- •Ұлттық бірыңғай тестілеуге(ұбт) дайындалуға арналған әдістемелік құрал Қарағанды 2011
- •Мазмұны
- •Произношение согласных звуков
- •Прогрессивная ассимиляция
- •Регрессивная ассимиляция
- •Интонация
- •Типы слогов и слогоделение
- •Сингармонизм в казахском языке
- •Ударение
- •Порядок слов в предложении
- •Имена существительные
- •Имена числительные
- •Местоимения
- •Приставки и предлоги
- •Синтаксис
- •Көпнұсқалы тест тапсырмалары Фонетика
- •Лексикология
- •Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы
- •Тұрақты сөз тіркестері/Фразеологизмы
- •Нақыл сөздер/цитаты
- •Мақал – мәтелдер
- •Лексикалық тақырыптар бойынша жауап - кілттер
- •Қазақ тілінің негізгі емле ережелері/ Орфография
- •1.Әріптердің емлесі
- •1.Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы
- •2. Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
- •3. Ь,ъ белгілерінің қолданылуы
- •IV. Бірге жазылатын сөздер
- •Тест тапсырмалары
Тұрақты сөз тіркестері/Фразеологизмы
1. Атасының арқасында– благодаря деду
2. Бауырына салған– усыновить
3. Қуанышында шек жоқ– безмерно рад
4. Бата алмай тұрған– стоял в нерешительности
5. Кірпіктерінде қуаныш жасы бар еді– слезы радости на глазах
6. Екі көзі оттай жанады– оживляется
7. Алды – артына қарамай– несмотря ни на что
8. Тар жол тайғақ кешу– хождение по мукам
9. Көненің көзі– свидетель старины
10. Өшпес ізі сайрап жатыр – оставлен неизгладимый след
11. Көздің жауын алады – привлекает взоры
12. Мекен – жайына айналдырған – превратил в жилье
13. Шаң жуытпай кеткен – выйти из воды сухим
14. Қабағынан қар жауғандай – мрачен, туча – тучей
15. Көзімен атып жіберердей – смотреть злым взглядом
16. Қол ұшын берген еді – помог
18. Қадір тұтқан адам – уважаемый человек
19. Ұйып тыңдап отыр– слушает внимательно
21. Қиын – қыстау шақта – в трудное время
22. Қабақ шытқан емес– не проявляют недовольство
23. Қарық боласың – вдоволь наешься
24. Жақсы тілектер айтады – желают всего хорошего
25. Көп жаса– живи долго
26. Өркенің өссін– пусть множится твое потомство
27. Мерейлі бол– пусть всегда сопутствует тебе удача
28. Жұрттың көзі түсті– привлечь внимание
29. Жүнжіп кету– быть в подавленном состоянии
30. Екі иығына екі кісі мінгендей– очень широкоплечий
31. Бетіне түгі шықты – рассердился
32. Қой үстіне тауық жұмыртқалаған заман – мирное время
33. Босбелбеу– бесхарактерный, нерешительный
34. Бет моншағы түсу– стесняться, стыдиться
35. Жүзіктің көзінен өткендей – красивый, статный, безупречный
36. Жылқы мінезді– изменчивый, непостоянный
37. Қой аузынан шөп алмас– робкий, скромный, застенчивый
38. Төбе шашы тік тұрды – волосы встали дыбом
39. Мұрнын көкке көтерді–загордился, задрал нос
40. Бетінен оты шықты– стесняться
41. Қой ішіндегі марқа – умный, физический развитый
42. Көзге шыққан сүйелдей– как бельмо на глазу
43. Көргеннен көзақы алу – просить(вещь)
44. Алпыс екі тамырын шымырлату – душой и телом, всей душой
45. Туа біткен мінез– привычка
46. Тірлік тынысы – дыхание жизни
47. Жаңа толқынның үні– голос нового поколения
48. Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады-умный одолеет тысячу, сильный одного
49. Ұяттың үлкені - өзіңнен өзің ұялу - Лучше всего стыд перед самим собой
50. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас– Не посеяв, хлеба не вырастишь,без учения знаний не приобретешь
51. Бөркін аспанға лақтыру- сильно радоваться
52. Бөрікпен ұрып алу- легко отделаться
53. Тон жамылу– действовать тайно
54. Тонын айналдырып кию– прикинуться порядочным человеком
55. Тон пішу- предполагать.
Туыстық атаулары
Ата-әкенің әкесі, ел-жұрт «ақсақал» деп құрмет тұтады. Мұндай кісілер төрден орын алады, әрқашан құрмет көрсетіледі.
Әже-әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын-ел анасы.
Әке-шеше, ата-ана- өзіңді өмірге әкелген ерлі-зайыпты адамдар.
Бала-ата-анадан тараған ұрпақтар, олар «ұл», «қыз» деп аталады. Ұл-шаңырақ иесі, ұрпақ жалғасы деп есептеледі.
Қыз- басқа елдің болашақ келіні, анасы.
Тұңғыш, ортаншы, кенже бала. Қазақ халқы бірінші туған баланы «тұңғышым», одан кейінгілерін «ортаншы», ең соңғы туғанын «кенже» деп атайды.
Немере-ұл-қыздың баласын «немере» дейді.
Шөбере-немеренің баласы.
Шөберенің баласы «шөпшек», шөпшектің баласы «немене» деп аталады.
Аға, апа-бір әке-шешеден туған(немесе туыстың) жасы үлкен жігіт- аға деп аталады.
Жеңге-ағаның әйелі. Жасы үлкендер үшін «келін», жасы кішілер үшін «жеңге» деп аталатын бұл адамның тәлім-тәрбиелік үшін орны бөлек.
Қайын іні, қайын сіңлі-жеңгелері үшін күйеуінен кіші ұл- «қайын іні», қыз -«қайын сіңлі» болады. Бұларды жеңгелері әрқашан еркелетіп ұстайды.
Іні, қарындас, сіңлі өзімен бірге туғанжасы кіші ұл ағасы мен әпкесі үшін «іні», қыз бала «қарындас»(ұлға қатысты) не «сіңлі»(қызға қатысты) деп аталады.
Ағайындылар-бірге туған ағалы-інілі, апалы-сіңлілер.
Ағайын, туыс-бір рудың адамдары бір-біріне ағайын, туыс деп саналады. Бұлар бір-бірімен жеті атаға дейін қыз алыспайды.
Келін- інінің, баланың әйелі.
Күйеу- бір рудың қызын алған жігіт.
Нағашы-ананың туысы.
Құрдас-туысқандығы жөнінен алыс-жақынына қарамастан, бір жылғы туған адамдар.
Тамыр-екі ұлттың өкілі немесе ер адамдар бір-бірімен дос, сыйлас болып,алыс-беріс жасаса,құрмет тұтса, мұны «тамыр» деп атайды.Олардың бір-біріне сенімі мен достығы өте берік болады.
Дос – екі адамның бір-бірінен сыр жасырмай, сыйласып, қиын сәтте қол ұшын беріп пікірі мен мақсаты , арман-мүддесі бір жерден шығуы.
