- •Ұлттық бірыңғай тестілеуге(ұбт) дайындалуға арналған әдістемелік құрал Қарағанды 2011
- •Мазмұны
- •Произношение согласных звуков
- •Прогрессивная ассимиляция
- •Регрессивная ассимиляция
- •Интонация
- •Типы слогов и слогоделение
- •Сингармонизм в казахском языке
- •Ударение
- •Порядок слов в предложении
- •Имена существительные
- •Имена числительные
- •Местоимения
- •Приставки и предлоги
- •Синтаксис
- •Көпнұсқалы тест тапсырмалары Фонетика
- •Лексикология
- •Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы
- •Тұрақты сөз тіркестері/Фразеологизмы
- •Нақыл сөздер/цитаты
- •Мақал – мәтелдер
- •Лексикалық тақырыптар бойынша жауап - кілттер
- •Қазақ тілінің негізгі емле ережелері/ Орфография
- •1.Әріптердің емлесі
- •1.Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы
- •2. Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
- •3. Ь,ъ белгілерінің қолданылуы
- •IV. Бірге жазылатын сөздер
- •Тест тапсырмалары
Синтаксис
Сөз тіркесі-словосочетание
Қиысу-согласование
Меңгеру-управление
Матасу-примыкание
Сөйлем мүшелері-члены предложений
Тұрлаулы мүшелер-главные члены
Бастауыш-подлежащее
Баяндауыш-сказуемое
Тұрлаусыз мүше-второстепенные члены
Анықтауыш-определение
Толықтауыш-дополнение
Тура толықтауыш-прямое дополнение
Жанама толықтауыш-косвенное дополнение
Пысықтауыш-обстоятельство
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері-однородные члены предложений
Сөйлем-предложение
Жай сөйлем-простое предложение
Айтылу мақсатына қарай-по цели высказывания
Хабарлы- повествовательное
Сұраулы-вопросительное
Лепті-восклицательное
Бұйрықты-побудительное
Құрылысына қарай-по структуре
Атаулы сөйлем-назывное предложение
Жақты с.-личные
Жақсыз с.-безличные
Толымды-полное
Толымсыз-неполное
Құрмалас сөйлем-сложное предложение
Салалас құрмалас-сложносочиненное пр.
Сабақтас қ.-сложноподчиненное пр.
Аралас қ.-смешанное
Жалғаулықты-союзные
Жалғаулықсыз-бессоюзные
Ыңғайлас сал.қ.-соединительные сл.соч.
Қарсылықты сал.қ.-противительные сл.соч.
Себеп-салдар сал.қ.-причинно-следственные сл. соч.
Талғаулықты сал.қ.-разделительное, с выборочными отношениями
Кезектес сал.қ.-сл.соч. с чередующимися отношениями
Сабақтас құрмалас сөйлем-сложноподчиненное предложение
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас-Придаточные предложения времени
Шартты бағыныңқылы сабақтас -Сл.под. предложения с придаточным условия
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас- Сл.под. пр.с придаточным образа действия
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас -Сл.под.пр. с придаточным причины
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас-Сл. под. пр.с уступительными придаточными пред.
Оқшау сөздер-обособленные слова
Қаратпа сөз-обращение
Қыстырма сөз-вводные слова
Төл сөз-прямая речь
Төлеу сөз-косвенная речь
Автор сөзі-слова автора
Тыныс белгілері-знаки препинания
Нүкте-точка
Үтір-запятая
Тырнақша-кавычки
Сызықша-тире
Қос нүкте-двоеточие
Сұрау белгісі-вопросительный знак
Леп белгісі-восклицательный знак
Көпнұсқалы тест тапсырмалары Фонетика
Тіл дыбыстары
Қазақ тіліндегі дыбыстар саны
37(а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э.)
Қазақ тіліндегі әріп саны
42 (а, ә, б, в, г, ғ, д, е,е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ү, ұ, ф, х, һ,ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я)
Дауысты дыбыстар
12 (а, ә, е, э, о, ө,ү, ұ, ы, і, и, у )
Тіліміздегі дауыссыз дыбыстар
26 (б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ)
Дауысты дыбыстар
Тілдің қатысына қарай жуан дауысты дыбыстар
а, о, ұ, у, ы
Тілдің қатысына қарай жіңішке дауысты дыбыстар
ә, е, э, ө, ү, і, у
Жақтың (иектің) қатысына қарай дауысты дыбыстар
Ашық – а, ә, е, о, ө
Қысаң – и, у, ұ, ү, ы, і
Еріннің қатысына қарай дауыстылар (еріндік)
о, ө, у, ұ, ү
Езудің қатысына қарай дауыстылар (езулік)
а, ә, е, и, э, ы, і
Дауыссыз дыбыстар
Үнді дауыссыз дыбыстар
й, л, м, н, ң, у, р.
