- •Мазмұны
- •8. Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •10. Соөж жүргізу жоспары
- •13. Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Интернет-ресурстар
- •15. Студенттің білімін бағалаудың жүйесі
- •15.1. Студенттерге рейтинг қою шкаласы
- •15.2 Қорытынды бағаны есептеу
- •15.3 Дәстүрлі бағалар шкаласы аудармасымен студенттің оқу жетістіктерінің бағалауының баллдық-рейтингтік жүйесі
- •15.4 Академиялық тәртіп саясаты
- •Дәріс жиынтығы Пәні - «hm 4308 - Халықаралық менеджмент» Мамандық 5в051300 - «Әлемдік экономика»
- •Дәріс мақсаты: Менеджменттің даму тарихын қарастыру
- •Дәріс мақсаты: Басқару шешімдерінің мәнін түсіндіру, түрлеріне тоқталу
- •Дәріс мақсаты: Менеджменттегі жоспарлаудың мәні, қағидалары және түрлеріне тоқталу, жан-жақты талдау
- •8 Тақырып - Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде
- •Дәріс мақсаты: менеджменттегі мотивация ұғымын жан-жақты талдау
- •Дәріс мақсаты: Менеджмент жүйесіндегі бақылау үрдісінің маңыздылығын айқын көрсету
- •Дәріс мақсаты: лидерлік ұғымын жан-жақты ашу, басқару стилі мен менеджер имиджін қарастыру
- •Дәріс мақсаты: басшылық, ықпал, әріптестік ұғымдарына тоқталу және жан-жақты қарастыру
- •Дәріс мақсаты: қайшылық, күйзеліс, өзгерістерді басқаруды жан-жақты қарастыру
- •Қайшылық шиеленіс жағдайларын басқару
- •1. Жұмыс талабына тұсініктемелер беру;
- •2. Координациялық және интеграциялық механизмдер қолдану әдістері.
- •4 Кезең. Жаңа шешімді табу және оны орындау міндеттемесі.
- •Глосарий
Дәріс мақсаты: Менеджменттің даму тарихын қарастыру
1 Менеджменттің дамуы.
2 Басқарудағы әртүрлі мектептерінің тұрғысынан көзқарас.
3 Үрдістік көзқарас.
4 Жүйелік көзқарас.
5 Ситуациялық көзқарас.
Менеджментті дамыту – бұл үзіліссіз болатын ұйымның мақсатына, стратегиясына және мәселелеріне бағытталған эволюциялық үрдіс. Басқару үрдісі үнемі жаңарып отырады. Менеджменттің тарихи кезеңделуі расталады және оның дамуының ең алдымен сыртқы жағдайларға тәуелді екендігін көрсетеді.
Менеджментті дамыту, еліктеу қадамдарының қатары емес басқаруды дамытуда бірнеше көзқарастың бір бірімен сәйкес келуі орын алады. Басқарудың теориясы мен практикасы дамуына айтарлықтай үлес қосқан маңызды көзқарас белгілі.
1-ші басқарудағы әртүрлі мектептер тұрғысынан көзқарас. Бұл көзқарас басқару әртүрлі 4 көзқарастан қарастырылуымен сипатталады.
2-ші үрдістік көзқарас
3-ші ситуациялық көзқарас
4-ші жүйелік көзқарас.
20 ғ. 1-ші жартысында басқарушылық ойының әртүрлі мектебінің дамуы орын алады. Хронологиялық түрде оларды мынадай тәртіппен айтады.
- ғылыми басқару мектебі;
- классикалық мектеп;
- адалдық қатынастар және мінез-құлық ғылымының мектебі;
- басқару ғылымының мектебі.
Ғылыми басқару мектебі (1885-1920жж) негізін қалаушылар Фредрик Тейлор, Френк және Милли Пельберг Генрий Ганк құрушыларының ойынша өлшеуді, талдауды, логиканы пайдаланып қол еңбегін көптеген операцияларын олардың неғұрлым тиімді орындалуын қол жеткізе отырып жетілдіруге болады.
