Қазақ әдебиеті
1. Ақыл, қайрат, жүректің ғылымға келіп жүгінгенін сипаттайтын Абай қарасөзін табыңыз. A) Оныншы. B) Он төртінші. C) Он бесінші. D) Он сегізінші. E) Он жетінші. |
2. «Қартқожа» романындағы негізгі әрекеттердің қайда өткендігін көрсетіңіз. A) Қызылорда. B) Ақтау. C) Омбы. D) Шымкент. E) Қостанай. |
3. Мағжан Жұмабаевтың әнімен халық арасына кең тараған өлеңін көрсетіңіз. A) “Сағындым”. B) “Гүлсімге”. C) “З-ға”. D) “Жас келін”. E) “Сен сұлу”. |
4. Б.Майлин пьесасын табыңыз. A) «Майдан». B) «Түнгі сарын». C) «Асауға тұсау». D) «Қызыл сұңқарлар». E) «Шұғаның белгісі». |
5. Қ.Аманжоловтың поэмасын табыңыз. A) «Ақын өлімі туралы аңыз». B) «Медғат». C) «Батыр Баян». D) «Әзім әңгімесі». E) «Ескендір». |
6. 1926 жылы Қазақ театрының тұңғыш шымылдығы қай пьесамен ашылғанын көрсетіңіз. A) «Еңлік – Кебек» B) «Түнгі сарын» C) «Қарагөз» D) «Қарақыпшақ Қобыланды» E) «Айман – Шолпан» |
7. Тоныкөктің кім болғанын белгілеңіз. A) Қолбасшы. B) Қаған. C) Қағанның кеңесшісі. D) Елші. E) Қазынашы. |
8. Ер Төстіктің әкесінің есімін табыңыз. A) Таусоғар. B) Ерназар. C) Бекторы. D) Темір. E) Назар. |
9. А.С.Пушкин жазып алған қазақ жырын табыңыз. A) "Қобыланды батыр". B) "Ер Тарғын". C) "Айман-Шолпан". D) "Алпамыс батыр". E) "Қозы Көрпеш- Баян сұлу". |
10. Асан қайғының айтқанын табыңыз. A) Азаулының Стамбулдан несі кем? B) Менімен, ханым, ойнаспа. C) Батыр жігіт қол бастар. D) Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады. E) Жапанға біткен терекпін. |
11. С.Торайғыровтың ’’Адасқан өмір’’ поэмасы неше бөлімнен тұратындығын табыңыз. A) Бес бөлім. B) Төрт бөлім. C) Жеті бөлім. D) Алты бөлім. E) Үш бөлім. |
12. Әсет Найманбаевтың алғашқы тұсау кескен әнін белгілеңіз. A) «Еркем-ай». B) «Зұлқия». C) «Мәлике қыз». D) «Майда қоңыр». E) «Кіші Ардақ». |
13. "Еңлік-Кебек" дастанын жазған авторды табыңыз. A) Ш.Құдайбердиев. B) М.Жұмабаев. C) С.Торайғыров. D) С.Дөнентаев. E) М.Әуезов. |
14. С.Сейфуллиннің Омбы семинариясында оқыған жылдарын табыңыз. A) 1908-1913 жж. B) 1914-1917 жж. C) 1912-1915 жж. D) 1911-1914 жж. E) 1913-1916 жж. |
15. Жамбылдың бата түріндегі туындысын табыңыз. A) ’’Майданға хат’’. B) ’’Қазақстан тойына’’. C) ’’Өтеген батыр’’. D) ’’Аттандыру’’. E) ’’Сұраншы батыр’’. |
16. С.Мұқановтың "Ботагөз" романына арқау болған оқиғаларды белгілеңіз. A) 1836 ж. Шаруалар көтерілісі. B) "Ақтабан шұбырынды" оқиғасы. C) 1916-17 ж. тарихи жағдай. D) 1905 жылғы төңкеріс. E) Ұлы Отан соғысы. |
17. Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы басты кейіпкерді табыңыз. A) Игілік би. B) Есеней. C) Таймас. D) Шәкен. E) Ұлпан. |
18. Ғ.Мұстафиннің көркемдігі жағынан ерекше қуатқа ие болған шығармасын табыңыз. A) ’’Миллионер’’. B) ’’Дауылдан кейін’’. C) ’’Керуен’’. D) ’’Шығанақ’’. E) ’’Құлаған құз’’. |
19. «Біздің ауыл Салықсалғанның иығында отырған» деп басталатын шығарманы табыңыз. A) «Шыңырау». B) «Тортай мінген ақ боз ат». C) «Интернат наны». D) «Қылау». E) «Бесеудің хаты». |
20. Абай кімнің шығармасын аудару арқылы шалыс ұйқасты өлең түрін тапқандығын атаңыз. A) Крылов. B) Пушкин. C) Салтыков-Щедрин. D) Гете. E) Лермонтов. |
21. Абай Ділдәға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгілеңіз. A) Майбасар. B) Тәкежан. C) Жиренше. D) Ызғұтты. E) Ербол. |
22. «Қыранымын сары сайран даланың, Қос қанатым-алтын Алтай, Оралым». М.Жұмабаев өлеңінен алынған үзіндіде қандай бейнелеуіш құрал бар екенін табыңыз. A) Метонимия. B) Кейіптеу. C) Теңеу. D) Қайталау. E) Метафора. |
23. «Қайтсін, қолы тимепті Өлеңші, әнші, есіл ер» деген тармақтарда құбылтудың қай түрі қолданылғандығын анықтаңыз. A) Сарказм. B) Ирония. C) Метанимия. D) Аллегория. E) Символ. |
24. Сыр ашпайды сенің құла түздерің, Сыр ашпайды тау-тастағы іздерің. Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын, Домбыраның пернесінен іздедім, - деген өлең жолдары Мұқағалидың қай өлеңінен алынғанын табыңыз. A) «Поэзия». B) «Қазақ жері». C) «Бабаларым, рақмет сендерге». D) «Үш бақытым». E) «Елім барда». |
25. Олжас Сүлейменовтің сценарийі бойынша түсірілген кинофильмді белгілеңіз. A) «Алпамыс мектепке барады» B) «Ана туралы аңыз» C) «Қыз Жібек» D) «Менің атым Қожа» E) «Мұхтар Әуезов туралы сөз»
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
