- •1. Бiрiншi басымдық: Қазақстанның әлемдiк экономикаға ойдағыдай кiрiгуi - елдiң экономикалық дамуының сапалық серпiлiсiнiң негiзi
- •1.1. Халықаралық маңыздағы "серпiлiстiк" жобаларды iске асыру, индустрияны дамыту, әлемдiк рыноктың белгiлi бiр тауашаларында бәсекеге қабiлеттi бола алатын тауарлар мен қызметтердi өндiру
- •1.2. Қазақстанның өңiрлiк және халықаралық экономикалық бiрлестiктер мен ассоциацияларға қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кiрiгуi
- •1.3. Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге қабiлеттiлiгiн нығайтудың қосымша құралы ретiнде бсұ-ға кiру
- •1.4. Экспорттық-импорттық кредиттеудi дамытуды мемлекеттiк қолдау
- •1.5. Қазақстанның жаңа технологияларды әзiрлейтiн және дамытатын халықаралық компаниялардың құрылтайшысы және акционерi ретiнде қатысуы
- •1.6. Қазақстанда зиаткерлiк меншiк құқығымен және сауда маркасымен қорғалған тауарлар өндiрiсi үшiн қолайлы жағдайлар қалыптастыру
- •1.7. Ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетiн академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру
- •1.9. Табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын iске асыру
- •1.10. Алматыны қаржы және iскерлiк белсендiлiктiң iрi өңiрлiк орталығы ретiнде дамыту
- •1.11. Нақты iске асыру
- •1.8. Осы заманғы және бәсекеге қабiлеттi көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
- •2. Екiншi басымдық: Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудiң iргетасы ретiнде одан әрi жаңарту мен әртараптандыру
- •2.1. Ақша-кредит саясаты
- •2.2. Қадағалау тәртiбi мен тиiмдi салық саясаты
- •2.3. Экономиканың отын-энергетика және өндiрушi секторларының тиiмдiлiгi мен экономикалық қайтарым деңгейiн арттыру
- •2.4. Мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқару
- •2.5. Нарық қағидаттары негiзiнде мемлекет пен жеке меншiк сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиiмдiлiгiн арттыру
- •2.6. Кәсiпкерлiкке кең ауқымды мемлекеттiк қолдауды iске асыру, шағын және орта бизнестiң тұғырын кеңейту мен нығайту
- •2.7. Өңiрлiк әлеуметтiк даму мен кәсiпкерлiк корпорацияларын құру есебiнен экономикалық өркендеудiң өңiрлiк "локомотивтерiн" жасақтау
- •2.8. Экономиканы теңдестiре дамыту қажеттiгiне сай келетiн аумақтық даму
- •2.9. Астананы осы заманғы әлемдiк стандарттарға сай келетiн қала ретiнде, Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың iрi орталықтарының бiрi ретiнде дамыту
- •2.10. Нақты iске асыру
- •3. Yшiншi басымдық: Халықтың неғұрлым "әлжуаз" топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететiн осы заманғы әлеуметтiк саясат
- •3.1. Халықтың неғұрлым "әлжуаз" топтарына қолдау көрсету
- •3.2. Әлеуметтiк қолдау көрсету жүйесiнiң нарықтық экономика талаптарына сай қайта бағдарлануы
- •3.3. Тұрғын үй құрылысы және жылжымайтын мүлiк рыногын дамыту мәселелерi
- •3.4. Денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруда осы заманғы қағидаттар мен стандарттарға көшу
- •3.5. Халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
- •3.6. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiнiң халықаралық стандарттарын енгiзу
- •3.7. Еңбек ресурстарын дамытудың тиiмдi жүйесiн құру
- •3.8. Нақты iс жүзiне асыру
- •4. Төртiншi басымдық: Осы заманғы бiлiм берудi дамыту, кадрлардың бiлiктiлiгi мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетiнiң одан әрi өркендеуi
- •4.1. Осы заманғы бiлiм беру және бiлiктi кадрлар даярлау жүйесiн дамыту
- •4.2. Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы болуы негiзiнде мәдениеттiң ел мемлекеттiлiгiнiң қалыптасу үдерiсiндегi рөлiн нығайту
- •5. Бесiншi басымдық: Демократияны одан әрi дамыту және саяси жүйенi жаңарту
- •6. Алтыншы басымдық: Осы заманғы қауiп-қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы бара-бар ұлттық қауiпсiздiк стратегиясын iске асыру
- •6.1. 2006-2010 Жылдарға арналған Ұлттық қауiпсiздiктiң жаңа стратегиясы
- •6.2. Дiни экстремизмге қарсы iс-қимылға және халықаралық лаңкестiк пен есiрткi саудасына қарсы күреске бағытталған саясат
- •6.3. Ұлттық қауiпсiздiк пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi жалпыұлттық кешендi бағдарламаны дәйектi түрде iске асыру
- •7. Жетiншi басымдық: Қазақстанның мүдделерiн, өңiрлiк және әлемдiк дамудың серпiнiн ескеретiн теңдестiрiлген және жауапты сыртқы саяси бағытты одан әрi iске асыру
- •7.1. Бiздiң елдерiмiз арасындағы ауқымды интеграциялық үдерiстер негiзiнде Ресеймен стратегиялық серiктестiк қатынастарын дамыту
- •7.4. Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту
- •7.5. Көршiлес Орта Азия мемлекеттерiмен ынтымақтастық
- •7.6. Мұсылман әлемi елдерiмен бiздiң қатынастарымызды дамыту
- •Қымбатты отандастар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар!