Фредрик Тейлор мектебінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның мақсаты еңбекті және басқаруды дұрыс дұрыс ұйымдастыру принциптерін қалыптастыруда болады. Негізгі назарды ол физикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырып принциптерінің қалыптасуына бөлді. Оның ойынша кәсіпорында өзінің жеке тәжірибесі негізінде еш нәрсе істелмеуі керек. Ол жұмыстың барлық элементі алдыеала мұқият оқылып және ғылыми негізделуі керек деп есептеді. Тейлордың жүйесі төмендегі негізгі ережеге тіреледі:
империкалық тәсілді жұмыс элементтерінің ғылыми зерттеулерімен ауыстыру;
тәсілдер мен жұмыс жағдайларын жақсарту;
өндірістік үрдіспен қатар басқаруда да функциялардың мамандандырылуы;
ғылыми анықтаушы белгілер негізінде қызметкер таңдап алу және оларды оқыту мен жаттықтыру;
әрбір қызметкерге белгіленген нұсқаулық;
жұмысқа жоспарлау және дайындау;
жұмыстың барлық түрлерін есепке алу және бақылау;
Тейлордың жүйелік философиялық негізін экономикалық адам деп аталатын тұжырымдама құрады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес оларды қозғалтушы жалғыз стимул олардың утелитарлық қажеттіліктері б.т. Тейлордың тұжырымдауынша еңбекке төлеудің тиісті жүйесінің көмегімен жұмысшылардың еңбектерін шегіне дейін интенсивтендіруге және осының негізінде ең жоғарғы еңбек өнімділігіне қол жеткізуге болады.
Тейлордың қағидасы:
қызметкерлерді ғылыми түрде сұрыптау(физикалық интеллектуалды дамыған адамдарды);
жалақы, еңбекақы төлеуде жұмысшыларды ынталандыру үшін әділетті жалақы төлеу.
Басқалардың классикалық және әкімшілік мектебі 1920-1950жж. Бұл мектептің негізін көңіл бөлгені - әкімшілік басқаруды дамыту. Яғни басқарудың әмбебап принциптерін дамыту. Бұл мектептің негізгі өкілі А.Фаелдің 14 қағидасы бар:
еңбек бөлінісі;
өкілеттілік және жауапкершілік;
тәртіп;
дара басшылық;
бір ғана бағытқа бағытталуы;
жеке мүдделердің жалпы мүдделерге бағыныштылығы;
персоналдарды марапаттау;
орталықтандыру;
әділеттілік;
персоналдарға жұмыс орнының тұрақтылығы;
сколярлық цепь;
инициатива;
корпоративті рух;
порядок.
Келесі мектеп адамдық қатынастар мектебі. 1930-1950жж. Негізгі өкілдері Элтон Мэйо, Мери Паркер Фале.
Негізгі мақсаты жұмыскерлер арасында жақсы қарым-қатынас орнату, жақсартып еңбек өнімділігін арттыру. Бұл мектепті неоклассикалық мектеп деп атайды.
Бақытты жұмысшы ең тиімді «жұмысшы» деген қағидаға ұстаған.Жұмысшылардың неғұрлым әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз етілсе жұмысшылар өздерінің жұмыстарына ыңталасты, жақсы жұмыс істейді.
Басқару Ғылымының қалыптасуы және дамуы.
1 Басқарудың ғылыми мектебі.
2 Жүйелік, процестік және жағдайлы көзқарас.
1 Қазіргі кезде басқару ғылымының даму эволюциясын сипаттайтын 4 көзқарасты атап көрсетуге болады:
- жүйелік;
- процестік;
- жағдайлық.
Алғашқы көзқарас өзінің құрамына 4 бағытты қарастыра өтеді:
1) Ғылыми басқару мектебі – 1885-1920ж. қалыптасты. Бұл мектептің өкілі Тейлор, Френк және Милли Гильберг.
2) Әкімшілік мектептер және басқарудың классикалық мектептері 1920-1950ж. қалыптасқан. Бұл бағыттың негізін салушылар: Анри Фаель, Урвин және т.б. Бұл бағытты басқарудың жоғарғы деңгейі тұрғысынан объективті кешенді көңіл бөлуді сипаттайды. Бұл бағыттың өкілдері кәсіпорындарды басқарудың жағдайындағы буындарында қызмет жасаған. Сондықтан әкімшілік мектеп деп атаған. Осыған байланысты әкімшілік мектептің өкілдері дәлірек айтады. Анри Фаель кез келген кәсіпорындарды (яғни сату, сатып алу, айырбас) басқаруға қажетті функцияларды атап көрсетеді.
- Техникалық, яғни өндіріс.
- Коммерциялық, яғни сату, сатып алу, айырбас.
- Қаржылық функция, яғни капиталды тиімді пайдалану.
- Қауіпсіздік функция, яғни меншікті қорғау.
- Басқару функциясы, жоспарлау, үйлестіру, ынталандыру, бақылау және ұйымдастыру.