Ұяң дауыссыз дыбыстар
б, в, г, ғ, д, ж, з,һ
Қатаң дауыссыздар
к, қ, п, с,т,ф,х,ч,ш,щ,ц
Әріп
1) көреміз және жазамыз
2) дыбыс таңбасы
Алфавит/әліпби
1) әріптердің белгілі тәртіппен тізілуі
2) әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағы.
Буын
1) дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі.
2) сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Ашық буын
Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын.
Ашық буын(мысал)
Аға, бала, ағеке, шеше, қара, ана, әке.
Тұйық буын
Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын.
Тұйық буын(мысал)
өрт, ант, ақ, ән, ар.
Бітеу буын
Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буын.
Бітеу буын(мысал)
Бақ, бұлт, зор, көл, таң, мен.
Жуан буынды сөз
Қару, қаршыға, қарт.
Жіңішке буынды сөз
Есік, өмір, үлкен, көлік.
Тасымал
Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға бөліп жазу.
Тасымалданбайтын сөздер
1) Бір буынды сөздер (ат, кел, қарт).
2) Жеке бір әріпті келесі жолға немесе жолдың соңына қалдыруға
болмайды (ата, әже, аю, сия, қия).
3) Қысқартылған кісі есімі фамилиясынан ажыратылып жазылмайды
(М.Әуезов).
4) Қысқартылып алынған өлшем атаулары өздері де, алдындағы санынан
бөлініп те алынбайды (км, г, см, 25кг, 10км).
5) Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқы буыны арқылы қысқарған
сөздер (ТМД, ҚазМҰУ, АлМҰУ).
Екпін
Сөз құрамындағы буындардың біреуі басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылуы.
Интонация/Дауыс ырғағы
1) Сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты
әуені.
2) Сөздердің мағыналық топтарын, оқшау сөздерді айырым үнмен,
сөйлемдерді тиісті әуенмен, олардың құрамындағы сөздердің бірін
көтеріңкі, бірін бәсең дауыспен айту.
3) Дауыс екпінінің біресе жоғарылап, біресе бәсеңдеп айтылуы, дауыс
ырғағы.
Үндестік заңы
Буын үндестігі дегеніміз
Сөз бен қосымша құрамындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі.
Буын үндестігі (мысал)
Ауылдағыларға, үйдегілерге, балалық.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
1) көмектес септігінің жалғауы. (адаммен, қонақпен, сенімен)
2) –нікі, (-дікі, -тікі), -тай, -тал, -дар, -еке (баланікі, әкетай, діндар,
ағаеке, өсімтал).
3)бей-, би-, -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -кеш, -хана, -кес (бейшара,
бинарлық, жұмыскер, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, арбакеш,
емхана, зиянкес).
4) –ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина-ларға аяқталған сөздер(Әуезов, Алтыбаев,
Жұмағазина, Сейфуллин).
5) соңғы буынында ә, я дыбыстары бар сөздерде және х дыбысына
аяқталатын сөздерге қосымша жуан түрде жалғанады (кінәлау,
күмәндану, поляктар, полярлық, тарихқа, цехта)
6) соңғы буында ю дыбысы бар сөздерге рк, рг, кт, ск, нк, лк, нг, нк
сияқты дыбыстар тіркесіне және жіңішкелік белгіге (ь) аяқталған
сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. (полюске, парашютті,
хирургке, Томскіден, пунттен, ансамбльден, рульді, бинокльден)
Дыбыс үндестігі
Сөз бен қосымша жігінде немесе сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі.
Ілгерінді ықпал
Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі.
Ілгерінді ықпал (мысал)
Балалар, күздік, отпен, ғарышқа(айтылуда да, жазылуда да), Қонысбек, Тынысбек, алып бер-жазылуда,ал айтылуда- Қоныспек,Тыныспек,алып пер
Кейінді ықпал
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуі.
Кейінді ықпал (мысал)
Күрегі, добы (айтылуда да жазылуда да), құрылысшы, жұмысшы-жазылуда. Ал айтылуда:құрылышшы,жұмышшы
Тоғыспалы ықпал
Сөз бен қосымша жігінде, біріккен сөздер құрамында қатар тұрған дыбыстардың бір – біріне әсер етуінен екі дыбыстың да өзгеріске ұшырап, басқа дыбысқа ауысуы.
Тоғыспалы ықпал
Досжан, Жанқожа-жазылуда, айтылуда-Дощан,Жаңғожа.
Орфография
1) сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығы.
2) Сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.
Орфоэпия
1) Сөздердің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы.
2) Ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл
нормасының жиынтығы.
