Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой Бухаев Ергали эк-201.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
224 Кб
Скачать
☆

2.2 Ақша-несие саясатының салық-бюджет, валюта саясаттарымен байланысы.

Орталық банк жоғарыда аталған құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады: 1) ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру ; 2) немесе пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру.

Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр түрлі бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикалды жағдайына сәйкес келетін деңгейде орналастырады. Ал икемді монетарлық саясатта ақшаның ұсыныс қисығы горизанталды түрде болады.

Ақша-несие саясатының варианттарын таңдау көп жағдайда ақшаға сұраныспен байланысты болады. Мысалы, егерде ақшаға сұраныстың өсуі инфляциялық үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиынын қалыпты ұстау үшін қатаң саясатты пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды түрде бейнелейді.

Егерде ақша айналымының күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшерлемесін қалыпты деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы горизонталды болады. қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына, пайыз мөлшерлемесіне әсер етеді. Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сұраныс өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін, банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды.

Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:

1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының мәнінің өзгеруі;

2) Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;

3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың реакциясы;

4) Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты өнім көлемінің өзгерісі.

Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасында тағы екі аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді.

Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. Мұндай саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиенің арзандауы, нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі байқалады.

Ақша нарығының реакциясы қисығының тікшелеу болуынан ақшаға сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады.

Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді.

Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамалдасақ, онда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлық мәнінің кеңейуі пайда болады.

Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.

Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, өнім көлемі мен ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мұндай құбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға әр уақытта дұрыс әсер ете бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мөлшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу болса және жалпы ұлттық өнім өссе, онда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі (нақты ЖҰӨ ақшаға сұраныстың бір параметрі: ). Ақша ұсынысының тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесі өседі, демек ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін, Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҰӨ өсуін қосымша ынталандырады және инфляцияның пайда болуына әкеледі.

Экономикалық құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша ұсынысын азайту қажет. Бірақ мұндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеленістіре түседі.

Ақша-несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім қабылдағаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады.

Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты.

Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (мысалы валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседі.) Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.

Қазыналық саясаттың нәтижесінде бюджетте тапшылық болса, онда мұндай жағдайда тиімді тұрақты монетарлық саясат болмайды.

Ақша-несие қатынастар саласында экономикалық саясатты жасау және практикада жүргізу экономика ғылымы мен практикасының алдына өте күрделі проблемаларды қойып отыр.

1) Нақты жағдайда экономикалық саясат жүргізуші мекемелер көбінесе екі әдістің – қаржылық пен несиеліктің – қайсысына басымдылық беру қажет екенін шешуге мәжбүр болады.

2) Қаржы мен несие шараларының оптималды арақатынасы қандай?

Қаржы шараларының басымдылық нұсқасы:

а) Кейнсиандық экономикалық саясат

б) Монетаризм

Экономикалық саясатта салмақты монетаризмнен кейнсшілдік әдіске және керісінше ауыстырып отыру – бұл қалыпты құбылыс.

Өйткені реттелетін негіздің өзі экономикада дамып, уақыт өткен сайын өзгереді. Мысалы, кейнсиандық вариант салааралық байланыстар әлі әлсіз болған кезде нәтижелі түрде пайдаланған; сонымен қатар халықаралық экономикалық бәсекелестік те бүгінгідей қиян-кескі түрде болмаған; ол кезде әлем елдері осы күнгі ашық экономика деңгейіне әлі жете қоймаған еді.

Ғаламдық экономикалық, экологиялық және демографиялық проблемалардың қиындап асқындаған кезінде экономикалық саясат механизмінде тағы да күрделі өзгерістер болуы, бюджет-қаржы құралдарын пайдаланудың күшейуі мүмкін.

Ақша массасы — халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын- қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарда, кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады.

Ақша массасы құрылымының белсенді-активті бөлігіне шаруашылыққа нақты қызмет көрсететін ақша құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорларынын есепшоттары қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары рөлін атқарады. Жинақтап айтқанда, ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және ол қатардағы тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағаз ақша мен айырбас монетасы емес. Шындығында қағаз ақшаның ақша массасындағы үлесі өте төмен (25 % -тей), ал басқа бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында; дамыған ррыноктық экономикада бөлшек сауданың өзі де банктік есепшот арқылы жүреді.

Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталады. Банктік акшаға чектер, несие карточкалары және т. б. жатады. Аталған есеп айырысу құралдары банктік депозиттерді де билейді. Тауар мен қызметті төлеуде сатып алушы чек пен несие карточкасы арқылы банк-терге өз депозитінен қажетті соманы сатушының есеп шотына аудартады немесе қолма қол беруді бұйырады. Ақша массасының кұрамына тікелей сатып алу немесе төлем кұралы ретінде пайдаланылмайтын компоненттер де кіреді. Әңгіме коммерциялық банктердегі мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұйымдарының қаржылары, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар туралы болып отыр. Ақша айналымының аталған компоненттері "квази-акша" деп аталады. Ақша айналымы құрылымындағы ең комақтысы да және ең тез өсетін бөлігі де осы квази-ақшалар.

Профессор П. Самуэльсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атады. Өтімді (ликвидный) түсінігі ақша категориясын анықтау үшін маңызды. Қандай болмасын мүліктің немесе активтің өтімділігі дегенде оның оңай сатылуы және кұнын жоғалтпай ақша түріне айналуы мүмкіндігін айтады. Демек, активтердің ең өтімді түрі — ақша. Жоғары өтімді мүліктерге алтын, бағалы металдар мен тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады. Өтімі төмендеу болатындарға — үйлер, құрал-жабдықтар (бизнесмендер оларды "мұздатылған" құралдар деп атайды) жатады.

Біздің елімізде соңғы уақытқа дейін ақша агрегаттары есептелмеді және пайдаланылмады. Теориялық жағынан ол маркстік экономикалық теорияның квази-акша мен қолма-қол ақшаны біріктіруге болмайды, өйткені олар әр түрлі категориялы ақша, бағалы қағаздар мен несиелер деген қағидасына негізделді. Алайда ақша, инвестиция рыногы (орта және ұзақ мерзімді қарыз капиталы) мен бағалы қағаздар рыногының арасында тығыз байланыс бар. Мерзімдік есепшоттағы қалған ақшалары мен бағалы қағаздары есеп айырысуға жеткілікті салымшылар оларды өз қажеттеріне жарата алады. Бағалы қағазды сатудан түскен табыстар тауар, сатудан түскен ақша қаржылары сияқты ағымдағы есепшоттарда сақталады. Ақша агрегат-тары күнделікті өмірде мемлекеттің акша саясатының нысанасы ретінде оң қызмет атқарады.

Ақша агрегаты – ақша массасының көлемі мен құрылымының көрсеткіші.

Бұл процесс қалай жүреді? Бұл сұрақтардың жауабы мынада: мемлекеттік банктің эмиссиялық қызметтен тыс ақша массасының өсуі коммерциялық банктердің несие беруін кеңейтуі есебінен жүреді. Банктер жаңа ақшалар шығарады, ол қарыз беру деңгейінен көрінеді және, керісінше, ақша массасы қысқарады, ол банкке бұрын алған ақшаларын кайтару кезінде байқалады. Банктің жаңа ақша жасау процесін кеңірек мына мысалдан көруге болады. Нью-Йорктегі "Нэшнлсити банктің" 100 мың дана активі бар делік. Мұның жартысын банк қор ретінде сақтауы тиіс, оны ағымдағы шығындары үшін пайдалануына болады, бірақ ол төленбеген сұраныс қаупін азайту үшін керек. Резерв қорының ең аз мөлшері АҚШ-та заң бойынша тағайындалады және ол шешуші — реттеуші рөл атқарады (активтегі резерв үлесі 3 тен 20 процентке дейін болады), Егер резерв дәрежесі 10 процент болса, "Нэшнлсити банк" клиенттерге қарызды 90 мың долл. Көлемінде береді, ал 10 мың доллар резерв қорына қалады. Қарыз бергенде банк соманы ағымдағы есепке аударады, оны клиент кез келген уақытта пайдаланады немесе қолма-қол төлейді. Банк әрекетінің нәтижесі 90 мың доллар көлеміндегі жаңа ақшалардың пайда болуынан көрінеді. Банктен ағымдағы есепке аудару немесе қолма-қол беру арқылы 90 мың доллар алынып клиентке беріледі. Резервтік ереженің мүлтіксіз орындалуын орталық банк (АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі) қадағалап отырады. Сонымен қатар қарыз мерзімі бітіп, 90 мың долларды клиент банкке қайтарғанда, айналымдағы ақша саны сонша көлемде кемитінін де ескеру керек. Банк жүйесінен тыс ақшалар ғана ақша массасын көбейтуге қатыса алады. Алайда жаңа ақша жасау процесі мұнымен аяқталмайды. Осы бағытта "Нэшнлсити банкісі" депозитіндегі алғашқы ақшаның сомасы ең соңында мультипликациондық нәтиже арқылы жаңа ақша корының жасалуына әкеледі. Айталық "Нэшнлсити банктің" 90 мың доллар алған клиенттері бұл ақшаларды тауар және қызмет көрсеткен әр түрлі нақты адамдарға төлейді, ал олар түскен ақшаларды "Ферст трест банкінің" депозитінде қалдырды делік. Банктегі депозиттердің өсуі оған жаңа қарыздар беруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар резервке депозит сомасының 10%-ін жіберу керек (9 мың долл.). Демек 81 мың доллар көлемінде жаңа қарыз берілген, ал жалпы ақша массасының өсуі (екі банк операциясын қоса есептегенде) .171 мьгң долларға тең болады.