2. Екiншi басымдық: Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудiң iргетасы ретiнде одан әрi жаңарту мен әртараптандыру
Ел экономикасындағы өрлеудiң тұрлаулы әрi серпiндi сипатын ұстап тұру үшiн мемлекет қазынагерлiк, кредит-ақша саясатының, өндiрiстiң негiзгi факторларын тиiмдi қайта бөлудi мемлекеттiк реттеу тетiктерiн пайдаланып, жоғары сапалы өнiм мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға мiндеттi. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрi жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарға баса көңiл бөлу керек деп санаймын.
2.1. Ақша-кредит саясаты
Ақша-кредит саясатының негiзгi мақсаты - инфляцияны тежеудi қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершiлiк Ұлттық банк пен Yкiметке жүктеледi. Олардың қолында сол үшiн барлық өкiлеттiктер мен құралдар бар. Ақша-кредит саясатының келесi мiндетi - қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсiмiнiң залалды зардаптарын төмендету, сонымен бiр мезгiлде экономикалық өрлеудi ынталандыру үшiн нақтылы айырбас бағамының икемдiлiгiн сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиiс. Үкiмет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиiс деп санаймын.
2.2. Қадағалау тәртiбi мен тиiмдi салық саясаты
Салық және кеден саясатын реформалау күллi экономикалық жаңару саясатының маңызды құралы болуы керек. Экономикамыздың жаңа салаларын әртараптандыру мен дамытуды ынталандыру, бұл салаларға шетел капиталы мен соны iлiмдi тарту мақсатында икемдi салық және бюджет саясатын пайдалану маңызды. Өндiрiстi дамыту мен кеңейту мақсатында қосымша құн салығының мөлшерлемесiн төмендету қажет деп санаймын. Iрi салық төлеушiлерден түскен салық түсiмдерiн жинауды тексеру үшiн Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнде арнаулы бөлiм құруды ойластыру керек. Ол бөлiм тексеру iсiне мүдделер қайшылығынан ада халықаралық аудиторлық фирмаларды тартуға тиiс. Қатаң бюджет және салық тәртiбi сақталуға тиiс.
2.3. Экономиканың отын-энергетика және өндiрушi секторларының тиiмдiлiгi мен экономикалық қайтарым деңгейiн арттыру
Iшкi және әлемдiк рыноктардың жаңа тауашаларын бiз өндiрушi өнеркәсiптiң мұнай, газ және басқа салаларында терең өңдеудi дамыту есебiнен игеруiмiз керек. Әрбiр мұнай-газ кенiшi кәсiпкерлiктi дамытудың осы заманғы тұрмыстық қызмет көрсетуден бастап, ең озық инженерлiк және бағдарламалық қамтамасыз ету саласына дейiнгi ауқымды қамтитын өзiндiк тұтас аумақ ретiнде қарастырылуға тиiс. Тұтынушыларының алдында Қазақстан сенiмдi өнiм берушiнiң абыройын жоғары ұстауға тиiс. Биылғы жылдың iшiнде Үкiмет Қазақстанда мұнай-химия өнеркәсiбiн дамытудың таяудағы он жылға арналған кешендi Бас жоспарын нақтылы орындауға кiрiседi деген ойдамын.
2.4. Мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқару
Үкiмет мемлекет активтерiн басқарудың ашық және айқын жүйесiн жасауы қажет. Мемлекеттiң меншiгiне түгендеу жүргiзiп, күллi елiмiз үшiн бiртұтас деректер базасын жасаған жөн. Медетшiлiк жасау немесе банкроттық туралы шешiм шығарған кезде бiртұтас өлшемдер қолданылуы керек. Банкроттық шығынды мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн қалпына келтiру мүмкiндiгi қалмаған жағдайда жасалатын соңғы қадам болуға тиiс. Банкроттықты мемлекеттiк мүлiктi басқарудың өзi үшiн ең ұтымды тәсiлi санайтын белгiлi бiр конкурстық басқарушыларды қайталап қатыстыру тәжiрибесiнен арылып, бұл салада барынша бәсекелестiк туғызуды ойластырған дұрыс. Қажеттiгiне қарай, мемлекеттiң неғұрлым iрi активтерiн басқару үшiн халықаралық компанияларды да жалдау керек.
