- •1. Бiрiншi басымдық: Қазақстанның әлемдiк экономикаға ойдағыдай кiрiгуi - елдiң экономикалық дамуының сапалық серпiлiсiнiң негiзi
- •1.1. Халықаралық маңыздағы "серпiлiстiк" жобаларды iске асыру, индустрияны дамыту, әлемдiк рыноктың белгiлi бiр тауашаларында бәсекеге қабiлеттi бола алатын тауарлар мен қызметтердi өндiру
- •1.2. Қазақстанның өңiрлiк және халықаралық экономикалық бiрлестiктер мен ассоциацияларға қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кiрiгуi
- •1.3. Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге қабiлеттiлiгiн нығайтудың қосымша құралы ретiнде бсұ-ға кiру
- •1.4. Экспорттық-импорттық кредиттеудi дамытуды мемлекеттiк қолдау
- •1.5. Қазақстанның жаңа технологияларды әзiрлейтiн және дамытатын халықаралық компаниялардың құрылтайшысы және акционерi ретiнде қатысуы
- •1.6. Қазақстанда зиаткерлiк меншiк құқығымен және сауда маркасымен қорғалған тауарлар өндiрiсi үшiн қолайлы жағдайлар қалыптастыру
- •1.7. Ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетiн академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру
- •1.9. Табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын iске асыру
- •1.10. Алматыны қаржы және iскерлiк белсендiлiктiң iрi өңiрлiк орталығы ретiнде дамыту
- •1.11. Нақты iске асыру
- •1.8. Осы заманғы және бәсекеге қабiлеттi көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
- •2. Екiншi басымдық: Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудiң iргетасы ретiнде одан әрi жаңарту мен әртараптандыру
- •2.1. Ақша-кредит саясаты
- •2.2. Қадағалау тәртiбi мен тиiмдi салық саясаты
- •2.3. Экономиканың отын-энергетика және өндiрушi секторларының тиiмдiлiгi мен экономикалық қайтарым деңгейiн арттыру
- •2.4. Мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқару
- •2.5. Нарық қағидаттары негiзiнде мемлекет пен жеке меншiк сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиiмдiлiгiн арттыру
- •2.6. Кәсiпкерлiкке кең ауқымды мемлекеттiк қолдауды iске асыру, шағын және орта бизнестiң тұғырын кеңейту мен нығайту
- •2.7. Өңiрлiк әлеуметтiк даму мен кәсiпкерлiк корпорацияларын құру есебiнен экономикалық өркендеудiң өңiрлiк "локомотивтерiн" жасақтау
- •2.8. Экономиканы теңдестiре дамыту қажеттiгiне сай келетiн аумақтық даму
- •2.9. Астананы осы заманғы әлемдiк стандарттарға сай келетiн қала ретiнде, Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың iрi орталықтарының бiрi ретiнде дамыту
- •2.10. Нақты iске асыру
- •3. Yшiншi басымдық: Халықтың неғұрлым "әлжуаз" топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететiн осы заманғы әлеуметтiк саясат
- •3.1. Халықтың неғұрлым "әлжуаз" топтарына қолдау көрсету
- •3.2. Әлеуметтiк қолдау көрсету жүйесiнiң нарықтық экономика талаптарына сай қайта бағдарлануы
- •3.3. Тұрғын үй құрылысы және жылжымайтын мүлiк рыногын дамыту мәселелерi
- •3.4. Денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруда осы заманғы қағидаттар мен стандарттарға көшу
- •3.5. Халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
- •3.6. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiнiң халықаралық стандарттарын енгiзу
- •3.7. Еңбек ресурстарын дамытудың тиiмдi жүйесiн құру
- •3.8. Нақты iс жүзiне асыру
- •4. Төртiншi басымдық: Осы заманғы бiлiм берудi дамыту, кадрлардың бiлiктiлiгi мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетiнiң одан әрi өркендеуi