3) Адамгершілік қарым-қатынастар мектебі немесе неоклассикалық бағыт. Ол 1930-1950 жж. Қалыптасқан. Бұл бағыттың өкілдері: Элтон Мэйо, Мери Фоллет болып есептеледі. Бұл бағыттың негізгі мазмұны ретінде қызметкерлердің жұмыс жасау қабілеттілігінен өнімдерін арттырудың жолдарын ұсынылған, яғни адамның сана сезіміне ықпал ету.
4) Басқарудың ғылыми мектебі – бұл бағыт 50-ші жылдары қазірге дейін жалғасады. Бұл бағыт қазіргі автоматтандырылған құрал-жабдықтар мен компьютерлерді орынды пайдалануды көздейді. Бұл бағыт кейбір оқулықтарды Сандық әдістер мектебі деп аталады. Жоғарыда айтылған мектептің немесе бағыттың басқарудың ғылыми ретінде дамуына қосқан үлестері бар. Олар төмендегідей.
Ғылыми басқару мектебі:
міндетті орындаудың таңдалу әдістерін анықтағанда ғылыми таңдауды пайдалану.
мақсатқа қол жеткізу үшін ең қолайлы қызметкерлерді таңдау, оларды баулап отыруды қамтамасыз ету.
қызметкерлерді өз міндеттерін тиімді орындауға қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.
Еңбек өнімділігін арттыруға материалдық ынталандыруды ұдайы және дұрыс қолдану.
Басқарудың классикалық мектебі:
басқарудың қағидаларын дамыту;
басқарудың функцияларын бейнелеу;
ұйымды басқарудығы жүйелендірілген әдіс.
Адамгершілік қарым-қатынастар мектебі:
еңбек өнімділігімен еңбекке қанағаттандыруды арттыруда тұлға ара қатынастарын қолдану.
Ұйым қызметкерлерін адамның қатынастарымен мінез-құлық әрекетіне бейімдеп қалыптастыру.
Басқару ғылыми мектеп:
жобаларды ойластыру мен қолдану арқылы күрделі басқару проблемаларын түсінуді тереңдету.
Күрделі жағдайларда шешім қабылдаған басшыларға жәрдем ретінде сандық тәсілді дамыту.
2 Жүйелік көзқарас – объектінің немесе ұйымды өзара бір біріне тәуелді байланысқан элементтің жиынтығы ретінде сипатталады. Ол әлемдегі ұйым мақсаты, құрылымы, міндеті, технологиясы және еңбек ресурстары жатады.
Процестік көзқарас – басқаруды тізбектей бірінен кейін бірі орындалатын процестің жиынтығы ретінде сипатталады. Ол процестерде басқару функциясының көмегі арқылы жүз асыру, яғни жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және ынталандыру.
Жағдайлық көзқарас – кез елген мәселені шешіге, кез келген іс-әрекеттерді талдауға, басқарудың универсалды амал тәсілдерінің әдістері жоқ екендігін атап көрсетеді. Осыған орай кез келген проблеманы, жағдайға өзіндік қолайлы әдістер арқылы ықпал етуді сипаттайды
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Менеджменттің дамуы деңгейлерін атаңыз?
Басқару мектептерінің даму бағыттары қандай?
Жүйелік көзқарас қандай бағытты қамтиды?
3-тақырып. Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
Дәріс мақсаты: ұйым туралы түсінік, түрлері, басқару жағдайы туралы жан-жақты түсінік беру
1 Ұйымдар және оларды тиімді басқару.
2Ұйым туралы түсінік. Ұйым түрлері.
3 Ұйымдардың жалпы сипаттамалары.
4 Қазіргі заманғы ұйымдарға қойылатын талаптар.
5 Менеджер моделі.
1 Ұйым алға қойылған мақсатқа жету барысында адамадар тобы еңбегінің саналы түрде үйлестірілуі. Әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін келесі сипаттамалар болуы қажет:
- осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы.
- барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.
- топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.
Ұйым түрлері.
Ресми ұйымдар – мақсатты орындауда басқару үрдісі жүйелі үйлестіретін нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.
Бейресми ұйымдар – қызмет барысындағы әлеуметтік қактынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылатын адамдар тобы.
Күрделі ұйымдар – құрылыммен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында п.б.
2 - Ұйымдардың негізгі сипаттамалары ретінде 1-ші ресурстарды қарастыру керек. Жалпы алғанда кезкелген қызмет ол нәтимжеге , мақсатқа қол жүргізуде ресурстарды тиімді пайдалану б.т. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық.
