- •Жоспар:
- •I тарау. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты
- •II тарау. Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.
- •III тарау. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын талдау.
- •I. Тару. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты.
- •1.2. Ақша-несие саясатының құралдары.
- •1.3. Ақша-несие жүйесі.
- •II. Тарау. Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.
- •2.1 Ақша-несие саясатының операциялары.
- •2.2 Ақша-несие саясатының салық-бюджет, валюта саясаттарымен байланысы.
- •2.3. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
- •III. Тарау. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын талдау.
- •3.1. Ақша айналысы және несиені талдау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
2.3. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір пропорциялардың болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
Ақшаға сұраныс шаруашылық агенттерінің сақтап жүрген ақша қаржыларының мөлшерімен анықталады. Шын мәнінде ол ақша қорына немесе қалған номиналды ақшаға деген сұраныс. Ақшаға сұранысты теориялық тал-дау мен рыноктағы теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық мектептің "монетарлық және кейнстік макроэкономикалық үлгілердің пайда болғанын керсетеді.
Ақшаға деген сұраныстың монетарлық теориясы неоклассикалық дәстүрлерге сүйеніп, XVIII ғасырда пайда болды. Бүл теория экономика ғылымында үстіміздегі ғасырдың 30 - 40-жылдарына дейін үстемдік жүргізген ақшаның сандық теориясының ұсыныстарын басшылыққа алды. Бұл мектептің негізгі идеяларын ұсынғандар ағылшын ғалымдары. Д. Юм, Дж. Милль, А. Маршалл, А. Пигу, К. Виксель, Д. Патинкин, американ ғалымы И. Фишер, шведтік Г. Кассель мен Б. Хансеи. Қазіргі монетаризм сандық теорияның жаңа варианты ретінде Чикаго мектебі ғалымдарының 50—60-жылдардағы еңбектерінен көрінеді" (М. Фридмен, К. Брунчер, А. X. Мельтцер).
Монетаристер экономиканы дамытуда ақшаның рөліне үлкен мән береді. Рыноктық шаруашылықтың циклдық өзгеруін түсіндіруде де ақша массасының маңызы бар деп есептейді. Монетаристердің ұраны — ақшаның маңызы бар ал көбі тек ақшаның ғана маңызы зор деп ойлайды. Кейінірек қазіргі монетаристер өкілдері жасаған ақшаға сұраныс теориясының негізгі ерекшеліктерін қарастырамыз. Кейнсиандық және монетарлық тәсілдердің айырмашылықтарын жақсы білу үшін, алдымен неоклассикалық варианттың сандық теориясына талдау жасайық. Сандық теорияның негізгі постулаты (жорамалы) мынада: бағаның абсолютті деңгейі номиналды ақша қалдығының - ұсынысымен анықталады. Басқаша айтқанда, акшаны көп ұсынған сайын, бағаның деңгейі жоғары және керісінше болады. Мұндай тәуелділік белгілі кембридж теңдігі деп аталады. Кембридж мектебінің өкілдері ағылшын ғалымдары А. Маршалл, А. Пигу, Д. Робертен бұл теңдікті былай қисындайды:
М-S = KRY
Мүнда M-S— ақшаның номиналды саны: k — номиналды табыс пен қажетті ақша калдықтары (шаруашылық істің құрылымында тұрақты болуы) арасындағы пропорция Р — бағаның абсолютті деңгейі, Ү—нақты табыс.
Егер К мен Ү — өзгермейтін тұрақты мөлшер деп есеп-тесек, онда ақшаның номиналды саньшың өзгеруі M-S бағаның абсолютті деңгейінің де өзгеруіне әкеледі деген қорытынды жасауға болады.
Американ профессоры И. Фишер өзінің "Ақшаның сатып алу күші" (1911) деген кітабында сандық теорияға негізделген тағы бір теңдікті есептеп шығарды: М-SV = РҮ мұндағы V — ақша айналымының жылдамдығы. Осындай жылдамдықпен номиналды қордың бір өлшемі айналымда козғалыс жасайды.
Теңдіктің
екі бөлігін V-ге белсек, мына формуланы
aламыз:
Демек, V
мөлшері
кембрвдж формуласыңдағы k мөлшеріне
кері әсері бар. Бүл қисын былай
гүтіндіріледі: егер индивидтер аз ақша
қалдықтарын сақтаса (k — төмен) онда
сондай көлемде тауар өткізу үшін ақша
айналымының жылдамдығын арттыру керек
(V
жоғары)
.