- •4.1. Осы заманғы бiлiм беру және бiлiктi кадрлар даярлау жүйесiн дамыту
- •4.2. Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы болуы негiзiнде мәдениеттiң ел мемлекеттiлiгiнiң қалыптасу үдерiсiндегi рөлiн нығайту
- •5. Бесiншi басымдық: Демократияны одан әрi дамыту және саяси жүйенi жаңарту
- •6. Алтыншы басымдық: Осы заманғы қауiп-қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы бара-бар ұлттық қауiпсiздiк стратегиясын iске асыру
- •6.1. 2006-2010 Жылдарға арналған Ұлттық қауiпсiздiктiң жаңа стратегиясы
- •6.2. Дiни экстремизмге қарсы iс-қимылға және халықаралық лаңкестiк пен есiрткi саудасына қарсы күреске бағытталған саясат
- •6.3. Ұлттық қауiпсiздiк пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi жалпыұлттық кешендi бағдарламаны дәйектi түрде iске асыру
- •7. Жетiншi басымдық: Қазақстанның мүдделерiн, өңiрлiк және әлемдiк дамудың серпiнiн ескеретiн теңдестiрiлген және жауапты сыртқы саяси бағытты одан әрi iске асыру
- •7.1. Бiздiң елдерiмiз арасындағы ауқымды интеграциялық үдерiстер негiзiнде Ресеймен стратегиялық серiктестiк қатынастарын дамыту
- •7.4. Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту
- •7.5. Көршiлес Орта Азия мемлекеттерiмен ынтымақтастық
- •7.6. Мұсылман әлемi елдерiмен бiздiң қатынастарымызды дамыту
- •Қымбатты отандастар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар!
2.8. Экономиканы теңдестiре дамыту қажеттiгiне сай келетiн аумақтық даму
Бүгiнгi таңда тұтас алғанда елiмiздегi экономикалық жаңарудың "локомотивi" болуға қабiлеттi дамыған өңiрлiк орталықтардың экономикалық қызметiн жандандыруға, сондай-ақ өңiрлердiң ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет. Мұның бәрi де Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясында бейнеленуге тиiс.
2.9. Астананы осы заманғы әлемдiк стандарттарға сай келетiн қала ретiнде, Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың iрi орталықтарының бiрi ретiнде дамыту
Қысқа мерзiмнiң iшiнде Астана елiмiздiң осы заманғы жедел өсiп келе жатқан iрi қаласына айналып үлгердi. Оның еуразиялық кеңiстiктегi үлгiлi астанаға айналуы үшiн, елiмiздiң тұрлаулы дамуын қамтамасыз етудiң негiзiне айналуы үшiн толық мүмкiндiгi бар. Бiз бұл үшiн бiрнеше ауқымды жобаларды iске асыруымыз керек. Астананың сол жағалауында осы заманғы медицинаның негiзгi бағыттарын бiрiктiретiн жаңа орталықтың негiзiнде осы заманғы, инновациялық және серпiндi медициналық қызмет кластерiн құру қажет. Елордамызда бiрегей академиялық орта қалыптастыру үшiн бiз халықаралық деңгейдегi беделдi университет құратын боламыз. Сонымен қатар, құрылыс материалдары, жиһаз, азық-түлiк өнеркәсiбi салаларының өндiрiстерi және басқа да бәсекеге қабiлеттi бағыттар шоғырландырылатын индустриялық аймақтың дамуын да қамтамасыз ету қажет. Әрбiр құрылыс салушы өз капиталының бiр бөлiгiн қаланың әлеуметтiк саласының дамуына жұмсауға тиiс. Бұл қаланы дамыту үдерiсiне бизнестi және халықты тартудың маңызды факторы болып табылады. Әлемдiк бизнестiң, iскерлiк туризмнiң, халықаралық маңызы бар ғылыми және мәдени шаралар өткiзудiң тартымды орынына айналдыру үшiн қаланың беделдiк бейнесiн көтере беруге баса көңiл бөлу керек. Келешекте қаланың дамуы Темiртау, Қарағанды агломерациясы және Щучье-Бурабай курорттық аймағы қалаларын қамту арқылы құрылатын желiлiк "өсу аймағының" жасақталуы арқылы өзгеруге тиiс.