- 2-ші сипаттама ұйымның сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымныцң қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оны қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, халықаралық, әлеуметтік және тағы сол сияқты факторларға байланысты.
- 3-ші сипаттама ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі көлденең және тік еңбек бөлінісі.
Көлденең еңбек бөлінісі – басқару үрдісіндегі әртүрлі қызметкерлерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелуі. Яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметкерлердің орын алуы.
Тік еңбек бөлінісі – басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіруі қажет. Сондықтан қызметкерлердің анықталуы өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзінде асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі деңгей болып бөлінеді.
Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын бағыт бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымның дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды өз құралына енгізеді.
Орта буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық ұйым басшылары.
Төменгі деңгей тікелей орындаушылар және де төменгші ішінара қызметкерлерді орындайтын басшы буындары.
- 4-ші сипаттама басқарудың қажеттілігі нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, мекншік формаларының саналуандығы және шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.
Басқарудың мақсаты – кәсіпорын мүліктерін тиімді пайдалана отырып алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.
3 Қазіргі кездегі басқаруға қойылатын талаптардың негізгі бағдарламалары және олардың даму тенденциялары:
- Басқарудың кәсіптілігін дамыту яғни теориялық біліммен іскерлікті,тәжірибені ұштастыра білу;
- Басқаруды демократияландыру қызметінің орындалу барысы мен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі;
- еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, сол арқылы басқару еңбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының жіктелінуі;
- Басқаруды шоғырландыру – мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру, үйлестіру;
- Басқаруды орталықтандыру – қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік басшылықтарының бір органға жинақталуы жөніндегі тиімді аралық қарым-қатынастардың орнықтырылуы.
- Басқару шешімдерінің көп нұсқалылығы – проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша күттірмеген шығындарға басшылықтардың жол берілуі;
- Басқару еңбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моралді, этикалық құқықтық нормаларды кең қолдану.
Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстармен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды және мына сипаттарға ие:
Мақсат – нақты және өлшемді болуы тиіс, оның орындалу барысын бағалау мүмкіндігі;
Мақсат – б.б. мерзіммен шектелуі тиіс: ұзақ, орта, қысқа мерзім болуы;
Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүліктерге қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы.
Басқарудың негізгі мақсаты қолда бар адамның, қаржылық материалдық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерге табысқа жету.
Қазіргі кезде менеджерлерге қойылатын талаптар:
өзіне сенімділік және өзін-өзі меңгере білу;
жеке басының бағалы қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру;
бастамаларды іздестіру және өнертапқыштық;
қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілігі;
басқару әдіс-тәсілін білу, басшылық қабілеті;
мақсаттылықпен тұрақты жоспарлау бақылау;
тығырықтан шығу, тиімді шешім қабылдауға дағдылану т.б.
Сонымен менеджер – басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғары қабілетті кәсіби маман.
4 Менеджер қызметінің жүйесі:
Менеджердің кәсіби шеберлігі
1 тәуекелділік
2 мақсаттылық
3 ықпал ете білу
4 байланыс орнатуға қабілеттілік
5 қызметкерлерді жетілдіру біліктілігі
6 ұйымдылық мәдениеті
7 тәуелсіздік
8 жан-жақты білім
9 болашақты ойлау
10 өзіне сенімділік
11 өжеттілік
12 жаңашылдық
Басқарушылар үлгісі – қажетті іс-қимылды жүргізуде басшылар бойындағы арнаулы білімі, мінез-құлық белгілері мақсатқа жету ережелері, адамдармен қарым қатынас жасау әдісі, билік пен басқару шеберлігіне байланысты жіктелінуі. Осындай 4 үлгі бар:
1 Басқарушы-жетекші шешімді қабылдауға және оны жүзеге асыруда кәсіби біліктілігі, қызметкерлермен қарым-қатынас жасауы, жұмыс аймағында еркін әрекет етуі, ықыластығы мен әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай білу арқылы маңызды орын алады.
2 Басқарушы-әкім – ұйымның табысқа жетуіне қатаң бақылау жарлық ету арқылы ұйымдастырудағы міндеттер мен жауапкершіліктің тығыз арақатынасын орнатып,басшылықпен өкілеттілікті бір органға шоғырландыру.
3 Басқарушы-жоспарлаушы нақты жағдадй зерттеп ұйымдағы ресурстармен мүлікутерді мақсатты орындауға бағыштайды. Жоспарлаушы қабылдаған шешімдер көлемді деректерге,ғ осыған дейін орын алған стратегияларға және ұйым басшылығын дамытуға сүйене отырып орнықтырылады.