Келесі кезенде төлем ретінде 81 мың доллар алған кісілер тағы да оларды "Сити-трест" банк депозитіне салады, ал енді берілетін қарыздың көлемін 72,9 мың долларға ұлғайтады (81 мың доллар резерв қорында калада деп есептегенде). Ал бұл банктер жасаған жаңа ақша сомасын 243,9 мың долларға көбейтеді. Әңгіменің қисыны мынадай қорытындыға әкеледі: банқтердің жаңа ақша жасау процесі жалғаса береді, бірақ белгілі шамаға дейін бұл процесс банктің депозиттер ұлғаюының мулътипликациондық әсерін сипаттайды және оны резервтік талапты ескере отырып есептейді.

Банктік депозиттердін үлғаю шегі:

100 мың долл. + 90 мың долл. + 81 мың долл. + ... - 100 мың долл.

(1 +0,9 + 0,92 + 0,93 + ...)- (100 мың долл.(1- 0,9) - 1 млн. долл.

Сонымен, резерв ережесінің 10% деңгейіндегі 100 мың долл. алғашқы депозит ақша массасының ұлғаюы мультипликациондық тиімділікті 1 млн. долларға жеткізеді.

Ақша массасы көлемінің банктін жаңа ақшаларымен ұлгаюы нақты бакылау мен ақша ұсыну мультипликаторлары немесе банктік мультишіикатор (т) арқылы жүреді.

Ол мына формуламен есептеледі мүндағы r —түріндегі міндетті резервтік норма % немесе мұңдағы М — депозиттердің өсуі, R — резервтердің өсуі.

Біздің мысалымызда m = 10, резервтегі әрбір доллар депозиттін 10 долларға өсуіне әкеледі. Демек, мультипликатордың көлемі міндетті резервтік талаптарға кері тәуелділікте. Егер резервтің ставкалары 5 процентке төмеңдесе, онда т = 20, ал 20 процентке көтерілсе т = 5-ке төмендейді.

Нақтылы өмірде банк депозиттері ұлғаюының мультипликациондық әсерінің нәтижесі көбінесе күнделікті айналымға түскен ақшаның көлеміне байланысты, өйткені банктен қарыз түрінде алынған ақша депозитке түгел қантарылмай қолма-қол ақша ретіңде де жүре береді, Біздің мысалымызда клиенттердің ағымдағы есепшоттқа алғандары ескерілмейді, ал олар банктердің қарыз беру мүмкіндігін азайтады. Ең соңында, банк резервтерінен ақшаларды алу жағдайында мультипликациондық әсер қарама-қарсы бағытта әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктің федералдық резерв жүйесінен 1000 доллар құны бар мемлекеттік облигацияны сатып алуы банктің резервтік ресурсың осы сомаға азайтады, нәтижесінде 10 мың доллар банктік депозиттің жойылуына әкеледі (10 проценттік резерв ставкасында).

Банктердің жаңа ақша жасауларының демек, ақша массасының өзгеруінің негізгі факторларына мыналар жатады; резерв ставкасының ең төменгі мөлшері және заемщиктер тарапынан жаңа қарыз алуға деген сұраныс. Бұдан әрі біз осы тұтқаларды пайдалана отырып, мемлекеттік банктің ақша массасы көлемін қалай реттейтінін көрсетеміз.