2.10. Нақты iске асыру
Екiншi басымдықты нақты iске асыру мақсатында Үкiметке мыналарды тапсырамын: - Валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн оңайлату арқылы "Валюталық реттеу туралы" Заңға тәуелдi актiлердi әзiрлеу жұмыстарын аяқтайтын болсын. - 2007 жылдан бастан қосымша құн салығының ставкасын 1%-ға, ал 2008-2009 жылдары қосымша тағы да 1-2 %-ға азайту. - 2008 жылдан бастап әлеуметтiк салық шамамен 30%-ға азайтылып, ол жұмыс берушiлердi жұмысшылар жалақысын өсiруге ынталандыруы керек. - 2007 жылдан бастап, барлық жеке тұлғалар үшiн табыс салығының 10%-дық белгiленген мөлшерлемесi енгiзiлсiн. Еңбекақысы аз жұмысшылар санатының табыс деңгейiн сақтау мақсатында айлық есептiк көрсеткiштiң орнына олардың салық салынатын табысынан ең аз жалақы мөлшерiн алып тастауды ұсынамын. - 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын бизнес субъектiлерi үшiн салық салудың кемiтiлген бiрыңғай мөлшерлемесi енгiзiлсiн. - Алты ай iшiнде жоғарыда айтылған Салық қызметiнiң арнайы бөлiмiн құру жөнiнде нақты ұсыныс әзiрлесiн. - 2006 жылы мұнай-химия өндiрiсiн дамытудың таяудағы он жылға арналған кешендi Бас жоспарын белсендi түрде iске асыруды қолға алсын. - Пайдалану мен тиiмдiлiк өлшемiнiң нақты мақсаттарын айқындау арқылы Мемлекеттiк меншiктiң бiрыңғай тiзiлiмiн жасасын. - 2006 жылдың iшiнде келiсiм-шарттық мiндеттемелердi орындау үшiн жауапкершiлiктi арттыруға бағытталған қосымша шаралар кешенiн әзiрлеп, талқылауға ұсынатын болсын. - Ұлттық банк пен Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөнiндегi агенттiк компаниялардың жарғылық қорындағы үлестерi аз инвесторлардың, акционерлер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау туралы заңды әзiрлесiн. - "Электрондық үкiмет" жобасын iске асыруды жеделдетсiн. Ол үшiн биылғы жылы "Бiрiздендiрiлген номерлердiң ұлттық тiзiлiмi туралы" Заң қабылдануға және "Ақпараттандыру туралы" Заңға тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуге тиiс. Нақты iске асырылған жағдайда мұның өзi әрбiр азаматтың ендi қазiргi кезде жиi талап етiп жүрген СТН, ӘЖК, төлқұжат нөмiрi және басқа да құжаттардың орнына өзiнiң әмбебап дербес кодын иеленуiне мүмкiндiк бередi. - Алты ай iшiнде монополияға қарсы және бәсекелестiктi қорғау туралы заңнамаларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзiлсiн. - 2006 жылы Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi Аумақтық даму стратегиясын әзiрлеудi аяқтайтын болсын. - Үш ай iшiнде әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар құру тұжырымдамасын әзiрлесiн және 2006 жылдың қыркүйегiне дейiн нақты көрсетiлген өңiрлерде ӘКК құрайтын болсын. - 2006 жылы Астана қаласының 2030 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарын және Астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруды қолға алсын. - Алты ай iшiнде заңнамаға "Самұрық" мемлекеттiк холдинг компаниясының қызметiне қатысты өзгерiстер енгiзсiн және ұлттық компаниялардың құнды қағаздарын қаржы рыногына шығару бағдарламасын әзiрлесiн.