4 Басқарушы-кәсіпкер – ұйым болашағын жаңа бағытта тәуекелге бел буа отырып, стандартсыз шешімдер арқылы белгілейді. Кәсіпкерлік басқару нақтылы мақсатты орындауға басқару саласын арттыруда бірегей іс-қимыл жасауды, қызметті ұйымдастырып ынталандыру жүйесін қолдануды, тәуекелділік әрекет пен жаңашылдық қызметті ұсынады.
Кәсіпкерлік басқару – субъектінің шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау, қаржыландыру мен басқару өнімді өткізуде олардың жиынтық бостандығы және толық құқығының болу шарты.
Ұйымның міндетті ісі (миссиясы). Басқару мақсаттарын қою.
1 Міндетті істің мазмұны мен маңызы.
2 Міндетті істі таңдау және мақсаттарды тұжырымдау.
3 Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың миссиялары.
4 Мақсатқа жетудің жоспарын әзірлеу.
1 Ұйымның міндетті ісі немесе миссиясы ұйымның жалпы түрде, тұжырымдалған мақсаты б.т. Талаптар кезкелген ұйымның мақсаты нақты болу керек, мақсат өлшемді болу керек, мақсат қол жеткізерліктей болу керек.
Мақсат түрлері:
стратегиялық мақсат – ол ұзақ мерзімді және ұйымның келешектегі жағдайын анықтайтын мақсат.
тктикалық мақсат – стратегиялық мақсатқа қол жеткізу барысында белгіленген іс-әрекенттерді іс жүзінде асыру үшін қойылатын мақсат.
Ағымдағы мақсат – тактикалық шараларды іс жүзінде асыру үшін белгіленетін мақсаттар.
Мақсатқа жетудегі іс-әрекеттерді жоспарлауда келесі терминдер қолданылады:
саясат
стратегия
процедуралар
ереже
бюджет
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Ұйымдар және оларды тиімді басқару жолдары
Ұйым туралы түсінік.
Ұйымның қандай түрлері бар?
Ұйымдардың жалпы сипаттамаларына тоқталыңыз?
Қазіргі заманғы ұйымдарға қойылатын талаптар.
Менеджер қандай болуы тиіс?
4-тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
Дәріс мақсаты: ұйымның ішкі және сыртқы ортасын талдау
1. Сыртқы орта туралы түсінік және оның сипаттамалары
2. Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік және ішкі айнымалылары
Сыртқы орта дегеніміз- ұйым жұмысына сырттан әсер етуші орта. Кез келген ұйым ашық жүйе ретінде болады.
Сыртқы орта сипаттамалары:
Сыртқы ортаның күрделілігі; ол әсер етуші факторлардың көп болуымен анықталады, т.б.
Сыртқы ортаның қозғалмалылығы;
Сыртқы орта белгісіздігі; ол тәуекелге әсер етуі;
Сыртқы орта факторларының өзара байланыста болуы.
Ұйым жұмысына тура әсер ететін факторлар ретінде:
жабдықтаушылар;
материалдар, капитал, еңбек ресурстары;
тұтынушылар;
бәсекелестер қарастырылады.
Тура әсер ететін факторлар деп-ұйым қызметін өзгертуге дейін мүмкіндігі бар факторларды айтамыз. Бұл әсерді ұйым қызметкерлері өз тарапынан реттеп отыра алады.
Жанама әсер ететін факторлар ұйым қызметіне әсер етеді, бірақ ұйым қызметкерлері бұл әсерді басқарып немесе реттепотыра алмайды. Мұндай факторларға жататындар:
саяси жағдай;
табиғаттық;
экологиялық;
әлеуметтік;
мәдени;
ғылыми-техникалық факторлар болып табылады.
Ұйымның ішкі ортасы дегеніміз – ішкі жағдайлық факторлардың жиынтығы. Ол факторларды ұйымның ішкі айнымалылары деп те атайды. Оған жататындар:
Ұйым мақсаты. Ол кез-келген ұйымның қажетті және жеткілікті нәтижесі болып табылады. Ұйымдардың көздеген мақсаттары көп болғандықтан, «әр түрлі бағыттағы мақсаттар теориясын» қолданады. Ұйым мақсатының келесідей сипаттамалары бар:
Уақыт факторының негізделуі;
Қойылатын мақсаттың нақты болып келуі;
Мақсаттың қол жетімді болып келуі.
