Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2006 .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
163 Кб
Скачать
☆

3.4. Денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруда осы заманғы қағидаттар мен стандарттарға көшу

      2005 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаның iске асырылуы саланың таңдап алынған стратегиялық даму бағытының негiзiнен дұрыс және тиiмдi екенiн дәлелдедi.        Бұған қоса, жаңа мiндеттердi есепке алып, халықаралық стандарттарға көшудi ескеретiн болсақ, биылғы жылы саланың заңнамалық және әкiмшiлiк реформалар пакетiн iске асыру жөнiндегi жұмыстарды аяқтау керек деп санаймын.        Қазақстанда ең жоғары деңгейдегi осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшiн шетелдiк жетекшi компанияларды тарту қажет.        Медициналық қызметкерлерге ақы төлеуде көрсетiлген медициналық көмектегi еңбектiң сапасын, көлемi мен күрделiлiгiн, сондай-ақ бiлiктiлiк деңгейiн ескере отырып, жұмыстың соңғы нәтижесiне қарай жаңа қадамдар жүзеге асырылуға тиiс.

3.5. Халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

      2006 жылы бiздiң экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актiлермен үйлестiруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiруге бағытталған Экология кодексi қабылдануға тиiс.        Тұтас алғанда, бiз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негiзгi экологиялық стандарттарын жасауға тиiспiз.

3.6. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiнiң халықаралық стандарттарын енгiзу

      Қазақстандық бизнес қазiрдiң өзiнде аяғынан нық тұрды, өзiнiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн пайымдай бастады және өз қызметiн соған сәйкес құруда. Бұл iсте ұлттық компаниялар мен iрi инвесторлар қайырымдылық шараларына, бiлiм, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу, әлеуметтiк жағынан қорғаусыз азаматтарға нақты қолдау жасау арқылы үлгi көрсетуде.        Мұндай тәжiрибе дамыған елдердегi сияқты бизнес-орта үшiн қалыпты жағдайға айналуы керек.        Мәселен, экономика үшiн бiлiктi кадрлар даярлау саласында бизнес пен бiлiм беру жүйесiнiң бiрлескен қызметi компаниялар үшiн де, тұтастай алғанда бүкiл елiмiздiң мүддесi үшiн де пайдалы болмақ.        Әлбетте, бұл жерде байыпты түсiнiк жұмыстарының жүргiзiлуi және бизнес бастамаларына қолдау көрсету бағдарламасы қажет етiледi.        Бiзге бизнестiң әлеуметтiк есептiлiгiнiң жалпыға ортақ ережесiн әзiрлеп, жалпыұлттық мiндеттердi шешуде осы саладағы халықаралық озық тәжiрибелерге сүйене отырып, оның әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыратын уақыт келдi деп ойлаймын.        Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiнiң стандарттары БҰҰ-ның Жаһандық шартында айқындалған.

3.7. Еңбек ресурстарын дамытудың тиiмдi жүйесiн құру

      Бiзге осы заманғы көшi-қон саясатының тұжырымдамасы керек.        Қазақстанда қалыптасқан қолайлы әлеуметтiк-экономикалық ахуал шетелдiк жұмыс күшiнiң ағылып келуiне жағдай туғызып отыр.        Үкiмет басқа елдердiң тәжiрибелерiн ескере отырып, республика аумағында жұмыс iстеп жүрген заңсыз еңбек мигранттарын iшкi iстер органдары мен басқа да тиiстi ведомстволарда тiркеу арқылы заңдастыру жөнiндегi бiр реттiк акциялар өткiзудiң тетiктерiн әзiрлеуi қажет.        Сонымен қатар бiзге республикамызда тұрақты негiзде жұмыс iстей алатын жоғары бiлiктi және кәсiпқой жұмысшыларды тартудың тетiктерiн әзiрлеу керек.        Бұл ретте бiз өзiмiздiң отандық жұмысшыларды тәрбиелеп, олардың бiлiктiлiгi мен кәсiпқойлығын арттыруды естен шығармауға тиiспiз.        Бiзге оралмандарды арнаулы орталықтарда алдын ала дайындау, қоғамымызға бейiмдеу мен кiрiктiру үшiн жағдай туғызуға көбiрек зер салуымыз керек. Басқа елдердегi сияқты кәсiпке баулып, тiл үйретсек, олар жаңа жағдайға тезiрек бейiмделетiн болады.