Ақшаға сұраныстың неоклассикалық теориясы математикалық тұрғыдан үш тендік жүйесінен тұрады, олар кембридж теңдемесімен тығыз байланыста (толығыра қараңыз: Харрис Л. Денежная теория. М., 1990;). Біріншіден, бұл теңдеу номиналды ақша калдығына сұранысты суреттейді:
М2 = KRY
Екіншіден, бұл теңдеу ақшаның ұсыну қызметін сипаттайды:МS = М-S
Үшіншіден, бұл теңдеу нарықтағы теңдіктің жағдайларын көрсетеді:
МS = МД яғни ақшаға деген жоспарлы сұраныс оның рыноктағы тепе-теңдігін сақтайтындай жоспарланған ұсынысына сәйкес болуы қажет.
Демек, неоклассиктердің түсінігінде ақша рыногының макроэкономикалық үлгісі мынаған негізделген: ақшаға деген жиынтық сұраныс ақшалай табыс дәрежесінің қызметі ( РҮ), ал ақшаны ұсыну экзогенді тұрақты мөлшер, яғни ақшаға сұраныстан тыс бөлек тағайындалады.
График түрінде бұл үлгіні былай көрсетуге болады.
МSМS — ақшаны ұсыну қисық сызығы.
ОМД — ақшаға сұраныстың қисық сызығы.
Р
Mд
РА
Мs
РВ
0 МS1 МS М
1-сурет
Суретте ақшаға сұраныстың (М) баға дәрежесіне тәуелділігі (Р) бейнеленген. Баға дәрежесі өскен сайын ақшаға да сұраныс ұлғаяды. Ақшаға сұраныстың қисық сызығы табыстың деңгейімен (Ү) байланысты. Ол толық жұмыспен қамтылған жағдайда бекітілген. Табыстардың өсуі ақшаға деген сұраныстың үлкен жұмсақтылығына, икемділігіне әкеледі, ол суретте сұраныс қисық сызығының көп жазықтығымен көрсетілген. Ақшаға сұраныстың қисық сызығы МsМs тіке сызылған, өйткені баға дәрежесіне байланысты емес.
Баға РA — деңгейінде тағайындалғанда ақшаға сұраныс пен оны ұсынудың қисық сызығы қиылысқан нүктесінде ақша рыногының неоклассикалық үлгісі теңдік жағдайда болады. Егер баға жалпы деңгейлік РА көлеміне дейін төмендесе, онда тең Мs = Мs , артық ақша ұсынғысы шығады.
Мұндай жағдайда ақша құнсызданып, бағалар өсіп РА деңгейіне жақындайды. Сөйтіп, рынокта автоматты теңдік орнату тенденциясы көрінеді.
Кейнсиандық теория ақшаға сұранысты түсіндіргенде неоклассиктерден мүлдем алшақтайды. Дж. М. Кейнс "Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы" деген еңбегінде адамдардың ақшалай (өтімді) түрде жинақ сақтауға ұмытылуының үш психологиялық себебін ұсынды: трансакциондық, алыпсатарлық және сақтық.
Трансакциондық
(ағылшынның trancaction — іс жасау) қалдық
қаржыларды белгілі бір ақша табысының
деңгейін ұстап тұру үшін сақтайды. Табыс
келтіру және оны жұмсау белгілі уақытқа
бөлінген және бұл интервалды үнемі
толықтырып тұру керек. Егер интервал
ұзақтығы тұрақты болып және ол табыс
деңгейімен процент нормасының өзгеруімен
байланысты болмаса (оларды мүлдем
ескермеуге болмайды) онда мынадай
қорытындыға келеміз: жеке дара адам
үшін трансакциондық қалдық деңгейі
оның ақша табысындағы үлесіне тең
болады:
Сұраныс екі бөлікке белінеді:
—
трансакциондық сұраныс
немесе басқаша
көрінісі,
L1(у);
— алыпсатарлық сұраныс
немесе басқаша көрінісі,
L(r — r); r — рыноктың проценттік ставкасы, —r процент нормасының жайшылықтағы күтімі.
Ақша рыногының Кейнстің агрегаттық үлгісі трансакциондық алыпсатарлықтың ақша қалдықтарына сұраныс қызметін біріктіреді сонымен қатар;сақтандыру пиғылы да ескеріледі. График түрінде бұл 2-суретте көрсетілген.
Алыпсатарлық пиғыл Кейнс теориясында өтімділікті мақұл көреді (предпочтение ликвидности). Өтімдідікті (ликвидность) L символымен белгілейді.
Бағалы қағаздардың (облигациялар және тағы басқалар) курсы біріншіден, түсетін; табыстарға (акциядан — дивиденд) облигациялардан процёнт, екіншіден депозит (салым) бойынша процент ставкасына байланысты. Демек, облигация құрайтьш құнды-бағалы қағаздар табысы проценттің орташа деңгейі.
