Хазарлармен соғыс. E) Царьградқа шабуыл. |
10. 1549 ж. Ресейде боярлар думасының орнынан құрылған орган: A) Мемлекеттік Дума. B) Сенат. C) Мемлекеттік департамент. D) Зем соборы. E) Успен соборы. |
11. Машиналарды өз қиындықтарының көзі деп, оларды қиратқан ағылшын жұмысшылары: A) Диггерлер. B) Левеллерлер. C) Индепендеттер. D) Луддашылдар. E) Джентрилер. |
12. ХVІІ ғ. басына қарай Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отарлық біріншілікті иемденген мемлекет: A) Португалия B) Англия C) Франция D) Испания E) Голландия |
13. ХІХ ғ. 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы: A) Чартизм B) Луддашылдар C) Тред-юниондар D) Джентрилер E) Диггерлер |
14. Франциядағы шілде монархиясы өмір сүрген уақыт: A) 1813-1827 жж. B) 1815-1824 жж. C) 1815-1848 жж. D) 1815-1830 жж. E) 1830-1848 жж. |
15. Жапонияның бірінші дүниежүзілік соғысқа кірудегі негізгі мақсаты: A) Армияны техникалық жағынан жаңарту. B) Еуропада рынокты кеңейту. C) Қиыр Шығыс пен Тынық мұхитта отарлар басып алу. D) Демократиялық қозғалысты тұншықтыру. E) Ресейді жаулап алу. |
16. 1923 жылы 29 қазан күні Түркия тарихында болған маңызды оқиға: A) Сұлтан билігі жойылды. B) Коммунистер билікке келді. C) Республикалық халықтық партия құрылды. D) Түркия Республикасы жарияланды. E) Ресеймен достық келісім шартына қол қойылды. |
17. 1956 жылы Франция үкіметінің тәуелсіздік беруге мәжбүр болған елдері: A) Лейте аралы мен Вьетнам B) Марокко мен Тунис C) Судан мен Алжир D) Египет және Ливия E) Бирма және Цейлон |
18. Португалия Европалық Одақ мүшелігіне қабылданды: A) 1977 ж. B) 1986 ж. C) 1988 ж. D) 1987 ж. E) 1980 ж. |
19. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың Батыс Еуропа мемлекеттеріне көмектесуі: A) Вильсон жоспары. B) Керзон жоспары. C) Эйзенхауэр доктринасы. D) Маршалл жоспары. E) Рузвельт жоспары. |
20. Урарту мемлекеті қалыптасты: A) б.з.б. VІІІ ғ. B) б.з.б. Х ғ. C) б.з.б. ХІ ғ. D) б.з.б. ХІІ ғ. E) б.з.б. ІХ ғ. |
21. XІ ғ. Англияны жаулап алған ел: A) Испания. B) Скандинавия. C) Германия. D) Нормандия. E) Нидерланды. |
22. Крест жорығының созылған уақыты: A) X ғасырдан – XIII ғасырдың аяғына дейін. B) XI ғасырдан – XIII ғасырдың аяғына дейін. C) XIII ғасырдан – XIV ғасырға дейін. D) XII ғасырдан – XIV ғасырға дейін. E) X ғасырдан – XII ғасырға дейін. |
23. 1905 ж. Үндістандағы отаршыл өкіметтің Бенгалияны екіге бөлудегі мақсаты: A) Үнді князьдіктерінен тартып алған жерлерін қайтару B) Үнді экономикасына бөлінетін капиталды үнемдеу C) Жергілікті кәсіпкерлермен экономикалық аймақтарды өзара бөлісу D) Артта қалған аймақтарды оқшаулау E) Үнділер мен мұсылмандар арасында діни алауыздықты тудыру |
24. XVII-XVIII ғасырлардағы Еуропа мәдениетіндегі бірін-бірі ауыстырып отырған үш көркем бағыт: A) Утопиялық көзқарас, эмпиризм, материализм. B) Классицизм, романтизм, реализм. C) Материализм, эмпиризм, идеализм. D) Утопиялық көзқарас, романтизм, идеализм. E) Идеализм, гуманизм, реализм. |
25. Францияда Халықтық майдан құрылды: A) 1924 жыл. B) 1934 жыл. C) 1930 жыл. D) 1932 жыл. E) 1928 жыл.
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
