- •Жоспар:
- •I тарау. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты
- •II тарау. Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.
- •III тарау. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын талдау.
- •I. Тару. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты.
- •1.2. Ақша-несие саясатының құралдары.
- •1.3. Ақша-несие жүйесі.
- •II. Тарау. Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.
- •2.1 Ақша-несие саясатының операциялары.
- •2.2 Ақша-несие саясатының салық-бюджет, валюта саясаттарымен байланысы.
- •2.3. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
- •III. Тарау. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын талдау.
- •3.1. Ақша айналысы және несиені талдау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.2. Ақша-несие саясатының құралдары.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығыеың дамуымен тығыз байланысты.Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсатқа жету үшін Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
қайта қаржыландыру мөлшерлемесі:ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;
ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
банктерге және үкіметке несие беру;
валюталық нарықтағы басқыншылық;.
ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.
Кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу.
Орталық банк несие саясатын іс жүзінде практикаға асырғанда оған сәйкес құралдар құрамасын қолданады. Бұл құрама негізінен ақша-несие жүйесіне және онымен байланысты экономика салаларына жанамалы ықпал жасау әдістерінен құралады. Бірақ белгілі бір операциялар жүргізгенде, банк ақша несие процесіне тікелей де араласа алады.
Несие беру сомасын шектеу. Орталық банк коммерциялық банктер үшін банк жүйесінен тыс салалардағы несиелік салымдарының өсуіне шек қояды. Коммерциялық банктер үшін белгілі бір уақыт мерзімінде несиелік операциялар арқылы өтетін соманың проценттік өсу нормасы белгіленеді.
Дисконт саясаты мен ломбардтық саясат бұрыннан келе жатқан және жан-жақты анықталған ақша-несие саласын реттеу әдістеріне жатады. Оларды қолданғанда Орталық банк коммерциялық банктерге негізгі несие беруші мекеме болады. Ол несиені вексельдерді есепке алу (дисконттеу) жағдайына, немесе құнды қағаздар кепілдігіне қарай коммерциялық банктерге несие береді. Орталық банктен осылай алынған қаржылар редисконттық немесе ломбардтық несиелер деп аталады. Осы несие түрлері бойынша Орталық банктің белгіленген процент деңгейін, экономикалық теорияда және практикада, ресми есеп (дисконттық немесе ломбардтық) ставкасы деп аталады.
Минимальды резерв саясаты. XIX ғ. аяғында XX ғ. басында қалыптасқан банк қызметтері көрсеткендей, несие қатынастары саласындағы операциялар белгіленген сақтандыруды қажет етеді. Банктер несие экспансиясына қатты еліктеп, қиын жағдайға тап болады. Кез-келген банктің төлем мүмкіншілігі туралы тіпті шамалы болса да жағымсыз мәлімет тараса, салым иелері барлығы бірден жаппай салымдарын қайтаруды талап етеді. Банктер ақша қатынастары арқылы бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, олардың бірі күйресе, бұл басқаларына да әсер етеді, тіпті жақсы жұмыс істеген банктер де зиян шегеді. Осылай әр түрлі елдердің үкіметтеріне салым иелерінің мүддесін қорғайтын заң шығаруға себеп табылады. Содан минималды резерв жүйесін құру туралы пікір қалыптасып, ол іске асырылады. Соңғысы Орталық банктің есеп-шотында міндетті түрде сақталатын белгілі қаржы сомасы. Бұл сомалар коммерциялық банктерге салым иелерінің алдында өз міндеттемелерін орындау туралы кепілдік беру үшін қажет.
Міндетті резерв нормасы коммерциялық банктің Орталық банктегі белгіленген міндетті салымның осы банктің мерзімді міндеттемелеріне бөлінген бөлімі ретінде анықталады.
Минималды резерв саясатының қызмет атқару механизмі, ол өте қарапайым: міндетті резервтердің белгіленген минималды деңгейін белгілеу және оны Орталық банкте міндетті түрде ұстау, коммерциялық банктерді оған тәуелді етеді. Орталық банк резерв нормасын жоғарылатып коммерциялық банктердің іскерлік белсенділігін тежейді, төмендетіп-ынталандырады.
Ерікті келісімдер саясаты. Жоғарыда аталған реттеу шаралары «еркін түрдегі келісімдер» деп аталатын жүйемен толықтырылуы мүмкін. Олар Орталық банк пен коммерциялық банктердің арасында бекітіледі.
Коммерциялық банктер мұндай келісімге өз ықыласын танытқанда, қызметін белгілі бір шеңберге сиғызып атқарады. Орталық банк болса, жүргізілетін операциялар туралы қажетті мәліметпен қамтамасыз етеді.
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы – шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер жене мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуеттік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
Ақша жүйесіндегі жанама реттеу құралын қарастырамыз.
Ақша-несие саясатын жасағанда және оны іске асырғанда кездесетін қиыншылықтарды туындыратын себептер өте көп. Бірақ ең маңыздыларына екеуін жатқызуға болады:
1) Экономиканың жалпы жағдайын
2) Ұлттық экономиканың дамуына сыртқы экономикалық факторлар әсерін
Бұдан басқа, Орталық банк белгілі уақыт мерзімінде ақша-несие саласын реттеу бойынша нақты іс-әрекеттер жүргізе отырып, экономика буындарының барлық басқа да өзара байланыстылық қырларын есепке алуы қажет болады. Жеке алғанда, мысалы, оның есеп жүргізу саясаты коммерциялық банктерден тыс экономиканың көптеген басқа салаларына, оның ішінде қарыздары көп болатын мемлекет секторына, ауыл-шаруашылығына, тұрғын үй иелеріне әсер етеді.
Ақша-несие саясатын іске асырғанда онда қолданған құралдардың өз кемшіліктері де ерекше қиыншылықтарды қосымша туындатады. Мысалға, ақша-несиені реттеудің ең бір кең тараған әдістерінің бірін есеп жүргізу (дисконттық) саясатын алайық. Дисконттық саясаттың ең бір елеулі кемшілігі – оның баға механизміне әсер етуі.
1) Экономика субъектілері неие шығындарын өзінің клиенттеріне, түптеп келгенде, тұтынушыларға ауыстыруға тырысады. Мұндай жанамалы жағымсыз әсер кез келген экономикаға қажет емес, әсіресе әлі тұрақтанбаған экономика үшін қосымша ауыр жүк болады.
2) процент деңгейін әкімшілік шешіммен «жоғарыдан» белгілеу нарықтық бағытта іс-әрекет бола алмайды. Ал нарық механизімін бұлай әлсірету, мысалы, астыртын экономикалық қатынастарын нығайтуға мүмкін.
3) орталық банктің процент арқылы экономикаға ықпал жасау мүмкіншілігі шектеулі.
Коммерциялық банктер және ірі фирмалар көбінесе өз операцияларын шетелдерге, егер онда процент ставкасы төмен болса, аударады және де жалпы алғанда орталық банктің капитал нарығын процентпен реттеу-тіпті де абсолютті тұрақты құрал емес. Орталық банктің капитал нарығын реттеу деңгейі әртүрлі жағдайларға байланысты өзгереді. Олардың арасынан екі факторды ерекше бөліп қарастыру қажет.
1) экономикалық жағдайға байланысты реттеу моделінің өзгеруі;
2) шаруашылық өмірінің интернациялануы. Соңғы жағдай әртүрлі елдерде банк саясатын өзара байланысты және бір-бірімен үйлесімді жүргізуді қажет етеді.
