Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ПБУСНХК-АУ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Глоссарий

Автокатализ – химиялық реакцияны катализатор рөлін атқаратын қандай-да бір өнім арқылы арттыру.

Автоклав – жоғары қысымда қыздыруға арналған тығыз жабылатын ыдыс.

Аддитивті шамалар (қасиеттері) – тұтас объектіге тән геометриялық және физикалық объектілермен байланысты өлшемдер; оларды қандай бөлшектерге дейін ұсақтаса да, сол ұсақталған бөлшектердің өлшемдерінің қосындысына тең болады.

Адиабатты процесс – жылу кірмеген және шықпаған жағдайдағы физикалық дене күйінің өзгерісі.

Азиндер – гетероциклді қатардағы құрамында азот бар органикалық қосылыстар тобы.

Алкидті шайырлар – көп негізді карбон қышқылдарының көп атомды спирттермен әрекеттесуі нәтижесінде алынған жасанды шайырлар.

Антипирендер – ағаш, пластмасса және басқа да шығу тегі органикалық материалдарды тұтану мен өздігінен жанудан қорғайтын заттар.

Ауыспалы металдардың шпинелдері – екі және үш валентті металдардың күрделі тотықтарының тобы; әр түрлі процестерде катализатор дайындауда маңызды материал болып табылады.

Ацидолиз – күрделі эфирлердің қышқылдармен алмасып ыдырау реакциясы.

Бар – жүйеден тыс қысым бірлігі; 1 бар = 0,987 атм.

Бутираттар – май қышқылының тұздары мен эфирлері.

Вакуумметр – сұйылған газдардың қысымын өлшеуге арналған аспап.

Винилдеу – органикалық заттардың молекуласына виниль тобын енгізу.

Газдың немесе қоспадағы будың парциалды қысымы – қоспаның барлық көлемін газ немесе бу өзі жалғыз алған жағдайдағы, осы газ немесе будың қысымы.

Газойль – керосин мен майлағыш майлар арасындағы аралық өнім.

Газогенератор – қатты немесе сұйық отындарды жанғыш газдарға термиялық өңдеуге арналған генератор.

Гидравликалық пресс – қысым немесе сұйықтың қозғалысын қолданады.

Гидрлеу катализаторларын реактивтеу – шикізатқа күкірттің органикалық қосылысының аз ғана мөлшерін енгізгендегі палладийлі катализаторлардың белсенділіктерін қалпына келтіру.

Гидродинамикалық кедергі – дененің қозғалысына оны айнала ағатын сұйықтық жағынан кедергі немесе сұйықтың қозғалысына құбырдың, өзектің және т.б. қабырғасы жағынан кедергі.

Гидрогенолиз – молекуладағы байланыс үзілгенде, бір мезетте үзілу орнына сутектің қосылуы. Мысалы, С-С, С-N, C-S, C-O.

Декантация – аморфты тұнбаларды жууға қолданылатын тұнып тұрған тұнбадан сұйықты құйып алу.

Детандер – 1) бу қысымын төмендеткіш қақпақ; 2) сыртқы жұмысты қайтарып газды ұлғайту арқылы оны салқындатуға арналған машина; газ қоспаларын сұйылтуға және оларды терең суыту әдісі арқылы бөліп алуға арналған қондырғыларда қолданылады.

Дефлегмация – әр түрлі булар мен газдар қоспасын оларды төмен температурада қайнайтын компоненттермен байыту мақсатында жартылай конденсациялау.

Дурол – 1,2,4,5-тетраметилбензол.

Жасыл май – ацетиленді олигомерлеуде түзілетін, ацетиленді гидрлеудің жанама өнімі болатын қара түсті қозғалмалы сұйықтық.

Ингибитор – химиялық реакцияны баяулататын зат; кейбір процестерді баяулатуға қолданылады, мысалы, отынды тотықтыру.

Капрон – сәйкес карбон қышқылына (С6) байланысты аталған циклді полиамид.

Коагулянт – сұйық ортаға енгізгенде құрамындағы қандай-да бір ұсақ бөлшектері коагуляция тудыратын химиялық зат.

Компримирлеу – газды сұйылту арқылы оның құрамындағы қандай-да бір затты алу мақсатында оны компрессормен сығуға ұшырату, мысалы, мұнай газынан газолин алу.

Конденсат – бу сұйыққа айналғанда алынатын өнім, мысалы, мұнайды айдау процесінде түзілген буды суытқанда түзілетін сұйық өнімдер.

Ксилидиндер – ароматты қатардағы органикалық қосылыстар; авиация бензиніне жоғары октанды қосымша ретінде, вулкандауды тездеткіш ретінде, сонымен қатар азобояғыштар өндірісінде қолданылады.

Лактондар –гидроксикарбон қышқылдарының ішкі эфирлері.

Метилаль – формальдегидтің метилді туындысы - (СН2(ОСН3)2.

Мономолекулалық қабат – адсорбция кезінде дене бетінде түзілетін қалыңдығы бір молекулаға тең зат қабаты.

Неонолдар – спирттерді оксиэтилдегенде алынатын ионогенді емес беттік белсенді заттар.

Пирогаллол – фенолдар класының органикалық қосылысы, кейбір бояғыштар синтезінде қолданылады.

Полиэлектролиттер – макромолекуласының құрамына ерітіндіде иондануға қабілеті бар топтар кіретін полимерлер.

Рециркулдеу – өндірістік процесті басқару, шикізат қолдануды жақсарту мақсатында қондырғыға газ, сұйық немесе қатты заттар ағынының бірнеше рет қайтарылуы.

Сильван – 2-метилфуран.

Силикондар – кремнийорганикалық полимерлер; температураға жоғары төзімділікпен, төмен электрөткізгіштікпен ерекшеленеді.

Скруббер – тазартылған сұйықтық арқылы жіберілетін газ қоспасынан қатты және газ қосындыларын бөлу арқылы газды тазалауға арналған аппарат.

Сольвент – ароматты көмірсутектердің сұйық қоспасы; лак-бояу, резина және өнеркәсіптің басқа да салаларында еріткіш ретінде қолданылады.

Спирттерді гомологтау – спирттердің синтез-газбен әрекеттесіп молекулалық массасы жоғары спирттер түзуі.

Трансалкилдеу – қайта алкилдеу реакциялары.

Термодиффузия – қоспаның ішіндегі температура айырмашылығына негізделген газ қоспасы немесе ерітінді компоненттерінің диффузиясы; майларды тазалауда және мұнайды крекинглеуде қолданылады.

Турбокомпрессор – турбина арқылы қозғалысқа түсіретін орталықтан тепкіш ауа компрессоры.

Химиялық кинетика – химиялық реакцияның жылдамдығы мен реакция жүргенде түзілетін аралық өнімдер зерттелетін физикалық химияның бөлімі.

Цеокарлар – құрамында цеолит бар алюмосиликаттар.